400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кәмелетке толмағандар құқығы – басты назарда

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәмелетке толмағандар құқығы – басты назарда
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кәмелетке толмағандар құқығы – басты назарда»

Автор: Адаева Айшолпан Ерпулатовна

Жамбыл облысы Тараз қаласы «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжі

Бағыты: Топ жетекшісі Бөлімі: Тәрбие сағаты  Курсы: ІІ курс

Жарияланған уақыты: 2019-21-02

Материал туралы қысқаша түсінік

Топ жетекшілеріне сабақтан тыс іс-шара өтуде көмегін тигізеді

Категориясы: тәрбие сағаты

Сабақтан тыс іс - шара, дөңгелек үстел отырысы
Тақырыбы: Кәмелетке толмағандар құқығы – басты назарда»

Мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Міндеті: кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы,

«Бала құқығы» конвенциясы, заңдар жинағы, слайд.
Барысы:

І бөлім. Ұйымдастыру бөлімі.
II бөлім. Негізгі бөлім

ІІІ бөлім. Қорытынды

І бөлім. Ұйымдастыру бөлімі

Оқытушының кіріспе сөзі:

Өмір-теңіз, жүзем онда демеңіз,
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз,

деген екен өз заманында “Ақындар атасы” атанған танымал философ Рудаки. Шынымен өмір — ол үлкен жол. Өмір адамға бір – ақ рет берілген үлкен сый. Өмірдің мәні адалдық, адамдықта. Өмір арнасы кең өзен , сол өзеннен өз арнамызды тауып ағу біздің басты мақсатымыз. Ал өз мақсатымызға жету оңай емес , ол үшін қандай да бір қиындықтарға, кедергілерге кездесуіміз мүмкін . Енді біреулерге қиындықтар кездеспеуі де мүмкін. Сондай кездерде біреулерге қызғаншақтық, көре алмаушылық танытпай, өз мақсатымыз үшін күресе білуіміз керек . Өзіміздің күшті жақтарымызды көрсетіп,  әлсіздік, шарасыздық танытпауымыз керек . Біз өз өміріміз үшін өмір сүруге тиіспіз. Мамандардың айтуына қарағанда адам өзін — өзі тәрбиелеп , алдына мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып , “өз өмірім өзіме құнды ” деген қағиданы басты назарда ұстаса ол мақсатқа жетеді. Өкінішке орай біздің заманымыызда адамға бір – ақ рет берілген үлкен сый болған өмірде қиын, яғни әлеуметтік тұрақсыздық жағдайымен өмір сүріп жатқан жас өспірімдер қаншама? Бірақ олар мемлекеттің басты назарында, қамқорлығында.Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер бекітілген. 

Атаулы күндер:

1-маусым - Балаларды қорғаудың халықаралық күні

20-қараша – Балалардың дүниежүзілік күні

10-желтоқсан – Адам құқығы күні

1959 жылдан бастап әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу басталды

1979 жылы –Балалардың халықаралық жылы өтті

1989 жылы 20 қараша – БҰҰ-да Бала құқықтары туралы конвенция бекітілді

Қазақстан Республикасының Конституциясында бірнеше баппен бала құқықтары бекітілген:

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы 

Бала құқықтары туралы конвенция 

Қазақстан Республикасының Ата заңы болған Конституциясында былай делінген:

1 бап 

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. 

15 бап

Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
27 бап

Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.

Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Нью-Йоркте ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Джеймс Грантпен бірге “Бала құқығы туралы Конвенцияға” әлемнің 156-шы елі болып қол қойды.

Мемлекетіміз балаға құқық берумен бірге оларға белгілі міндеттер де жүктейді. Құқықты пайдалана отырып, конституциялық міндеттерді ұмытуға болмайды.

Менің міндетім:

Заңға бағыну

Басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, жеке өмірін, ар-намысын сыйлау

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу

Қоғамдық тәртіпті сақтау

II бөлім. Негізгі бөлім

Бүгін бізде қонақта Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының әлеуметтік педагогтары Шайнусова Айгерим Ерболқызы және Козбахова Перизат Ниязбековна.

Оқытушы: Құрметті қонақтар. Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына балалар неше жастан бастап қабылданады және аталған орталық балаларға, олардың ата-аналарына қандай көмек түрлерін көрсетеді?

Әлеуметтік психологтардың жауаптары тыңдалып, білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қояды.

ІІІ бөлім. Қорытынды

Оқытушы: Өмір жолы – даңғыл емес. Өрі де, ылдиыда жетерлік. Өмір сынынан сүрінбей өту – әр адамзаттың басты парызы. Әрбір адам аңсаған арманына жету үшін өмір бойы күреседі. Талаптанады , талпынады. Өмірдің «бір кірпіші боп қалануға » бар — ынта жігерін салады. Сізде сондай жастың бірісіз. Аңсаған арманымызға жетуіңіз керек. Қатардан қалмай, өмір шыңына көтерілу сіздің басты мақсатыңыз. Еліміздің жарқын болашағы сіздің қолыңызда!

Бұл табиғат заңдылықтары .
Өмір – көпір , от үстіне салынған ,
Діңгектері зәндем отқа малынған .
Қорқу білме , аяқтарың таймасын ,
Ойнап отпен , шарпу көрме жалыннан !
Бір – ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сыйды бізге сыйлаған кім ?…
   Әрине бізге осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарымыз , ол біздің ата – анамыз .Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек. Халық аузында мынадай әңгіме бар емес пе? “Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың” -деп. Себебі , біріншіден ол бізге “өмір” сыйлады , бізге жарық дүниені көрсетті , бізді өсірді , біздің ыстығымызға күйді , суығымызға тоңды, түн ұйқысын төрт бөліп бізді аялады , тәрбиелеп өсірді . Егер бізге анамыз осындай баға жетпес сый сыйласа , бізде оған лайықты өмір сүруге тиіспіз . Біреуге ренжіп , біреуді кінәлап , мін тағу дұрыс емес . Өмірдегі қайғыны , қиындықты , сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа , жақсы ойлар ойлау керек.
   Ғажайып Өмір! Сұлулық пен үйлесімділікті талап ететін тәтті өмір! Адам мен адамгершілікті қалайтын тамаша өмір! «Өмір» шынымен де тәтті, ғажап, тамаша. Алайда осы сұлулықты, ғажап өмірдің қадірін түсінбейтіндер көп қой. Қайталанып келмейтін, Алланың берген сыйын адамгершілік, имандылықпен неге өткізбеске? Ғажап өмірді адамдардың неге жақсы көрмейтініне таң қаламын.
   Иә, өмір, өмір, өмір… Аллаһ адамға өмірді тек бір рет қана береді, сол арқылы адамның бұл өмірдегі жасаған жақсылығына, адамгершілігіне, кішіпейілділігіне, өзі алдансада ешқашан өзге адамды алдамай, адал болса ғана өмірде шынайы бақытқа жеткізеді. Кейбіреу өмір өз қолыңда өзің қалай құрасаң солай болады дейді. Бәлкім солай да шығар… Ал мен олай деп ойламаймын себебі өмірді қалай құрсаң да, Аллаһтың бергенін ешқашан өзгерте алмайсың. Мейлі қолыңдағы бар нәрсені салсаңда Аллаһтың бұйыртқанынан басқа ешнәрсе болмайды. Мен үшін бұл өмір тек қана сынақ. Өмірде басыңа қандай қиыншылық түссе де, соған төтеп беріп, шыдамды болып, сабырлы болып, сол қиын кезеңнен шыға білсек бұл біздің үлкен жеңісіміз. Айналадағы адамдарға қараңызшы бәрінің өз өмірі, тірлігі бар. Біреуі қиналады, біреуі қуанады, біреуі дүниеге келіп жатса, енді біреуі қабірде жатады. Кейде адамдар осының бәрін байқамай, мен шаршадым, өмір сүргім келмейді ,-дейді. Кей кездерде өздеріне қол жұмсап жатады. Сонда бұл өмірден өткенде жаны тыныш бола ма?
Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен , сәттілік пен сәтсіздіктен , қайғы мен қуаныштан құралады . Міне өмірдің өзі біле – білсек сонысымен қымбат. Өмірде бәріде өткінші.
Өмір — сенің мүмкіндігің,пайдалана біл;
Өмір — сұлулық,сүйсіне біл;
Өмір — арман,жүзеге асыр;
Өмір — парыз,орындай біл;
Өмір — ойын,ойнай біл;
Өмір — байлық,бағалай біл;
Өмір — махаббат, ләззат ала біл;
Өмір — құпия,сырын аш;
Өмір — қайғы, көтере біл;
Өмір — күрес, жеңе біл;
Өмір — бақыт, баянды ете біл.
           Әрине, өмір жолы – даңғыл емес. Өрі де, ылдиыда жетерлік. Өмір сынынан сүрінбей өту – әр адамзаттың басты парызы. Әрбір адам аңсаған арманына жету үшін өмір бойы күреседі. Талаптанады , талпынады. Өмірдің «бір кірпіші боп қалануға » бар — ынта жігерін салады. Бізде сондай жастың біріміз. Аңсаған арманымызға жетуіміз керек. Қатарымыздан қалмай, өмір шыңына көтерілу біздің басты мақсатымыз. Еліміздің жарқын болашағы біздің қолымызда! Соны ұмытпауымыз керек…

]. Біз өмірде өзімізге мақсат қоя білеміз бе ? Өмір — арпалыс , күрес .Бұл табиғат заңдылықтары .

Жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында оны – Жастар жылы деп жариялаған болатын. Президент жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Ол жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Кәмелетке толмағандар құқықбұзушылығы мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және  тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде болуына жол бермеу, ойын-сауық мекемелердің иелері мен анықталған білім алушылардың ата-аналарына қатысты әкімшілік жауапкершілік негіздері туралы мәлімет беру мақсатында бүгін колледжімізде «Кәмелетке толмағандар құқығы – басты назарда» тақырыбында кездесу ұйымдастырылып отыр. Ендеше кездесудің құрметті қонағын таныстыруға рұқсат берсеңіздер.

 Жүргізуші: құрметті қонағымызға сөз бермес бұрын мына бейнероликке назар аударуларыңызды сұраймын.

Жүргізуші: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың және қадағалаусыз қалудың профилактикасы саласында оларды уақытша ұстау және қабылдауды қамтамасыз ететін білім беру органдары ретінде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының орны ерекше екенін білеміз. Сіз осы орталықтың қызметі, негізгі мақсаты, кәмелетке толмағандарды қабылдау, олардың ата-аналарын немесе басқа заңды өкілдерінің анықтағанға дейін уақытша күтіп бағуды, бейімдеуді және бұдан әрі орналастыруды, қамтамасыз ету ережелерімен таныстыра кетсеңіз.

Жүргізуші: рахмет. Құрметті білімгерлер өздеріңізді қызықтырған сұрақтарыңыз болса беруге болатынын ескерткім келеді.Сұрақтарыңыз барма?

Жүргізуші: Қазақстанның 10-15 жылдан кейін қандай болатыны көп  жағдайда мүлдем жаңа жағдайларда білім алып жатқан студенттерге, жастарға тікелей байланысты болғандықтан, Мемлекет басшысы жастарға ерекше басым көңіл бөледі, өйткені нақ осы ұрпаққа жаңа, қазіргі заманға сай Қазақстанда өмір сүріп, жұмыс істеу бұйырған. Президент қандай жас қазақстандықтарды көргісі келеді? Оның қазақстандықтарды, бәрінен бұрын, бәсекеге қабілетті және кәсіби шеберлігі жоғары мамандар ретінде көргісі келеді. Бүгінгі таңда жаңа білім меңгеру және жақсы мамандық алу бірінші орынға шықты. Ел Президентінің республикамыздың алдына қойған әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру ісінде білім саласы елеулі рөл атқарады. Қазақстан қоғамында қазіргі кезде бұрынғы ұрпақтардан айтарлықтай өзгеше, мүлдем жаңа зияткерлік тап: жаңа бағдар ұстанған, құндылық ұстанымдары ұтымды экономикалық іс-қимылдар арқылы табысқа жетуге бағытталған жастар табы қалыптассын деген ізгі мақсатпен бүгінгі кездесуді қорытындылау үшін сөз колледж директоры Жанат Акебайқызына беріледі.

Жүргізуші: өз уақыттарыңызды бөліп бүгінгі кездесуге қатысқандарыңызға алғыс білдіріп сіздермен қоштасамыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
365
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі