ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
М.ТЫНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ
ШЫМКЕНТ АLT КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ
БЕКІТЕМІН
Колледж әдіскері
Утесинова Г.А________
2024-2025 оқу жылы
Оқу сабақ жоспары №2
|
Модуль/пән атауы |
Кәсіпорында болып жатқан экономикалық процестерді талдау және бағалау |
|||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Кәсіпкерлік капитал |
|||||
|
Педагог |
Еркебекова Ж |
|||||
|
Курс |
|
|||||
|
Топ |
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтың өткізілетін күні |
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтың түрі |
Теориялық сабақ |
|||||
|
Сабақтың мақсаты немесе оқыту нәтижелері |
Кәсіпкерлік капитал дегеніміз инвестор белгілі бір мерзімге өнім өндіру үшін берілетін капитал. Портфельді капитал-бұл инвестор белгілі бір елдің инвестициясына иелік етуі. Жекеменшік капитал-жеке тұлғаның мемлекеттік емес формасы немесе кәсіпорыны. Тұрақта капитал-өндірісте өз құнын бірден өзгертпейтін капиталдың бөлігі Өзгермелі капитал-өндіріс процесінде өз құнын дереу өзгертетін жұмысшы күшіне сіңген капитал бөлігі, теориялық негіздерін игерту. |
|||||
|
Бағалау критерийлері |
Тақырыпты меңгеріп, білім қоржындарынакәсіпкерлік капитал теориялық негіздерін игеру |
|||||
|
Оқу - әдістемелік құралдар, әдебиеттер |
1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б. 2. Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу құралы. Алматы. Қаз.университеті. 1997. 3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті.2000. |
|||||
|
Техникалық құралдар, материалдар |
Интерактивті тақта, слайдтар, үйлестірмелі карточкалар, оқулық. |
|||||
|
Сабақ барысы |
||||||
|
Сабақ кезеңдері |
|
|||||
|
1.Ұйымдастыру кезеңі: (5 минут) |
Студенттермен сәлемдесу. Сабаққа дайындығын тексеру. Жағымды психологиялық ахуал туғызу. 1. Ұйымдастыру кезеңі Флеш -
тренинг: |
|||||
|
2.Үй тапсырамасын тексеру кезеңі
|
Интернет желісін алынған соғы жаңалықты хабарлап айту немесе оқу арқылы «Кім жылдам?» ойыны арқылы үй тапсырмасын пысықтау. |
|||||
|
3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі (жаңа тақырыпты болжау) / Практикалық, зертханалық жұмысқа дайындық кезеңі ( 5 минут) |
Капитал (ағылшынша – бас мүлік, бас сома, латынша – ең басты) – экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі. Тауар өндірісі пайда болып өалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы, - тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін - өнеркәсіптік. .Капитал теориясы экономикалық теорияда аса күрделі сұрақтардың бірі ретінде саналады. Басты мәселесі – бұл жекелеген индивидтердің, фирмалардың және басқа да тұлғалардың капиталға қатысты ресурстар бойынша шешім қабылдағанда олардың уақытаралық таңдау жасай алуының қарастырылуы, яғни бұл жерде ақшалай капиталды бүгінгі және болашақ кезеңдер аралығында қалайша тиімді пайдалануға болатындығы сөз етіледі. Жалпы алғанда, капитал кең мағыналы ұғым болып табылады. Осыған байланысты, капиталға бірнеше анықтама беруге болады: Капитал – бұл негізгі өндіргіш күштерден тұратын өндіріс құрал- жабдықтары түріндегі физикалық капитал. Капитал – бұл белгілі бір табыс ағынын қалыптастыратын кез келген құндылық. Капитал – бұл белгілі бір уақыт бойы жинақталған өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы қорлар. Экономикалық теорияда ақшалай және өндірістік нысандағы капиталдың түрлеріне сұраныс пен ұсыныс қалыптасады. Капитал нарығында ұсынысты калыптастыратын үй шаруашылықтарын жинақтаушылар деп атаса, фирма тарапынан сұраныс білдірушілерді инвесторлар дейді. Капиталға деген сұраныс – бұл инвестициялық шешім қабылдауға мүмкіндік беретін бизнес өкілдерінің ақша- қаражаттарын және өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалануға деген қажеттіліктері. Капитал ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының өз қолындағы бос ақша-қаражаттарын және ақшалай салымдарын бизнеске материалдарға сұраныс түрінде қолдануға беруі. Әдетте, капиталға сұраныс пен ұсыныс қатынастары банк қызметтері арқылы жүзеге асырылады. Үй шаруашылықтары өз қаражаттарын банкке белгілі пайыз түрінде табыс алу үшін жинақтайды, ал фирмалар осы жиналған қаражаттарды банктен несиелік қарыз құралдар түрінде сатып алып өздерінің инвестициялық жобаларын іске асырады. Капиталға деген сұранысты мынадай факторлар анықтайды: 1. Инвестициялық табысты максималдау; 2. Нақты пайыз мөлшерлемесінің деңгейі; 3. Салық салу деңгейі; 1 4. Технологиялық өзгерістер; 5. Экономикалық саясат шаралары; 6. Болашақты күту; 7. Кәсіпкердің оптимистік және пессимистік мінез-құлық жағдайлары; Капиталдың ұсынысын мынадай факторлар анықтайды: 1. Кәрілікті қамтамасыз ету; 2. Күтпеген жағдайлардан сақтану; 3. Болашақ сұраныстарды қанағаттандыру; 4. Ұрпақ өсіруді болашақта қамтамасыз ету; 5. Салық салу деңгейі; 6. Бағалар деңгейі; 7. Болашақты күту. Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы болады. Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде капитал толық айналым жасайды. Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құңның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып болінеді. Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жумысшы күшінің төлем құңдары жатады. Капитаддың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өңдіргіш капиталдың құнының әр элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады. Негізгі капитал - бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Нсгізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. ІІІикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады. Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады. Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады. Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық түрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларла орын алады: жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде; табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде. Материалдық тозудың екі жағы болады: техникалық-өндірістік - тұтыну құнының жойылуы; құндық - құнның жаңа өнімге көшуі. Моральдық тозу - бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмендеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құнының бағалылығының жойылуы. Моралдық тозудың екі түрі болады: 1. еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі; 2. құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық жағынан жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі жогары болады. Амортизациялық қор – бұл негізгі капитал қорының қаражаты жыл сайын жасалып және жиналып отыратын амортизациялық жарналар. Капиталдың қорлануы екі түрде жүзеге асады: 1) капиталдың шоғырлануы – бұл үстеме құн есебінен капитал мөлшерінің өсуі; 2) капиталдың орталықтануы – бұл капиталдың бірнеше жолмен ірілену үдерісі. Өндірістік тәжірибеде капиталдың қорлануы өндіріске инвестиция (күрделі қаржы) тартумен жүзеге асырылады. Инвестиция – бұл кәсіпкердің ұзақ мерзімді кезеңде пайда табу мақсатында негізгі капиталға, жаңа құрылысқа, құрал-жабдықтарға, кәсіпорынның өндірістік ауқымын ұлғайтуға, өндірісті техникалық қайта жабдықтауға, тұрғын үйге күрделі қаржы құюы. |
|||||
|
4.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі (Практикалық, зертханалық жұмысты орындау кезеңі) (30 минут) |
2 Кәсіпкерлік мәні.Кәсіпкерліктің сипаттық белгілері Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. «КӘСІПКЕРЛІК» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. Кәсіпкерлік ұғымына ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды. Кәсіпкерлік дегеніміз – бұл азаматтар мен бірлестіктердің мүліктік жауапкершілік пен тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық, дербес іс-әрекеттері. Кәсіпкерліктің негізгі белгілері: • шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі; • экономикалық мүдделілігі; • шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі; • белсенді ізденуі; • жаңашылдығы. Кәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер. Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру іс- әрекеттері, құнды қағаздармен операциялар. Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері: 1.Новаторлық қызметі. Әрбір кәсіпкер өзінің мақсатына жету үшін кәсіпкерлікті ұйымдастырудың жаңа формаларын, жаңа технологияларды қолдануға мүдделі болады. 2. Ұйымдастыру қызметі. Әрбір кәсіпкер минималды шығын жұмсау және максималды пайда табу мақсатымен ең тиімді өндірісті таңдайды. Өндірісті ұйымдастыру кезінде кәсіпкер жер, еңбек, капитал ресурстарын бір үдеріске біріктіреді. 3. Басқару қызметі. Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді қабылдау инициативасын өз жауапкершілігіне алады: кадр мәселесі, өнімді сатып өткізу, банк жүйесімен байланысты мәселелерді шешеді. 4. Тәуекелге бару қызметі. Әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін істелетін істің айқындылығын талдап, қорытындысында не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге салады. 3. ҚР кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары Кәсіпкерлікпен айналысу барысында экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар ескерілуі қажет. 1. Экономикалық жағдайлар: Нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердің алуан түрлері, тұтынушылардағы ақша- қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық-кемдігі, еңбек ақы қорының артық- кемдігі, қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек. 2. Әлеуметтік жағдайлар. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы. Әлеуметтік жағдай әрбір адамның жұмыс орнындағы жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты. Әрбір кәсіпкер денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбек ақы мөлшерін қадағалау сияқты әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс. 3. Құқықтық жағдайлар. Кәсіпкерлікті реттейтін заңдар және нормативтік-құқықтық жағдайлардың болуы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке құқықтық заңдар. Кәсіпкерліктің түрлері және ұйымдастыру формалары. Кәсіпкерліктің түрлеріне өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес беру, сақтандыру, делдалдық кәсіпкерлік жатады. • Өндірістік кәсіпкерлік – бұл тауар өндірумен және қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік. • Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл өнім өндірумен байланысты емес тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды жүргізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері. • Қаржылық кәсіпкерлік – бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер және қор биржалары жатады. • Кеңес беру кәсіпкерлігі – бұл нарыққа бағытталу туралы қаржылық шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік. • Сақтандыру кәсіпкерлігі – бұл белгілі бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі. • Делдалдық кәсіпкерлік – бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формаларына ұйымдық-құқықтық және ұйымдық-экономикалық кәсіпкерліктер жатады. Ұйымдық-құқықтық кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғамды біріктіреді. Жеке кәсіпкерлік – бұл бір адамның немесе бір жанұяның кәсіпкерлікпен айналысуы. Серіктестік – бұл екі немесе одан да көп адамдардың капитал салымдары (үлестері) негізінде құрылған табыс алуға бағытталған іс-әрекеті. Серіктестіктің түрлері: 1. Толық серіктестік. Мүшелері өз мүліктері шеңберінде жауапкершілікке ие болады. 2. Коммандиттік серіктестік. Мүшелері аралас жауапкершілікке ие болады, яғни біреуі толық мүлікпен, ал екіншісі салынған капиталы негізінде жауап береді. 3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Мүшелері тек қана салынған капиталы негізінде тәуекелге барады және жауап береді Акционерлік қоғам – бұл жарғылық капиталы белгілі бір үлестерге (акцияларға) бөлінген, заңды тұлға құқығы бар кәсіпорын. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Ашық акционерлік қоғам өз акцияларын ашық сатуға және басылымдарда акциялардың құнын жариялауға құқылы. Жабық акционерлік қоғамда акциялары құрылтайшылары арасында сатылатын, акциялардың құны басылымдарда жарияланбайтын акционерлік қоғамның түрі. Ұйымдық-экономикалық кәсіпкерлік формалары: 1. Концерн – көп салалы іс-әрекетпен ерекшеленетін өнеркәсіп саласындағы корпорацияның кең тараған формасы. 2. Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Ассоциацияның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу. 3. Консорциум – ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі. 4. Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру. 5. Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері, патент айырбастау жөнінде келісім. 6. Трест – белгілі бір тауарды өндіру бойынша белгілі бір түрдегі монополисттік бірлестік. |
|||||
|
5.Жаңа материалды бекіту кезеңі. (Практикалық, зертханалық жұмысты тапсыру кезеңі) (20 минут) |
«Топтастыру» стратегиясы арқылы төменде берілген сұрақтарға жауап беру 1.Капитал мәні және нысандары 2. Кәсіпкерлік мәні.Кәсіпкерліктің сипаттық белгілері 3.ҚР кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары |
|||||
|
6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі минут)(5 минут) |
Капитал: мәні және нысандары Кәсіпкерлік туралы қосымша ақпараттар жинау |
|||||
|
7.Сабақты қорытындылау және рефлексия (5 минут) |
Гүл шоқтарын вазаға жинау арқылы - бүгінгі тақырып туралы не білдің, не түсіндің және қандай ой түйдің соны айта отырып гулдерді вазаға салу. |
|||||
Педагог: ___________________________________
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кәсіпкерлік капитал

шағым қалдыра аласыз