КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылық жасау себептері, оларға қолданылатын жаза мәселелері және олардың қылмыстарының алдын-алу жөнінде сөз қозғалды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Исаева Нұргүл Жеңісқызы


Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақбасты елді мекенінің №22 қазақ орта мектебінің мұғалімі


КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Аталған мақалада, кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылық жасау себептері, оларға қолданылатын жаза мәселелері және олардың қылмыстарының алдын-алу жөнінде сөз қозғалды.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылық ерекшеліктерін өзіндік тарау ретінде бөліп қарастыру, бұл тарауда кәмелетке толмаған тұлғаларға айрықша ережелер белгіленгендігін көрсетеді. ҚР Қылмыстық кодексіне мұндай айрықша ережелерді енгізу бұл жастағы тұлғалардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін білдіреді. Сонымен қатар, арнайы бөлімді енгізу кәмелетке толмағандарға Қылмыстық кодекстің ересектердің қылмыстық жауаптылығына қатысты сұрақтарды реттейтін кейбір баптардың қолданылу мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Мысалы, қылмыстар немесе үкімдер жиынтығы бойынша жаза ережелері, бас бостандығынан айырудың төменгі мөлшеріне қатысты және т.б.

Кәмелетке толмағандар қылмыстылығы қазіргі күндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Бұны құқық қорғау органдарының ресми түрде алынған статистикалық мәліметтерінен және күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарының бұл мәселеге көп көңіл бөліп отырғандарынан көруге болады. Нашақорлық пен жасөспірімдер арасындағы тұрақты түрде өсіп отырған қылмыстылық, кәмелетке толмаған қыз балалар арасындағы жүктілік жағдайларының етек алуы немесе балаларға қатыгездік жасау – қазіргі таңда тек Қазақстанның ғана емес, жалпы Әлем елдеріндегі өршіп тұрған проблемалардың бірі десек артық емес.

Психологиялық және медициналық ғылымдар тұрғысынан қарағанда, 14 пен 18 жас аралығындағы адамдар өте тұрақсыз, еліктегіш, сенгіш, бір сөзбен айтқанда психикасы жағынан толық жетіліп бітпеген, қоғамдағы құбылыстарды жетік меңгеріп біле бермейді. Осындай өтпелі кезеңдерінде әртүрлі қоғамға қарсы, моральға жат әрекеттерге, құқыққа қайшы құқық бұзушылықтарға, соның ішінде қылмыстық әрекеттер мен әрекетсіздіктерге барып жататыны көп кездесетін мемлекеттегі теріс құбылыстар. Мұндай кәмелетке толмаған тұлғалар биографиясынан көбіне мынадай екі жағдайдағы ұқсас құбылыстарды көреміз. Бірінші жағдайда, баланың кедей отбасында туылуы, алкогольді ішімдікке салынған әкенің қолында тәрбиеленуі не санитарлық гигиеналық талаптары мүлдем сақталмаған тұрғын-жайда, ешқандай медициналық жағдайы жасалмаған жалғыз басты ананың тәрбиесінде өсуі, одан кейінгі жағымсыз ортаның болуы, қоғамға жат бірлестіктердің құрылуы, соның ішінде діни секталардың әсері. Әсіресе он төрт, он бес жастағы жас жеткіншектерге оларды қоршаған ортаның әсері өте көп. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың көпшілігі де нақ осы жас аралығындағы жеткіншектермен жасалынады. Ал, екінші жағдайда, керісінше, бала әлеуметтік жағдайы материалдық түрде қамтамасыз етілген отбасында туылады, үй-жайдан тыс жұмыс істейтін көзі ашық, интеллигентті ата-анамен тәрбиеленеді. Бірақ та, мұндай ата-аналардың отбасындағы балаларына өте аз көңіл бөлінеді, бала зерігеді отбасына деген жылулық бірте-бірте бала бойына тарай береді де, оның арты есірткі заттарға қажеттілігін арттырады және ондай улы заттарды сатып алуға ақша табу жолдарын үйретеді, одан тергеу, арты орны толмас бала бойына қолайсыз салдар қалдыратын теріс құбылыстарды туғызады.

Көптеген тәжірибелер дәлелдеп бергендей, қылмыскерлердің көп бөлігінің қылмысқа алғашқы қадамы балалық шақта (9-13жас) басталып, жалғасын тауып ол қылмыскерлер артынан рецидив қылмыскерлерге айналып жатады. Осыған байланысты орыс ғалымы В.С. Орловтың: “қолданылып жүрген қылмыстық заңның жасы толмағандар үшін әділдік пен адамгершілік принциптерін басшылыққа ала, қылмыстық жауапкершілікке тарту мен жазаны тағайындау мәселесін шешу кезінде соттар тиянақты қарап, баса көңіл бөлуі қажет”[1, 17 б.] деген тұжырымымен қосыламыз.

Қ.Бегалиев: «14-18 жас аралығында жасөспірімдердің қоршаған ақиқатқа саналы қатынасы өнегелік принциптері, нанымы мен армандары қалыптасады. Бұл жаста жасөспірім организмінде,әсіресе оның психикасында күрделі өзгерістер жүреді. Жасөспірімдердің физикалық, жыныстық дамуы жүретін балалықтан ересекиікке аяқ басу кезеңінде оның моральдық және интеллектуалдық, өнегелік көзқарастары мен түсініктері қалыптасады»[2, 15 б.].

Зерттеушілердің сұраулары бойынша қылмыстық жүріс-тұрысқа бейімділік көбінесе 16-18 жастағы жеткіншектер арасында байқалады. Заңға қайшы келіп жататын жасөспірімдердің көпшілігі бала тәрбиелеу қамқорлығы төмен сәтсіз отбасыларында тұрады және өз кезегінде олар нашар тұрмыстық және материалдық жағдайларда өмір сүріп отбасы мүшелерімен нашар қарым - қатынаста болады. Әдетте мұндай жасөспірімдерге сабақ үлгерімі төмен, мұғалімдері және құрбы-құрдастарымен өзара қарым-қатынастары нашар белгілері тән.

Криминологтар мен психологтар кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы жүріс-тұрысының себептерінің арасындағы ең көп кездесетіндері ретінде келесі жайларды атап көрсетеді:

  • сәтсіз отбасы;

  • отбасындағы сәтсіз жағдай;

  • бұқаралық ақпарат құралдарындағы сансыз көп қатыгездік пен күштеу-озбырлық және зорлық-зомбылық жәйттері;

  • кәмелетке толмағандардың зиян ықпалдарға қарсы тұруға қабілетсіздігі;

  • атан-аналарының шектен тыс бос болмауы;

  • ата-аналарымен ұрыс-керістер;

  • бала қыйыншылықтарын үлкендердің түсінбеуі;

  • құрбы-құрдастары тарапынан немқұрайдылық қатынас;

  • әлеуметтік жүріс-тұрыс дағдасының болмауы;

  • бос уақытын өткізуді дұрыс ұйымдастыра білмеу;

  • өзіне назар аударуға ынталану және тағы басқа.

З.Астемиров былай көрсетеді, кәмелетке толмаған құқықбұзушылармен кедесе қалсаң, мынадай тұжырымға келесін, олардың көпшілігінде қанағатшылық, борыш сезімінің, рұқсат етілгендік, тәртіптілік пен тәртіпсіздік жөнінде түсініктің мүлде жоқтығын көресің. Жас жігіттің өзінің тілектерімен қызығушылықтарының құлына айналып бара жатқандығын көресің. Мұндай жасөспірімдердің өмірлік қажеттіліктері дөрекілеу, материалдық қажеттіліктер руханидан басым болады. Бұл балалар өз тілектерін қанағаттандыруға кез-келген бағамен қол жеткізуге үйреніп қалған, тіпті құқық бұзып арқылы да баруға дайын болып тұрады. Онысымен қоса, ұрлау, бұзақылық әрекеттер, тонаушылық қылмыстарын жасап сотталған жасөспірімдердің жартысы «айрықша ештеңе де жасамағандарын айтып» өздеріне тағылған үкімнің тым қатал екендігін білдіреді [3, 220 б.].

Жасөспірім тұлғасының жастық ерекшеліктерімен қатар оның жалпы бағыттылығына, бейімділігіне, түскен ортасына қарай Г.М. Миньковский кәмелетке толмаған қылмыскерлерді 4 топқа бөліп қарастырған:

Бірінші тобы – тұлғаның жағымды бағыттылығына қарамастан, кездейсоқ жағдайлардың тоғысуы нәтижесінде алғаш рет қылмыс жасаған кәмелетке толмағандар;

Екінші тобы – тұлғаның жалпы бағыттылығының тұрақсыздығына байланысты сәйкес жағдайларға тап болуы нәтижесінде қылмыс жасаған кәмелетке толмағандар;

Үшінші тобы – тұлғаның теріс бағыттылығының нәтижесінде қылмыс жасаған, бірақ әлі де болса, тұрақты қоғамға қарсы позиция деңгейіне жете қоймаған кәмелетке толмағандар;

Төртінші тобы – тұлғаның тұрақты қоғамға қарсы позициясының қалыптасуы негізінде бірнеше рет қылмыс жасаған кәмелетке толмағандар[4, 82 б.].

Қылмыстық жауаптылық жас шамасын анықтауда заң шығарушы әртүрлі мән-жайлардың барлығын ескереді, сонда да үлкен мәнді кәмелетке толмағанның мүмкіншілік дәрежесі мен белгілі бір қылмыс түрін құрайтын өзінің қоғамға қауіпті әрекетін ұғыну қабілетіне тән жас шамалық психологиялық ерекшеліктерге бөледі.

Кәмелетке толмағандар қылмыстылығына әсер ететін себептер мен жағдайлар және олардың алдын алудағы алғы шарттар мен жолдарға тоқталып өтетін болсақ. Сәтсіз отбасының болуы, яғни, ата-ананың өз балаларына деген ата-аналық борыштарын орындамауы, не тиісті түрде орындамауы немесе сол сияқты бала тәрбиесі заңмен жүктелген тұлғалардың жауапсыздығы. Сондықтан да, жасөспірімдердің адамға, қоғамға, еңбекке, мемлекет пен ұлтқа, соның ішінде өзінің ана тіліне деген көзқарасы ата-ананың көрсеткен үлгісіне қарап қалыптасады. Әрине, бұл жағдайлар да тек туылғаннан кейінгі отбасындағы ортадан алған қасиеттері ғана деп, айтуға болмайды, онда медициналық жолмен, яғни, екі-үш атаға дейінгі гендік басымдылықтар да болады. Бірақ та, толыққанды, жақсы тәрбиенің немесе керісінше отбасылық ажырасудан жиі болатын ұрыс-керіс, оның арты ұрып-жығумен аяқталып жататын отбасындағы негативті құбылыстардың бала өмірінде алатын криминогендік орны ерекше. Отбасындағы әрбір жасалған күнделікті өмірдің оң да теріс қылықтары еш-уақытта да бала бойында із-түзсіз қалмайды. Мысалы, егер бала әкесінің не шешесінің немесе екеуінің бірлесіп үйге ұрланған зат әкелгендерін көрсе, немесе олар балаға ұрлау ниеттері арқылы белгілі бір заттармен иеленетіндері жөнінде байқатса, онда бала бойында да сондай теріс пиғыл пайда болады, не дәл сондай қылықтарды қайталауы мүмкін. Сол сияқты баланың үйге ұрланған заттарды әкелгендегі ата-ана тарапынан еленбеуі не қажетті әсер ету шараларының қолданылмауы бала бойында жауапкершілік сезімін оятпайды.

Кәмелетке толмаған жас жеткіншектердің жүріп-тұруына өмір сүрудегі тәжірибенің болмауы, қоршаған адамдардың бағалауларын теріс түсіну, болып жатқан қоғамдық құбылыстардың ақиқатты шындығын дұрыс қабылдамау, сенгіштік, жоғары эмоционалдық, жүріс-тұрыстағы аса шапшаңдық, яғни, ойланбай өз беттерінше шешім шығару, үлкендерге ұқсап бағуға ұмтылу, өз мүмкіншіліктерін аса бағалау және сол сияқты жасқа толу критерилеріне байланысты басқа да жағдайлар көп әсер етеді.

Кәмелетке толмаған тұлғалардың ерекшеліктері сол, мұндай ерекшеліктер олармен құқыққа қайшы әрекеттерді жасау барысында да, оларды құқық қорғау органдарымен ашып, әшкерелеу барысындағы жүріс-тұрыстарынан да байқалынады. Бұл жағдайда кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты жасалынатын құқық қорғау әрекеттері мен сот үкімдері әділетті, адамгершілікке сай, заңды болуы міндетті. Бұл жағдайларда ювенальды юстиция мен ювенальды қылмыстық құқық, яғни, қылмыстық процесс және қылмыстық құқық қағидалары қатаң сақталуы тиіс.

Олай болса, кәмелетке толмағандар қылмыстылығын алдын алу мен қайта тәрбиелеуге қатысты келесідей жұмыстар жасауға болады:

1) кәмелетке толмаған тұлғасын жетік меңгеріп, оның қылмыстық әрекет жасағанға дейінгі қандай өмірлік, яғни, отбасылық, әлеуметтік жағдайда болғанын, құқық бұзушылықтағы барлық мән-жайларды ескере отырып, мүмкіншілігінше қылмыстық жазаны қолданбай-ақ, оларды қайта тәрбиелеу жолдарына салу, яғни, (қылмыстық құқық тарихындағы бастапқы англо-саксондық жүйедегі елдерде, ең алдымен Англия және Уэльсте және Америка Құрама Штаттарында құрыла бастаған) кәмелетке толмаған құқықбұзушыларға қатысты тәрбиелік әсері бар арнайы институттардың жұмыс істеуін күшейту қажет. Олар пробация (тәрбиелік қадағалау) және пэроул (тапсырма бойынша шартты түрде мерзімнен бұрын босату) институттары.

Қадағалауға беру дегеніміз кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-аналарына немесе олардың орнын ауыстыратын тұлғаларға, немесе кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу мен жүріс-тұрыстарын бақылау мемлекеттік органдарына міндеттерді жүктеу табылады.

Құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерін бағалап, оларға қатысты шешім шығару барысында қылмыстық құқық пен қылмыстық іс-жүргізу құқықтарының жалпы принциптерімен қатар, сондай-ақ, міндетті түрде бұл істерді жасау тұлғасының ерекшелігіне көңіл бөліп, бұл істерге қатысты құқық теориясы мен практикасында қылмыстық жауаптылықпен оның салдарын тудырмайтын қылмыстық құқық ғылымындағы кәмелетке толмағандар қылмыстылығын алдын алуға байланысты тәрбиелік әсер ететін мәжбүрлеу шараларын құрайтын институттардың қолданылуын күшейту қажет. Мұндай институттар кәмелетке толмаған қылмыскерлерге қатысты қорғау, көмек беру шараларын, қадағалау жүргізу шараларын және тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын көздейді.

2) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу мекемелері мен органдары қызметтеріне мемлекет тарапынан тұрақты түрде бақылауды жүзеге асыру;

3) жалпы мемлекет пен қоғамдағы кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы нашақорлық пен қылмыстылықтың алдын алу мақсатында арнайы органдар мен мекемелер құру. Мысалы, осындай мақсаттармен Францияда елінде арнайы Жастарды соттық қорғау басқармасы, сонымен қатар тәрбие мәселелері бойынша кеңес беру қызметтері құрылған. Мұндай мекемелер жас құқық бұзушыларды кек қайтару, жазалау жұмыстарымен емес, керісінше қайта тәрбиелеу, болашақ өмірлеріне қызығушылық танытуға көп ықпал береді.


Әдебиеттер тізімі:

1.Орлов В.С. Научная информация по вопросам борьбы с преступностью. -М., 1969. -№22. – С.17.

2.Бегалиев К. Неправомерные действия подростков и их последствия. – Алматы: Мектеп, 1984. – 315 с.

3.Астемиров З.А. Уголовная ответственность и наказания несовершеннолетних.– М: «Юридическая литература,1970. -220 с.

4.Минковский Г.М. Особенности классификации несовершеннолетних преступников. М., «Юридическая литература», 1975. -282 с.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
1765
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі