400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Капитал нарығы және табиғат ресурстары

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:13.02.19

Сыныбы:11

Пән мұғалімі:Ергазина Г.М

Тақырыбы: Капитал нарығы және табиғат ресурстары

Сабақтың мақсаты: Нарықтың негізгі халықтың әлеуметтік жағынан қарастыратын түрі еңбек нарығы туралы мәлімет беру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Капитал нарығы, табиғат ресурстары туралы түсінік беру, құрылу жолдарына тоқталу.

Дамытушылық: Экономикалық білімдерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік: Нарықтық экономикаға сай заманауи азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас                                                                

Сабақты ұйымдастыру әдісі: жаңа материалды меңгеру, дәріс, ұжымдық жұмыс

Көрнекілігі:  кестелер

 

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Еңбек нарығы түсінігі

  2. Еңбек нарығының қызметі

  3. Еңбек нарығына тән қасиеттері

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Капитал нарығы түсінігі

  2. Капиталдың түрлері

  3. Ресурстың бір түрі – табиғи ресурстың ерекшелігі 

  1. Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық  игіліктердің қоры, ол сонымен қатар  материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті,  білімі. Капиталдың  екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс  әкеледі, Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады.

Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, капитал нарығы деген түсінікке анықтаманың екі түрлі болуы мүмкін.Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.Қаржы нарығында капитал деп ақша капиталы түсініледі. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдар нарығының құрамды бөлігі болып табылады.Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді.  Капитал нарығындағы сұраныс – бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолнадуға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады. 

Негізгі капитал

Айналмалы капитал

бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал.

Негізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады.

өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады

 Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін. Экономикалық ресурстар: табиғи ресурстар және материалдық ресурстарға бөлінеді.

Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

Қазыналы рыноктағы терминдер. Тапсырманы әр топтың тез құру әрекетімен есептеледі.

Ресурс, капитал, биржа, нарық, материал, купон.

  1. Үй тапсырмасын беру. Капитал нарығы және табиғат ресурстары

  2. Бағалау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
07.06.2019
1401
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі