400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Кәсіп - өмірдің ең маңызды бөлігінің бірі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық құндылығы туралы түсініктерді кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Кәсіп - өмірдің ең маңызды бөлігінің бірі"

Абай атамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» демекші кәсіп таңдап, жұмыс табу үлкен өмірге қадам басқан жастардың басты мұрат-мақсаты десек артық етпес. Кәсіп - өмірдің ең маңызды бөлігінің бірі, өйткені өмірдің едәуір бөлігі, күннің 7-8 сағаты сонда өткізеді. Сондықтан кәсіп таңдау мұны ескеріп мұқият болуды талап етеді. Бұл тақырыпта ата-ананың, ағайынның, мұғалімнің, өмір жолында тәжірибесі мол аға-әпкелерден кеңес алған дұрыс. Сондай-ақ өзінің табиғатын, қабілетін, мінезін, нендей іспен айналысуды ұнататынын ескеруді назардан шығармау керек.

Ал қалыптасқан отбасылық дәстүр мен ата-ана ретіндегі өздеріңіздің арман тілектеріңізді басым бағыт ретінде қарастырмағаныңыз жөн. Мамандық таңдауда ата-ананың қалауы мен баланың таңдауы көп жағдайда сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өзіңіз өсіріп отырған балаңызды жүрек қалауы болмаған мамандықты таңдауға мәжбүрлеу оны өмір бойы бақытсыздыққа душар етуі мүмкін.»

Әр түрлі маман иелерінен қандай жағдайда жұмыс істейтінін, қандай ауыртпалығы, қандай артықшылықтары барын сұрап, мүмкіндік болса барып өз көзімен көріп, толық бір күн сол маманның жанында болудың пайдасы бар. Бұл іс ыңғайлы ма, жоқ па деп  оқыған, естіген, көргендеріңді, өз қабілеттерің мен мүмкіндіктеріңді саралап, мүмкіндік болса кәсіби бағдар беретін арнайы мамандардан кеңес алып барып таңдау жасаған жөн.

Әр адамдар әртүрлі пікір айтуы мүмкін. Өз кәсібін жақсы көрмейтіндер асыра жамандап, жақсы көретіндер асыра мақтауы мүмкін. Мұны да ескеріп бейтарап ақылмен таразыға салу қажет. Кей адамдар өзі басқаша ойлап тұрғанымен біреудің айтқанын құптағыш, еліктегіш келеді. Келесі адам дәл сол тақырыпта басқаша көзқарас айтса, оны да мақұлдап кетеді. Жалпылама жеке-дара және шығармашылық ой түзе алуға дағдылану керек. Сондай-ақ жауапкершілікті болу, адамдармен тіл табыса алу, байланыс құра алу, біріге жұмыс жасай алу, көпшіліктің алдында ойын жеткізе алу сияқты қабілеттерді жетілдіруге тырысу керек.

Кәсіп таңдағанда - жүрегіңіз қай іске бұрып тұрғандығын, қай іс көңіліңізге қонымды болатынын ескеріңіз. Адам жақсы көретін ісімен шұғылданғанда жетістікті болады. Бір кәсіпорынды әлемдік деңгейге көтеріп, жетістігімен әйгілі америкалық кәсіпкер Джек Уэлч былай дейді: «Өздеріңе ұнайтын, жақсы көретін жұмыс істеңдер. Жақсы көрмейтін жұмыс істеп өздеріңді де, жұмысты да, басқаларды да қинаудың қажеті жоқ. Ол жұмыстан жақсы нәтиже шықпайды.»

Шынында да жұмыс орындарында кейбір қызметкерлер бар жұмысын құлшыныспен, сүйіспеншілікпен орындайды. Өз жұмысын жақсы көргендіктен, ықыласпен істегендіктен ол іс үнемі алға басады. Жақсы көріп істегендіктен өзі де бұдан жалықпайды, шаршамайды, керісінше содан ләззат алады. Кейбіреулер бар жұмысын лажсыз, амалсыз орындап жатады. Өзін мәжбүрлеп, амалдың жоқтығынан сол іспен шұғылданатындарда ол жұмыстың көгермеуімен қатар өзінде стрес, берекесіздік орын алуы мүмкін.

Әр адамның табиғаты әр түрлі келеді және әр адамның өзіндік ерекшелігі, кейбір кәсіптерге бейімділігі болады. Біреулер бір орында отырып компьютер алдында жұмыс істеуге бейім келсе, біреулер ұшқалақ болуы мүмкін, байлап қойсаң бір орнында отыра алмайды. Біреудің ғылым қуалап жаңалық ашуға құштарлығы басым болса, біреулер бұзылған бұйымды жөндеуден рахат алуы мүмкін.

Жақсы көретін, жақсы жұмыс таңдау керек, сонымен қатар әр жұмыста өзіне жараса қиындықтар, кедергілер болуы қалыпты нәрсе екенін естен шығармаған жөн. Табандылықпен, тәжірибемен, өзіңді шыңдаумен бұл қиындықтарды жеңе білу керек. Осы тұрғыдан кілт етсе түрлі себептерді сылтау етіп, қайта-қайта жұмыс ауыстыратындардың қатарында болу дұрыс емес. Бір жұмысты жақсы істеу, оны көп істеу арқылы жүзеге асады. Аталарымыз «Ағаш бір жерде көгереді» деген. Қандай кәсіп болмасын тұрақты жасалған сайын сол істе тәжірибесі, жұмыстың сапасы, жемісі көбейеді. Бәлкім лауазымда келесі сатыға көтерілу немесе тұрақты тұтынушылар, таныс-білістер көбейер, яғни сол саладағы жаңа есіктер ашылады. Жұмыс сапалы болған сайын сұраныс көбейеді, сұраныс көбейген сайын табыс көбейеді.

Ж. Аймауытов айтқандай: Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе десек, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да, ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
 Еңбек етсем, ертеңгі – бақытыма сенемін
 Мақсатыма жеткізер – уақытыма сенемін.
 Достық іспен қасты да – жеңеріме сенемін.
 Ақыл, сана білім мен – өнеріме сенемін.
 Абыройлы, ақ ниет – адамдыққа сенемін!
 Егеменді еліміздің ертеңі – болашақ маман иелері болу өз қолымызда екені даусыз.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.02.2024
330
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі