КАЛИФОРНИЯЛЫҚ ШЫЛАУШЫННЫҢ EISENIA FOETIDA КӨМЕГІМЕН БИОГУМУСТЫ АЛУ ОНЫ ЕГІНШІЛІКТЕ ПАЙДАЛАНУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

КАЛИФОРНИЯЛЫҚ ШЫЛАУШЫННЫҢ EISENIA FOETIDA КӨМЕГІМЕН БИОГУМУСТЫ АЛУ ОНЫ ЕГІНШІЛІКТЕ ПАЙДАЛАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Калифорния шылаушынының органикалық тыңайтқыштан биогумусты өңдеудегі қызыл шылаушын (жауын) құртының белсенділігін анықтай отырып, өңделген дайын биогумусты өсімдіктердің өсуі мен даму әсерін зерттеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

КАЛИФОРНИЯЛЫҚ ШЫЛАУШЫННЫҢ EISENIA FOETIDA КӨМЕГІМЕН БИОГУМУСТЫ АЛУ ОНЫ ЕГІНШІЛІКТЕ ПАЙДАЛАНУ.


Авторлары 6В08171-«Агрономия» мамандығы,

БББ АГР-23-1 оқу тобы, 1-курс

Абызбай Сәкен Саматұлы

6В08171-«Агрономия» мамандығы, БББ АГР-20-1 оқу тобы, 4-курс Тулеген Баянсұл Асылбекқызы


Ғылыми жетекші: Нұрымова Раушан Дүйсенқызы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

«Аграрлық технологиялар» БББ –ның

а.ш.-ғ.к. қауымдастырылған профессоры

.

Жүргізілген эксперимент биогумус алу міндеттері үшін қолданылатын бастапқы субстрат құрамының мәнін көрсетеді, бұл туралы таңдалған субстратта вермикультураның ұзақ (10-ай бойы) құрттардың репродуктивтік функцияны жүзеге асыруы және оны қайта өңдеу нәтижесінде биогумустың тиімділігі анықталды.


Сурет-1. Калифорния шылаушынның көмегімен биогумус алу кезеңі.


Зерттеу барысында дайындалған көңді ағаш жәшіктерге 25-30 см тереңдікте салынып, жарық түспеуі үшін үстінен қураған шөп төселеді. Шіріген көң таза сумен 3 рет жуылып, ашық далада кептіріледі.

Кептірілген көң ағаш жәшіктерге салынып, құрттарды шикізаттың үстіңгі қабатына біркелкі деңгейде жіберілді.

Кептірілген көңге (субстратқа) құрттарды жіберу үшін 3 ағаш жәшік дайындалды.

Осы 3 ағаш жәшіктерге құрттардың саны әртүрлі мөлшерде, яғни 1-ағаш жәшікке 2000 дана, 2-ағаш жәшікке 4000 дана, ал 3-ағаш жәшікке 7000 дана құрт жіберіледі (кесте 1).


Кесте 1 - Кептілірген көңге (субстратқа) құрттарды әртүрлі

мөлшерде енгізу

Құрт саны,

мың/дана м3

Субстрат ылғалдылығы, (%)

Темпера-

тура, (ºС)

Биогумустың дайын болу уақыты, (күн)

2000

60-80

15-18

180

4000

50-70

22-24

150

7000

45-65

18-20

135

Осы құрттардың санына байланысты субстрат ылғалдылығын, температураны тұрақты түрде сақтап, биогумус өндіру мерзімі де әр түрлі уақытта болатындығы дәлелденді. Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, 7000 құрт жіберілген ағаш жәшікте биогумус өндіру уақыты 135 күнде дайын болатындығы анықталды.

Осы уақыт ішінде субстратқа дұрыс күтім жасау және микроклиматты тұрақты ұстап тұру қажет. Сондықтан, зерттеу барысында барлық ағаш жәшіктерге келесідей күтім жасалды:

1.Калифорниялық құрттарды толық орналастырылғаннан кейін субстратты бірнеше рет қопсытылды;

2.Айына 4 рет қоректік заттаренгізілді;

3.Ылғалдылықты 80-85% деңгейінде сақтау үшін жылы, тұндырылған сумен ылғалдандырылып отырылды;

4.Температура 20°C-25°C аралығында ұсталды.


А

Б

В

Сурет-2. Калифорниялық қызыл шылаушынмен және биогумус


Тәжірибе барысында алынған биогумусты кәдімгі (гумус) қарашіріктің химиялық құрамымен салыстырмалы талдау жүргізілді

Жоғарыда кестеде көрсетілгендей, биогумустың құрамында органикалық заттардың қарашірікке қарағанда 2 есеге дейін көп болатындығы анықталды.

Кестеде көрсетілгендей, биогумусты қолдану нәтижесінде қияр көшеттері 2-3 -күні тұқымнан көктеп шыға бастады. Алайда, фенологиялық бақылаулар нәтижесінде барлық нұсқаларда фенофазаларының өтуінде ешқандай айырмашылықтар байқалмады.

Зертханалық тәжірибе жағдайында төзімділікті скринингтеу келесі көрсеткіштер бойынша анықталды: өскіндердің және ұрықшалардың өнгіштігі, ұзындығы, массасы, 14 күндік өскіндердің жапырақ ауданы, судың салыстырмалы мөлшері (ССМ), ылғал сіңіргіштік қабілеті (ЫСҚ).

Зерттеу нәтижесінде таза биогумуста өсірілген қиярдың көшеттерінің

вегетативті мүшелері тамыр жүйесі мен жапырақтарының қарқынды өскендігі анықталды. Биогумустың жоғары мөлшері арпаның вегетативті салмағының, тамыр жүйесінің салыстырмалы түрде жақсы өсуіне ықпалын тигізді.

Зерттеу нәтижелері бойынша, биогумусты пайдалану топырақтың биологиялық және химиялық қасиеттеріне әсер етеді, агрохимиялық сипаттамаларға оң әсер етеді. Биогумустың құрамында өсімдіктер оңай сіңіретін көптеген макро және микроэлементтер, дәрумендер мен антибиотиктер, түрлі аминқышқылдары бар. Биогумусты кез-келген көкөністерге қолдануға болады. Биогумустың көмегімен экологиялық таза өнімдер алынады.

Сонымен қатар, кейін өсірілетін өсімдіктерге қолайлы орта жасайды. Таза алынған биогумустың құрамында ылғалдық 60-70% дейін сақталады, ол органикалық тыңайтқыштарға қарағанда шамамен 15 есе тиімді. Биогумус өсімдіктердің өсуіне қолайлы болып келеді.

Жүргізілген экспериментіміз биогумус алу міндеттері үшін қолданылатын бастапқы субстрат құрамының мәнін көрсетеді, бұл туралы таңдалған субстратта вермикультураның ұзақ (10 ай бойы) өмір сүруі, құрттардың репродуктивтік функцияны жүзеге асыруы және оны қайта өңдеу нәтижесінде биогумустың өсімдікке жақсы әсер беретіні қарастырылды.

А

Б

Сурет-2 Арпаның толық өну кезеңдері. А-Инкар; Б – бастапқы Сыр Ару будан сорттары



ҚОРЫТЫНДЫ


Зерттеу барысында Eisenia foetida көмегімен субстратты вермикомпосттау бойынша тәжірибелер жүргізілді. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде қызыл шылаушаңдарын қолдану арқылы биогумусты өндіру технологиясы жасалды. Сонымен қатар, биогумуске қауынның, алманың қалдықтарының салынуы оның өнімділігін, яғни құрттардың өсімін жоғарылататындығы зерттелді. Биогумусты қолдану арпа көшеттерінің вегетативті салмағының қарқынды өсуіне және тамыр жүйесінің салыстырмалы жақсы өсуіне ықпал ететіндігі анықталды.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1.Авдонин, Н.С. Научные основы применения удобрений / Н.С.Авдонин. - М.:Колос, 1972. - 175 с.

2. Артюшин, A.M. Природа помогает земледельцу / A.M. Артюшин // Тез.докл. участников 3 международного конгресса "Биоконверсия органических отходов". 7-11 июня 1994 г. - М.: 1994. - С. 1-4.

3.Биотехнологии на службе сельского хозяйства/Материалы Всероссийской научнопрактической конференции, 16-18 февраля 2004 г. Рязань, 2004, 102 с.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.03.2024
330
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі