Материалдар / Картоптың вируссыз отырғызу материалын алу және оны көбейтудің инновациялық тәсілдері.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Картоптың вируссыз отырғызу материалын алу және оны көбейтудің инновациялық тәсілдері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Вируссыз тұқымдық картоп өндіру үшін пайдаланылатын in vitro жағдайында жақсы бейімделу үшін, картоп көшеттерін жылы жай жағдайында өсіру ұсынылады. Картопты сауықтырудың биотехнологиялық әдісі жасалды және оның негізінде вирустық және саңырауқұлақ инфекцияларынан босатылған картоптың гендік қорының жинағы жасалды
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Картоптың вируссыз отырғызу материалын алу және оны көбейтудің инновациялық тәсілдері.

Авторлары Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

6В08171-«Агрономия» мамандығы,

БББ АГР-23-1 оқу тобы, 1-курс

Абызбай Сәкен Саматұлы

Адильбаев Азиз Мансурбайұлы,

Сайфуллаев Бақдәулет Тимурұлы

Ғылыми жетекші: Нұрымова Раушан Дүйсенқызы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

«Аграрлық технологиялар» БББ –ның

а.ш.-ғ.к. қауымдастырылған професс


ТҮЙІН

Вируссыз тұқымдық картоп өндіру үшін пайдаланылатын in vitro жағдайында жақсы бейімделу үшін, картоп көшеттерін жылы жай жағдайында өсіру ұсынылады. Картопты сауықтырудың биотехнологиялық әдісі жасалды және оның негізінде вирустық және саңырауқұлақ инфекцияларынан босатылған картоптың гендік қорының жинағы жасалды

.

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі уақытта биотехнологиялық зерттеулер ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарының өнімділігін қалыптастыру, енгізу және арттырудың кілті болып табылады. Жер және су ресурстарына шектеулер, демографиялық өсу мен қоршаған ортаға қысымның күшеюі ауылшаруашылық өндірісін дамыту үшін негіз ретінде биотехнологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы биотехнология ауыл шаруашылық өндірісінде өсімдік шаруашылығын дамытудың жаңа жетістіктеріне жол ашады. Ауыл шаруашылық биотехнологиясы ең дамыған елдердің экономикалық саясатын айқындайтын және XXI ғасырдың технологиясы болып табылатын нақты өндіруші күшке айналды [1]. Қазақстанда сапалы тұқымның болмауына байланысты отандық сорттар бәсекеге қабілеттіліктің төмендігіне байланысты. Осы себептен соңғы екі онжылдықта Қазақстан шетелден картоп тұқымдарын импорттады. Отандық тұқымның төмен сапасы оның вирустарымен ластану дәрежесінің жоғары болуына байланысты, бұл сорттың ықтимал шығуын 50-80% -ға азайтады. Картоп маңызды ауылшаруашылық дақылдарының бірі болып табылады. Халық санының өсуі және ашаршылық деңгейінің жоғарылауы жағдайында БҰҰ Ассамблеясы, ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, келешекте адамзаттың азық түліктік қауіпсіздік мәселесін тек қана картоп шеше алады деп және бұл саланың дамуының стратегиялық маңызын есептей отырып, әлемдік қауымды картоптың рөліне аударуда [1].

Қазақстан бойынша картоп дақылының орташа өнімділігі 10-12 т/га аспайды. Қазақстанда жыл сайынғы түйнектік репродуция үрдісінде өнімнің төмендеу тенденциясы, вирустық инфекциямен зақымдалу себебінен, картоптың элиталық тұқым шаруашылығындағы негізгі күрделі мәселелердің бірі болып табылады.

Ауылшаруашылық кәсіпорындарда, фермерлік және жеке шаруашылық қожалықтарында сортжаңарту және сорталмастыру үшін жоғары репродукциялық сертификацияланған тұқымдық материалмен қамтамасыз ету әлі күрге дейін жөнге қойылған жоқ және картоп дақылының тұқымшаруашылығында ең бір өзекті мәселе болып отыр.

Сол себепті, картоптың тұқым шаруашылығын сауықтырылған бастапқы материал негізінде жүргізуге негізделген жұмыс тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып есептелінеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:Тұқымдық өнімді дамыған елдерде картопты өсіруге арналған, солтүстік теңіздердің жағалауларын төменгі негізгі векторлар саны - әртүрлі ағындардың қанатты пішіндерімен пайдалану көзделеді [17].

Сондықтанда Қазақстанда өсірілетін картоп тұқымдасына вирустарға қарсы жоғары нәтежеде төтеп беретін тұқымдарды шығару қажет. Дұрыс тұқымдық дәндер әр түрлі жолмен алынуы мүмкін, бірақ ең кепілденген сапа апикальды меристем әдісімен in vitro емдеу арқылы қамтамасыз етуді. Осылайша, вирустық аурулардан алынған картоп тұқымдарының тұқымдық қасиеттерін жақсарту және олардың жылдам көбеюі үшін өсімдіктің тірі қалуы in vitro және түрлі сортты көбейту факторы зерттелді [18].

Инновациялық технологиялардың картоп дақылдарының вирустық ауруларын диагностикалауға енгізу және оларды ұлпа өскіні арқылы сауықтыру мүмкіндігін зерттеуді мақсат еттік.

Олардың көрсеткіштік нәтижелерін алуға тәсілдерді пайдаланумен төмендегі міндеттерді қарастырдық.

Картоптың тұқымшаруашылығындағы инновациялық тәсілдер Республикада картоп өнімін көтеру үшін міндетті түрде сауықтырылған картоп сорттарының тұқым шаруашылығы қажет. Бұл тәсілдің артықшылығы картоп түйнектері вируссыз, сау болып табылады. Микро түйнектердің өсуі бақыланатын жағдайда Петри табақшаларында климаттық камераларында жүргізіледі. Бұл әдіс тек қана селекциялық жағдайда емес тұқымшаруашылығында да қолдануға болады. Инновациялық технологиялардың картоп дақылдарының вирустық ауруларын диагностикалауға енгізу және оларды ұлпа өскіні арқылы сауықтыру мүмкіндігін зерттеу.

1.1.Картоп дақылының халық шаруашылығындағы маңызы.Картоп алқа тұқымдасына жатады және егістіктегі негізгі түрі Solanum tuberosum. Табиғи тегі бойынша картоп сабағы жыл сайын өліп отыратын көпжылдық шөптесін өсімдік, бірақ жер шарының көптеген елдерінде бір жылдық өсімдік түрінде өсіріледі. Оны вегетативті түрде (түйнек, көзше, бүршіктерімен) және Картоптың халық шаруашылығындағы маңызы жақсы белгілі. Оның түйнегінде адамның қорегіне қажетті көмірсулар, сонымен қатар ақуыздар мен басқа да заттар көп мөлшерде кездеседі. Қорек ретінде картоп тағамға вегетативтік органы қолданылатын өсімдіктердің арасында бірінші орында.

Картоп спирт, крахмал және басқа өнімдер, тіпті арнайы лактар және жасанды жібек, әтір, дәріханалық заттар өндірісіне де жақсы шикізат болып табылады.


А Б

Сурет-2 Картоп өсімдігіндегі түйнектің бөлімдері.

а)1-өскін (лат.stolónis) ; 2-түйнек төбесі; 3-түйнек негізі; 4-көзшелер;

б)1-өскін (лат.stolónis) ; 2-түйнек негізі;

Негізінен картоп крахмал өндірісінде кең қолданылады, өйткені оның құрамындағы ақуыз крахмалдан, күріш, бидай немесе басқа да дақылдарға қарағанда оңай бөлінеді [3].

    1. Картоптың вирус аурулары

Вирус аурулары картоп өсіретін барлық жерде кездеседі, вирус ауруынан дүниежүзінде картопқа 13 % немесе 30 млн тонна шығын келеді [4]. Қазақстанда картоп дақылына ең зиянды ауру – вирус аурулары. С. Т. Бубенцовтың [5] мәліметі бойынша Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында сепкін мозайкадан картоп 20%, әжімді және жолақ мозайкалары – 70-80 % өнімін жоғалтқан. А. С. Удовицкий мен А. И. Востриковалардың [6] мәліметі бойынша Солтүстік Қазақстанның картоп танаптарында вирус ауруларының көптеген түрі кездеседі, соның ішінде жолақ мозайка – 48, әжімді мозайка – 18, жапырақтың жиырылуы – 35, сепкілді мозайка – 32 %-ке дейін тараған.


Сурет-3 Жапырақтардың вирустық жиырылуы (PLRV)

X (PVX) вирусы



Сурет-4 Түйіндердің жіпшелену вироиды (PSTV)

Вирус ауруларынан келетін шығынды кесіп айту мүмкін емес, өйткені әр ауданда жылдың ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі зиян келтіреді. Вирус аурулары картоп сортына, агротехникасына және тұқым сапасына байланысты бірнеше пайыздан өнімді түгел дерлік жоюға дейін зақымдауы мүмкін.

Вирустар дақылдың өнімділігін төмендетіп қана қоймай, сонымен бірге тұқымдық түйіндердің сапасын да нашарлатады. Түйінде құрғақ заттардың, аскорбин қышқылының мөлшері де төмендейді.

Картоп дақылында кездесетін барлық вирус аурулары 2 топқа бөлінеді. Олар – мозайка және сары ауру.

Мозайка ауруын қоздыратын вирустар – У. А. Х. S. M. F. және т.б. Бұл ауруға шалдыққан картоп сабағына және топырақтарында сарғыштау жасыл дақтар пайда болады (сепкілді және кәдімгі мозайка) немесе жапырақтары жиырылып қатпарланады (бұйра, жапырақтың әжімді мозайкасы), жапырақтарда және сабақтарда өлі тканьдардан тұратын қара тесіктер пайда болуы мүмкін (жолақ мозайка).

Оның тіршілік айналымы түйнегінің өнуінен бастап жаңа түйнектер қалыптасуы мен дамуы бір өсіп-өну кезеңде өтеді.

Сары ауруға жататындар – столбур, жапырақтың жиырылу ауруы (L), сыпырғыш тәрізді ауруы т.б. Мұндай ауруға шалдыққан картоп жапырақтары сарғайып тұрады және ұсақталып кетеді. Сабақтары да жіңішке келеді, кейде шамадан тыс көбейіп сыпырғыш тәрізді болады. Сары ауру вирустары әдетте жәндіктер арқылы тарайды.

Мозайка ауруын тарататын вирустар өсімдік жапырақтарында, сабақтарында көп, ал өсімдіктің ұшар басында сирек кездеседі. Картопты жоғары меристема бөлшегі арқылы вирус ауруынан сауықтыру тәсілі өсімдіктің осы қасиетіне негізделген.

Әртүрлі вирустардың өсімдіктер бойына орналасуы әрқилы болады. Мысалы, А вирусы өсімдіктің ең жоғарғы нүктесінен сәл қашықтау орналасса, С вирусы сол жоғарғы нүктенің өзіне орналасуы мүмкін.

Вирустардың өсімдік денесіне енгеннен кейін, олардың тарау жылдамдығы, оның сорттық ерекшеліктеріне, қоректік заттарға және өсетін ортаға байланысты әртүрлі болады.

Көптеген ғалымдардың зерттеулерінше [7], картоп өсімдігіне жәндіктер арқылы вирус енгізгенде, оның жапырағынан түйнекке дейін вирус 8-10 күнде жететіні мәлім болған. Кейбір ғалымдардың айтуынша [10,11] картоп өсімдігінің өсу мерзімі ұлғайған сайын оның У вирусына төзімділігі арта береді. Сондықтан картоптың тез өсіп-жетілуіне бағытталған агротехникалық шаралардың барлығы вирустардың тежелуіне пайдалы әсер етеді. Бойнянский В. [11] вирус зақымдаған картоп өсімдігі бойындағы крахмал мен белок мөлшері әдеттегіден 2,2 % және 0,22%- ке дейін төмендейтінін мәлімдеген.

У вирусы [tobacco veinal necrosis virus, solsnum virus 2 (Ortox) Smith, Stipple – streak virus; жолақ мозайка, әжімді мозайка, стрик, strichelkrankheit]. Бұл картопты қатты зақымдайтын және жиі кездесетін вирустың бірі. Аурудың бірінше белгілері жапырақта мозайкалы немесе қоңыр дақ түрінде кездеседі. Өсімдік бойы өспейді, аласа қалады. Жапырақтары деформацияланып, әжімді болып, тарамдары кішірейіп қалады. Тарамының жоғары жағы төмен қарай қайырылған. Жапырақ бетіндегі жүйке аралықтарында және жүйкелерінде, сағақтары мен сабақтарында өлі ұлпалардың учаскелері – некроздар пайда болады. Сағақтары мен сабақтары нәзік болады. Жиірек төменгі жапырақтары қараяды және жансызданады, төмен салбырайды. Түймегі майда. Өнімділігі – 50-90 % төмендейді. Картоптың мозайка ауруларының ең ауыр формаларын, жиірек У вирусы қоздырады, әсіресе басқа вирустармен қосылғанда (Х, А және т.б.).

Жапырақтың ширатылу вирусы. [Blattroull-virus, potato leafroll virus, Solanum virus 14 (Appel) Smith, virus L]. Сары ауруға тән белгілер – жапырақтың ширатылуына әкеледі. Ауру жұққан бірінші жылы негізгі белгілері жоғарғы жапырақтары шетінен бастап ортаңғы жүйке бойымен қайық тәрізді қайырылуымен бірге сарғаяды немесе кейбір сорттардың жапырақтары антоцианды түске боялады. Келесі жылы әдетте барлық жапырақтардың тарамдары, өсімдіктің төменгі жағынан бастап түтіктеніп жиырылады. Өсімдік түгел сарғаяды.

Аурудың кейінгі дамуы барысында көптеген сорттар сыпырғыш тәрізді түрге келеді. Жапырақ біліктері жоғары қайырылады. Жапырақтарды үйкеген кезде металды шу естіледі. Тез зақымдалатын сорттарда флоэманың некрозы тек сабағында емес, түйнегінде де байқалады. Кейбір сорттар түйнектерінде желі некроз пайда болады (Netznekrose). Жапырақтың ширатылуымен бірге кейде түйнек өскіндерінің жіп тәрізді болуы байланысты. Вирус өнімді 40-90%-ке дейін төмендетеді [16].

Ауру отырғызылатын түйнек арқылы тез тарайды және жылдан жылға күшейеді. Вирус механикалық түрде тарамайды. Бітелердің ішінде Mezodes persicae арқылы тарайды. Картоптың ересек өсімдігіне түйнектен жапырағына вирус 8-10 күнде өте алады [17]. Вирустың жапырақтан түйнекке өту жылдамдығы сыртқы орта мен сорттық ерекшеліктерге байланысты. Европа мен АҚШ-та вирус көптеген варианттарда кездеседі, олар сортқа байланысты әртүрлі дәрежеде зақымдайды [18].

Әжімді мозаика. Бұл ауруға шалдыққан картоп жапырағы қатайып, қыртыстанып кетеді, олардың бетіне сарғыш дақ түседі. Өсімдіктің өсуі тежеледі, өнімі төмендейді. Ауру X пен У вирустары зақымдауының әсерінен болады.

Жолақ мозаика. Ауруға шалдыққан өсімдіктің жапырақ тарамдары арасында қара дақтар пайда болады. Ауру асқынған сайын төменгі жапырақгары қурап, салбырап ілініп тұрады, кейін ортаңғы жапырақгар да сол күйге түседі.

Бұл ауруды қоздыратын У вирусы және басқа да мозаика вирустары қосылуы мүмкін.

Жолақ мозаика көбінесе әжімді мозаикамен қосақталып жүреді.

Жолақ мозаикамен ауырған картоп өнімі төмен болады.


1.3.Жапырақтың мозаикалық жиырылуы. Негізгі белгісі - жапырақтың шеті жоғары қайырылады. Әдетте, картоп өсімдігінің жоғарғы жапырақтарынан басталады. Басқа да белгілеріне жататьндар: жапырақта ақшыл дақтар пайда болады, сәл әжімдер, аздаған қатпарлар болуы мүмкін

Аурудың қоздырғышы - М/К/ вирусы. Ауру жоғарыда айтылған белгілерін көрсетіп асқынып кеткенде, картоп өнімін 30%-ке дейін төмендетеді.

Вирус М көбінесе сырт көзге көрінбейтін белгісіз қалыпта кездеседі.

Ауру, жөндіктер арқылы және жанасу арқылы тарайды.

Теңбіл мозайк (/кәдуілгі мозаика)

Бұл аурудың белгісі жапырақтарындағы ақшыл теңбілдер. Ауру асқынған сайын көзге әзер көрінетін ұсақ теңбілдер айқындалып үлкейе береді, кейін қосылып кетеді. Теңбіл мозаиканың белгілері уақыт өткен сайын өзгеріп тұрады, ол өсімдіктің жас кезінде жақсы көрінеді /гүлдеген кезге дейін/ және тұманды, салқын күндері айрықша көзге түседі.

Осы аурудың қоздырғыштары X және S вирустары. Егер өсімдікте У және А вирустары қоса кездессе, онда теңбіл мозаика әжімді мозаикаға айналады.

X және S вирустары танапта жанасу арқылы тарайды, S вирусының кейбір түрі жәндіктер арқылы тарайды.

Картоп өсетін жердің бәріне дерлік X және S вирустары жиі кездеседі, көбінесе белгілері сырт кезге көрінбегенімен, жалпы картоп өнімін төмендетеді.

Картоп өсімдігіне серологиялық анализ жасау арқылы X және S вирустарын айқындауға болады.

Жапырақтың жиырылуы. Бұл аурудың жапырақтың мозаикалық жиырылу ауруынан айырмашылығы өсімдіктің төменгі жапырақтарының шеті жоғары қайырылып, қайыққа ұқсап қалады. Мұндай жапырақгардың асты қоңырқай тартып, саудырап құрғап қалады.

Столбур. Аурудың алғашқы белгілері август айынан басталады. Столбурға шалдыққан картоп жапырағы ұсақталып солып тұрады, сабағына түйнектер пайда болуы мүмкін.

Аурудан келетін зиян картоптың осы аурумен ауырған уақытына байланысты болады, егер ерте зақымдалса онда түйнек салғанша қурап, мүлдем өнім бермейді. Көбінесе өнім бергенімен, түйнектер келесі жылы өнімді өте төмен беретін жіңішке жіп тәрізді өркен жаяды.

Аурудың қоздырғышы микроорганизмнің бір түрі-микоплазма.

Микоплазма картоптан басқа да көптеген басқа тұқымдас өсімдіктерді зақымдайды. Картопқа жәндіктер арқылы тарайды.

Сыпырғыш (готика). Бұл аурудың столбурдан айырмашылығы сабағы жиіленіп сыпырғыш тәрізді боп қалады. Ауру картоптың түбіне көптеген ұсақ түйнектер байланады және олар тез өніп кетеді. Ауру түйнек арқылы тарайды.

1.4. Вирус жұққан өсімдіктерді айқындау

Вирустарды анықтаудың серологиялық әдісі. Бұл әдіс өсімдік вирустарының антигендік қасиеттеріне негізделген. Антигендер – жануар қанында антиденелерді түзе алатын заттар. Антиденелер (преципитиндер), жануар қанындағы қайталанған тамырішілікдәрі енгізілуге сәйкес антигендер нәтижесі, соңғыларымен спецификалық реакцияға түсуімен сипатталады. Құрамында антиденелері бар белгілі антигеннің әсерінен пайда болған қан сарысуының мөлдір ерітіндісін араластыру кезінде берілген антигеннің мөлдір ерітінідісінде үлпек тәрізді тұнба преципитат түзіледі.

Тұнба мөлдір ерітіндіде жақсы көрінеді. Зерттелетін өсімдік шырыны әдетте бұлыңғыр болады. Преципитация реакциясы анық көрінуі шырынды алдын ала тазарту қажет. Мысалы, центрифугалар арқылы. Бірақ, каллоидты ерітінді түбіндегі тұрған бос вирус бөлшектері преципитация реакциясымен бірге, басқа агглютинация реакциялары өтіп жатады – антиденелер мен вирус бөлшектері арасында, клеткалық денелер мен адсорбцияланған (хлорофилльді және крахмалды дән т.б. ). Нәтижесінде агглютенация реакциясын бұлыңғыр ерітіндіде де үлпектері жақсы көрінеді. Бұл серологиялық анализдың маңызды бөліктерін зерттеу методикасында жеңілдетуге болады.

Иммуноферменттік талдау. Вирустарды анықтаудың ең жақсы, сезімталдығы жоғары әдістің бірі – ИФА(иммуноферменттік анализ). Жоғары сезімталдық пен жылдамдықтан басқа бұл әдістің тағы бір артықшылығы бар. Талдау үшін өсімдіктің кез келген мүшесінен алынған материал өте аз мөлшерде жұмсалады. Бірақ бұл әдістің жаппай пайдалануы түрлі вирустарды анықтайтын иммуно-диагностикумдардың жетіспеушілігімен шектеледі.

Бұл әдіс шетелден ЭЛИЗА-тест деген атымен белгілі. Бұл әдісті 1977 жылы М.Ф. Кларк пен А.М. Адамс деген американ ғалымдары ойлап шығарды.

Бұл әдістің негізі антиденелерді ферменттермен белгілі болады. Олар антиденелермен берік конъюгат-жүйелерді құрайды және органикалық полимерлер бетінде иммуноглобулиндердің белокты бөлшектерінің адсорбциялық қабілетіне негізделеді.

Полистиролды планшеттердің қуыстарына спецификалық антиденелері енгізеді, олар белгілі уақытта қуыстар бетінде адсорбцияланады. Одан кейін сол қуыстарға айқындалатын өсімдіктер шырынын енгізеді. Сыналатын шырында вирус болса, ол антиденемен байланысады. Содан кейін алынған антиген – антидене жүйесіне антиденелер жіберіледі, олар антиген молекуласына қабаттасады. Қуыстарға сәйкес ферментті субстратты қосқанда, түрлі-түсті ферментті реакция болса, вирустың өсімдікте болғаны белгілі болады.

Талдау нәтижесін көзбен көру арқылы немесе спектрофотометрмен бағалауға болады.

Экспланттарды залалсыздандыру үшін гипохлорид натрий өте жиі қолданылады. Залалсыздандыру ұлпа немесе тұқым бетіндегі микроорганиздерді жою үшін қолданылады. Залалсыздандыру агенті ретінде гипохлорид кальций немесе бромдалған су, сонымен қатар таза спирт қолдануға болады [39, 44].

Клеткалар мен ұлпаларды in vitro жағдайында өсіру кезінде кең таралған жасанды қоректік орталарды пайдаланады, бірақ әрбір генотипке тән қолайлы өсіру жағдайларын таңдап алу керек. Осыдан кейін клеткалар мен ұлпалардың жақсы өсіп-дамуы үшін ауксиндер мен цитокининдердің концентрациясы, органикалық емес заттар мен дәрумендер мөлшері есептеледі [47].


2.1. Зерттеу нысандары мен әдістемелері

Тәжірибе сұлбасы. Тәжірибе 1 (зертханалық). Сахароза мөлшері әртүрлі Мурасиге-Скуга қоректік ортасында апикальды меристема әдісімен көбейткенде картоп сорттарының өсу жылдамдығын бағалау. Картоптың төрт: (Ақсор, Нартау, Тамаша Тоқтар) сорттарын in vitro жағдайында MS қоректік ортасында әртүрлі сахароза мөлшері (20, 25, 30 және 35 г/литр) зерттелінді. Тәжірибе, әрбір нұсқада 20 пробиркалық өсімдіктер бар, үш қайталымда жүргізілді.

Тәжірибе 2 (вегетациялық). Картоптың әртүрлі сорттарын өсіріп жетілдіруде MS қоректік ортасындағы сахароза мөлшеріне байланысты отырғызу материалы өсімдіктерінің шығуы және дамуы. Зерттеулер жылыжайда жүргізілді. in vitro жағдайында MS қоректік ортасындағы әртүрлі сахароза мөлшерінде (20, 25, 30 және 35 г/литр) өскен қалемшелер, жылыжайда өсіп жетілу үшін, топырақ қоспалары бар жәшіктерге отырғызылды. Бақылау тәжірибенің әрбір нұсқасынан 50 өсімдікке, үш қайталымда жүргізілді.

Тәжірибе 3 (далалық). Ашық танап жағдайында минитүйнектер алуда картоптың әртүрлі сортары көшеттерін өсіріп жетілдіру тиімділігі

Зерттеулер далалық екіфакторлық тәжірибемен: фактор А – картоптың (Ақсор, Нартау, Тамаша Тоқтар сорттары; фактор В – отырғызу материалының түрлері: жылыжайда көшеттерді 35 – күн өсіріп жетілдіруден кейін және 21 – күндік регенерациядан кейінгі пробиркалық өсімдіктер. Отырғызу сұлбасы 70 см х 25 см. Есептеу мен бақылаулар үшін тәжірибенің әрбір нұсқасынан үш қайталымда 20 өсімдіктен алынды.

Зерттеу нысандары ретінде Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында шығарылған: Ақсор, Нартау, Тамаша Тоқтар, сорттары алынды. Картоп сорттарының қысқаша сипаттамалары:.

Ақсор – дәстүрлі селекция әдісімен алынған сорт. Бұтасы тік, биік өседі, дәмі мен асханалық сапасы жоғары, вирус ауруларына төзімді, түйнегі тотықпа ауруына шалдықпайды. Гүлі шашақты және көп гүлді. Түйнегі дөңгелек сопақтау, төбесі шұңқыр. Кіндік ізі жалпақша, түйнегінің тү

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!