Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кәсіби бағытталған шетел тілін оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала шетел тілін оқытуға бағытталған
Материалдың қысқаша нұсқасы

КӘСІБИ БАҒЫТТАЛҒАН ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ

Мырзатаева А.М.

М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі

Мақалада "шетел тілін кәсіби бағытта оқыту", "шетел тілі бойынша кәсіби біліктілік" ұғымдарының анықтамалары сонымен қатар болашақ мамандарға арналған шетел тілін оқытудағы мәселелер қарастырылады.

Қазіргі күнде қандай мамандық болмасын көптеген мамандықтар мәселен, халықаралық байланыстар, компьютерлік желілер т.б., мамандықтарға кәсіби деңгейін дамытуына, шетелдік қарым-қатынас үлкен мүмкіндік береді. Кез-келген маман, шет тілін толық меңгеруімен ұлан ғайыр жетістіктерге қол жеткізу әбден мумкін. Сондықтан шетел тілін толық меңгерген маман қажеттілігі артуда. Шетел тілдерін оқыту технологиясы қарқынды дамып келеді. Көптеген студенттер оқу орындарында негізгі мамандықтарын дамытуларымен қатар, шетел тілі білімін жетілдірулері аса маңызды. Сонымен табысты кәсіби маман иесі болуы үшін шетел тілін меңгеруі негізгі шарт болып табылады.

Білім беру мақсаттарында шетел тілін меңгеру қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени тұрғысынан ұтымды факторы болып табылады.

Соңғы жылдары студенттердің оқу талаптарының өсуімен, осыған орай шетел тілін оқытуда кәсіби бағдар принципі ерекше мәнге ие.

Педагогикалық зерттеулер жүргізу барысында ағылшын тілін оқытуда инновациялық процестердің ролі зор екенін көрсетті. Дәстүрлі кәсіби-бағытталған ағылшын тілі негізінен оқу, түсіну, мамандандырылған мәтіндерді аудару және грамматикалық ерекшеліктерін үйренуге бағытталған. Алайда, қазіргі уақытта шет тілін оқытуда ауызша қарым-қатынас қабілетін дамытуға аса назар аударылып отыр. Ауызекі тіл - тыңдау, оқу, түсіну, естіген немесе оқылған ауызша (диалог немесе монолог) және жазбаша түрде айту,қайталауды қамтиды.

Неміс әдіскерлері шетел тілін оқыту кезінде төмендегі мәселелерді көрсетті:

-жобалық жұмыс практикалық болып, кәсіби бағытталып, студенттердің қызығушылығын ояту тиіс. Теория мен практика арасын байланыс болуы қажет.

-жобалық жұмыстың нақты мақсаты көрінуі тиіс. Шетел тілін оқыту сабағында шетел тілі коммуникативтік түрде, ауызша немесе жазбаша қолдануы қажет.

-жобамен жұмыс остуденттердің өзіндік іс-әрекетін дамытады.

- оқу процесінің әлеуметтік бағыттылығы.

Қойылған мақсатқа жету үшін студенттер бірлесе отырып жұмыс істеуі қажет. Бұл өзара сыйластық, әдептілік, өз ойын айта білу және сын қабылдай алуын қиын мәселелерді шеше алуларын дамытады.

Қазақстандық оқу орындарының білімнің көпсатылы құрылымына жәймен ауысуы шетел тілдерін оқытуда жаңа міндеттерді қояды. Сол міндеттердің бірі - кәсіби бағытталған шетел тілін оқыту.

Кәсіби бағытталған ағылшын тілін оқыту 1960 жылдары ғылыми пән ретінде шетелде бастау алды. Қазіргі уақытта, кәсіби-бағытталған ағылшын тілі оқыту білім беру қызметтерінің басты мәселесі болып отыр. Кәсіби-бағытталған шетел тілін оқыту өз кезегінде, болашақ маманның шетел тілін үйренуі келешектегі қажеттіліктеріне негізделген білімді үйретуді талап етеді.

Кәсіби-бағытталған шет тілін оқыту - дегеніміз студенттерге шет тілін өз мамандықтарына қатысты тақырыптармен байланыстыра отырып үйретіп, шет тілінде сөйлеу қатынастарын, сөйлеу констекстерде грамматикалық, лексикалық және құрылымдықты қолданып оқыту. Яғни, кәсіби бағытталған шет тілін оқытуда білім беру мазмұнын мұқият іріктеу талап етіледі. Оқу материалдары оларға кәсіби өсу мүмкіндігін беруге қатысты тақырыптармен бағытталуы қажет.

Кәсіби-бағытталған шетел тілін оқытудың басты мәні - студенттің кәсіби дамуының өркендеуі мен қосымша кәсіби білім алу жолында, шетел тілі мен мамандыққа қатысты арнайы пәндердің ортақ болуында. Осы орайда шетел тілін білу - студенттердің жеке басының кәсіби дамуы мен олардың кәсіби шеберлігін жақсарту мақсатында қарастырылады. Сондай-ақ, студенттердің шетел тілін жетік меңгеруі - жоғары оқу орны түлегінің болашақта кәсіби маман ретінде шетелдік серіктесімен іскерлік қарым- қатынастарын жүзеге асыра алатын, кәсіби білікті маман иесіне қойылатын негізгі талабы да осы.

Кәсіби бағытталған шетел тілін оқытудағы басты мақсат - түпнұсқада берілген ғылыми-техникалық мәтінді дұрыс оқу дағдысын қалыптастыруды, мәтінге талдау жасау ептілігін толыққанды түсініп, ақпаратты бір жүйеге келтіруді, сонымен қатар мамандығына сай келетін әдебиетті екі жақты дұрыс аудара білуі, мәтінге аңдатпа мен оның қысқаша мазмұнын жаза алу қабілетін қалыптастыру.

Кәсіби-бағытталған ағылшын тілін оқыту процесінде мынадай сұрақ туындайды: "Бірінші кезекте неге үйрету қажет яғни кәсіби лексика, грамматика немесе іскерліктерін монологтық және диалогтік сөйлеуге?". 

Арнайы терминдер мен грамматика негіздерін білу студенттерге еркін сөйлеу қарым- қатынасына мүмкіндік бемейді. Үйретудің негізгі элементтері:

1. Ұйымдастыру және тақырыпты орнату

2. Тексеру тереңдігі мен беріктігі білім

Жаңа тақырыпты меңгеруде оқытушы мен студент арасындағы өзара іс-қимыл, қарым-қатынасы

  1. Бекіту өткен материалды және жаттығулар

  2. Диагностика беріктік білімді меңгеру, қалыптастыру дағдылары

  3. Нұсқау бойынша орындау үй немесе өзіндік жұмыс

Жоғарыдағылардың негізінде өзекті сабақ бірнеше типтерге бөлінеді:

  1. Сабақта жаңа материалды зерделеу (лекция, теориялық зерттеу, кино-сабақ)

  2. Сабақта білімді жетілдіру (практикалық тапсырмалар, шығармалар, жаттығулар орындау, іскерлік ойын)

  3. Сабақты қорыту және жүйелеу білімі (пікірталас, конференция, семинар, іскерлік ойын)

  4. Аралас сабақ (үйлесімі әр түрлі сабақ түрлерін кең ауқымын тапсырма)

  5. Бақылау жұмысы (тест, ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, сынақ, викторина)

Сондай-ақ, сөйлеу қызметінің нысандарын дамыту. Диалогтық сөйлеу дағдыларын меңгерту әр түрлі тақырыптар бойынша әңгіме құрау қабілетін арттыру. Монолог презентация жасап, мамандыққа қатысты тақырыптарды талқылап өз пiкiрiн бiлдiруi.

Шетел тілінде берілген техникалық ақпаратты іздеп, тауып оны жеткізе білу мен өңдеу де, кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті негізгі коммуникативті ептілік пен қабілетті одан әрі дамыту да осы курстың міндеті болып табылады.

Шетел тілін оқытуда студент оқудың төменде көрсетілген түрлерін білуі тиіс:

  1. толық ақпарат алу және мазмұнын ана тіліне жазбаша аудару арқылы жеткізу мақсатында мамандыққа сәйкес мәтінді зерттей отырып оқу;

  2. таныса отырып оқу - жалпы автордың дәлел келтіру бағыты мен тақырыптың дамуын қадағалап негізгі ақпараттың 70%-ын түсіну ептілігімен суреттеледі;

  3. жалпы мәтіннің мазмұнымен танысу мақсатында және іріктеп алынған мәлімет негізінде қарастырылып отырылған мәселеге орай, мәтінді сипаттау ептілігі -мәтінді (қарап шығу) көз жүгірте оқуға жатады;

  4. жан-жақты іздене отырып оқу - белгілі бір мәліметті басқа ақпарат көздерінен іздеуді талап ететін оқу түрі.

Сондай-ақ, студентке қойылатын негізгі талаптар

  • автордың көзқарасын, ойын толықтай түсініп, сол тақырыпта өз ойын ашып айта алуы;

  • автордың ұсынып отырған шешімінің тиімді яки тиімсіз екендігі жөнінде қорытынды шығара білуі;

  • сол тақырыпқа қатысты алынған басқада деректерді бір-бірімен салыстыруы ;

  • басқа жағдайда дәл осындай тапсырманы орындауда әртүрлі деректерден алынған ақпарат негізінде қорытынды жасай алуы.

Тілді тиімді пайдаланып, сөйлесуде тілдің әр түрлі бөлімдерің (грамматикалық, лексика және т.б.,) білулерімен қатар олардың мағынасы мен функционалды қолдану яғни сөйлеу қарым- қатынасында қандай жағдайларда дұрыс қолдануы аса қажет. Грамматикалық білімі сөйлемдердің мағынасын бұзбай жазбаша және ауызша кәсіби сөйлеу қарым-қатынасында қамтамасыз етеді. Шетел тілін лингвистикалық емес ұйымдарда оқытудың негізгі міндеттерінің бірі - шетел тілін түсінуді үйрету.

Кәсіби бағытталған шетел тілін оқытуда мәтіндерді оқуды үйретуде негізінен студенттер мамандығы бойынша мәтіндерді тақырыптық бағдарламамен, сондай-ақ студенттердің өз мамандығын оқып-үйрену барысында алынған ақпараттарды пайдалану саласының кеңеюімен сипатталады. Мәтінді оқып үйрену тек шетел тілінде сөйлеуге ғана емес, ең бастысы, онда қамтылған ойларды, идеяларды, фактілерді т.б., яғни, түсіну, бағалау, және алған ақпараттарды пайдалану. Табысты нәтиже алу үшін студенттерге сөздік қорын жүйелі түрде толықтыруға, уақытша формалар мен олардың мәндерін қалыптастыру ережелерін түсінуге, мамандық бойынша сөздіктерді, мәтіндерді аударуды және сөздікті еркін меңгеру дағдысын дамытуды үйрету қажет.

Кәсіби бағытталған шетел тілін оқытуда аутентті мәтіндердің яғни түп нұсқада берілген әдебиеттердің алар орны орасан зор.

Аутенттілік өз негізін 1970 жылдары пайда болған тілді коммуникативті оқыту бағдарламасының шығуынан бастау алған. Аутенттілік грек тілінен аударғанда "негізігі", "түпкі" деген мағынаны білдіреді. Аутентті материал дегеніміз, longman сөздігіне сүйенсек, табиғи сөйлеу мен жазылым әрекеттерінің дәрежесінде қарастырылған тілдік материалдар. Аутентті мәтін - нағыз түпкі негізде сол тіл өкілі тарапынан жазылған мәтін. Аутентті газет мәтіндерін ағылшын тілін үйретуде қолданудың маңызды жақтары на тоқталар болсақ:

  • студенттер оқып жатқан тілде сөйлеушілердің өмірдегі, қолданыстағы сөйлеу әрекеттерімен танысады;

  • аутентті материалдар студенттердің тіл үйренудегі қол жеткізген жетістіктерін бағалауларына мүмкіндік береді. Мысалы: Англияда өткізетін 4 күндік саяхат кітапшасына жоспарларын толтыру;

  • аутентті материалдар түрлі мәтіндерде қамтитындықтан ондағы тілдік стиль де түрлі болады;

  • аутентті материалдар сол тілде сөйлеушілердің мәдениеті мен ерекшеліктері туралы мәлімет береді, ол өз кезегінде студенттердің тіл үйренуіне деген қызығушылығын арттырады.

Егер аутентті материалдарды қолдануды лексикалық жағынан оқытатын болсақ, онда сөздердің түпкі негізгі мағынасын ашып, оның қолданылу заңдылығын түсіну мүмкіндігіне ие бола аламыз дейді Уиллис. Уиллистің пікірінше аутентті мәтіндерді ағылышын тілін үйренуде қолдану өте маңызды, себебі оқушылардың сөздік қоры тек сабақта мұғалім үйреткен сөздермен ғана байыта да алмайды.

Шетел  тілін  жаңаща  оқыту  соңғы  жылдары  жоғары  қарқынға  ие болды. Ұстаздардардың сабақты  жобалаудағы   жауапкершілігі   студенттердің  шетел  тілінде  нәтижелі  тілдік  қарым-қатынас  жасауына  мүмкіншіліктер  туғызады.  Олар  аз  уақытта  жаңа технология  жәрдемінде үлкен  жетістіктерге  жете  алады.  Оқудың  дәстүрлі   үрдісіне  инновациялық технологияны  ендіру, оқытушылар  мен  студенттерге дәстүрлі  формаларды  және әдістерді жетілдіруге  мүмкіндік береді, сонымен  қатар  жаңаларды  да, атап  айтқанда: тренингтер, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар  және  т. б.  Оқытушылардың  біліктілігі  олардың  педогогикалық  қарым-қатынаста  жағдаят  жасауда  көрінеді, онда оқытушылар  да, студенттер  де таңдау және  бақылау мүмкіншілігіне  ие  болады.  

Шетел  тілін оқыту технологиясының  тиімділігінің  көрсеткіштері мыналар:

  • Студенттердің  моральдық  психологиялық, интелектуалдық және  жас ерекшеліктерін  ескеру.

  • Оқуға жағымды көңіл күй  қалыптастыру.

  • Ұстаз бен студент арасында сөз алмасу, ғылыми қарым-қатынас және әріптестік принципін орнықтыру.

  • Студенттердің  еске  сақтау қабілеті мен творчестволық  деңгейін көтеру арқылы белсенділігін арттыру.

  • Оқуды  игеруге  мультимедиялық және басқа да техникалық  арсеналды кең іске қосу.

  • Сабақтардың  бітуімен  студенттердің келешекке  қанағаттануының  қорытынды нәтижесі.

Студенттердің  техникалық  білімінің  кәсіби бағдарламаға сәйкес  шетел тілін меңгере  отырып игеруі, олардың осы мақсатта жүйелі  түрде технологиялық ақпараттарды  және  педагогикалық  технологияны пайдалана  отырып  үнемі дайындығын арттыруына, ізденуіне  байланысты. Жаңа  педагогикалық  технология  студенттерді  шетел  тілін меңгеруге  жеке  бағыттап, даярлық  кезінде  олардың  қарым–қабілетін ескеруге мүмкіндік береді. Технологияның методикаға қараған да айырмашылығы мынада: оқуды жобалау тәжірибені қортындылау  негізінде  емес, оқуды  ғылыми  тұрғыдан негіздеуге  бағытталған.

Қорыта айтқанда, шетел тілін оқытуға жаңашыл көзқарасты қолдану, тәжірибеге бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады,сондай-ақ, оның  сапасы алынған білімнің нақты жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің сапасын көтеруде үлкен сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Шетел тілін оқыту әдістемесі №5 2007ж

2. Ағылшын тілі мектепте. – 2010. – №1; 2009. – №1.

3. Нұрбекова Оразкүл. Ағылшын тілі сабағында оқытудың тиімді жолдары. kenester.kz//

4. Қойшығұлова Л. Ағылшын тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану // Ағылшын тілін оқыту əдістемелігі. —2014. — № 1. — 44, 45-б.

5. Брекеева А.С. Жаңа білім беру əдісі // Ағылшын тілін оқыту əдістемелігі. — 2014. — № 1. — 10–13-б.

6. Альмухамбетова Г.К. Влияние стратегий технологии критического мышления на раскрытие творческих способностей учащихся // Респ. пед. журн. «Мастер-класс». — 2011. — № 5. — С. 3–6.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2020
909
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12