Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу тақырыбында
8-11 сынып оқушыларымен өткізілген профилактикалық жиналыстың
№2 ХАТТАМАСЫ
Шымкент қаласы 12.09.2024 жыл
Қатысқандар:
-
Мектеп директоры Омарова Гульжан Сембаевна;
-
.Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚб бастығы полиция подполковнигі Алгибаев Онласбек Базарбекович;
-
Алгибаев Онласбек Базарбекович;
-
Мектеп инспекторы Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚб ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Нұржанұлы Қуаныш;
-
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының у.м.а. Ешқұлов Нұржан Серикович;
-
8- 11 -сынып оқушылары.
-
Сынып жетекшілері.
-
Мақсаты: жасөспірімдер арасында нашақорлықтың таралуына жол бермеу. Балалардың есірткі ортасына түсіп кетпей, оларға дер кезінде қорған болу үшін мінез-құлқындағы психологиялық өзгерістерге баса назар аудару.
Күн тәртібінде:
1.Нашақорлықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Тыңдалды: Мектеп директоры Омарова Гульжан Сембаевна нашақорлық мәселесіне мән берген әр ата-ананың әрекеті жасөспірімдер арасында есірткі тұтынуды едәуір төмендетуі мүмкін.Бұл құқық қорғау органдары, нарколог дәрігерлер мен мұғалімдердің мәселесі ғана емес. Ата-аналарда жұмылу қажет. Сонда ғана бірлескен күш-жігерімізбен біз есірткі бизнесі мен нашақорлыққа тойтарыс бере аламыз. Өйткені бала үшін алдымен ата-ана жауапты екенін айтты. Сондықтан Сіз балаңыз қарайтын барлық сайттарды тексеріп, оның достары мен таныстарын, араласатын ортасын білуіңіз
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚб ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Алгибаев Онласбек Базарбекович нашақорлық мәселесіне мән берген әр ата-ананың әрекеті жасөспірімдер арасында есірткі тұтынуды едәуір төмендетуі мүмкін.Бұл құқық қорғау органдары, нарколог дәрігерлер мен мұғалімдердің мәселесі ғана емес. Ата-аналарда жұмылу қажет. Сонда ғана бірлескен күш-жігерімізбен біз есірткі бизнесі мен нашақорлыққа тойтарыс бере аламыз. Өйткені бала үшін алдымен ата-ана жауапты екенін айтты. Сондықтан Сіз балаңыз қарайтын барлық сайттарды тексеріп, оның достары мен таныстарын, араласатын ортасын білуіңіз керек. Бір сөзбен айтқанда балаңызды қараусыз қалдырмау керектігін айтты.
"Есірткі құралдары туралы..." ҚР Заңына
2019 жылы күшіне енген түзетулердің арқасында жаңа психобелсенді
заттарды мемлекеттік бақылауға жедел қою тетігі заңнамалық түрде
бекітілді. Сол сәттен
бастап есірткінің Ұлттық тізімі барлығы
115 жаңа атаумен толықтырылды. Нәтижесінде, бүгінде белгілі
есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтары мемлекеттік
бақылауға алынғандығын айтты.
Ақпараттық коммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, есірткінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Тиісті саралау белгісі өткізу (ҚК 297-б. 3-б.), есірткіні тұтынуға көндіру (ҚК 299-б. 2-Б.), оларды дайындауға арналған заттар мен құралдардың айналымы(ҚК 301-б. 2-б.) сияқты қылмыстардың құрамдарына енгізілді.
Есірткіні жарнамалау мен насихаттау үшін қылмыстық жауапкершілік (ҚК-нің 299-1-бабы) енгізілді, оған есірткі сайттарының электрондық мекен-жайлары бар «граффити» таратушылар және тиісті ақпаратты орналастырумен байланысты өзге де әрекеттер жатады.
2025 жылы «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы шеңберінде (ҚРҮҚ12.10.2021 ж. №725) Денсаулық сақтау министрлігі Алкоголь және есірткі бойынша еуропалық мектептегі зерттеу жобасының әдіснамасы бойынша жастар арасында психобелсенді заттарды қолдануға қатысты зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр. Зерттеу нәтижелері бойынша жастарды тәуелділікке тарту тәуекелдерінің алдын алу және диагностикалау бағдарламалары әзірленіп енгізілетін болатындығын хабарлады Интернет желісінде есірткіге қатысы бар мәмілелерді анықтау және қылмыскерлерді қадағалау үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен әзірленген «Кибер қадағалау» ақпараттық жүйесі енгізілді. Жүйе осындай интернет-ресурстарға сілтемелерді автоматты режимде бұғаттауға жібереді. Нашақорлық – ми жасушаларын өлтіріп, оның бұзулуына әкелетін ағзадағы ауыр өзгерістерді тудыратындығын айтты. Оттегімен қанықтырудың болмауына байланысты есте сақтау қабілеті, зияткерлік қабілеті төмендейді, мұның бәрі галлюцинациямен бірге жүреді.Сонымен қатар, есірткі бауырға, өкпеге, жүрек-қан тамыр жүйесіне зиянды әсер етеді, оны адам ағзасына тарататындығын айтты. Бір рет тұтынудың өзі есірткі тәуелділігіне әкелуі мүмкін. Отбасылық құндылық, ата-ана махаббаты мен қамқорлығы, спортпен шұғылдану балаға есірткіге қарсы тәрбие тұрғысынан үлкен әсер ететінін бәріміз түсінуіміз қажет. Осы бағытта бірге жұмыс жасауға шақырды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ешқұлов Н.С. сөз алды. Сіз балаңыз қарайтын барлық сайттарды тексеріп, оның достары мен таныстарын, араласатын ортасын білуіміз керек. Мектеп оқушыларының арасында сауалнамалар алынып, жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты.
Мектеп қабырғасында оқушыларға нашақорлықтың, электронды шылымның адам ағзасына зияны жөнінде көп айтамыз. Медицина саласының мамандары келіп, арнайы дәріс өткізеді. Тақырыпқа қатысты бейнероликтер көрсетіледі. Сынып сағаттары ұйымдастырылады. Әрине, баланың денсаулығына мұғалімдермен қатар ата-аналар да айрықша мән беруге тиіс. Себебі ұстаз бен ата-ананың алдында ортақ мақсат тұр. Бұл – жасөспірімді жаман әдеттен аулақ ұстау», деп сөзін аяқтады.
Қаулы:
1. Нашақорлықтың алдын алу мақсатында 8-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілсін.
2. Ұлдар жиналысы өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.
Мектеп директоры Г.С.Омарова
Хатшы Г.С.Егизбаева
Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтын алдын-алу,
зорлық-зомбылық,интернет алаяқтық, буллинг-әлімжеттік,
суицидке жол бермеу,сабақтан қалмау ,мопедті айдау ережелері тақырыбында

№3 ХАТТАМАСЫ
Шымкент қаласы 12.09.2024 жыл
Қатысқандар:
1.Мектеп директоры Омарова Гульжан Сембаевна;
2.Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚб бастығы полиция подполковнигі Алгибаев Онласбек Базарбекович;
3.Мектеп инспекторы Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚб ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Нұржанұлы Қуаныш;
4.Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының у.м.а. Ешқұлов Нұржан Серикович;
5.Педагог-психолог Алипбаева Жұлдыз Сайранқызы;
6.8- 11 -сынып оқушылары.
7.Сынып жетекшілері.
Күн тәртібінде:
1.Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу.
2. Мопед айдаудың ережесі, интернет алаяқтықтың, зорлық-зомбылық алдын алу.
3.Буллинг-әлімжеттік,суицидке жол бермеу.
Тыңдалды: Бірінші мәселе
бойынша Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚб
ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Алгибаев Онласбек
Базарбекович Жасөспірімдер арасында
құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында сөз
сөйледі. Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты
міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық
бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың
өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің
біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған
жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық
жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас
болып жүрген балалар жатады. Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім
балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған,
қылмыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған
балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығады. Ал енді бір
тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз
беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып
жүргендерін қадағаламауынан пайда болады. Сондықтан тәртібі нашар,
ішкі істер органдарында есепте тұрған оқушылармен жүйелі жұмыс
жүргізуден жалықпау міндет. «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» деп
атамыз қазақ айтқандай, бүгінгі жастар – еліміздің болашағы.
Сондықтан да білім алушы жастар Отанға деген сүйіспеншілік
патриотизм, танымының заңдылықтарын игеру тиіс. Отбасы – адам үшін
ең жақын әлеуметтік орта. Отбасында бала алғаш рет өмірмен,
коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы
баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Ата-ана және
отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның
өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат
болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі
толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн
тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға
тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету,
бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыру жатады. Ата-аналар өздерінің арасында тұлға аралық
қатынастары мен жалпы психологиялық-педагогикалық мәдениетін дамыта
отырып, өзін-өзі жетілдіре отырып, балаларды тәрбиелеуге идеалды
атмосфераны құрайды. Балалардың ақыл-ойының дамуы, болашақтағы
тұлғалық қатынасының дамуы, қоғамда жетістіктерге қол жеткізуі
отбасына байланысты.
Тыңдалды: Мектеп инспекторы Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚб ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Нұржанұлы Қуаныш Мопед жүргізу ережесі бойынша сөз сөйледі. Мопедпен қозғалуға болатын және болмайтын жерлер.
Қазақстанда жеткізу қызметі үлкен сұранысқа ие болған шақта мопед мінетіндердің саны артты.
Кейде қос дөңгелекті көлік тізгіндегендердің көбі жол ережесінің өздеріне де қатысы барын білмейтіндей көрінеді. Ендеше мопедпен қай жерде жүруге болатынын түсіндіреміз.
Мопед деген не?
Қос дөңгелекті көліктің бәрі мопед боп саналмайды. Жол ережесінде оның нақты анықтамасы бар:
Мопед — көлемi 50 текше см-ден аспайтын мотормен қозғалысқа келетiн екi немесе үш дөңгелектi және ең жоғары конструктивтi жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспайтын көлiк құралы. Мопедтерге аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, мокиктер және осындай сипаттағы басқа көлiк құралдары жатады.
Мопедке қатысты негізгі ережелер ҚР ЖҚЕ-нің 16 және 24-бөлімінде көрсетілген.
Кім жүргізе алады!
Жол ережесінің 24-бөлімі, 1-тармағында мопедті тек 16 жасқа толған адамдар жүргізе алатыны жазылған.
Қай жермен жүреді!
Мопедпен қоғамдық көлікке арналған жолақты қоса алғанда, жүргін бөліктің оң жақ шетімен жүруге рұқсат беріледі. Бұл тек веложолақ болмаған жағдайда ғана, себебі мопедшілер велосипед жолағымен қозғалуға міндетті.
Қай жермен жүруге болмайды
Тротуар мен жол жиегінде мопедпен қозғалуға тыйым салынған. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан мопед мініп өтуге болмайды. Бұл ережені бұзғандар 15 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді. Автомагистральге шығуға да рұқсат жоқ. Ол жөнінде жол ережесінің 16-бөлімінде жазылған.
Мопедшілерге тағы не істеуге болмайды?
Мопед мінген азаматтарға қатысты шектеу қозғалуға болмайтын жерді сипаттаумен ғана аяқталмайды. Оған қоса:
ең болмаса бір қолмен рөлді ұстамай қозғалуға;
жолаушы тасымалдауға;
ұзындығы мен ені бойынша 50 см-ден артық шығып тұратын және көлік басқаруға кедергі келтіретін жүк тасуға; трамвай жүретін жолдарда не бір бағытта қозғалуға арналған бірден көп жолағы бар көшелерде солға не кері бұрылуға; велосипед не мопедпен сүйреуге рұқсат берілген тіркемеден басқа тіркемелерді және өзге велосипед не мопедті сүйреуге тыйым салынады.
Интернет – алысты жақындатып, өмірімізді жеңілдетіп отырған құрал. Дегенмен, оның да кемшін тұстары жоқ емес. Алаяқтар үшін интернет қарапайым адамдарды алдаудың жаңа құралына айналып үлгерді. Сол үшін де интернет-алаяқтық жаңалық емес. Интернет жеке деректерді ұрлау және қаржылық алаяқтық жасаудың ең танымал құралдардың біріне айналды. Интернет-алаяқтық заманауи технологиялық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оны киберқылмыстың бір түрі деп есептеуге болады.
Интернеттегі алаяқтардың мақсаты – заңсыз жолмен басқалардың ақшасы мен мүлкін ұрлау. Алаяқтықтың бұл түрі Интернет қызметтерін немесе оған қосылған бағдарламаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Интернет-алаяқтардың жымысқы әрекетінен әлемде қаншама адам қаржылық шығынға батып жатыр. Оған тосқауыл жоқ, десе де одан қорғанудың жолдары бар. Интернет-алаяқтық материалдық шығыннан бөлек моральдық шығынға да ұшыратады. Бұл алаяқтың кәсіби деңгейі мен тәжірибесіне байланысты.
Сіз кез келген уақытта қандай да бір жолмен онлайн-алаяқтықтың құрбанына айналып кетуіңіз мүмкін. Сол себепті, барынша абай болу керек және жеке деректердің қауіпсіздігін бақылап отырған жөн.
Онлайн-алаяқтықтың ең көп таралған түрлері:
Фишинг
Байқауда жеңіске жеткеніңізді немесе компанияның жеке ақпаратты тексеруі қажет екенін немесе ешкімі жоқ қарт кісінің сізге миллион доллар жібергісі келетіні жазылған күдікті электронды хаттардың барлығы фишингтің мысалдарына жатады. Олар сол арқылы сіздің жеке деректеріңізді, құпия сөздер және банк немесе несие картасы шотының нөмірлерін алуға тырысады. Кей жағдайда сізге жіберілген хабарламада сілтеме болуы мүмкін. Сіз білместікпен сол сілтемені басқан бойда сіздің компьютеріңіздегі немесе ұялы телефоныңыздағы құпия деректеріңізді іздейтін вирус еніп кетуі ғажап емес.
Скимминг
Скимминг – заңды транзакция кезінде несиелік немесе дебеттік карта ақпаратын ұрлау. Скиммер суретшілері қалталы скиммерлерді пайдаланып бейхабар тұтынушылардың несиелік және дебеттік карталарын сканерлеу үшін мейрамханаларда, жанармай құю станцияларында және қонақүйлерде уақытша жұмыс табады.
Ұрылар сондай-ақ банкоматтар мен жанармай құю бекеттеріндегі картаны оқу құрылғыларының үстіне карта туралы ақпаратты жинайтын скиммерлерді орнатады. Ал кейбірі клиенттердің PIN кодтарын енгізуін бақылау үшін шағын камера қосып қояды.
Содан кейін олар сіздің нөміріңіз бен ақпаратыңыз бар жаңа картаны басып шығарады немесе ақпаратыңызды желіге енгізу арқылы сіздің атыңыздан сауда жасап, ақшаңызды ұрлайды.
Қауіпсіздігі қорғалмаған интернетке қосылу
Егер сіздің үйіңізде немесе кеңсеңізде қосылған интернет желісі қорғалмаған болса, хакерлер оны дереу өз пайдасына асыратын болады. Олар компьютерде немесе желіде сақталған жеке деректерге қол жеткізу үшін сіздің қорғалмаған интернет желіңізді пайдалана алады.
Сонымен қатар, банктік шоттарға кіру немесе онлайн сауда жасау үшін мейрамханаларда, қонақүйлерде немесе басқа жерлерде қорғалмаған Wi-Fi нүктесін пайдалансаңыз, хакерлер транзакцияларыңызды бақылап, жеке деректеріңіздіұрлай алады.
Деректердің қорғалмауы
Деректердің құпиялығының бұзылуы –деректерге қол жеткізуге немесе ашуға рұқсаты жоқ адамдардың жеке ақпаратты (мысалы, жеке әлеуметтік қамсыздандыру нөмірлері, жүргізуші куәлігінің нөмірлері, медициналық жазбалар немесе қаржылық жазбалар мен шот туралы ақпарат) ұрлауы немесе байқаусызда ашуы.
Өзгелер үшін құпия болуы тиіс деректер хакерлердің корпоративтік желіні бұзу нәтижесінде жарияланып кетеді.
Смартфондар
Смартфон қолданатындар алаяқтықтардың әрекетіне жиі түсіп қалып жатады. Мысалы, біз ұялы телефонмен сөйлескенде, мәтіндік хабарлама немесе электронды поштаны жібергенде интернет-алаяқтар бұл ақпаратты тыңдап тұруы мүмкін. Осылайша, олар аталған деректерге оңай қол жеткізіп алады.
Сонымен қатар, смартфонымызға жазып алған күмәнді қосымшалар ұялы телефонда сақталған құпия ақпаратты ұрлап, оны хакерлерге жіберіп отыруы мүмкін. Ал сіз оны білмей де қаласыз.
Осындай жағдайға тап болған кезде интернет-алаяқтықтың алдын алып, қорғану жолдары қандай?
1. Банктағы шоттарыңызды жиі тексеріп отырыңыз. Егер сіз күмәнді өзгерістерді байқап қалсаңыз, бұл туралы тиісті орындарға тез арада хабар беріңіз.
2. Компьютер мен жеке ақпаратты қорғау үшін брандмауэр мен вирусқа қарсы бағдарламалық құралды орнатыңыз және оларды үнемі жаңартып отырыңыз.
3. Компьютеріңіздегі ақпараттық жүйені және бағдарламалық құралды жиі жаңалап отырыңыз.
4. Wi-Fi желісін шифрлеу арқылы қорғаңыз.
5. Сілтемеге өтуді меңзейтін хабарламалардан сақ болыңыз. Күмәнді хабарламалардағы сілтемені баспаңыз.
6. Әлеуметтік желіңізге немесе электронды поштаңызға келген күдікті хабарламаны дереу толығымен өшіріп тастаңыз.
7. Егер сіз абайсызда күмәнді хабарламадағы сілтемені басып қойған болсаңыз, антивирустық бағдарламаны қосып, жүйені толық тексеріп шығыңыз.
8. Сізге келген хабарламаның заңдылығын тексеру үшін компаниямен тікелей байланысыңыз немесе олардың веб-мекен-жайын енгізу арқылы веб-бетіне кіріп тексеріңіз. Алайда хабарламада көрсетілген сілтеме арқылы веб-бетке өтпеңіз.
9. Жеке құпия сөздеріңізді қауіпсіз жерде сақтаңыз. Сіздің құпия сөздеріңіз 8 символдан, сандардан және әріптерден құралғаны дұрыс. Әрбір онлайн тіркемелеріңізге әртүрлі құпия сөз пайдаланыңыз. Және оларды қауіпсіз жерге жазып алыңыз.
10. Хабарласқан бөгде адамдарға жеке немесе қаржылық деректеріңізді ешқашан айтпаңыз.
11. Қорғалмаған, ашық Wi-Fi желісі арқылы өзіңіздің жеке шотыңызға кірмеңіз жіне сауда жасамаңыз.
12. Ұялы телефоныңыздағы банк қосымшаларына, жеке деректерге құпия сөз енгізіп қойыңыз.
13. Сатып алатын немесе жеке деректерді енгізетін сайттардың мекенжайларына назар аударыңыз. Сайт беті «http» деп емес, «https» арқылы басталуы тиіс.
Интернет-алаяқтық жаһандық мәселе айналып отыр. Ақпараттық сауаттылықты дамыту және сақтық шараларын қолдану арқылы ғана біз өзімізді және жеке деректерімізді алаяқтардың ықпалынан қорғай аламыз.
Тыңдалды: Үшінші мәселе бойынша мектеп
психологы Алипбаева Жұлдыз Сайранқызы
Буллинг деген
не? Қорлау (буллинг)
– басқа адамның жанын ауырту мақсатында
агрессияны қолдану. Қорлау жәбірленушіге ауыртпалық пен қайғы
әкеледі. Оның агрессив мінез-құлықтың басқа түрлерінен
ерекшелігі – бірнеше рет қайталанады және жеке адамға немесе топқа
бағытталады.
Бүгінде буллинг әлем мектептерінде кеңінен
таралып отыр. Буллинг сөзі ағылшын тілінің
bully, яғни қорқыту ұғымын береді. Бұл физикалық агрессияны ғана
емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді
білдіреді. Мұндай теріс әрекеттер физикалық байланыс, сөздер немесе
басқа да әдістер түрінде болуы мүмкін. Мысалы, бет көрінісін
өзгерту немесе әдепсіз қимыл, сондай-ақ буллингтің құрбанын топтан,
қауымдастықтан әдейі шығарып тастауға ұмтылу.
Буллингтің қандай түрлері бар? Қарым-қатынаста – жағымсыз, ерекше мінез-құлық, «азаптаушы» мінез-құлық, қауесеттің таралуы, әлеуметтік оқшаулану (мысалы, кітаптарын жасырып қою, қорқыту әрекеттері).
Физикалық – біреудің мүлкіне зиян келтіру, итеру, аяқпен тебу, қолмен ұру, ұрып-соғу немесе кез келген күш қолдану.
Жыныстық қатынас – қалауынан тыс физикалық байланыс немесе жыныстық қорлайтын пікірлер.
Вербалды – ат қою, сарказм, қауесет, мазақтау.
Кибербуллинг – интернеттің барлық саласында, соның ішінде электронды пошталар мен интернеттегі чат арқылы буллинг, мәтіндік хабарлар мен қоңыраулар арқылы мобильді қауіп-қатер, тиісті технологияларды, мысалы, камералар мен видеоларды орынсыз пайдалану.
Экономикалық-материалдық буллинг – бөтеннің мүлкіне зиян келтіру, бопсалау. Мысалы, күш қолдану немесе қорқыту арқылы бірдеңе, әсіресе ақша беру талабы.
Кибербуллинг дегеніміз не? Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау.
Егер де:
Саған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электронды хаттар (email) жазса
сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса
әлеуметтік желілерде сенің атыңнан жалған аккаунттар құрып, онда ерсi фотосуреттерді орналастырса
сені ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса
саған әдепсіз сөздер жазылған немесе қоқан-лоқы түрдегі хабарламалар жіберсе
жеке басыңа қатысты ақпаратты басқаларға жайса
сені ренжіту не қорлау мақсатында жеке фотосуреттеріңді басқаларға рұқсатсыз жіберсе, онда сен кибербуллинге тап болдың.
Кез келген адамның кибербуллингке ұшырауы мүмкін екені есіңде болсын. Егер де сенімен бұндай жағдай орын алып жатса, ол сенің кінәң емес. Дегенмен саған онлайн қауіпсіздігін сақтау қажет. Және көмек сұраудан қорықпа, бұл – әлсіздік емес.
Егер сен кибербуллингке тап болсаң, не істеу керек? Кибербуллингке тап болған жағдайда сен қорқып, абыржып қалуың мүмкін. Ондай кезде мынадай әрекеттер жаса:
әлеуметтік желіде сол адамды бұғатта
әлеуметтік желінің әкімшісіне сен туралы айтылған постқа шағым келтір (әдетте ол үшін «report» батырмасын басу жеткілікті)
ондай хабарламалар/посттарға жауап берме, әйтпесе жағдай ұшығуы мүмкін
осы хабарламаларды/посттарды дәлел ретінде сақтап қой, яғни скриншот жаса
бұл жағдайда сені қолдап, не істеу керектігі жөнінде ақыл-кеңес бере алатын ересектерге – ата-анаңа, қамқоршыңа, мұғаліміңе айт
111 жедел желісіне қоңырау шал немесе біздің форумда өз уайымыңмен бөліс
біраз уақытқа интернеттен шығып, өзіңе ұнайтын нәрселермен айналыс (велосипед теп, қыдыр, киноға бар).
Мен
өзім басқа біреуді онлайн қорласам ше?Не
істеп жүргенің жайлы ойлан
Сен туралы біреу ренішті сөздер жазса, сенің қандай күйде болатының
жайлы ойландың ба? Алғашқы қадам – ол сенің буллинге жол бергеніңді
мойындау. Бәріміз де кейде қателесіп жатамыз, дегенмен бұл сенің
жаман адам екеніңді білдірмейді.Біреумен ақылдас Өзің сенетін ересек адаммен – анаңмен, әкеңмен,
қамқоршыңмен, мұғаліміңмен сол жайында бөліс. Олар саған қандай
әрекет жасауға болатыны жайлы кеңес бере
алады.Жазған/жариялаған нәрсені
жой
Барлық ренішті, қорлаушы посттарды, твиттерді және сын сөздерді
жойып таста.Басқаларды тоқтауға
көндірБуллинге қатысы бар басқа адамдармен
сөйлес, одан бас тартуға көндір. Бір адам көп нәрсені өзгерте
алады.Кешірім сұра
Ренжіткен адамнан кешірім сұра, көмек ұсын. Бұл ол адам үшін өте
маңызды болуы мүмкін.Бұдан өзің үшін сабақ алКейде біз ойланбастан бір әрекетке барамыз.
Болашақта ондай жағдай қайталанбас үшін біз болған оқиғадан сабақ
алуымыз керек.
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады. Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін. Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді. Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық- зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады,отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар корсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді.Біздің мектебімізде оқушылар арасында бір-біріне әлімжеттік көрсету, зорлық-зомбылық көрсету бар ма? Оқушылар арасындағы жаппай төбелес сабақ уақытында емес, сабақтан тыс уақыттарда орын алып жататындығы белгілі.Зорлық деген сөздің астарында ұрлау, балалар өлімі, дәстүрлі тәжірибеге байланысты жарақат алу, сондай – ақ жыныстық, психикалық және тұлғалық балаларға қатысты тәртіп шаралары сияқты тұлғалық жазалауды қосқанда қиянат жасау түсінігі жатыр. Конвенцияда балаларға қатысты зорлықтың қандай да түрі болсын, қай жерде болсын ешқандай ақтала алмайды делінген. Зорлық көрген балалар көбінесе тамақтанбайды да түрлі ауруларға ұшырайды, мектепте нашар оқиды, өзін – өзі бағалауы төмен болады. Конвенцияға сәйкес балаларға қатысты зорлық көрсету адам құқықтарының бұзылғандығын білдіреді..
Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау. Егер Сізге тұрмыстық зорлық – зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, ертерек қашып кетуге сөмкеңді дайындау, тиісті құжаттарынмен бірге, көрші – көлемдерінмен сөйлесу, айқай – шу шығарылғанда келу және полицияға хабарлау.Қылмыстың бір түрі– балаға зорлық көрсету. Озбырлық, зорлық-зомбылық көрсету, жаман қарау, ауыр физикалық және психологиялық зақым көрсету деректері күн сайын газет беттерінде жиі кездесіп тұрады.Қауіп-қатер азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін. Барлық қылмыстардың ішінде ең ауыры зорлау болып табылады. Көп жағдайда милицияға ол туралы хабарлай алмайды, себебі білместік немесе қорқыныш сезім, үрей билейді. Сондықтанда балаға мынаны түсіндірген жөн:- Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек; - Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет; -Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.
Ал ата-аналарға осыған жауап:- Балаға сеніңіз, сонда ол сізге барлық шындығын айтуды үйренеді; - Дұрыс тәрбие балаға болашаққа деген сеніммен қарауға және қауіп-қатерді тез білуге үйретеді; - Тәрбиеші мен репетиторды жалдағанда өте мұқият болған жөн, себебі сіз балаңызды басқа адамның тәрбиесіне бергелі отырсыз;
- Егер сіз балаға қатыгездікпен қарау жағдайларын естігін болсаңыз немесе көрген болсаңыз бірден тиісті органдарға хабарлаңыз.
Қабылданған қаулы:
1.Жасөспірімдер арасында зорлық –зомбылық пен күш көрсетудің алдын алу мақсатында тәртіпсіздіктер мен құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтілсін.
2.Зорлық – зомбылыққа душар болған жағдайда «Сенім телефоны» , «Сенім жәшігі»,«111» ақпараттық қызметінің қызметін пайдалану
-
Бөгде адамдармен қарым – қатынас жасауды басты назарда ұстау
Мектеп директоры Г.С.Омарова
Хатшы Г.С.Егизбаева
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық жиналыс хаттамасы.

шағым қалдыра аласыз