Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кәмелет жасқа толмаған балалар психологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға психологиялық көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балалармен өткізілетін ертеңгіліктер – балабақшадағы маңызды іс-шаралардың бірі. Бұл психо-логопедиялық талаптарға бағытталған топтық, шығармашылық жұмыс түрі болып саналады, балаларды ұйымшылдыққа, сыйластыққа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелейді.

Мерекелік ертеңгіліктерде балалардың көріністер көрсетуі, ән айтуы, би билеуі, тақпақтарды жатқа айтуы шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыратын басты фактор. Ертеңгілікті жоспарлағанда әр педагогтың алдында ертеңгілікті қалай ұйымдастырамын деген сұрақ туындайтыны сөзсіз.

Ертеңгілікте өнер көрсету бала бойында қызығушылықты туғызады, оны қанаттандырады, қуаныш сезімі, мерекелік көңіл-күй пайда болады. Тақпақтарды жатқа айту баланың тілін дамытатын болса, достарымен бірге ән салғанда, өлеңнің сөздерін жаттап алады, әдемі қимылдар көрсетеді, басқаларды тыңдап үйренеді, дұрыс орындауға тырысады, яғни есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытады.

Бұл іс-шараның тағы да бір жағымды жағы- бала күнделікті көріп жүргендерінен бөлек, басқа бір мерекелік безендірілген, ғажайып әлемге әдемі киініп, кейіпкер бейнесіне еніп, тап болғандай сезімде болады.

РЕКЛАМА

Балалармен өткізілетін ертеңгіліктер педагогтардан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұйымдастырушы педагог өз шығармашылығы мен бастамашылдығын, шеберлік қасиеттерін көрете білуі керек. Себебі, дұрыс ұйымдастырылмаған ертеңгілік балаларға қуаныш әкелмейді, өз нәтижесін бермейді. Ертеңгілікте барлық балалар қамтылуы тиіс, қатыспаған бала өзін жалғыз сезінеді, көңіл-күйі бұзылып, ренжиді. Балалардың зейіні әлі тұрақсыз болғандықтан, жас ерекшеліктерін ескеру, жастарына сай тапсырмалар берілуі тиіс.

Ертеңгіліктердің түрлері:

1. Жыл мезгілдеріне байланысты («Алтын күз» мерекесі, «Қош келдің, Жаңа Жыл» ертеңгілігі, «Көктем келді көңілді», «Жайдарлы жаз»

2. Патриоттық тақырыпта («Тәуелсіздік тұғырым», «Елін сүйген елбасы», «Отаным жайнай бер», «Ана тілім-асыл мұратым», «Астана- арман қала»)

3. Экологиялық тақырыпта («Туған жер- алтын бесік»)

4. Атаулы мерекелер («8 Наурыз - аналар мерекесі», «12 сәуір- ғарышкерлер күні», 7 Мамыр- Батырлар күні, 1 желтоқсан- тұңғыш президент күні, «1 Маусым – Балаларды қорғау күні»

5. Балалар өміріндегі ерекше орын алатын ертеңгіліктер («Туған күніңмен!», «Ойыншықтар мерекесі»)

6. Салт- дәстүрлерге байланысты ертеңгіліктер («Қош келдің, әз Наурыз!»)

7. «Қош бол, балабақшам!» (бітіруші топтар үшін)

8. Тақырыптық ертеңгіліктер («Тазалық- денсаулық кепілі», «Жолда жүру ережесін білесің бе?», «Жас дарындар»)

9. Әдеби ертеңгіліктер («Ертегіде қонақта», «Кітап біздің досымыз»)

10. Музыкалық ертеңгіліктер («Ән қанатында», «Әнші балапан»)

Ертеңгілікті өткізу кезеңдері:

1 кезең- ұйымдастыру кезеңі

· Мерекелік іс- шараны 1 ай бұрын әдіскер, музыка жетекшісі, хореограф, топ тәрбиешісі, ата-ана комитеті мүшесі бірлесе отырып жоспарлау.

· Ата- аналармен ауызша немесе жазбаша түрде сауалнама жүргізу.

· Тақырыбы, мақсатын айкындап, сценарийін құру, өз пікірлерін білдіріп, алып, қосу.

· Алдын-ала дайындық кестесін құру, балаларға тақпақтар, әндер,билерді іріктеп алып, көріністерге байланысты, кейіпкерлер костюмдері жайлы ата-аналарға тапсырмалар беру.

2 кезең- дайындық кезеңі

· Балаларға мереке жайлы түсіндіру, суреттер, слайдтар көрсету, өз іс- тәжірибелерінде көргендерін сұрау, қызықтыру.

· баланың талабын, тілегін ескере отырып тақпақтарды, рөлдерді бөліп беру, мәнерлеп айту, дұрыс тұру, жүруді көрсету, үйрету, көмек көрсету.

3 кезең- өз өнерлерін көрсететін кезең

· Мерекеге байланысты құттықтау, мерзімі, өткізілетін орны жайлы хабарландыру жазып, көрнекі жерге ілу.

· Залды мерекелік безендіру

· Көрермендер мен қатысушыларға жеткілікті орындықтар қою

· Баланың мүмкіндігі мен шығармашылығын көрсететін сәт (аудиторияның ризашылығы мен қолдауы баланы одан әрі қанаттандыра түседі, талантын ашады)

4 кезең- қорытынды кезеңі

· Ертеңгілік өткен соң 1-2 күнде шығарылады, бұл уақытта бала, ата-ана, ұйымдастырушылар жетістіктері мен кемшіліктерін саралайды, түсінеді, салыстырады, өз әсерлерімен бөліседі

· Келесі ертеңгілікте ескереді, түзетеді, қосады.

Балаларды ертеңгіліктерге психологиялық жағынан дайындау

Ертеңгіліктер кейіпкерлерсіз болмайды, сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларды олармен кездесуге алдын ала психологиялық жағынан дайындау қажет. Әсіресе кіші жас тобындағы балалар өздері бұрын көрмеген кейіпкерлермен кездесуге дайын емес. Бұл 3-6 жас аралығындағы балалардың арасында эмоциясы әлі тұрақсыз балаларда да кездеседі. Сондықтан үйде ата- анасы, балабақшада тәрбиеші педагогтар оларды кездесуге дайындауы керек.

· Алдын ала ол кім, қайда болады, жағымды кейіпкер екенін айту, баланың көзінше киімін киіп көрсету, кішкентай қуыршақ көрсету (Мысалы: Аяз Ата )

· Кейіпкер жайлы мультфильм, ертегі көрсету, талдау

· Мереке қайда болады, кім келеді, не әкеледі, мейірімді, бірге ойнайтынын түсіндіру

· Алдын ала таныстырған соң, баланың кейіпкермен «достасып кетуі үшін» оған сыйлық дайындауға, тақпақ жаттап айтып беруге, сурет салып беруге шақыру

· Эмоциясы әлі тұрақсыз баланың қолынан ұстап, қолдау көрсету, жанында болу, жұбату, жүйкесін сақтау. Қорыққан жағдайда залдан алып кету, тыныштандыру, кейіпкерге барғысы келмесе күштемеу.

· Кейіпкердің мерекеде ұзақ жүрмеуін, өз рөлін тез және түсінікті етіп кәсіби сомдап, шығып кетуін қадағалау.

· Тәрбиеші өзі бірінші ұстап көруі, бірге ойнап, билеуі қажет

Ересек адам мен баланың мерекелік ертеңгілікті қабылдауы әр түрлі болатындықтан, ата-анаға мереке бала үшін өткізілетінін, оған баланың көзімен қарау, ол үшін шешім қабылдамау керектігін түсіндірген жөн.

Психологтардың айтуы бойынша, барлық бала бойында не нәрсемен алғаш кездескенде қорқыныш болады. Ересектер тарапынан қолдау, көмек бере білсек ұялшақтықты, қорқынышты жеңе білуге үйретсек, мерекелік ертеңгілік есте қаларлықтай болып, нәтижесін берері сөзсіз.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.07.2021
321
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12