Кәсіпорынның бизнес-жоспары ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кәсіпорынның бизнес-жоспары ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіпорынның бизнес-жоспарын құру, оның құрылымы мен маңыздылығын түсіндіру. Бизнес-жоспардың экономикалық аспектілері мен элементтерін талқылау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кәсіпорынның бизнес-жоспары



ОН 3.3 Кәсіпорында болып жатқан экономикалық процестерді талдау және бағалау пәнінен

«Кәсіпорынның бизнес-жоспары» тақырыбынан ашық сабақ

Жоспар

І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау (18 мин)

Тақырыбы: Кәсіпкерлік ұйымды кадрмен қамтамасыз ету

  1. Ұйым персоналы туралы түсінік

  2. Кәсіпкерлік ұйымды кадрмен қамтамасыз ету


1 тапсырма. «Рөлдік» ойыны

2 тапсырма. «Қақпан» ойыны


ІІІ. Жаңа сабақ: «Кәсіпорынның бизнес-жоспары» (20 мин)

Жоспар:

  1. Бизнес жоспар мәні мен маңызы

  2. 400 АЕК бойынша бизнес-жоспардың құрылымы

IV. Бекіту (30 мин)


3 тапсырма. «Spelling bee» ойыны.


4 тапсырма. «Бірлік ойыны»

5 тапсырма. «Логикалық тапсырма»

Жұмыртқаны өз бизнесім деп елестетіңіз. Бизнесіңіз банкротқа ұшыраудың алдында тұр. Берілген факторлардың (шар, скотч, түтікше) көмегімен бизнесті құлдыраудан сақтаңыз. Бизнесіңіздің қаншалықты мықты екенін биіктіктен тастау арқылы тексеретін боламыз. Егер жұмыртқа жарылса, бизнесте банкрот болды деген сөз. Керісінше жұмыртқа жарылмаса, бизнесіңіз сәтті қорғалған болып саналады.

V. Үйге тапсырма (2 мин)


VI. Бағалау (6 мин)


VII. Пайданылған әдебиеттер (2 мин)
















Сабақтың тақырыбы: «Кәсіпорынның бизнес-жоспары»

Уақыты 80


Сабақтың мақсаты:



  1. Білімділік: Кәсіпорынның бизнес-жоспарын құру, оның құрылымы мен маңыздылығын түсіндіру. Бизнес-жоспардың экономикалық аспектілері мен элементтерін талқылау.

  2. Дамытушылық: Студенттерді шығармашылық ойлауға және экономикалық жағдайларды болжауға дағдыландыру. Кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Студенттерді кәсіпкерлікке жауапкершілікпен қарауға, табысты жоспар құруға және уақытты дұрыс пайдалануға тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Презентация, плакат, видеоролик, шар, скотч

Сабақтың түрі: теориялық


Сабақтың әдісі-тәсілдері: Түсіндіру әдісі, «қақпан» сұрақ-жауап әдісі, «рөлдік» ойын және т.б


Пәнаралық байланыс: экономика негіздері және кәсіпорын экономикасы


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут):

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, журналға белгі соғу

ә) құрал-жабдықтарды тексеру;

б) сабақта ынтымақтастық атмосферасын орнату (оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.(18 мин):


Тақырыбы: Кәсіпкерлік ұйымды кадрмен қамтамасыз ету

  1. Ұйым персоналы туралы түсінік

  2. Кәсіпкерлік ұйымды кадрмен қамтамасыз ету


1 тапсырма. «Рөлдік» ойыны


1-топ. «Жұмысқа қабылдау сұхбаты» ойыны.

  • Кандидаттың біліктілігі, тәжірибесі, дағдылары, жұмысқа орналасу себептері, сұхбаттасу нәтижесі көрсетілуі тиіс.


2-топ. «Қызметкерлерді ынталандыру» ойыны.

  • Ынталандыру құралдары, мотивацияның стратегиялары, мотивация тактикасының тиімділігін тексеру нәтижелері көрсетілуі тиіс

2 тапсырма. «Қақпан» ойыны

Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы ойнайды. Әр дұрыс емес жауап берсе, қақпанға түседі.

        1. Сұрақ түрлері

  1. Ұйым персоналы дегеніміз не?

Жауабы: мақсаттарға жету үшін жұмыс істейтін адамдар тобы

  1. Кәсіпорын кадрларының түрлері қалай бөлінеді?

Жауабы: өндірістік , өндірістік емес

  1. Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы заңды құжатты атаңыз?

Жауабы: еңбек шарты

  1. Өндірістік емес мамандарды атаңыз?

Жауабы: бухгалтер, заңгер, сантехник

  1. Ұйым персоналының құрылымын атаңыз ?

Жауабы: Кадр, басқару, атқарушы бөлім

  1. Өндірістік персонал түрін атаңыз?

Жауабы: хирург, терапевт, педиатр

  1. Мотивация түрлерін атаңыз?

Жауабы:моральды, материалды

  1. Кері байланыс не үшін керек ?

Жауабы: қызметкер пікірін тыңдау үшін

  1. Кадр маманы болу үшін қай мамандықты меңгеру қажет?

Жауабы: заңгер

  1. Жас маманға жұмыста бағыт бағдар беретін тұлғаны қалай атайды?

Жауабы: тәлімгер



IІІ. Жаңа сабақ: «Кәсіпорынның бизнес-жоспары»

Жоспар:

1. Бизнес жоспар мәні мен маңызы

Кез келген жұмыс белгілі бір мақсатқа негізделеді. Әсіресе жеке кәсіппен айналысуды қалаған жандар табысты арттыруды көздейтіндері анық. Әр істің жоспары, жүргізу реті мен кезеңі болады. Алайда, жоспар, әсіресе бизнес-жоспар туралы айтқанда, бұл тек ауқымды инвестиция құйылған ірі бизнеске қатысты деген ой туындайды. Дегенмен аздаған қаржы салынатын макробизнеске де жоспар керек екенін мамандар дәлелдеп келеді.

 Бизнес жоспар дайындағанда 4 негізгі назарға алу керек: инвесторды қызықтыру, маркетингтік немесе сату жоспары, қаржылық көрсеткіш пен тәуекел. 

Жеке кәсіп ашар алдында стратегия дайындау маңызды. Әсіресе жаңа бағытты қолға алғанда кедергі келтірмейді. Кәсіпкерлердің көбі бизнес-жоспар керек деген ұстанымда болғанымен, жоспарсыз да жетістікке жетуге болатынына сенгісі келетіндердің қатары аз емес. Жоспар – діттеген межеге жетудің жолы. Оның әрбір тетігі дәлме-дәл көрсетіліп тұруы керек.

Бизнес-жоспар мақсатқа жетудің жолын анықтайды, ұшақпен жеткендей жылдам ба, әлде жаяу бағындырғыңыз келе ме? Бизнес-жоспар – карта. Әрбір кезеңі, бағыты, уақыты көрсетілген нұсқаулық, бәсекелестермен жарысу жолын айқындайтын құрал.

Бизнес-жоспар — бұл кәсіпкердің немесе компанияның болашақтағы іс-әрекетін жоспарлайтын құжаты. Ол кәсіпорынның қандай өнім немесе қызмет ұсынатынын, қандай мақсаттарға жетуді көздейтінін, сол мақсатқа қалай жететінін және оны іске асыру үшін қандай ресурстар қажет екенін көрсетеді. Бизнес-жоспардың көмегімен кәсіпкер инвесторларды немесе банкке ақша алуға өтініш бере алады, себебі ол кәсіпорынның қалай жұмыс істейтіні және қаншалықты табысты болатыны туралы толық мәлімет береді.

Қарапайым тілмен айтқанда, бизнес-жоспар — бұл кәсіпорынның болашақтағы жұмысын жоспарлайтын «жол картасы».

Бизнес жоспар тұжырымдамасы алғаш рет 19 ғасырда АҚШ-та пайда болды. Оның алғашқы нұсқалары кәсіпорындар мен жобаларды қаржыландыруға арналған болатын. 20 ғасырдың ортасында бизнес жоспарлар жүйелі түрде пайдаланылып, оның негізгі элементтері мен құрылымы қалыптасты. Бизнес жоспарлардың кеңінен таралуы кәсіпкерлік және қаржылық қызметтер саласындағы дамумен тығыз байланысты болды.

Бизнес-жоспардың маңызы өте зор, себебі ол кәсіпорынның табысты жұмыс істеуі үшін қажетті бірнеше маңызды функцияларды атқарады:

  1. Жоспарлау және бағыттау:
    Бизнес-жоспар кәсіпорынның болашақтағы іс-әрекетін нақты жоспарлайды. Ол кәсіпкерге мақсаттар қоюға және сол мақсаттарға қалай жету керектігін анықтауға көмектеседі. Жоспарды жасап, оған сәйкес әрекет ету кәсіпорынның даму бағытын айқындайды.

  2. Қаржылық қауіпсіздік:
    Бизнес-жоспар кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін болжауға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлау арқылы кәсіпкер өз шығындарын, кірістерін және пайдасын дұрыс есептеп, қаржылық дағдарыстардан сақтануға тырысады.

  3. Инвесторлар мен несие берушілер үшін сенімділік:
    Инвесторлар немесе банктер бизнес-жоспарды қарап, кәсіпорынның болашағын, табысты болу мүмкіндігін және қаржылық тұрақтылығын бағалайды.
    Осылайша, бизнес-жоспар кәсіпкерге капитал тартуға немесе несие алуға көмектеседі.

  4. Бәсекелестермен күрес:
    Бизнес-жоспар нарықты зерттеп, бәсекелестердің жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Осы арқылы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған нақты стратегиялар жасалады.

  5. Қауіптерді болжау және басқару:
    Бизнес-жоспарда кәсіпкер кәсіпорынның болашақта кездесуі мүмкін қауіптерді (экономикалық дағдарыс, нарықтағы өзгерістер, заңнамалық шектеулер және т.б.) алдын ала болжауға және олармен қалай күресу жолдарын қарастыруға мүмкіндік алады.

  6. Ішкі басқару:
    Кәсіпорын ішінде барлық қызметкерлердің мақсаттары мен міндеттерін айқындауға көмектеседі. Бұл ұйымның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Бизнес-жоспар үш негізгі идеядан тұрады: новаторлық, өндірістік, және коммерциялық идея. Әрқайсысы бизнес-жоспардың әртүрлі аспектілерін қамтып, жобаның табысты жүзеге асуына мүмкіндік береді. Осы идеялардың маңыздылығын түсіндірейін:

1. Новаторлық идея (Инновациялық идея)

Новаторлық идея — бұл бизнес-жоспардың негізі болатын жаңашыл , тың және ерекше ой.

Мысалдар:

  • Жаңа технологиялар немесе ғылыми жаңалықтарды қолдану.

  • Инновациялық өнімдер мен қызметтер.

  • Жаңа бизнес-модельдер мен әдістер.


2. Өндірістік идея

Өндірістік идея — бұл бизнес-жоспардың практикалық жағы, яғни өнімді немесе қызметті қалай өндіру, жүзеге асыру және жеткізу бойынша нақты жоспар.

Мысалдар:

  • Өнімнің өндіріс кезеңдері мен технологиялық процесі.

  • Құрал-жабдықтар мен өндірістік қуаттар.

  • Құрылымдық бөлімдер мен кадрларды ұйымдастыру.

.

3. Коммерциялық идея

Коммерциялық идея — бұл бизнес-жоспардың маркетинг және сату бөлігін қамтитын, өнімді немесе қызметті нарыққа қалай енгізу, сатуды қалай ұйымдастыру және табыс табу жолдарын анықтайтын жоспар. Коммерциялық идея тұтынушыларға қалай жеткізілетінін, бәсекелестермен қалай күресетінін және өнімнің құнын қалай анықтайтынын көрсетеді.

Мысалдар:

  • Нарыққа шығу стратегиясы.

  • Баға саясаты мен жарнамалық науқандар.

