Материалдар / Кариялар куни
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кариялар куни

Материал туралы қысқаша түсінік
карияларды сыйлау, спорт кашанда адам баласына пайдалы омирде ен манызды екенин тусиндиру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2019
1156
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Қарттар- тарих,қазына, ел қазығы»

Мақсаты:

Көрнекіліктері: 1.Интерактивті тақтадан слайд- шоу, буклеттер.

2. Қанатты сөздер: «Қарты бардың- қазынасы бар»,

«Ата- анаңды құрметтесең, сен де сондай игілік көресің»

«Ақиқатты айқындап жариялар, бара жатыр азайып қариялар»

  1. Жүргізуші:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалсын.

Сахына ашылады, мектеп оқушылары домбыраларымен орындықта отырады.

  1. Жүргізуші:

Тамашалағандарыныз «Қазақ биі» күйі орындағандар Ғаллам Аманбек, Шангерей Шұғыла, Серікқали Нұртас.

  1. Жүргізуші:

Армысыздар қадірменді қонақтар мен құрметті ұстаздар және оқушылар!

Бәріңе Қариялар күні құтты болсын,

Қариялар,денсаулығың мықты болсын.

Отбасың, бала – шағаң аман болып,

Жастарға мызғымыстай бақыт қонсын!- деп,

Сіздерді 1 Қазан Қариялар күнімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға береке, бірлік, қуаныш тілейміз, балаларыңызды жақыннан көріп, немерелеріңіздің маңдайынан сипап жүре беріңіздер!

Бүгінгі Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі оқушылары ұйымдастырып отырған «Қариялар - тарих, қазына, ел қазығы» тақырыбында мерекелік шараға қош келдіңіздер!

  1. Жүргізуші:

Иә,өткенімізді  осы  үлкендерсіз  елестету  мүмкін  емес. Біздің  бүгінгі  нұрлы  өміріміздің, алаңсыз  күлкі,  тәтті  ұйқымыздың  да  бейбіт   сақшысы  бола  білген,  самайларын  қырау шалып,  жүздерін  уақыт  әжімі  торлаған  данагөй  қарияларымыз  бен ақ  жаулықты  әдемі  әжелеріміз  емес  пе?

Алдарынызда 5 сынып оқушылары ата-әжелерімізге арнаған өлең жолдарымен. (музыка жүрп тұрады)

1-оқушы:

Қариялар көк бойлаған емендер,

Тамырларын ізде ағайын тереңнен

Желкілдеген жапырағы жас орман,

Келесің сен- келешегім деуменен.

2- оқушы:

Алатаудай кейпі биік қашанда,

Таң сызылып, күлер нұр шашарда

Бата бер деп бар адамдар жаяр қол,

Бір биіктен бір биікке асарда.

3- оқушы:

Қайран қазақ қарттары қадірменді

Сіздерге Алла биіктік бәрін берді,

Мына әлемге таба алмас адамзат

Өздеріңдей білікті тәлімгерді.


4-оқушы:

Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпандар,

Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар

Қарттар тарих, қазына, ел қазығы

Ей, адамзат, осыны ұмытпаңдар.


5-оқушы:

Жылдар өтіп,бейнелер мұнарланып,

Жатқан менен жаңғырар жыр арналып,

Әруағыңның өзі де дүбірлетіп

Есімдерің аталар ұрандалып


6-оқушы:

Алдында ақыл берер қария ғой

Жақсылар жақсылыққа жария ғой

Жастарға ол парасатты кеңес берер

Сөзге бай ағып тұрған дария ғой.


7-оқушы:

Қарттар күні ұмытылмас ешқашан,

Қадірлі де құрметті ғой әрқашан

Жүрсін адам қарт кісіні аялап,

Жүрсін адам қарт кісіні мадақтап.


  1. Жүргізуші:

Бақытты отбасы - келешек кепілі,

Тәрбие — бұл жұмбақ шешімі.

Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету-

Әрқашан үлкендердің міндеті – деп құттықтау сөзге кезек береміз.


- Құттықтау сөз.

1.Мектеп директоры: Сабыржан Мержанұлы

2.Ардагер ұстазымыз: Назипа Нұрсұлтанқызы

3.Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Жанар Сырымқызы


2. Жүргізуші:

Ән «Туған жер» орындайтын Ғаллам Аманбек (домбырамен)



  1. Жүргізуші:

Келесі тамашалайтын әндеріңіз Қойшыбай Артурдың орындауында «Асыл әке» әні.


  1. Жүргізуші:

Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Ауылымыздың үлкен қариялары бар ықыласы мен мейірімін төгіп келіп отыр.

Олай болса сөз кезегі көп еңбек етіп, еңбегі халқына сіңген, ардақты да, аяулы Гүлсім әжемізге беріледі.

Ән «Асыл әжем» орындайтын: аяулы ұстазымыз Әсем Ерболқызы


  1. Жүргізуші:

Жадыраймын жадырайын,
Көңілденіп күлемін.
Жанар ма деп талабым,
Ата ақылын тыңдаймын. – ден келесі тамашалайтындарыңыз
Ән «Қазақ жастары» орындайтын Шангереева Шұғыла Серікқали Нұртас


  1. Жүргізуші:

Шырқа әнге шалықта

Би дегенде ,жалықпа.

Өнеріңді аямай

Мың бұралып билеші. – деп келесі кезекте «Қазақ биімен» қыздарды ортаға шақырамыз


  1. Жүргізуші:

Халқымыз ерте кезден –ақ адам өмірін жеті шаққа бөлген екен.

Сәбилік шақ – адам дүниеге келген күннен бастап 7 жасқа дейін.

Балалық шақ- 7 жастан 15 жасқа дейін.

Жастық шақ – 15 жастан 25 жасқа дейін.

Есею шақ – 25 жастан 33 жасқа дейін.

Кемелдену шақ – 33 жастан 74 жасқа дейін.

Кәрілік шақ – 74 жастан басталады

Сіздерге өмір жастарыңыз ұзақ болсын деген тілекпен алдарыңызда Балым Сүйенғалиқызы «өз поэзиясымен» қошеметпен қарсы алыңыздар.

Келесі тыңдайтын әндеріңіз Мәсәлім Айгерімнің орындауында «Қазақ елі осындай»


2. Жүргізуші:

3 - сынып оқушыларының орындауында «Жапырақ биі» . Қол соғып қарсы алыңыздар. Биден соң музика ойнап тұрады, сахына жабылады.Ұстаздар мен жүргізуші тұрып алады сахына ашылады.



1. Жүргізуші:

«Ақылды қария –ағып жатқан дария» деп тегін айтпаса керек. Асыл қарттарымыз –ұлы бәйтерек болса,біз соның бүршігіміз.Қыңырды жөнге,қисықты түзге салған осы қариялар арқылы өмірдің түзу жолын, өнердің білім жолын тауып,біз де бір кірпіш дүниенің тетігі болып қаланатынымыз хақ.

Келесі тамашалайтындарыңыз мектеп ұстаздардының орындауында «Шәмші әндерінен поппури»

2. Жүргізуші:

Өмір оты ерте өшірілмесе, адам баласының қартаюы табиғи заңдылық. Қарттардың тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы. Уайымы сырлас,сыйлас қатарының сирегі.Олар бүгінгісін ғана ойламайды,өткен өмір жолын зерделеп, алдын болжауға тырысады. Қарттар –тіршіліктің төресі.

Ән «Анам, әкем» ортада Батырбаева Айнамкөз

1. Жүргізуші:

«Есік алды төбе болса,

Ерттеп қойған атпен тең.

Ауылда қарияң болса,

Жазып қойған хатпен тең» . – деп бастауыш сынып оқушыларын «Қошақаным» әнімен қарсы алайық.

Әнімен қатар осы оқушылар ата-әжелеріне арнап жазған өлеңдерімен құттықтау тілектерін және шағын сыйлықтарын табыс етеді.

Тақпақ;

1. Әжем  менің  әлі  де,

     Ұқсамайды  кәріге.

     Шай қайнатып  береді,

     Қажет  болса  бәріне.

2. Әжем  менің ақ  әжем,

Көп  жасаған,  жан  әжем,

Ауырғанда  мен  үшін,

Бір  сүйгені  дәрі әжем.

3. Аппақ  күміс сақалды,

  Жақсы  көрем  атамды.

4.  Менің  әжем  бал  әжем,

   Айтқан  сөзі  дәл  әжем.

Оқушылар: Құрметті ата-әжелер сіздерді мейрамдарыңызбен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас қанат, ұзақ өмір тілейміз. Дендеріңіз сау болып немере-шөберелеріңіздің қызығына бөлене беріңіздер, ешқашан ауырманыздар!Сіздерге арнап мектеп оқушыларының дайыдаған шағын сыйлықтарын табыс етеміз, қабыл алыңыздар. (музыка жүріп тұрады, гүл шоқтарын тарату)

Келесі кезекте қайырымдылық айлығын қорытындылау сөзі мектебіміздің Әлеуметтік педагогі Роза Хакімқызына береміз. (Қайырымдылық айлығына байланысты мектеп оқушыларына көмек көрсеткен жеке кәсіпкерлерге рахымет айтылып, алғыс хаттар табыс етіледі.)


  1. Жүргізуші:

«Бала өсіргің келсе,ізетті»- деп Әбу Насыр Әл-Фараби айтпақшы, аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға халықтың асыл қазынасы саналатын,қарттарымыз жас ұрпақтарға үйретіп,айтып отырайық, -деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз, оқушылар Отанымыздың білікті де білімді саналы азаматты болыңыздар демекпіз.

Ән: «Атамекен» Жексенғали Жұлдыз


  1. Жүргізуші:

Қарттарым сіздерге алла саулық берсін,

Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін.

Тап-таза абыройлы болғаныңды,

Қазіргі ел билеген жастар көрсін – деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

«Жаңбыр жауса, жер көгерер,

Бата берсе ел көгерер» дегендей, Сейсенбай атамыздан оқушыларымызға бата беруіңізді сұраймыз.

Қарияларымыз аман болсын, келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!