Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Картоп көжесін дайындау

Материал туралы қысқаша түсінік
Картоп көжесін дайындау
Материалдың қысқаша нұсқасы




Бекітемін

Директордың ОӨЖ орынбасары

Кадыржанов Р.Т.










Өндірістік ашық сабақ

Тақырыбы:Картоп көжесін дайындау










Дайындаған:ө\о шебері Сундетова С.А
























Подстепное 2021 ж.




Сабақ жоспары

Тақырыбы: Картоп көжесін дайындау технологиясы және ұсыну тәртібі

Мақсаты:

1. Білім беру.
а) картоп көжелерін дайындау туралы теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу.
ә) картоп көжелерін дайындауды, оны жіберуді үйрету.
б) картоп көжелерін дайындау барысындағы қауіпсіздік техникасымен санитарлық талаптар туралы білім беру.

2. Дамыту.
а) есте сақтау қабілетін дамыту.
ә) жұмыс ептілігін, шапшаңдығын, іскерлігін дамыту.

3. Тәрбиелеу.
а) еңбек қауіпсіздігіне, еңбек қорлыққа тәрбиелеу.
ә) эстетикалық талапқа сай тағамдарды әшекейлеп және технологиялық талапқа сай жіберуге тәрбиелеу.
б) тазалыққа, ұқыптылыққа, дастархан басында дұрыс отыруға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Өндірістік- оқу жұмысы.

Сабақ әдісі: Тестілеу, сұрақ-жауап, өзін-өзі бағалау, ойын.

Көрнекіліктер:

а) көженің дайындалуының сұлбасы, тірек сигналы, Веин диаграмасы.

ә) қауіпсіздік техника бойынша суреттер.

б) «Рецептура жинағы» кітап. Киев «А.С.К.»- 2000 ж

Құрал- саймандар, жабдықтар: Тамақтар, кастрблюдер, тақтайшалар, табалар, ожау қасық, сүрі қасық, электр пеші, таралкелер, үгіткіш т.б.

Шикізаттар: ет, май, картоп, жуа, сәбіз, күріш, макарон, көктер, бұршақ, тұз, бұрыш, жұмыртқа т.б.

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру мезеті (3 минут).
Практикаға келген оқушыларды түгендеп, олардың киімдерін, күнделіктерін, жеке бас тазалығын, сабаққа тақтаның әзірлігін тексеру.

2. Кіріспелік нұсқау (3 минут).
а) сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ә) оқушылардың білімін тексеру. Тест-диктант арқылы білімдері тексеріледі.
Ол үшін оқушыларға тест-диктант тапсырмалары үлестіріледі.
Оқушылардың ішінен көмекші болып, консультант сайланады. Ол жұмыстарды тексеріп, бағалайды.

Тест-диктант

1. Көжелер екі бөліктен ________ және _______ тұрады.
2. Көжелер жіберу температурасы бойынша _______ және ______ болып бөлінеді.
3. Дайындалу әдісі бойынша көжелердің бөлінуі төмендегідей:
    а)
    ә)
    б)
4. Сұйықтық негізіне байланысты көжелердің бөлінуі.
    1)                        5)
    2)                        6)
    3)                        7)
    4)

5. Борщ деп құрамына міндетті түрде _______ қосылған көжені айтады.
6. Рассольникке міндетті түрде ____________ қосылады және ________, көп мөлшерде қолданылады.
7. Ленинград рассолнигінде _________ және ________ қолданылады.
8. Картоп және көкөніс көжелерін _________, __________, ________, ____________ сорпасында дайындайды.
9. Салқын көжелерді ______ 
оС жоғары емес температурада береді.
10. Ыстық көжелерді + ________ + _______ 
оС температурада береді.

Тест диктантының жауаптары

1. Сұйықтықтан (сорпа) және қоюдан (гарнир).
2. Салқын және ыстық.
3. а) тұздықты
    ә) мөлдір
    б) пюре типтес.
4. Сорпадағы, көкөніс қайнатпасындағы, жарма қайнатпасындағы, сүттегі, нан квасындағы, жеміс-жидек қайнатпасындағы, ащыған сүт өніміндегі.
5. Қызылша.
6. Ащы қияр, ақтамырлар.
7. Жарма, ақтамырлар.
8. Ет-сүйек, сүйек, саңырауқұлақ, көкөніс.
9. + 14оС

Бағалау шкаласы:

Дұрыс жауап:           

10 - 9 болса бағасы «5»
8-7 болса бағасы «4»
6-5 болса бағасы «3»
5-тен төмен болса «2»

III. Жаңа тақырыптың мазмұны.

1. Тірек сигналы сурет.

а) картоптан және көкөністерден әртүрлі көжелер дайындалады. Картоп көжесін жармамен, макарон өнімдерімен және асбұршақтармен, етбұршағымен дайындауға болады. Бұл көжелерді сүйек, етсүйек сорпасында, саңырауқұлақ және көкөніс қайнатпасында дайындайды. Егерде көжені көкөніс қайнатпасында дайындаса, онда жібергенде тарелкеге немесе пісудің соңында ыссы сүтті құюға болады. Бұл көжелер үшін картопты және көкөністерді томаршалап, бөлікшелеп, тілімдеп, таяқшалап және кубиктеп турайды. Ескеретін жай, құрамындағы азықтардың барлығы біркелкі және сәйкесінше туралуы қажет.

Картоп көжесінің дайындалу сұлбасы

 

Дайындалатын тағамдар

1) №204 Жармамен картоп көжесі.
2) №206 Асбұршақпен картоп көжесі.
3) №208 Макарон өнімдерімен картоп көжесі.
4) №209 Етбұршағымен картоп көжесі.
5) №178 Етбұршағы.

Технологиялық карта

204 Жармамен картоп көжесі

Шикізат атауы

Брутто

Нетто

1

Картоп

400

300

2

Жарма

40

40

3

Сәбіз

50

40

4

Бас пияз

48

40

5

Аспаздық май

10

10

6

Сорпа немесе су

750

750


ШЫҒЫМЫ:


1000 г

Дайындалу технологиясы:

Жуаны ұсақтап, сәбізді ұсақ кубиктеп турайды да, пассерлейді. Картопты кубиктеп турайды. Қайнап жатқан сорпаға немесе суға дайындалған картопты, пассерленген көкөністерді салып, дайын болғанша пісіреді. Пісуге 5-10 минут қалғанда тұз, дәмдеуіш салынады. Өңделген күріш жармасын сорпаға пассерленген көкөністермен бірге салады. Ұсақталған жарманы пісуіне 10 минут қалғанда салады.

Арпа жармасын қосқанда балықпен дайындауға болады. Балықпен дайындалғанда өсімдік майын қолдануға болады. Жібергенде көк сеуіп береді. Жіберу температурасы + 75оС +80оС.

Бір үлеске 500 грамнан береді.

Жарманы іріктеп, бірнеше рет суын аударып жуады. Арпа жармасын қайнап жатқан суға салып, жартылай дайын болғанша пісіреді де, суын төгіп жарманы жуады.

206 Асбұршақпен картоп көжесі

Шикізат атауы

Брутто

Нетто

1

Картоп

267

200

2

Үрмебұршақ немесе бұршақ

81

80

3

Бас пияз

48

40

4

Сәбіз

50

40

5

Петрушка (тамыры)

13

10

6

Аспаздық май

20

20

7

Сорпа немесе су

700

700


ШЫҒЫМЫ:


1000 г

Дайындалу технологиясы:

Картопты ірі кубиктеп, сәбізбен петрушкіні ұсақ кубиктеп және жуаны ұсақтап турайды. Бұршақтарды іріктеп, жуып, салқын суға (2-3 метрге 1 кг) үрмебұршақты (фасоль) 5-8 сағат, бұршақты (гарох) 3-4 сағат салып қояды. Осы суында пісіреді. Дайын бұршақты сорпаға немесе суға салып, қайнауына жеткізеді де картопты, пасселенген сәбізді, жуаны қосып, дайын болғанша пісіреді.

Жібергенде көк сеуіп береді. Жіберу температурасы + 75оС + 80оС.

Бір үлеске 500 грамнан береді.

208 Макарон өнімдерімен картоп көжесі

Шикізат атауы

Брутто

Нетто

1

Картоп

400

300

2

Макарон өнімдері

40

40

3

Сәбіз

50

40

4

Бас пияз

48

40

5

Маргарин

10

10

6

Сорпа немесе су

750

750


ШЫҒЫМЫ:


1000 г

Дайындалу технологиясы:

Макарон өнімдеріне сәйкес көкөністерді турайды. Картопты томаршалап немесе кубиктеп, тамырларды- томаршалап, таяқшалап немесе кубиктеп, жуаны ұсақтап немесе жіңішкелеп турайды. Сәбізді және жуаны пассерлейді.

Қайнап жатқан сорпаға немесе суға макаронды салып 10-15 минут пісіреді. Үстіне картопты және пассерленген көкөністерді қосып дайындығына жеткізеді. Кеспені картоппен бірге салады, ал вермишелді немесе фигуралы өнімдерді дайындығына 10-15 минут қалғанда салады. Тұз, дәмдеуіштерін қосады.

Үй кеспесінің ұнын елеп салып, 1-2 минут пісіріп, сүзіп алады да, көженің дайын болуына 10-12 минут қалғанда салып дайындығына жеткізеді.

Көжені тауықпен, құстың субөнімдерімен, сиыр етімен, ет консервілерімен, саңырауқұлақпен дайындайды. Көжені тамат пюресімен дайындауға болады (1000 г көжеге 10 г тамат пюресі).

Жіберу температурасы + 75оС + 80оС.

Бір үлеске 500 грамнан береді.

209 Етбұршағымен картоп көжесі

Шикізат атауы

Брутто

Нетто

1

Картоп

533

400

2

Сәбіз

50

40

3

Бас пияз

48

40

4

Тамат пюресі

10

10

5

Маргарин

10

10

6

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.06.2021
298
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12