  • Сату арналары және тарату жүйелері.




        1. 400 АЕК бойынша бизнес-жоспардың құрылымы


  1. ЖОБА БАСТАМАШЫСЫ



Бастамашының аты-жөні

Набиева Наргиза Сайфуллақызы

Бастамашының ЖСН-і

940125402187

Байланыс телефоны

+7 705 242 55 94

Тұрғын үй мекен-жайы

Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Абылай хан 14

Бастамашының ұйымдық-құқықтық мәртебесі немесе жұмыспен қамтылу санаты

тіркелген жұмыссыз

Заңды мекен-жайы

Түркістан облысы, Түркістан қаласы Абылай хан 14

Кәсіпкерлік қызмет тәжірибесі


Отбасы жағдайы және еңбекке жарамсыз балалар саны

тұрмыста, 3 баланың анасы



  1. БИЗНЕС-ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ


Шағын наубайхана мақсаты -бұл ерекше рецепт бойынша жаңа піскен нан пісіру, сонымен қатар келушілер "кассадан шықпай"тамақтана алатын үй мен жылы атмосфераны құру.

Наубайхананың мақсатты аудиториясы-көрші үйлердің тұрғындары, сонымен қатар денсаулығын қадағалап, жасанды қоспасыз нанды ұнататын адамдар.

Наубайхананың негізгі бәсекелестік артықшылығы — бұл шамамен 30 000 тұрғыны бар екі тұрғын ауданды қамтуға мүмкіндік беретін тиімді орналасу.

Шағын наубайхананың ассортименті үш негізгі бағытты қамтиды: стандартты өнімдер, эксклюзивті нан, сонымен қатар француз круассандары. Әрбір бағыт өнімнің үш атауынан тұрады. Бұл құрылым бүкіл мақсатты аудиторияның сұранысын қанағаттандыруға, сонымен қатар өндірістік жабдықтардың ең аз мөлшерін алуға мүмкіндік береді.

Осы бизнес-жоба 1 380 000 теңге сомасында грант алу мақсатында қарауға арналған.



  1. ЖОБА ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АҚПАРАТ


* Біздің цехқа үнемі электр энергиясы қажет. Барлық жабдықтар электрмен қамтамасыз етілуі керек.

Жабдықтар мен физикалық шығындарға қойылатын минималды талаптар, сондай-ақ шикізаттың арзандығы алынған материалдың өзіндік құнына айтарлықтай әсер етеді

Нан өндірудің технологиялық схемасы

Нан өндірудің технологиялық схемасы қамырды дайындау әдісімен сипатталады және

оның негізінде өнім өндіру ұйымдастырылған технологиялық жабдықтар.

- илеу машиналарында қамырды екі сатыда бөлшектеп илеумен

мерзімді әрекет;

- қамыр дайындау агрегаттарын қолдану кезінде қамыр мен қамырды үздіксіз илеумен

қамырды кескенге дейін ашыту арқылы;

- қосымша механикалық пайдалану кезінде қамыр мен қамырды үздіксіз илеу

қамырды өңдеуге дейін ашытпай өңдеу;

- үлкен қалың қамырды қолдану және қамырды жақсартылған өңдеу.



  1. БИЗНЕС-ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ТАУАРЛАРДЫҢ/ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТІЗБЕСІ



п/п

Атауы

Саны

Бағасы

Барлығы, сомасы

Гранттық қаражаты, тг.

Меншікті қаражаты, тг.

Тестомес

1

251 000

251 000

251 000


Растоечный шкаф Saniida

1

400 000

400 000

400 000


Пеш Saniida

1

600 000

600 000

600 000


Форма нанға арналған

86

1500

129 000

129 000


Барлығы

89



1 380 000


* бизнес-жобаны іске асыру кезінде сатып алуды жоспарлаған тауарлар/қызметтер тізімін көрсетіңіз

  1. КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ / ӨТКІЗІЛЕТІН ӨНІМНІҢ БАҒАСЫ



Қызмет / өнім

Бағасы, теңге

Бөлке нан

100

* өндіруді/ұсынуды жоспарлап отырған тауарлардың/қызметтердің тізімін көрсетіңіз

  1. ЖОҒАРЫДА КӨРСЕТІЛГЕН БАҒАЛАРДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, АЙЫНА КІРІС

Күндік болжам 250 шт нан пысыру

Қызмет/тауар түрлері

Бағасы

Айына көлемі

Айлық табыс

Бөлке нан

100 теңге

7 500 шт

750 000

Барлығы



750 000

* ұсынылатын қызметтердің/сатылған өнімдердің бағаларын ескере отырып, күтілетін табысыңызды есептеңіз

  1. ПАЙДА БОЛЖАМЫ

Көрсеткіші

Күнтізбелік жыл

Грант алған жылы 6 ай

Келесі жылға

Кіріс

нан



Жалпы кіріс

4 500 000

9 000 000

Шығыс

Өндірістік шығындар

2 970 000

5 940 000

Салық пайдадан

135 000

270 000

Жалпы шығыс

3 105 000

6 210 000

ПАЙДА

1 395 000

2 790 000

* пайда «Жалпы кіріс – Жалпы шығыс = Пайда» формуласы бойынша есептеледі

ШЫҒЫСТАР МЕН КІРІСТЕРГЕ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР:

* Бір айлық кіріс 750 0000 ₸енгені құрайды. Жалпы бизнес бойынша бір айлық шығын
120 000 теңге айлық 1 көмекшіге
25 000 теңге коммуналдық шығындар
10 000 теңге күндік ұн құны *30 күнге – 300 000 теңге
су май тұз тағы басқа қоспалар 50 000
Барлық шығындар 495 000 тенгені құрайды.
Айлық таза пайда  232 500 тенге болады.

* болған жағдайда, шығыстар мен кірістер статьяларына түсініктемелерді сипаттаңыз

  1. НАРЫҚТАҒЫ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТЕР


Өнімнің/қызмет-тің атауы

Өнім

дердің теңгедегі бағасы (бірлік үшін)

кімге сатуды жоспарлап отырсыз?

сатуды жоспарлаған адамның байланыс телефон нөмірі

қай аймақта, қалада немесе ауданда сатқыңыз келеді

Өнімді/қызметті сату үшін қандай техникалық талаптар қажет

Сіздің аймағыңызда ұқсас өнім/қызметпен қандай бәсекелестер бар?

нан

100

Кез келген Түркістан қаласынын тұрғындары


Түркістан қаласы

илеу машиналарында қамырды екі сатыда бөлшектеп илеумен

мерзімді әрекет;



  1. ӘЛЕУЕТТІ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ТАЛДАУ


Сіздің аймағыңыздағы 1 әлеуетті тұтынушының орташа айлық табысы

Түркістан қаласы бойынша орташа жалақы 110 000 теңге құрайды.

Сіздің есептеулеріңіз бойынша бір сатып алушы 1 жыл ішінде қанша тауар/қызмет сатып ала алады?

Менің əрбір қызметімді əлеуетті пайдаланушы жылына шамамен 1 рет пайдаланады.

Тауарларды/қызметтерді сатып алу көлемін және сіздің әлеуетті тұтынушыңыздың орташа айлық табысын есептеу қандай деректерге негізделді?

Статистика комитетінің stat.gov.kz ашық портал көздерінен қаралды.

Қандай тауарлар / қызметтер сіздің өнімдеріңізге / қызметтеріңізге бәсекелес болып табылады?

Түркістан облысы, Кентау қаласы бойынша бәсекелес бола алады


  1. ӘЛЕУЕТТІ КЛИЕНТТЕРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ АРНАЛАРЫ



Тауарды / қызметті сату нүктеңіздің орналасқан жері (облыс, аудан, ауыл)

Түркістан облысы, Түркістан қаласы

Неліктен сіз өз бизнесіңіз үшін дәл осы орынды таңдадыңыз? (бірнеше себептерді көрсетіңіз)

Орталықта орналасқан, тұрғылықты

Клиенттер сіздің өнімдеріңіз немесе қызметтеріңіз туралы қалай біледі? Олар сізбен қалай байланыса алады?

+7 705 242 55 94


  1. БИЗНЕС-ЖОБА ТУРАЛЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТ



Сізде шикізат пен материалдарды сатып алатын өнім берушілер бар ма? Сіз олармен қанша уақыт жұмыс істейсіз?

Азық түлік – ұн тұз май

Сіздің бәсекелестік артықшылығыңыз қандай және сіздің тұтынушыларыңыз бұл туралы қалай біледі? Сіздің бизнесіңіздің бәсекелестік артықшылығын сипаттаңыз және оны тұтынушыларға қалай жеткізесіз?

Санитарлық нормаларға сәйкес.


IV. Бекіту (30 мин)

1 тапсырма. «Spelling bee» ойыны.


Екі топқа бірдей сұрақтар тізімі беріледі. Қатысушылар сұрақтың жауабын түтікшемен жинау арқылы құрайды. Кейінгі қатысушы келесі сұраққа ретімен жауап береді. Ең бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді.




Нарықтағы сұранысқа негізделген, кәсіпкердің жаңа өнім немесе қызмет ұсынуға бағытталған ойы қалай аталады?

Жауабы: Бизнес идея

        1. Бизнес жоспарды қаржыландырушы тұлғаны атаңыз

Жауабы: Инвестор

        1. Бизнес жоспар алғаш рет қашан пайда болды?

Жауабы: 19 ғасыр

        1. Бизнес жоспар алғаш рет қай елде пайда болды?

Жауабы: Америкада

        1. Бизнесті бастау үшін ең алдымен не керек?

Жауабы: Тәуекел

        1. Бизнес жоспарда өнімді сату, жарнамалау қызметімен қай бөлім айналысады?

Жауабы: маркетинг бөлімі

        1. Бірдей тауарды өндіруші кәсіпорындардың бір-бірімен жарысуы, қақтығысуы қалай аталады?

Жауабы: бәсеке

        1. Бизнес жоспарда ұзақ мерзімді үлкен мақсаттарды қалай атайды?

Жауабы: стратегия


4 тапсырма. «Бірлік ойыны»


Топтар бірігіп жұмыс жасау арқылы сұраққа жауап береді. Басты мақсаты топтың бірге ұжымдасып жұмыс жасауы.



1Бизнесті бастау үшін ең бірінші не керек?

Жауап: Бизнес идея

2.Бизнесте қолданылатын басты құжатты атаңыз

Жауап: Бизнес жоспар

3 тапсырма. «Логикалық тапсырма»

Жұмыртқаны өз бизнесім деп елестетіңіз. Бизнесіңіз банкротқа ұшыраудың алдында тұр. Берілген факторлардың (шар, скотч, түтікше) көмегімен бизнесті құлдыраудан сақтаңыз. Бизнесіңіздің қаншалықты мықты екенін биіктіктен тастау арқылы тексеретін боламыз. Егер жұмыртқа жарылса, бизнесте банкрот болды деген сөз. Керісінше жұмыртқа жарылмаса, бизнесіңіз сәтті қорғалған болып саналады.


V. Үйге тапсырма (2 мин)

Жаңа тақырып бойынша бизнес жоспар құру

VІ. Бағалау. (5 мин)


Критериалды бағалау


Аты-жөні

Үй тапсырмасы

Бекіту кезеңі

Қорытынды

«Рөлдік ойын»


«Қақпан» ойыны




«Spelling bee» ойыны.


«Бірлік» ойыны

«Логикалық тапсырма»


1

1- топ







2

2- топ








VII . Пайданылған әдебиеттер.(1 мин)

  1. Т. И. Исахметов Қаржылық ұйымдардағы есеп.Оқу құралы. Алматы 2022 ж.

  2. Ж. Т. Ходжаниязова. Экономика және бизнес 2022 ж.

  3. В.П.Проскурина Кәсіпорын экономикасы Алматы 2018ж.

  4. Б.С..Мырзалиев Р.С.Әбдішүкіров Шаруашылық операциялар жүргізудің тәжірибелік негіздері. 2019.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2025
102
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі