Канцерогенді заттар мен азықтық қоспалардың адам ағзасына әсерін зерттеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Канцерогенді заттар мен азықтық қоспалардың адам ағзасына әсерін зерттеу

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ас – адамның арқауы» деген халық мақалының шындықпен астасып жатқанына ешкім талас тудырмас. Жер басып жүрген әр адамзаттың асқазаны аласұрып, ауқат аңсап тұратыныда-ақиқат. Алайда алдындағы астануланып, аурухана табалдырығын тоздырып жүргендер қаншама! Қалай десекте, бүгіндері көмейіміз тілеп тұрған астың сапасына күдікпен қарайтын болдық. Көздің жауын алып, дүкен сөрелерінде сақадай тізіліп тұрған өнімдерді талғамай алу қазіргі таңда түрлі жағдайларға душар етуде. Мамандардың пікірінше, азық-түлік сатып алған кезде өнімнің тауар құлақшасына назар аудару қажет. Сапасы төмен канцерогенді өнімді тұрақты түрде пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Адам бір жыл ішінде балықпен, етпен, жеміс-жидекпен, көкөністермен бірге, үш килограмм химиялық заттарды жейді екен.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Канцерогенді заттар мен азықтық қоспалардың адам ағзасына әсерін зерттеу

Өзбекова Жазира Тоқтасынқызы

Биология пәнінің мұғалімі

Жамбыл атындағы орта мектеп КММ



«Ас – адамның арқауы» деген халық мақалының шындықпен астасып жатқанына ешкім талас тудырмас. Жер басып жүрген әр адамзаттың асқазаны аласұрып, ауқат аңсап тұратыныда-ақиқат. Алайда алдындағы астануланып, аурухана табалдырығын тоздырып жүргендер қаншама! Қалай десекте, бүгіндері көмейіміз тілеп тұрған астың сапасына күдікпен қарайтын болдық. Көздің жауын алып, дүкен сөрелерінде сақадай тізіліп тұрған өнімдерді талғамай алу қазіргі таңда түрлі жағдайларға душар етуде. Мамандардың пікірінше, азық-түлік сатып алған кезде өнімнің тауар құлақшасына назар аудару қажет. Сапасы төмен канцерогенді өнімді тұрақты түрде пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Адам бір жыл ішінде балықпен, етпен, жеміс-жидекпен, көкөністермен бірге, үш килограмм химиялық заттарды жейді екен. Біз бояғыштарды (Е-100 – Е-199) , дәмдеуіштер мен иіс күшейткіштерді (Е-600 – Е-699), агенттер, нан мен ұнды жақсартқыштарды, басқа да заттарды (Е-900 – Е-999), консерванттарды (Е-200–Е-299), эмульгаторларды тәбетпен жейміз. Өйткені жасанды тағамдарды табиғи тағамдардан дәміне қарап ажырата алмайсың, және де оның бағасы арзандау. Осы канцерогенді тағамдар қайдан шықты? Неліктен, ол ересектер мен балалар арасында танымал? Канцерогенді тағамдар адам ағзасына , денсаулығына , әсіресе балаларға шынымен зиян ба?

Осы келтірілген деректерге сүйене отырып 8 сынып оқушысы Дүйсеке Әмірлан бірге зерттеу жұмысының негізгі мақсаты мен шарттары анықтап алдық.

Зерттедің мақсаты: Канцерогенді заттар мен тағамдардың адам ағзасына зиянды әсерін анықтау.

Бірінші мектебіміздің 5-8 сынып оқушыларынан төмендегі сұрақтар бойынша сауалнама алынған еді:

1. Канцерогенді тағамдарға қандай тағамдар жатады?

2. Канцерогенді тағамдарды күнделікті қолданасың ба?

3. Канцерогенді өнімдерді аптасына неше рет қолданасыз?

4. Канцерогенді заттардың денсаулыққа қандай зияны бар?

5. Канцерогенді өнімдердің ішінде жиі қолданылатын қандай түрі бар?

Сауалнамаға барлығы 200 оқушы қатысты. Сауалнама нәтижесін саралай келе көзіміздің жеткені, біздің мектептің оқушылары 25% күнделікті, 35% аптасына 2- 3 рет, 25% айына – 1 рет, 15% мүлдем қолданбайтындығы анықталды. Оқушылардың 80% кириешки, чипсилерді , газдалған сусындарды, дайын кеспелерді пайдаланатындықтары анықталды. Оқушылардың 80% олардың құрамын қарамайтындықтарын айтқан. Ал оқушылардың 10% чипсы мен кирешкиді адам ағзасына пайдалы, 60% денсаулыққа зиян екендігін, 20% кириешки және чипсидің ағзаға әсерін білмейтіндігі анықталды. Оқушылардың арасында жүргізілген сауалнама қорытындылары бойынша канцерогенді тағамдардың ішіндеең көп пайдаланатындары кириешкилар, чипсылар, дайын кеспелер мен кока-кола болып табылды.

Канцерогенді тағамдарды күнделікті қолданасың ба?

Канцерогенді тағамдарды денсаулыққа қандай пайдасы бар?

Балалардың осы тағамды қалауының басты себебі, олардың оны өте дәмді деп есептеуі.

Содан кейін барып екіншіден оның жылдам дайындалып, ыңғайлы болуы.

Дәрігерлерден бұл өнімдердің біздің ағзамызға зиянды екенін жиі естиміз. Біз бұны іс-тәжірибе арқылы анықтауды жөн көрдік.

Чипсы мен кириешки өнімінің құрамындағы майды анықтау


Бірінші іс-тәжірибемізде ақ қағазды алып, оған чипсы мен кирешкиді ұнтақтап ездік. Қағазды алып, жарыққа қарасақ, майдың ізі қалған. Бұдан қорытынды шығарсақ, чипсы мен кирешки өнімдерінің құрамында майдың үлесінің шамадан тыс көп болуы.

Чипси өнімінің құрамында қоспалардың барын анықтау


Екінші іс-тәжірибемізде біз чипсиді жақтық. Чипсы тез тұтанып жанады екен. Жанған уақытта пластмассаның иісі шығып, құрамындағы майы ериді. Бұдан қорытынды шығарсам, чипсы өнімінің құрамында май мен әр түрлі қоспалардың бар екендігін көрсетеді.

Үшінші іс-тәжірибемізде мен чипсыда крахмалдың болатынын дәлелдедік. Чипсиді езіп, оны стаканға салдық. Стаканға су құйдық. Оған

2-3 тамшы йод ерітіндісін құйдық. Стакандағы судың түсі көк түске өзгерді. Салыстыру үшін бүтін чипсиге йод ерітіндісін тамыздық. Бірақ түсі өзгерген жоқ. Бұдан қорытынды шығарсақ, чипсы өнімі тауарлық сатылымға шықпас бұрын жақсылап өңделуі қажет деп ойлаймын.

Сонымен қатар, газдалған сусындардың біздің ағзамызға зиянды екенін жиі естиміз. Біз бұны іс-тәжірибе арқылы анықтап көрдік.

3 түрлі су түрін алдық – кәдімгі жай су, фанта, кока – кола. Тәжірибе нысаны ретінде датталған шегені, тауық етін алдық.

Осы барлық сынақ үлгілерін әртүрлі суға батырдық.



«Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Дәл осы тағамдарды ұзақ күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қантамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан көшеде даярланатын тағамдарды және чипсы мен кирешкиден аулақ болу керек. Қазіргі уақытта мектеп оқушыларының көпшілігінің семіздікке бой алдыра бастағанын байқауға болады. Мұның себебін осы канцерогенді тағамдарынан деп есептеймін.


Қолданылған әдебиеттер

1. “Биолог анықтамалығы” ғылыми-педагогикалық журнал №5, 6 2011 жыл

2. “Биология және салауаттылық негіздері”

3. “Орталық Қазақстан”. 2010ж №4

4. “Қазақстан әйелдері” 2011 ж №2

5. “Пайдалы кеңестер”

6. Ғаламтордан алынған мәліметтер




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.04.2025
237
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі