Сабақтың
басы
Қызығушылықты
ояту.
7
мин.
|
(Ұ). Ұйымдастыру
кезеңі:
1. Оқушылармен
амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық
атмосферасын қалыптастыруда шаттық
шеңбері жүзеге
асырылады.
3. Оқушыларды
топтарға біріктіру.
|
Топқа кітап, дәптер
және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар
беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен
3 топқа бірігеді.
1 топ:
Кітап
2 топ:
Дәптер
3 топ:
Қаламсап
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек
білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық
оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі
артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту
арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын
оятады.
Саралау: Бұл жерде
саралаудың «Жіктеу» тәсілі
көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру
мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі
беріледі.
|
Оқулық, жұмыс
дәптерлері
Кітап, дәптер, қалам суреттері
бейнеленген қима қағаздар
топтамасы
(Қазіргі
жағдайда)
ДК
экраны
|