400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кейіпкер мен портрет

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ақындарға өлең шығаруға арналған әдіс-тәсілдер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Өлеңге қадам: жас ақындарға арналған құрал.

Өлең шығаруда кейіптеу мен портрет жазуға арналған тапсырмалар


Дайындаған: Кобегенова Болар Саттигуловна,

«М. Бегенов атындағы жалпы білім

беретін мектеп» КММ-нің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Өлеңдегі көркемдік тәсілдер. Кейіптеу.

Әдеби-теориялық ұғым. Кейіптеу дегеніміз - табиғаттағы жансыз нәрсені жандандыра отырып суреттеу.

Мысалы: Қомағай қара топырақ бүлкіл қағып,

Асығып екі жастың қанын ішті.

М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Бұл шығармада қара топырақты жандандырып тұр. Оны қомағай етіп, екі жастың қанын ішкізді.



1-тапсырма. «Ұйқасын тап» әдісі. Берілген өлеңнің ұйқасын тауып, толықтырыңыз. Сіз қолданған ұйқас өлеңге қандай әсер берді? Жансыз нәрселер жанданды ма? Автор кейіптеуді не үшін қолданды деп ойлайсыз? Ол өлеңге өң беріп тұр ма?

Күн де … , жадырап, сәуле … ,

Ала бұлттар сырыңды … …. .

Қара жер де жатырған … …. ,

Аспан мен жер айқасып, … .

Керекті сөздер: күліп, шашып, ала қашты, құшақ ашып, араласты.



2-тапсырма. «Суретті сөз» әдісі. Берілген суретті пайдаланып, табиғатты жандандырыңыз.

Қосымша сұрақтар:

  1. Суретте жылдың қандай мезгілі бейнеленген?

  2. Ағаштар қалай салынған? Жапырақтары қайда?

  3. Арғы жағындағы көрініске не айтуға болады?

  4. Осы табиғатты қалай жандандыруға болады?



3-тапсырма. «Жанданған заттар» әдісі. Берілген заттарды жандандырыңыз.



Жетелеу сұрақтары:

  1. Кітап не істейді? Қандай көмегі бар?

  2. Құс сөйлей ма?

  3. Сағат не істейді?

Осы заттарды қолдана отырып, өлең шығарыңыз. Берілген заттарды жандандырыңыз.



Үлгі: Кітап менен ақылын аямады,

Жүрегімді әлдилеп, аялады.

Ақыл берді, кітабым, сезім берді,

Жанымның жасыл көркем саябағы.

4-тапсырма. «Қарама-қарсы элементтер» әдісі. Берілген адамдық қасиеттердің қарама-қарсы элементін тауып, жандандырыңыз. Жанданған сөздерден өлең құрап көріңіз.

Ерлік, арман, адалдық, жақсылық, достық.

Үлгі: Адалдықтар азайып бара жатыр,

Арамдық күліп тұрған қоғамда бұл.

Жанымның нәзік қылы дірілдейді,

Үркіп қарап саған да, маған да бір.



Өлеңдегі көркемдік тәсіл. Портрет.

Әдеби-теориялық ұғым. Портрет дегеніміз – адамның сыртқы тұлғасы, бет-әлпеті, жүріс-тұрысын суреттейтін тәсіл.

Мысалы: Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай,

Бір соған біар сұлулық жиылғандай.

Торғын ет, шапақтай бет, тісі – меруерт,

Сөздері – су сылдырлап құйылғандай.

Бір улап көзқарасы, бір айнытқан,

Жұлдыздай еркелеген сөнбей-жанбай.

Лебізі – жібек лебі, жұмақ желі,

Кәусардай тартқан адам қалар қанбай.

М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

5-тапсырма. Берілген портретті өлеңге айналдырып көріңіз.

Сол төрт ұлдың ортасында бұлаңдап өскен Шұға дейтін қызы болды. Шұға десе-ақ Шұға! Шұға, өй, шіркіннің өзі де келбетті-ақ еді… ақ құба, талдырмаш, көзі қап-қара, осы, үріп ауызға салғандай еді.

Б.Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты

6-тапсырма. Берілген суретке қарап, портретін жазып көріңіз. Жазған портретті өлеңге айналдырыңыз.

  1. Берілген суретте кімдер бейнеленген?

  2. Олар қалай бейнеленген?

  3. Көзі, мұрыны, беті, қасы қалай бейнеленген?

  4. Үстеріндегі киімі қалай көрініп тұр?

7-тапсырма. Кейіпкердің сыртқы келбетін (беті, келбеті, көз жанары, ,шашы, мүсін) поэтикалық түрде сипаттаңыз.

Мысалы: М. Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы ана бейнесі.

8-тапсырма. «Бір сәтті суреттеу» әдісі. Кейіпкердің белгілі бір әрекетін немесе бір сәттегі күйін өлеңге айналдырыңыз.

1. Жас суретшінің кенеп алдында сурет салып отырған сәті

2. Ұршық иіріп отырған әже

3. Бесік тербетіп отырған ана



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.05.2025
227
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі