ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КАФЕДРАСЫ
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ»
пәні бойынша
ОҚУ ҚҰРАЛЫ
барлық мамандықтарға арналған
Көкшетау, 2025
Құрастырғандар:
Оқу құралында «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінің оқу жоспары берілген. Онда оқу үдерісін жүргізетін кафедраның оқытушы, курсты оқитын орын мен уақыт туралы ақпарат бар. Осы пәннің қысқаша сипаттамасы, мақсаты мен міндеттері, студенттерге қойылатын талаптар мен олардан күтілетін нәтижелер көрсетілген. Оқу құралында дәріс және тәжірибе сабақтарының, оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстардың жоспары берілген. Бұл пәннің курсын оқып меңгеруге қажетті негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі көрсетілген.
АҚЖКК-дың оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген.
Хаттама №___ «___»_________ 20__ ж.
|
МАЗМҰНЫ |
|
|
|
|
|
1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABYS) |
|
|
1.1 Оқытушы туралы мәлімет |
4 |
|
1.2 Пән туралы мәлімет |
4 |
|
1.3 Пәннің пререквизиттері |
4 |
|
1.4 Пәннің постреквизиттері |
4 |
|
1.5 Пәннің мақсаты мен міндеттері |
4 |
|
1.6 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі |
5 |
|
1.7 Білімді бағалау тәртібі |
6 |
|
1.8 Курс саясаты |
7 |
|
1.9 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі |
7 |
|
|
|
|
2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР |
|
|
2.1 Курстың тақырыптық жоспары |
8 |
|
2.2 Дәріс сабақтарының мазмұны |
9 |
|
2.3 Тәжірибе сабақтарының жоспары |
47 |
|
2.4 Студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын өздік жұмыс тапсырмалары |
53 |
|
2.5 Студенттердің өздік жұмыстарының тапсырмалары |
55 |
|
2.6 Курс бойынша реферат тақырыптары |
56 |
|
2.7 Тест тапсырмалары |
58 |
1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABYS)
1.1 Оқытушы туралы мәлімет.
Болатханова Мая Маратовна –азаматтық қорғаныс жұмыс кафедрасының оқытушысы, тарих маманы
1.2 Пән туралы мәлімет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні мәселелік тұрғыда құрастырылған және теориялық-методологилық тұжырымдарға негізделген. Курс мазмұны осы қағида бойынша орта білім беру бағдарламасын қайталамауды көздейді. Хроногиялық шеңберін анықтауда Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы ұлттық идеялары мен қозғалыстар тарихы басшылыққа алынды. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын тұжырымдық және практикалық зерттеуде пәнаралық ұстанымдар қолданылады. Тарих ғылымының тұжырымдарын саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану сияқты өзге қогамдық ғылымдардың методологиялық негіздерімен ұштастырудың маңызы айқындалған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан-жақты және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу болып табылатын «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқыту көкейкесті бола түсті. Мемлекеттің біртұтас сипатын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады.
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, Мәңгілік ел құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады. Міне, сондықтан да бұл пән барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік жоспарларына енгізілген.
|
Мамандығы |
Курс |
Cеместр |
Несие |
Аудиторлық сағаттарды бөлу |
СОӨЖ |
СӨЖ |
Барлығы |
|
|
Барлық маманд. |
1 |
1 |
3 |
Дәріс |
Тәжірибе |
45 |
45 |
125 |
|
30 |
15 |
|||||||
1.3 Пәннің пререквизиттері: пәнге байланысы жоқ пәндерден білімдері болуы шартты емес.
1.4 Пәннің постреквизиттері: «Мәдениеттану», «Саясаттану және әлеуметтану негізі», «Философия негізі».
1.6 Пәннің мақсаты мен міндеттері.
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің басты мақсаты бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру; Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау; студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу; тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыпттастыру.
Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады:
- Студенттерді қазірігі тарих ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, хронологиялық тәртіпке сай ауқымды және нақты материалдармен таныстыру;
- Проблемалық дәрістер әдісін қолдану жолымен студенттерді шығармашылық ойлауға жаттықтыру;
- Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының гуманитарлық пәндер жүйесіндегі орнын, оның объектісі мен пәнінің ерекшеліктерін, ең өзекті проблемаларын анықтау;
- Бүгінгі тарих және тарих ғылымының рөлі, оның салдары мен бағыттары, тарихтың белгілі кезеңдеріндегі әлеуметтік және саяси проблемалар туралы түсінік қалыптастыру.
1.6 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
|
№ |
Жұмыстардың түрі |
Тапсырмалардың мәні мен мақсатыа |
Ұсынылатын әдебиетер |
Тапсырмалардың орындау мерзімі |
Ұпайлар |
Бақылау түрі |
|
1. |
2. |
3. |
4. |
5. |
6. |
7 |
|
1. |
Семинар сабақтарына дайындалу |
Теориялық білімдерін тереңдету және нығайту, өз бетімен тарихи процестерге талдау жүргізуді үйрену |
Тәжірибе сабағының жоспарларында ұсынылған әдебиеттерді қолдану |
Оқу процесінің кестесіне байланысты орындау |
Міn-10 Max-20 |
Оқытушының таңдауы бойынша |
|
2. |
Үй тапсырма. орындау |
Теориялық білімді бекіту. Оқулықтар, дәріс, семинар сабақтар, СӨЖ, СОӨЖ материалдарын оқу |
Студенттердің өздерін орындайтын тапсырмаларда материалдарын оқу |
Курстың тақырыптық жоспарына сәйкес |
Міn-5 Max-10 |
Конспектілер, СӨЖ, СОӨЖ тапсырмаларын тексеру |
|
3. |
1-2 аралық бақылауға дайындалу, тапсыру. |
Студенттердің білімін тереңдету, кеңейту, нығайту. Теоиялық материалдарды меңгергендігін және білім деңгейлерін тексеру. |
Тәжірибе сабағының жоспарында көрсетіледі. |
Оқу процесінің кестесіне сәйкес. |
Міn-15 Max-30 |
Тестілеу, ауызша сұрау, жазбаша түрде. |
|
4. |
Қорытынды бақылау жұмысы |
Теориялық материалдарын бекіту және тексеру. Барлық өткен материалды қайталау |
Семинар сабақтары, СӨЖ және СОӨЖ тапсырмаларында берілген. |
Оқу процесінің кестесіне сәйкес |
Міn-20 Max-35 |
Тестілеу. |
1.7 Білімді бағалау тәртібі
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінен алған білімдерінің деңгейі Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде бекітілген жалпы бағалау жүйесінің негізінде анықталады.
Рейтингілік бақылау: 70%
Емтихан: 30%
Соңғы баға келесі формула бойынша есептеледі:
(R1 + R2) . 0,7 + E . 0,3; бұнда
2
R1 – бірінші рейтингтегі бағаның цифрлық эквиваленті;
R2 – екінші рейтингтегі бағаның цифрлық эквиваленті;
Е – емтихан бағасының цифрлық эквиваленті.
Әріптік бағалау және оның сандық/балдық/ эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық мазмұны бойынша төмендегі кестеге сәйкес анықталады.
|
Әріптік жүйе бойынша бағалау. |
Сандық баламасы (балдық жүйе). |
Пайыздық көрсеткіші. |
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау. |
|
А |
4 |
95-100% |
өте жақсы |
|
А- |
3,67 |
90-94% |
өте жақсы |
|
В+ |
3,33 |
85-89% |
жақсы |
|
В |
3 |
80-84% |
жақсы |
|
В- |
2,67 |
75-79% |
жақсы |
|
С+ |
2,33 |
70-74% |
қанағаттанарлық |
|
С |
2 |
65-69% |
қанағаттанарлық |
|
С- |
1,67 |
60-64% |
қанағаттанарлық |
|
Д+ |
1,33 |
55-59% |
қанағаттанарлық |
|
Д |
1 |
50-54% |
қанағаттанарлық |
|
Ғ |
0 |
0-49% |
қанағаттанарлық емес |
1.8 Курс саясаты
Пән курсын игерген соң, студенттердің білім деңгейін бағалау емтиханмен аяқталады.Экзаменге кіру үшін барлық өтілген материалды меңгеру керек.Лекциялық курс тақырыптарына сай, тестілеу формасымен бақылау жұмыстары өткізіледі.Қорытынды бағаны, соңғы екі бақылау жұмысының нәтижесімен қойылады.
1.9 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. -Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.
2. Қазакстан тарихы: Лекциялар курсы. / Ред. басқ. т.ғ.д., проф. Қ.С. Қаражан. - Алматы: Нұрпресс, 2011. - 376 б.
3. Қазақстанныц қазіргі заман тарихы. Хрестоматня. (1917-1939). 1т. Ред. басқарган Қ. С. Қаражан. Алматы, 2007.
4. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999.
5. Кан Г.В. История Казахстана: Учебное пособие для вузов. - Алматы,2005.
6. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. - 4 кітаптан тұратын оқулық. Алматы, Қазақ университеті, 2016.
7. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие/Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. - Астана, 2015. - 328 стр.
8. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. -
Алматы, 2010.
9. Қазіргі Қазақстан тарихы: Хрестоматия /Б.Ғ.Аяғанның ред. - Алматы,2010.
10. Қазақстан тарихы: Оқу құралы. / Ред. Басқ. Проф. Б.С. Сайлан. – Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. – 452-6.
11. Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. Астана: Фолиант, 2007. – 344 с.
Қосымша:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы, 1995.
2. Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства.- Алматы, 1992.
3. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. - Алматы, 2003.
4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. - Астана, 2007.
5. Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. - Астана, 2002.
6. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. А., 1997.
7. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси багыты». ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. - Егемен Қазақстан, 15 желтоқсан 2012 ж.
8. Омарбеков Т. Голодомор в Казахстане (хрестоматия). - Алматы, 2010.
9. Языковая политика в Казахстане (1921-1990 гг.): сборник документов / Сост.: Айбасова М.К.,. Исахан Г.Т. - Алматы: «Қазақ университеті», 1997.-325 с.
10. Алаш қозгалысы: Құжаттар мен материалдар жинагы: сәуір 1920-1928 жж. /Бас ред.: Қойгелдиев М.Қ.; Жауапты құраст.: Грибанова Е. М., Жагыпаров Н. Р. - Алматы: Ел-шежіре, 2007. - 304 б.
11. Қазақстан Республикасынын Президенті Мұрагатынын аса кұнды құжаттары: Жинак. - 1 шыгарылымы / Жауапты ред.: Шепель В.Н. - Алматы: АП РК, 2009. - 103 б.
12. Әбжанов X. Қазақстан: тарих, тіл, ұлт. - Астана, 2007.
13. Қозыбаев М. «Өркениет және ұлт». - Алматы, 2001. -369 б.
14. Қозыбаев М. История и современность. - Алма-Ата, 2003. - 265 б.
15. Козыбаев М.К., Алдажуманов П.С. Тоталитарный социализм: реальность и последствия. - Алматы: Фонд XXI века, 1997. - 258 с.
16. Койгелдиев М.К. Сталинизм и репрессии в Казахстане 1920-1940-х годов. Алматы, 2009.
17. Атабаев Қ.М. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. - Алматы, 2002.- 172 б.
18. Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері. Конституциялық актілер / Құрастыргап Ж.Бәйішев. Алматы: Жеті жарғы, 1997. - 496 б.
19. Мендикулова Г.М. Казахская диаспора: история и современность. А.,343 С.
20. Тәуелсіз Қазакстан тарихы: Хрестоматия. /Құрастырғандар: Қ.С.Қаражан, К.Е.Абикенова, С.Смағұлов. - Алматы: Қазақ университеті, 2013. 260 бет.
21. Эпистолярное наследие казахской правящей элиты. Сборник исторических документов в 2-х томах. Алматы. 2014.
22. История Казахстана. Энциклопедический справочник. - Алматы, 2010.
2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
|
Апта № |
Тақырыбы |
Дәріссағаты |
Тәжірибе сағаты |
СОӨЖ сағаты |
СӨЖ сағаты |
|
|
1. Қазақстан тәуелсіздікке барар жолда: даму фазалары мен ұлттық құрылыс идеялары |
|
|
|
|
|
1. |
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай – тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары |
2 |
1 |
3 |
3 |
|
2. |
Ұлттық мемлекет кұру жолындағы қозғалыстар |
2 |
1 |
3 |
3 |
|
3. |
Кеңестік Қазақстанның тарихи бастаулары: қазақтандыру қиыншылықтары |
2 |
1 |
3 |
3 |
|
4. |
Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары |
2 |
1 |
3 |
3 |
|
5. |
Фашистік басқыншылыққа қарсы күрестегі қазақстандықтардың ерлігі мен қасіреті |
2 |
1 |
3 |
3 |
|
|
2. XX ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік реформалардың Қазақстандағы қайшылықты салдарлары |
|
|
|
|
|
6. |
Жеке басқа табынудың «шарықтауы» және «жылымық» |
2 |
1 |
3 |
3 |
|
7. |
Қазақстандағы рухани, шаруашылықтық «тоқыраулар» және экологиялық дағдарыстар |
2 |
1 |
3 |
3 |
|
7. |
Кенестік Қазақстанды қайта кұру әрекеттері |
||||
|
|
3. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік стратегиясы және әлеуметтік-экономикалық дамуы |
|
|
|
|
|
8. |
Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру |
2 |
1 |
3 |
3 |
|
9. |
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі |
2 |
1 |
3 |
3 |
|
10. |
Әлеуметтік реформалар және білім беру жүйесіндегі өзгерістер |
2 |
1 |
3 |
3 |
|
11. |
Этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық келісімнің нығаюы |
2 |
1 |
3 |
3 |
|
|
4. Тәуелсіз Қазақстандағы демократиялық және рухани жаңарулар |
|
|
|
|
|
12. |
Қоғамдық-саяси дамудағы алға басулар. |
2 |
1 |
3 |
3 |
|
12. |
ҚР жастар саясаты және рухани жаңару бағыты |
||||
|
13. |
Ұлы Дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды калыптастыру саясаты |
2 |
1 |
3 |
3 |
|
13. |
«Халық тарих толкынында» атты Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы. |
||||
|
14. |
Жаңа коғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өту маңызы |
2 |
1 |
3 |
3 |
|
14. |
«Мәңгілік ел»– XXI ғасырдағы Қазакстанның ұлттық идеясы. |
||||
|
15. |
Қазақстан – әлем мойындаған ел |
2 |
1 |
3 |
3 |
|
|
Барлығы |
30 |
15 |
45 |
45 |
2.2 Дәріс сабақтарының мазмұны
Блок №1. Қазақстан тәуелсіздікке барар жолда: даму фазалары мен ұлттық құрылыс идеялары
Дәріс №1.Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай – тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары
Ішкі Ресейден орыс және басқа еуропалық тұрғындарды қазақ жеріне қорыныстандыру ісінің қарқын алуы, экспедициялық зерттеу жұмыстарының жүргізілуі, қоныстандыру мекемелері жүйесінің кұрылуы, қоныс аудара келгендерге жасалған қолдау.
Қазақ қоғамының дәстүрлі шаруашылығындағы өзгерістер. Әкімшілік орындарының қазақ қожалықтарын жаппай отырықшы тұрмысқа аудару шаралары, осы мақсатта қолданған әдістері. Аграрлық қатынастардың шиеленісе түсуі.
Қазақ жерінде өнеркәсіп ошақтарының қалыптасу ерекшеліктері және оның отарлық сипаты. Ұсақ өнеркәсіп. Транспорт. Сауда. Банкі жүйесі. Еуропалық капиталдың енуі. Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы. Қазақ жұмысшыларын кемсіту және қанау ұстанымы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қазақ жеріне орыс және басқа да шаруаларды қоныстандыру қашан жүргізілді?
2. Қазақ жерінде қалыптасқан қандай өнеркәсіп орындарын білесіз?
3. Қазақ жұмысшыларының қалыптасуы.
Дәріс №2. Ұлттық мемлекет кұру жолындағы қозғалыстар
Қазақ халқының ұлттық қозғалысының бастаулары. Ұлттық қозғалыс түрлерін сипаттау. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. Жәдидтік ағартушылық ойларының Ұлы Дала еліне ықпалы. Ресей империясының түрік-мұсылман халықтарының интеллектуалды элиталарының өзара ықпалдасуы. Мұсылмандардың қайырымдылық қоғамдары және олардың қызметі. 1905 жылғы 17 қазандағы патша манифесі. Қоғамда орталық биліктің атына арыз-тілектердің жазылуы. Қарқаралы петициясы. Орал және Торғай облыстарынан дін және жерге байланысты жазылған арыз-тілектер. Жер мәселесінің қойылуы. Бұл құжаттық материалдардың бағдарламалық сипаты.
Қазақтардың Ресейдіц I - II Мемлекеттік Думаларының жүмысына қатысуы. Думада қазақ жері туралы мәселенің қойылуы. Б.Қаратаев, Т.И.Седельников және басқа депутаттардың қызметі. Ә.Бөкейхановтың Мемлекеттік дума қызметіне арналған мақалалары. Аграрлық мәселе және қазақ депутаттары. А.Бірімжанов пен Б.Қаратаевтың сөздері. Қазақ саяси элитасының (Ә.Н.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Тынышбаев және т.б.) қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеу әрекеттері. Ұлттық зиялылар: қалыптасуы, құрамы, қоғамдық қызметі. Ғасыр басындағы қазақ ағартушылығы: ерекшеліктері, мақсаты, жеке түлғалары. А.Байтұрсынұлының «Әліппе» (Оқу кұралы) (1912). Қазақ кітаптары және оларда көтерілген қоғамдық мәселелер. А.Байтұрсынұлының «Маса», М.Дулатұлының «Оян, қазақ!», Ш.Құдайбердіұлының, М.Ж.Көпейұлының, Ғ.Қараштың, Ә.Кердерінің және басқа қазақ жазушылары мен ақындарының кітаптары. Қазақ әдеби және ғылыми тілінің қалыптасуы. «Айқап» журналы (ред. М.Сералин), «Қазақ» газеті (ред. А.Байтұрсынұлы). Ұлт-азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы. Қазақ ұлтшылдығы: ерекшеліктері, мақсаты, қорғаныстық сипаты.
Ресейлік түркіліктің доктринасы: қазақ ұлттық қозғалысыныңқалыптасуына әсері. Қазақ зиялыларының Дума жанындағы мұсылман фракциясы құрамындағы қызметі. 1907 ж. 3 маусым заңы бойынша Қазақтан депутат сайлау құқының жойылуы. Қазақ саяси тобы өкілдерінің жалпыресейлік мұсылман съездеріне қатынасуы. Империяның түрік-мұсылман халықтарының консолидациясындағы «Иттифак-аль-муслиминнің» (Мұсылмандар одағы) рөлі. Ұлт-азаттық қозғалыс басшыларын қудалау. Жандарымдық-полицейлік тәртіптің күшеюі.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарынағы Қазақ өлкесі.
Қазақстандағы соғыс тұтқындары. Қазақстан аумағындағы халық бұқарасы жағдайының нашарлауы. Жалпыұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі. «Тыл жүмыстарына бұратаналарды реквизициялау» туралы 1916 жылғы 25маусымдағы жарлық, оның халыққа қарсы мәні. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері. Қозғалыстың көшбасшылары: А.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ә. Жанбосынов, Ұ.Саурықов және басқалар. Қарқара көтерілісі - 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісінің Жетісу облысындағы орталығы. Орыс әскерінің жазалау әрекеттері. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы. Патша өкіметінің жазалау шараларының салдары. Қазақтардың Қытайға (Қүлжа өлкесі, Қашқар), Ауғанстанға жаппай иммиграциясының алғашқы толқыны. 1916 жылғы көтеріліске қазақ зиялыларының көзқартары. Тылдағы қара жұмысқа кеткен казақ жастарының жағдайы. Ә.Бөкейхановтың шақыруымен тыл жұмысындағы жастармен жұмыс істеуге ұлт зиялыларының аттануы. Бұл азаматтық актінің салдары және тарихи маңызы. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 ж. көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарастың қалыптасуы.
Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі. Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, эсерлер, «Алаш», «Үш жүз», «Шуро-и-ислам», «Шуро-и-иулемия» және т.б. Қазақстандағы саяси биліктегі өзгерістер. Уақытша өкіметтің жергілікті басқару органдарының құрылуы. Революциялық өзгерістерге байланысты ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері. Қазақ саяси басқарушы тобының Қазақ комитеттерін құруға байланысты шақырулары. Қазақ комитеттерінің құрылуы ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту әрекетінің көрінісі. Облыстарда өткізілген қазақ съездері және оларда қаралған мәселелер. Ұлттық саяси топ өкілдерінің Уақытша өкімет органдары құрамындағы қызметі. 1917 жылдың жазындағы саяси дағдарыс. Шілдедегі Жалпыказақ съезі және оның Алаш партиясын құру туралы шешімі. Партияның бағдарламасы. Жалпыресейлік Құрылтай Жиналысына депутаттар сайлау, Алаш партиясының жеңісі.
Жана заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттіктің қалыптасу эволюциясы. ЮНЕСКО шешімімен Алаш қозғалысының көшбасшысы Ә.Н.Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойынын атап өтілуі.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауымы.
2. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызы.
3. Қазақстандағы саяси партиялар.
Дәріс №3. Кеңестік Қазақстанның тарихи бастаулары: қазақтандыру қиыншылықтары
Уақытша өкіметтің мемлекеттік институттарының ыдырауы, большевиктердің билікке келуі. Бұл оқиғаға байланысты Ә.Бөкейхановтын өз ұстанымын білдіруі. Желтоқсандағы жалпықазақ съезі. Ә.Бөкейхановтың төрағалығымен Алашорда (Халық кенесі) үкіметінің құрылуы. Алаш автономиясын жариялауға даярлық. Қоқан қаласына Түркістан автономиясы (Қоқан Автономнясы) үкіметінің құрылуы. М.Шоқайдың естеліктері. Алашорда және Түркістан автономиясы үкімет орындарының кұрылуының тарихи манызы.
Советтік биліктің орнауы. Ресей халыктарының кұқы декларациясы (15 қараша 1917 ж.) жариялануы. Алашорда және Қоқан автономиясы билік орындарының таратылуы.
Азаматтық қарсыласу жылдарындағы Қазақстан. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. Кеңес өкіметінің заңдастыру шаралары.
Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері. Қазақ елі «ақтар» мен «қызылдардың» текетірес күрестрінің сахнасы. Алашорда үкіметінің қазақ әскери жасақтарының іс-қимылдары. Қазақ халқын таптық тұрғыдан екіге бөлу. Соғыс қимылдарының бүкіл қазақ өлкесін қамтуы. Азамат соғысының қазақтың дәстүрлі шаруашылығын күйзелтуі. «Әскери коммунизм» саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттері. Қырғыз (Қазақ) революциялық комитетінің ұлттық мемлекет құру идеясын күйретуі. Алашорда үкіметіне «кешірім» жариялануы. А. Байтұрсынұлының В.И.Ленннге жолдаған хаттары, оларда большевиктер ұстанымына айтылған сын.
Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның құрылуы - ұлттық мемлекет құру идеясын таптық негіздегі мемлекет құру идеясымен ауыстыру. Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі. Қазақ AКCP және Түркістан Республикасы. Мұсылман бюросы және Түрккомиссия: саяси билік үшін күрес. Тұтас Түркістан идеясы, жеңіліс табуы. Т.Рысқұлов және М.Сұлтанғалиев. Басмашылар қозғалысы. Әнуар Паша және А.З.Валидов. Кенестік тоталитарлық басқару жүйесінің негіздерінің қалануы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Алаш автономиясының басшысы кім?
2. Азамат соғысының Қазақстанға әсері.
3. Қазақстан жеріндегі азамат соғысы.
Дәріс №4. Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). Оған көшудің әлеуметтік-экономикалық және саяси негіздері. ЖЭС-тің мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері. Қазақстандағы аштыққа қарсы қазақ зиялыларының күресі. Жер-су реформасының мақсаты. Оны жүзеге асырудағы ауытқулар мен қателіктер. Қазақ өлкелік партия комитетінің «қазақ ұлтшылдығына» қарсы күресі. Түркістан республикаларын ұлттық- мемлекеттік межелеу - біртұтас Түркістан идеясының біржақты күйреуі. Қазақ жерлерінің ҚАКСР құрамына біріктірілуі.
Коммунистік партияның коғамдағы саяси дара билігінің күшеюі. Жаңа көпүлтты империя - КСРО-ның құрылуы. Ф.И.Голощекиннін «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны. Қазақ өлкелік партия комитетінің жер мәселесіне байланысты шешімінің отарлық мазмұны. Қазақ зиялыларын қуғындаудың басталуы.
Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстар. Қазақ қайраткерлерінің индустриялан- дыруға байланысты пікірлері. Қазақстанды индустрияландыру идеясының отаршылдық мазмұны.
Қазақтың дәстүрлі шаруашылығын сталиндік реформалау негізінде қайта құрудағы асыра сілтеулер. Жайылымдық-шабындық жерлерді бөлу және оның нәтижелері. Қазақ ауылын кеңестендіру - дәстүрлі қазақ қоғамын талқандау. Бай қожалықтарын тәркілеу және оның әлеуметтік- экономикалық салдары. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшіру. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшіру. Ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны. Еріктілік пен заңдылық принциптерінің бұзылуы. Адам құқының тапталуы. Ауқатты шаруалар қожалығын тап ретінде жою. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылық жүйесінің күйреуі. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер. Қазақтардың шетелге ауа көшулері. Қазақтардың аштан қырылуы. Қазақ босқындарының қайғылы тағдыры. «Бесеудің хаты», Т.Рысқұловтың И.Сталинге хаты -ащы шындықтың ақиқаты. Аштықтың демографиялық салдары. 30 жылдардың екінші жартысындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы ауыр ахуал.
Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі, мәдениетіндегі, білімі мен ғылымындағы ұлт мәселесіндегі таптық-партиялық принципті ұстану залалдары және оның ұлыдержавалық астарлары. Қазақ мүддесін қорғаушылар - С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың және Ж.Мыңбаевтың үұстанымындағы теориялык-саяси мәселелер. Ф.И.Голощекиннің Алаш зиялыларына ымырасыз шабуылы. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін - қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы. Қазақстанды әкімшілік-территориялық аудандастыру - тоталитарлық басқаруға барар қадам. КСРО мен ҚазКСР Конституциялары - сөз бен істің қайшылығы. Қазақ АКСР-ның одақтас республикаға айналуы. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдары. Қиыр Шығыстағы корейлердің Қазақстанға еріксіз қоныс аударылуы - адам құқығының аяқасты етілуі. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси кызметі - түрік халықтарының рухани жаңаруына бағытталған елеулі қадам. Оның «Яш Түркістан», «Қеңестер билігіндегі Түркістан», т.б. енбектері.
Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуы - қазақтардың рухани қасіреті. Мәдениеттің ұлттық негіздеріне көпе-көрнеу шабуылдауды өршіту. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализмнің біржақтылығы. Театр және музыка өнері. Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық қызметі. Мәскеудегі Қазақстан әдебиеті мен өнерінің он күндігі - ұлт рухының өміршеңдігінің айқын көрінісі.
Кеңес өкіметінің білім және ғылым саласындағы реформаларындағы қайшылықтар. Сауатсыздықпен күрес. Білім беру жүйесінің қалыптасуы. Ағарту саласындағы қайшылықтар мен келеңсіздіктер. Қазақ тілінің араб алфавитінен латын және кириллицаға көшірілуі. А.Байтұрсынов бастаған топтың әліпби ауыстыруға қарсы әрекеті. Ғылым мен ғылыми мекемелердің дамуы. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасының КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы болып қайта құрылуы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Жаңа экономикалық саясаттың ерекшелігі неде?
2. Қазақстанда индустрияландыруды жүргізудің әдістері
3. Ұжымдастырудың салдары.
Дәріс №5. Фашистік басқыншылыққа қарсы күрестегі қазақстандықтардың ерлігі мен қасіреті
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы кеңестік биліктің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары. Соғысқа дейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуал. Фашистерден отанды қорғау соғысының басталуы. Майдан шебіне жақын аудандардан Қазақстанға халықты, өнеркәсіп орындары мен мәдениет ошақтарын көшіріп әкелу. Республика өмірін соғыс кажетіне шұғыл бейімдеу. Қазақстан жерінде жасақталған әскери бөлімдердің ірі шайқастарға қатысуы және жанқиярлық ерліктері. Қазақстандықтар - партизан қозғалысына дем берушілер. Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердін ерліктері - ата-баба қаһармандығының дәстүрлі жалғасы. Соғыс тұтқындарының қайғылы тағдыры -қазақстандықтар қасіреті. Ерлігі бағаланбаған қазақстандықтар - кеңестік биліктің әділетсіздігінің айқын көрінісі.
Фашистердің «Түркістан» легионын құру әрекеті. М.Шоқай және басқалар туралы бұрмаланған аңыз бен шынайы шындық. Саяси сенімсіздік пен жекеленген халықтарды Қазақстанға еріксіз қоныс аудару - ұлттық намысты қорлаудың нақты мысалы.
Соғыс кезінде жеңісті жақындату жолындағы тыл еңбеккерлерінің еңбектегі ерен ерлігі. Қазақстандықтардың соғыста қираған аудандарды қалпына келтіруге көмегі. Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтары.
Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Фашистік Германияның КСРО-ға басып кірудегі мақсаты қандай?
2. Ұлы Отан соғысының негізгі шайқастары.
3. Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері туралы әңгімелеңіздер.
Блок №2. XX ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік реформалардың қазақстандағы қайшылықты салдарлары
Дәріс №6. Жеке басқа табынудың «шарықтауы» және «жылымық»
Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ауыр ахуал. Бейбіт құрылысқа бейімделу ауыртпалықтары. Әскери-өнеркәсіптік базаны жеделдету бағытын қолға алу. Қазақстан халық шаруашылығындағы қиыншылықтар мен проблемалар. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптары.
Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл басқарудың өрши түсуі. Кеңестік биліктің колхоздарды ірілендіру, ауыл еңбеккерлерінің жеке белсенділігін шектеу шаралары.
Қоғамдық өмірдегі адам құқығын шектеуге бағытталған партиялық бақылаудың күшеюі. Тарихи зерттеулерден ұлтшылдықты іздестіру. «История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней» кітабының негізсіз сыналуы. Е.Б.Бекмахановтың, Қ.И.Сәтбаевтың, Б.Сүлейменовтың т.б. еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестіру. Тұңғыш қазақтың кәсіби тарихшысы Е.Б.Бекмахановтың К.Қасымұлы көтерілісін зерттеушілік жұмысының негізсіз айыпталуы. Хан Кене тарихи әдебиетте. «Феодалдық» эпостарға шабуыл - халықтық мұраларды күйрету. «Зар заман» мектебі ақындарының шығармаларына тыйым салынуы. Барлық саладағы «кеңестік цензураның» күшеюінің адамдар санасына тигізген кері әсерлері.
Білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістер. Жалпыға бірдей жеті жылдық білім беру жүйесінің орнауы. Жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі. Қазақстан Ғылым Академиясының құрылуы.
И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау. Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан. Күнәсіз қуғындалған мемлекеттік, қоғамдық қайраткерлерді «ақтау» және оның жартыкештік сипаты.
Партияның шешімдерінде мәселені үстірт шешетін волюнтаристік әрекеттердің өсе түсуі. Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі Хрущевтің реформасы және оның тиянақсыздығы. Ұлт мәселесіндегі шектеулердің күшейе түсуі. Одақтық билік пен Қазақстан үкіметі арасындағы қатынастардың күрделілігі. Теміртау оқиғасы. Реформаторлық бағыттағы шаралардың жартыкештігі. КСРО мен ҚазКСР арасындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылықтар - Мәскеудің ұлттық мүддені ескермейтіндігінің айқын көрінісі.
Ауыл шаруашылыгын әміршіл-әкімшіл әдістермен көтеруге бағытталған шаралар. Әкімшілік әдістерден экономикалық әдістерге көшуге талпыныс. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, табыстары, экологиялық және демографиялық зардаптары. МТС-ті қайта құру, ауыл шаруашылығын техникалық жабдықтаудағы қиыншылықтардыжоюды іздестіру жолы. Колхоздарды ірілендіру және совхоз кұрылысы. 1955, 1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуы.
Экономиканы басқару саласындағы тиянақсыз реформалар. Салалық министрліктердің таратылып, совнархоздардың құрылуы. Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық сипатының тереңдей түсуі.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Партияның XX съезінде қандай мәселе көтерілді?
2. «Жылымық» сөзін қалай түсінесіздер?
3. «Бекмаханов ісі».
Дәріс №7. Қазақстандағы рухани, шаруашылықтық «тоқыраулар» және экологиялық дағдарыстар. Кенестік Қазақстанды қайта кұру әрекеттері
1. Жоғарғы партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі ойластырылмаған біржақты өзгерістер. Л.Брежнев бастаған номенклатуралық топтың билікке келуі. 1965 - 1966 жж. экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы. Экономиканың экстенсивтік үлгісінің орнығуы. Кеңестік экономиканы басқару тәсілдерін орталықтандыру тұрғысынан өзгерту және өнеркәсіптік, аграрлық реформалардың қайшылықтары. Мемлекеттік меншіктің басымдылығы жағдайындағы кеңестік менеджмент жүйесінің және тұтастай модернизациялық моделінің тиімсіздігі. Идеологиялық тоқырау: ресми марксизмнің дағдарысы, зиялылардың астыртын әрекеттері, диссиденттік үйірмелер қызметі. 60-70-ші жж. қазақ жастарының бейресми студенттік үйірмелерінің ұлттық жаңғырудағы рөлі ( «Жас түлпар», т.б.).
КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі. Өнідірстегі өзін-өзі басқарудағы шектеулер және оның дамуындағы қайшылықтар. Жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайның келеңсіздігі. Кәсіпорындардағы дағдарыстың өршуі.
Әкімшіл басқарудың аграрлық саладағы қайшылықтарды асқындыра түсуі. Кеңестік өкіметтің ауыл мен деревняны іс жүзінде кедейшілік пен тоқырауға ұшыратуы. Ауыл еңбеккерлерін материалдық ынталандырудың төмендеуі. Аграрлық саланың басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсіздіктері. Шаруашылықаралық аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктерді агроөнеркәсіптік кешендерге жоғарыдан біріктірудің тиімсіздігі.
Еңбекақыны төлеудегі әділетсіз теңгермешілік, халықтың басым бөлігінде негізгі табыстың төмендеуі. Партиялық-мемлекеттік, әскери және шаруашылық басқару жүйесіндегілерге берілген артықшылықтар - әлеуметтік әділетсіздікті өрістете түсуге бағытталған қадам. Халықтың материалдық тұрмыс жағдайының төмендеу себептері. Тұрғын үй мәселесіндегі шешілмейтін қиыншылықтар. Орталықтың этно- демографиялық саясатының келеңсіз тұстары: ішкі миграцияны, соның ішінде қазақтардың ауылдан қалаға көші-қонды тежеуді паспорттық жүйе, «тіркеу» (прописка), тілдік кемсітушілік (дискриминация), т.б. жолдармен жүзеге асырып отыруы. Ауыл тұрғындарының азаматтық қүқықтарына қысым жасау. Ақшаның құнсыздануы. Тұтыну тауарларының тапшылығы. «Көлеңкелі экономика» (қара нарық), криминалдық топтардың таралуы.
Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Оның табиғи экологиялык және техногендік себептері. Кеңестік милитаристік империя жасақтаған әскери-өнеркәсіптік кешенінің қазақ халқына тигізген трагедиялық зардабы: Семей ядролық сынақ полигоны (1949-1991). Атомдық радиациядан болған жергілікті халықтың денсаулығындағы генетикалық зақымдар, жаппай онкологиялық, психикалық, т.б. аурулардың таралуы. Өнеркәсіп өндірістерінің қоршаған ортаны ластауы.
Мәдениет пен ғылым. Жоғарыдан әміршіл басқарудын күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуі. Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтардың асқынуы. Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінің қолдану аясын тарылту. Ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипаты.
2. КОКП-ның әміршіл-әкімшіл басшылық рөлі мен М.С.Горбачевтың демократияшыл, реформаторлық қызметі арасындағы қарама-қайшылық. Жариялылық пен демократияны насихаттау барысында одақтық республикаларда туындаған ұлттық шиеленістер. Экономикалық дағдарыс. КСРО-ның әкімшіл-әміршіл жүйесін демократиялық жолмен қайта құруға талпыныстар.
Елді басқарудағы елеулі өзгерістер және реформаторлық бағыттың біртіндеп үстемдік алуы. Қайта құру мен жариялылықтың экономикаға әсері. Ұлттық республикалардың экономикалық өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі қаржыландыруға қол жеткізу жолындағы талпыныстары. Экономиканы басқарудағы өзгерістер. Одақтық басқару жүйесіндегі жекелеген мемлекеттік кәсіпорындардың республикаларға қайтарылуы. Экономикалық тәуелсіздікке жету шараларының жартыкештігі.
Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы қызметінен босатылуы. Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері. Партиялық басшылықтың бастамасымен жастарға және зиялы қауым өкілдеріне қарсы бағытталған қуғын-сүргіннің қайта өршуі. Орталық биліктің оқиғаға берген әділетсіз бағасы. Қазақстанда ұлт-азаттық сананың өсе түсуі. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы және оның жартыкештігі. Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінің сайлануы. Президенттік институттың енгізілуі және тұңғыш президенттің сайлануы. Тіл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызы. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 1991ж. тамыз бүлігі. КОКП қызметінің тоқтатылуы. Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. «Тоқырау» кезеңінде Қазақстанның басында тұрған кім?
2. Әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі.
3. 60-70 жылдардағы қазақ жастары ұйымдарын атаңыздар.
4. «Қайта құру» ұғымы қай кезеңге байланысты қолданылады?
5. Жариялылық дегеніміз не?
6. Желтоқсан көтерілісіндегі қазақ жастарының алатын орны.
Блок №3. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік стратегиясы және әлеуметтік-экономикалық дамуы
Дәріс №8. Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру.
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуынын стратегиясы» енбегінің маңызы. Қоғамның алдындағы мақсат пен міндеттерді анықтау және соған сәйкес бүкіл коғамды және оның ресурстарын жұмылдыру. Дербес дамудың дара жолын айқындау. Дамудың қазақстандық үлгісі. Қоғамды демократияландыру үдерісін дамыту.
Мемлекеттің ішкі және сырткы саясатын қалыптастыру. Қоғамның конституциялық құрылыс негізін жасау. ҚР рәміздері - туды, елтаңбаны, әнұранды бекіту. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердін рөлі мен маңызы.
Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы заң. Елдің егемендігін, тұтастығын, қорғанысын, азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұлттық армияның курылуы. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы және онын маңызы. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және онын маңызы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын анықтау. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту. Мемлекеттік сәйкестікті дамыту, азаматтык бірлікті және саяси тұрақтылықы нығайту. Әлеуметтік және ұлтаралық орнықтылықты сақтау және күшейту.
Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясын қабылдау, Қазақстанда парламентаризмнің дамуы. Атқарушы биліктің ішіндегі мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту. Орталық пен аймақтардың, мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы өкілдіктерді бөлу, орталықсыздандыру. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы Заң. Еліміздің саяси жүйесінің жаңа құрылымының қалыптасуы. Конституцияға және басқа да заңнамаға сәйкес қоғамды қазіргі заманның табиғаты мен талаптарына сәйкес ғылыми басқару.
Биліктің негізгі үш тармағының: Президент, Парламент және Үкіметтің біріккен еңбегінің нәтижесінде еліміздің саяси жүйесінің барлық құрамдас бөліктері қызметінің құрылымдық, ұйымдық-құқықтық және өзара қарым-қатынасы мәселелерін жан-жақты реттейтін, еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнату бағытында әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін заң жүйесінің жаңадан түзіліп, қабылдануы және бұл үрдістердің қоғамдық қатынастардағы қажеттіліктерге байланысты үнемі жетілдірілуі. Президент институты - тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі бұрын болмаған жаңа құрылым.
Президенттің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы: «Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы», ҚР дамуының ұзақ мерзімге арналған басым бағыттары. Астананы Алматыдан Астанаға көшіру.
Қққық қорғау органдарының (сот, прокуратура, милиция, арнайы қауіпсіздік қызметтері және т.б.) құрылуы. Қүкықтық реформа және заңдарды ізгілендіру. ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы және оның нәтижелері.
«Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Елбасы идеялары - ұлттық құндылық. Тәуелсіздіктің тұғыры «Елбасының Қазақстан жолы», ал түпкілікті мақсат - Мәңгілік ел болу.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары қазақстандық арманға жол» мақаласы қазақстандықтар үшін қуатты іс- әрекет көзі және болашаққа ынталандырушы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қазақстан Ресмубликасының Мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?
2. Елбасының халыққа арналған алғашқы Жолдауы қалай аталады?
3. «Қазақстан - 2050 стратегиясының» мәні қандай?
Дәріс № 9. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі. Оларды еңсеру жөніндегі шаралар: экономиканың құрылымын өзгерту, әлеуметтік бағдарланған нарық кұру, жекешелендіру және бағаны ырықтандыру, инвестициялық саясат. Н.Ә.Назарбаевтың қанатты нұсқамасы - «ең әуелі экономика - сонан соң - саясат».
Қазақстанды экономикалық қайта құрудың жасампаздық кезеңі және олардың нәтижелері. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу. Өнеркәсіп, аграрлық және қаржы-банк секторлары сияқты экономиканың шешуші салаларының даму басымдықтары мен келешегі. Қазақстан экономикасын реформалаудың бағыттары - экономика дамуының кластерлік принципі, еңбек өнімділігі деңгейін арттыру, заманауи технологияларды енгізу, инвестициялық, салық, аграрлық-индустриалдық саясаты, инфрақұрылымды әсіресе көлік және байланысты дамыту. Стратегиялық маңызы бар жаңа темір жол магистралін салу. Қазақстандық экономиканы дамытуға шетелдік инвестицияны тарту.
Президенттің ел халқына Жолдауы: «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» және оның маңызы. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оны табысты еңсеру. Дагдарыстан кейінгі кезеңдегі экономика мен қаржы секторының дамуы.
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстары.
2011 жылғы 28 ақпандағы ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Жеделдетілген экономикалық жаңару - үдемелі инновациялық индустрияландыру Бағдарламасының жалғасы». «Қазақстан - 2020» стратегиялық жоспарының басымдықтары. Қазақстанның экономикалық өсуінің келешегі. Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуының траекториясы. XXI ғасырдағы экономиканың қазақстандық үлгісі.
ЭСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін манызы. «Нұрлы Жол болашаққа жол» жаңа экономикалық саясаты - Қазакстанның жаһандануға берген жауабы. «Нұрлы жол» экономикалық даму жоспары.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстанның экономикасы сипаттаңыздар.
2. Жекешелендіру, бағаны ырықтандыру сөздері қандай мағына береді?
3. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Қазақстанға әсері.
Дәріс №10. Әлеуметтік реформалар және білім беру жүйесіндегі өзгерістер
Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңару: кедейшілікті еңсеру, халықты еңбекпен қамтуды көтеру, жастарды, студенттерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру реформасы. 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты». Адам капиталын, елдің енбек қуатын дамытудың стратегиясы. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің жаңа стратегиясы, түрғын-үй коммуналдық шаруашылықты жаңарту.
Денсаулық сақтау, спорт және дене шынықтыруды дамыту. Астана және Алматы қалаларында өткен кысқы Олимгшада ойындары, 7-ші Азия ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жетістігі.
Ел халқының табысы аз топтарын қолдау және көмек беру. Бюджеттік ұйымдарда жалақыны көтеру. Салауатты өмір салты - ұлт болашағын қалыптастырудың негізі.
Қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттері. Білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту. 2010 жылы Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы және Болон декларациясына қол қою. Мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу: бакалавр - магистр - РҺО доктор. Техникалық және кәсіптік білім беруді қайта құру.
2005-2010 жылдардағы Қазакстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының нәтижесі. Инновациялық негіздегі жоғары білім беруді дамыту стратегиясы. Президенттің «Интеллектуалды ұлт- 2020» бағдарламасы және онын маңызы. Қазіргі білім беру моделі.
ЖОО-ның инновациялық қызметке көшуі. Оның дамуының тетіктері. «Назарбаев университеті» негізінде жоғары оқу орындарының инновациялық үлгісін қалыптастыру.
«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша білікті мамандар даярлау мәселесі.
Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу міндеттеріне сәйкес ғылымның дамуына және ҒТҮ-ні (ғылыми-техникалық үдеріс) басқаруға жаңа көзқарас қалыптастыру.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Әлеуметтік салаларға қандай салалар жатады?
2. Білім беру жүйесінің қазіргі жағдайын сипаттаңыздар.
Дәріс №11. Этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық келісімнің нығаюы
Қазакстандағы көші-кон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық кұрылымындағы өзгерістер. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы. Егемендік жағдайындағы алғашқы халық санағы, оның корытындылары. 2009 жылғы Қазакстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік кұрылымындағы өзгерістер.
Біртұтас ұлт болашағының қалыптасу мәселелері. Қазақстан Республикасының Конституциясы. ҚР заңдары: «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы», «Тілдер туралы», «Мәдениет туралы». Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің біртұтастық тұжырымдамасы. Қазақстан ұлттық бірлігінін доктринасы. «Қазақстандық халыктың бірлігі мен тұтастығының нығаюы мен дамуы тұжырымдамасының» мақсаттары мен принциптері.
Мемлекет Басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамына жиырма қадам» мақаласы. Нақты өнімді енбек, бәсекеге қабілетті және күшті Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамын құру - ҚР әлеуметтік жаңарту саясатының негізі. Мемлекеттік жаңғыртудағы Тұнғыш Президенттің бастамалары.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қазіргі Қазақстандағы демографиялық жағдайды сипаттаңыз.
2. Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы рөлі.
3. Отандастарымызды шетелден көшіру бағдарламасы қалай аталады?
Блок №4. Тәуелсіз Қазақстандағы демократиялық және рухани жаңарулар
Дәріс №12. Қоғамдық-саяси дамудағы алға басулар. ҚР жастар саясаты және рухани жаңару бағыты
1. Қазақстан Республикасының қоғамдык-саяси өмірін демократияландыру және жанарту. Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік кұрылтайы. Азаматтық қоғамның және оның саяси және қоғамдық институттарының дамуы. Қазақстан халқының форумы. ҚР-ындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар. Саяси партиялар мен Қазакстанның партиялық жүйесі. «Нұр Отан» ХДП - жетекші әлеуметтік-саяси күш ретінде. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы және оның маңызы. «Қазақстан - 2050» стратегиясы мен «Нұр Отан». «Нұрлы болашақ жолында» атты Саяси доктрина - «Нұр Отан» партиясының көшбасшылы- ғының кешенді бағдарламасы».
Демократиялық үрдістің дамуы. Парламентке сайлаудың пропорционалды жүйесін енгізу, партиялық тізім бойынша сайлаудың нәтижелері. Үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, азаматтық қоғам институттарының дамуы. І-ші Азаматтық форум және оның маңызы.
Ұлтаралық татулық - Қазақстан Республикасында тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі. Президент жанындағы консультативтік және кеңесші орган Қазақстан халқы келісімі мен бірлігінің коғамдық институты - Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) кұрылуы. ҚХА-ның бірінші сессиясы, оның шешімдері. «Ортамерзімді кезеңге арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы». Ұлтаралық келісімнің қазакстандық моделінің ерекшелігі. Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасы.
ҚР-ның ақпараттық саясаты, БАҚ-тың дамуы. Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесінің қызметі. Азаматтық қоғамды одан ары демократияландыру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейтін тұрақты жұмыс істейтін Кеңесұйымдастыру. Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері бойынша Ұлттық комиссияның қызметі.
Құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру. 2003 жылғы 2 желтоқсандағы азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт және оны жүзеге асыру. Қазақстан Президенті жанында адам құқықтары жөніндегі Комиссияның құрылуы және оның қызметі. ҚР-нда адам құқы жөніндегі өкілетті институттың енгізілуі. Өлім жазасына мораторий енгізу. Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқыктар, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактілерді бекітуі. Заңдарды ізгілендіру. Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы. Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы: мақсаты мен міндеттері. Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы - мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықтар. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері. Азаматтық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру саласындағы әлемдік тәжірибе.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстанэкономикалық, элеуметтік жэне саяси жедел жанару жолында».
2. ҚР жастар саясаты және рухани жаңару бағыты. Жастар істері бойынша саясаттың негізгі бағыттары. «Нұр Отанның» жастар қанатының қызметі. Жастарды патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеу. 2004 жылғы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңы. Жастардың рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамытуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлеуетін ашу. ҚР-ның жастар саясаты туралы «Қазақстан - 2020» даму бағдарламасы.
Қазақстанда жаңа конфессионалдық шындыктың қалыптасуы. Дін тұту бостандығының заңмен қамтамасыз етілуі және Қазақстандағы конфессияаралық келісім. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ). Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 2003 ж. 1-ші съезі, 2006 ж. 12-13 қыркүйектегі II съезі, 2009 ж. 1-2 шілдедегі III съезі. Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясаты.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қоғамдық-саяси өмір туралы әңгімелеңіз.
2. Қазақстан Республикасындағы адам құқығы.
3. Үкіметтің жастарға қатысты саясатына қандай баға бере аласыз?
Дәріс №13. Ұлы Дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды калыптастыру саясаты. «Халық тарих толкынында» атты Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы
1. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға бағытталған шаралар. Ұлттық бірлік және жаппай саяси жазалау құрбандарын еске алу жылы. 1998 ж. Үлттықтарих жылы.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» енбегінде ұлтгық тарихты зерделеу. Қазақ жерлерін Ресей империясының жаулау тарихын қайта зерттеудің қолға алынуы. Елбасының «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулерге бағытталған бағдарламасы аясында қазақтың ұлттық тарихының шеңберін кеңейту және ұлттың жаңа тарихи дүниетанымынқалыптастыру. Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы негіздеудегі маңызы.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы. Оның мақсаты және жүзеге асырудың негізгі багыттары: рухани және білім беру жүйесін дамыту, мәдени мұраның сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Тарихи және сәулет ескергкіштерін жаңғырту. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру - фольклор, дәстүр, әдет-ғұрыптар. Мемлекеттік тілде гуманитарлық білімнің қорын құру.
«Тәуелсіздік толғауы» атты Елбасының 2014 жылғы 15 желтоқсанындағы сөйлеген сөзінің маңызы. Жаңа Қазақстан - ол ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала мұрагері.
Ұлытау ұлағаты. Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым-Елбасының Ұлытау төрінде берген салиқалы сұхбатының басты мәселесі. Елбасының қазақ тарихын Бәйтерекке теңеуі. Көне түріктердің мемлекеттілігі, Алтын Орданың және Қазақ хандығының тәуелсіз мемлекетке ұласуы туралы қағида. Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауы.
Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи еңбектерінің қазақ тіліне аударылып, қайта басылуы. Елбасының ежелгі Ұлыстар мен Ордалардағы этносаяси үрдістердің қалыптасуына байланысты пікірлері.
2. Ұлттық тарих мәселелеріне арналған «Халық тарих толқынында» арнаулы бағдарламасының қабылдануы. Қазақстан тарих ғылымының алдыңғы қатарлы әдіснама мен әдістеме арқауында сапалық секірісті жүзеге асыруы. Қазақтардың ұлттық тарихының маңызын айшықтау. Ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи деректерді сараптау. Шет елдердегі зерттеулерді қолдану. Аймақтардағы мұражайлар мен тарихи орындарды жаңғырту. Халыққа тарихи патриотизмді сіңіру.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Елбасының «Тарих толқынында» еңбегі не туралы?
2. Н.Ә.Назарбаевтың Ұлытауда берген сұхбатына қандай баға беріңіз.
3. Тарихтың маңызы неде?
Дәріс №14. Жаңа коғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өту маңызы. «Мәңгілік ел» – XXI ғасырдағы Қазакстанның ұлттық идеясы
1. Н.Ә.Назарбаев еңбектерінде Қазақ хандығының - ұлттық мемлекет- тіліктің бастауы ретінде бағалануы. Мәселенің деректік негіздері мен тарихнамасына Қазақ хандығының құрылуына жаңаша көзқарастың пайда болуы. Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас. Қазақ хандарының мемлекеттік қызметін зерттейтін жаңа еңбектердің жарыққа шығуы. Қазақ хандығының550 жылдығын мерекелеуде социомәдени негіздерге байланысты көзқарастардың қайта қаралуы.
Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша тарих айту дәстүрінің, шежіренің, жазбаша тарихнаманың: Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Қадырғали Қасымұлы Жалайридің аса көрнекті еңбектерінің манызының жаңаша бағалануы. Байырғы Қазақ қоғамындағы батырлар мен билер институтын және қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениетін зерттеудегі үдерістер. Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігі.
2. «Мәңгілік ел» - XXI ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы.
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы. «Мәңгілік ел»- ежелгі түркілер мұраты. «Мәңгілік ел» - бабалардан мұраға калған тарихпен суарылған қазақ халқының арманы. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет; жоғарғы мақсаттар; ұлы болашак.
«Мәңгілік елдің» негізгі кезендері: ұлттық мемлекетті кұру және халықты біріктіру идеясының пайда болуы; ұлттық мемлекетті қолдау үшін күрестер; халықты қорғаушылардың қасіреті. Елбасының мемелкеттіліктің жаңғыруы және халықтың бірігуіндегі орны.
Мәңгілік елдің құндылықтары:
1. Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана
2. Ұлттық бірлік, бейбітшілік және біздің қоғамдағы ынтымақтастық
3. Зайырлы қоғам және жоғары руханилық
4. Индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өрлеу
5. Жалпыға бірдей еңбек ету қоғамы
6. Тарихтың, мәдениеттің және тілдің ортақтығы
7. Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуге жаһандық қатысуы.
Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің тарихи маңызы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қазақ хандығы қай жылы құрылды?
2. «Мәңгілік ел» идеясының маңызын түсіндіріңіздер.
3. Түріктердің мәңгілік елі туралы не білесіздер?
Дәріс №15. Қазақстан – әлем мойындаған ел
Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы, оны БҰҰ-на қабылдауы. Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтары. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мақсаттар: халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, мемлекеттің аумақтық тұтастығы және егемендігі. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының көпбағыттылығы. Белсенді, сындарлы және үйлестірілген сыртқы саясатты жүзеге асыру. Жаңа геосаяси жағдайдағы Қазақстан Республикасының бағыты - халықаралық қатынастарда қауіп-қатерді азайтуға ұмтылу.
Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және ипвестициялық қызмет. Қазақстан Республикасының бітімгерлік миссиясы. ҚР-ның Азияда өзара іс-кимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңесті үйымдастыру бойынша бастамасы. Қазақстанның Батыс-Шығыс мәдениаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға қосқан үлесі. Өзара сенімді нығайту жөніндегі бастамалар. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері (2003 ж.). Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және оның нәтижелері. ЕҚЫҰ позициясының нығаюы, ұлттардың әлемдік қауымдастығы тарапынан осы басты саяси ұйымға сенім мен кұрметтің күшеюі. 2010 жылғы 1-2 желтоксандағы Астанадағы Саммит-дүниежүзілік маңызы бар оқиға.
Еуразия идеясының ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың заманауи түсінігінше дамуы, оның Еуразия халықтарының ортақ игілігі үшін өзара тиімді, тығыз өзара қатынастардың қажеттігін негіздеуі. Экономикалық одақ құру туралы келісім. Еуразиялық экономикалык одақ: теория және шындық. Қазақстан, Ресей, Белоруссия: Кедендік одағының құрылуы және қызметінің басталуы, оның маңызы. Біртұтас экономикалық кеңістік кұру идеясы және оны жүзеғе асыру. БЭК-тің келешегі. Қазақстанның Еуразия экономикалық одағына кірудегі перспективалары.
Әлемнің және ЕурАзЭҚ-тың ғаламдық энергетикалық және экологиялық қауіпсіз дамуын құру проблемаларын іргелі теориялық және әдіснамалық зерітеулер топтамасының қорытындысы болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «XXI ғасырдағы жаһандық тұрақты дамудың энергоэкологиялық стратегиясы» кітабы. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының атап өтілуі. Н.Назарбаевтың «Әлем.ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі қағидалары. Соғысқа, ядролық қаруға және терроризмге қарсы күресу жөніндегі бастамалар.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қазақстан БҰҰ-ның мүшелігіне қай жылы қабылданды?
2. ЕҚЫҰ, ЕурАзЭҚ ұйымдары туралы не білесіз?
2.3 Тәжірибе сабақтарының жоспары
1. Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы.
2. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес.
3. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 жылғы көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарас.
4. Азаматтық қарсы тұру жылдарындағы Алаш қозғалысы және большевиктер.
5. Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары.
6. Фашистік басқыншылыққа қарсы күрестегі қазақстандықтардың ерлігі.
7. XX ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік реформалардың Қазақстандағы қайшылықты салдарлары.
8. Кеңестік қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дағдарысы.
9. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси мемлекеттік құрылымының қайта құрылуы.
10. Тәуелсіз Қазақстандағы экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі.
11. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауларындағы тарихи сабақтастық.
12. Қазақстан-2050 стратегиясы: қоғамдық саяси өмірді деморкатияландыру мен жаңарту бағыты.
13. ҚР жастар саясаты жэне тарихпен тәрбиелеу шаралары.
14. Қазақ қоғамының ортақ идеясы - Мәңгілік ел.
15. Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны.
2.4 Студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын өздік жұмыс тапсырмалары
1. Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының тарихи эволюциясы.
2. Түркі халықтарының ойшылдарының еңбектерінің (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, М.Қашқари, Ж.Баласағуни, М.Х.Дулати, Қ.Жалари) тәуелсіз Қазақстанда бағалануы.
3. Археологиялық, жазба мәліметтер, түркі тілдес халықтардың халық ауыз әдебиеті шығармашылығының ескерткіштері.
4. Түркі дәуіріндегі Орталық Азия халықтарының рухани мәдениетінің дамуы мен әдеби дәстүрлерінің қалыптсуы.
5. Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістер және қазақ халқының қалыптасуының кезеңдері.
6. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты енбектерді талдау (Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, А.Байтұрсынұлы және т.б.).
7. 20-30 жылдардағы Кеңестік жүйенің реформаларының қасіретті салдарларына байланысты тарихи зерттеулер.
8. 1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары: ұлттық интеллигенцияның қиын тағдыры құжаттарда.
9. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, коғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
10. Қазақстан Республикасындағы қазақтілінің мәртебесі.
11. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
12. Мемлекеттік бағдарламалар - Қазақстанның рухани жаңаруының басты негіздері.
13. «Нұрлы Жол» бағдарламасы Қазақстанның тұрақты экономикалық тірегі
14. Қазақстанның ғылым, білім, мәдениет саласындағы негізгі даму бағыттары.
15. Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық және дінаралық қатынастардағы үйлесімділік.
-
Студенттердің өздік жұмыстарының тапсырмалары
2.6 Курс бойынша реферат тақырыптары
2.7 Тест тапсырмалары
|
1. |
1992 ж. 2 наурызда Қазақстан өмірінде қандай оқиға болды? 1. Қазақстанның БҰҰ-на өтуі 2. Қазақстан дүниежүзілік банктің мүшесі болды 3. Қазақстан ВОЗ-дың мүшесі болды 4. Қазақстан Халықаралық валюта қорының мүшесі болды 5. Жекешелендіру туралы заң қабылдады |
1 |
|
2. |
1992 жылдың ортасына дейін Қазақстанды тәуелсіз деп таныған мемлекеттер ішінде қандай дамыған мемлекеттер болды? 1. Австралия, ЮАР 2. Бразилия, Чили 3. Канада, АҚШ 4. Филиппины, Сингапур 5. Аргентина, Куба |
3 |
|
3. |
1-ші бесжылдықта салынған Түрксіб темір жолының қандай әлеуметтік-экономикалық маңызы болды? 1. Орта Азия мен Сібір аудандарын байланыстырды 2. Елдің шығыс аудандарының экономикасын көтеруге ықпалын тигізді 3. Шығыс аудандары мәдениетінің дамуына ықпалын тигізді 4. Қазақстандағы жұмысшы табын тәрбиелеуге үлгі болды 5. Барлық аталғандар |
5 |
|
4. |
20-шы жылдардағы Қазақстандағы ірі ғылыми орталықты атаңыз. 1. Қазақ КСР ғылым Академиясы 2. КСРО Ғылым Академиясының Қазақстан базасы 3. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы 4. Қазақстанды зерттеу қоғамы 5. Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімшесі |
4 |
|
5. |
Азамат соғысы жылдары Лениннің тапсыруымен Ақтөбе майданына қару жеткізу экспедициясын басқарған кім? 1. Т.Бокин 2. А.Иманов 3. Ә.Жангелдин 4. А.Розыбакиев 5. Т.Рысқұлов |
3 |
|
6. |
Азамат соғысы жылдарында атаман Анненковтың бұйрығымен «Моңғол» кемесінде кімді тірідей өртеді? 1. А.Мироновті 2. К.Иноземцевті 3. М.Летуновты 4. Я.Ушановты 5. Л.Емелевті |
4 |
|
7. |
Азамат соғысы жылдарында Атбасар уезіндегі партизан қозғалысының ірі орталығын атаңыз. 1. Покров селосы 2. Маринск селосы 3. Николаевск селосы 4. Жуковск селосы 5. Подгорное селосы |
2 |
|
8. |
Азамат соғысы жылдарында қандай темір жол желісі Орал-Ембі мұнайды аймағын Орталық Ресеймен байланыстырды? 1. Транссібір 2. Орынбор-Ташкент 3. Александров-Гай-Ембі 4. Петропавл-Көкшетау 5. Түрксіб |
3 |
|
9. |
Азамат соғысы жылдарында Кеңарал болысында астыртын жұмысты 1916ж көтеріліс жетекшілерінің бірі 1. Т.Бокин басқарды 2. Ө.Ыбыраев басқарды 3. Б.Әшекеев басқарды 4. Ә.Жангельдин басқарды 5. А.Иманов басқарды |
2 |
|
10. |
Азамат соғысынан кейін Қазақстанда өнеркәсіпті қалпына келтіру қашан аяқталды? 1. 1924-1925 ж.ж. 2. 1925-1926 ж.ж. 3. 1926-1929 ж.ж. 4. 1927-1928 ж.ж. 5. 1928-1929 ж.ж. |
4 |
|
11. |
Азамат соғысының барысында қай кезде азық-түлік салғырты енгізілді? 1. 1918 ж. сәуір 2. 1918 ж. мамыр 3. 1918 ж. қараша 4. 1919 ж. қаңтар 5. 1919 ж. наурыз |
4 |
|
12. |
Алаш партиясының жетекшілері Қазан революциясын және қазақ мемлекеттігін кеңестік негізде құру идеясын неге қабылдамады? 1. Қазан төңкерісінен көп бұрын олар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына өз көзқарастары бағдарламасын кең насихаттады 2. Федеративтік Республикаға кірген әрбір мемлекет басқа мемлекеттермен-Федерация мүшелерімен өз бетінше жұмыс істей алады деп санады 3. «Алаш» партиясы ақиқат жағында болды, олар үшін кедейлер-жолдастар, байлар-халық жаулары... 4. Жұмысшылар заңмен қорғалуы тиіс... «Алаш» партиясы бұл мәселе бойынша социал демократтардың меньшевиктік тобы мен басқалардың бағдарламаларын қолдайды 5. Жоғарыда айтылғанның бәрі |
5 |
|
13. |
Алаш үкіметі басшыларының бірі. 1. Байтұрсынов 2. Шоқай 3. Жұмабаев 4. Тынышбаев 5. Бөкейханов |
5 |
|
14. |
Алғашқы қазақ ұлттық театрында қойылған бірінші пьеса. 1. «Шаншар молда» 2. «Ревизор» 3. «Арқалық батыр» 4. «Отелло» 5. «Еңлік-Кебек» |
5 |
|
15. |
Алғашқы ұлттық қазақ театрын кім басқарды? 1. Ж.Шанин 2. С.Қожамқұлов 3. И.Байзақов 4. Қ.Жандарбеков 5. А.Жұбанов |
1 |
|
16. |
Асар дегеніміз не? 1. Жақын адамдардың бір-біріне өте қауырт, қажетті жұмыс кезінде көмекке келуі 2. Туысқан адамдардың бір-біріне ақшалай қарыз беруі 3. Үлкендерге тіл тигізгені үшін айып төлеу 4. Заттарды сақтау немесе сату туралы екі жақтық келісім 5. Жоғарыда айтылғандардың бәрі |
1 |
|
17. |
Астрахань губерниясының құрамында болған Бөкей ордасында Кеңес өкіметі қашан орнады? 1. 1917ж. қазан 2. 1917ж. қараша 3. 1917ж. желтоқсан 4. 1917ж. қаңтар 5. 1917ж. ақпан |
3 |
|
18. |
Ауыл шаруашылық артелінің жарғысын қабылдаған Қазақстанның колхоз екпінділерінің съезі қашан болды? 1. 1935 ж. 2. 1936 ж. 3. 1937 ж. 4. 1934 ж. 5. 1938 ж. |
1 |
|
19. |
Ахмет Байтұрсынов қай жылдары Орынборда тұрды? 1. 1907-1910 ж.ж 2. 1910-1914 ж.ж 3. 1910-1917 ж.ж 4. 1912-1918 ж.ж 5. 1911-1915 ж.ж |
3 |
|
20. |
Бірінші бесжылдық жылдарын атаңыз. 1. 1927-1931 ж.ж. 2. 1928-1932 ж.ж. 3. 1928-1934 ж.ж. 4. 1927-1932 ж.ж. 5. 1929-1934 ж.ж. |
2 |
|
21. |
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагерін қалай атады? 1. Ауысып келгендерге арналған лагерь 2. Өлілердің лагері 3. АЛЖИР 4. Степлаг 5. Үмітін жоғалтқандар лагері |
2 |
|
22. |
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстанда бір күндік орташа жалақының мөлшері қандай болды? 1. 20 тиын 2. 50 тиын 3. 1 сом 50 тиын 4. 2 сом 5. 3 сом |
1 |
|
23. |
Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстанның дамуына қалай әсер етті? 1. Экономикалық дағдарыс күшейді 2. Аумақтағы әлеуметтік қайшылықтың күшеюі 3. Революциялық күрес үшін алғышарттар жасалды 4. Ер адамдардың жетіспеуіне байланысты ауыл шаруашылығы төмендеді 5. Барлық аталғандар |
5 |
|
24. |
Голощекин қашан Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы болды? 1. 1920-1930 ж.ж. 2. 1925-1933 ж.ж. 3. 1925-1939 ж.ж. 4. 1923-1936 ж.ж. 5. 1920-1940 ж.ж. |
2 |
|
25. |
Егеменді Қазақстан Республикасының Декларациясы қай жылы қабылданды? 1. 1990ж 2. 1991ж 3. 1989ж 4. 1992ж 5. 1987ж |
1 |
|
26. |
Екі мәрте Совет Одағының Батыры атағын алған Т.Бигелдинов Ұлы Отан соғысында кім болып шайқасты? 1. Танкист 2. Ұшқыш 3. Артиллерист 4. Барлаушы 5. Партизан |
2 |
|
27. |
Жаңа экономикалық саясат неге рұқсат берді? 1. Арендаға жер алу, беру 2. Жалдамалы жұмысты пайдалану 3. Кооперацияны дамыту 4. азық-түлік салығы 5. Барлық аталғандар |
5 |
|
28. |
Жаппай коллективтендіруге қарсы халық көтерілісі кезінде көтерісшілер аудан орталығын басып алған жер? 1. Бетпақ дала 2. Қарақұм 3. Созақ 4. Абралы 5. Сарысу |
3 |
|
29. |
Жергілікті өкімет органдарына көмектесу, Кеңес өкіметінің декреттерін, Компартияның ұлт саясатын насихаттау үшін «Қызыл керуендер» далаларына қашан жіберілді? 1. 1920 ж 2. 1922 ж 3. 1923 ж 4. 1925 ж 5. 1926 ж |
2 |
|
30. |
Жетісудағы 1916жылғы көтерілістің жетекшілерінің бірі. 1. Б.Әшекеев 2. Ә.Жангелдин 3. А.Иманов 4. С.Сейфуллин 5. С.Мендешев |
1 |
|
31. |
ЖЭС жылдары ауыл шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлді. Нәтижесінде егіс көлемі 1928 жылы 1913 жылғы деңгейге жетті, яғни қанша гектар болды? 1. 2 млн. га 2. 2,5 млн. га 3. 3 млн. га 4. 4,4 млн. га 5. 5 млн. га |
4 |
|
32. |
ЖЭС жылдары салықтан құралған қор қайда жұмсалды? 1. Қорғаныс ісіне 2. Ағарту саласына 3. Ауыл шаруашылығына көмекке 4. Ірі өнеркәсіпті дамытуға 5. Барлық аталғандарға |
5 |
|
33. |
ЖЭС жылдарында Қазақстанда кәсіподақтың рөлі қандай болды? 1. Жұмысшыларды қамсыздандыруды ұйымдастырды 2. Сауатсыздықпен күресті 3. Сембіліктер ұйымдастырды 4. Кәсіподаққа қазақ жұмысшыларын тартты 5. Барлық аталғандар |
3 |
|
34. |
ЖЭСжылдары Ембі мұнайын өндеуден түскен пайданың қанша проценті қазақ өлкелік бюджетіне түсті? 1. 2 % 2. 5 % 3. 8 % 4. 10 % 5. 12 % |
2 |
|
35. |
ЖЭС-қа көшуімен мал шаруашылығы кризистен шықты. Мал саны 1925 жылы 1922 жылғымен салыстырғанда қанша есе өсті? 1. 5 есе 2. 3 есе 3. 2,5 есе 4. 2 есе 5. 4 есе |
3 |
|
36. |
Индустрияландыру дегеніміз не: 1. Ауыл шаруашылығын машина техникасымен жарақтандыру 2. Жеңіл және ауыр өнеркәсіптің даму процесі 3. Тамақ өнеркәсібінің дамуы 4. Халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру инфраструктурасының дамуымен және индустрияланған халықтың пайда болуымен жүзеге асуы 5. Демократиялық реформалар партиясы |
4 |
|
37. |
Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда салынған Екінші Баку аталған жаңа мұнай базасын атаңыз. 1. Ембі мұнай кәсіпорны 2. Мұнайы 3. Жаңа өзен 4. Теңіз мұнайы 5. Барлық аталғандар |
1 |
|
38. |
Индустрияландырудың қарсаңында Қазақстанда академик Губкиннің басшылығындағы экспедиция нені зерттеді? 1. Минералды-шикізат ресурсын 2. Орал-Ембі мұнай ауданын 3. Жезқазған мысын 4. Жамбыл облысындағы минералды тыңайтқыш шикізатын 5. Солтүстік Қазақстандағы темір рудасының қорын |
2 |
|
39. |
Қ.Сәтбаев қандай еңбегі үшін Мемлекеттік сыйлық алды? 1. Қарудың жаңа түрін тапқаны үшін 2. Қаз. КСР ҒА-сын басқарғаны үшін 3. Шығыс Қазақстан кен орындарын зерттегені үшін 4. Жезқазған мыс кенін зерттегені үшін 5. Майданға жеке көп мөлшерде ақшалай жәрдем бергені үшін |
4 |
|
40. |
Қаз АКСР-нің Халық Комиссарлар Кеңесі «орыс және қырғыз (қазақ) тілін пайдалану тәртібі туралы» декретін қашан қабылдады? 1. 1920 ж. қаңтар 2. 1921 ж. қаңтар 3. 1922 ж. қаңтар 4. 1923 ж. қаңтар 5. 1924 ж. қаңтар |
2 |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кәзіргі заманғы Қазақстан тарихы оқу әдістемелік құралы

шағым қалдыра аласыз