400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кейіпкерлер арқылы достықты насихаттау

Материал туралы қысқаша түсінік
11
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиет сабағында кейіпкерлер арқылы достықты насихаттау жолдары.


Әдебиет – оқушылардың ой - өрісін кейтіп, әрі оларды сөз өнеріне, сөйлеу техникасына үйретіп, шешен, шебер сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын пән. Сондықтан текст талдауға байланысты жүргізілетін жұмыс түрлерін бір жақты ұйымдастырмай, оқушылардың сөйлеу, пікір алысу дағдыларын ұштай түсу қажет.

Әдебиеттегі көркем кейіпкерлер оқушы бойына жақсы қасиеттер дарытады. Интернационалдық тәрбие пән ерекшелігіне қарай оқу процесінде жүзеге асырылады.

5-8 сыныптарда әдебиет бағдарламасында Кеңес Одағы халықтарының достығы мен бірлігін көрсететін көптеген шығармалар бар.

«Бала Шоқан» С.Бегалин, Ә.Шәріпов «Партизан қызы», М.Әуезов «Бүркітші», М.Мағауин «Бір атаның балалары», Н.Байғанин «Ер туралы жыр».

Осы шығармаларды өткенде аса бір зор дайындықпен, әдістемелік шеберлік арқылы әр түрлі әдіспен интернационалдық туысқандықты шәкірттер санасына ұқтыра білу қажет.

С.Бегалин «Бала Шоқан» - (5 сынып) әңгімесін оқытқанда, жаңа сабаққа кіріспе бөлімінде Ш.Уәлихановтың қазақтан шыққан аса дарынды ғалым болғандығын айта келіп, Қазақстан тарихымен байланыстырып, оның осындай дәрежеге көтеріле алуына орыстың Семенов-Тянь-Шянский, Потанин, Н.Чернышевский сияқты ғалымдары мен Достаевский, Дуров сияқты алдыңғы қатарлы жазушылардың зор ықпалы болғандығын баян еттім. Бұлар жай ықпал етіп қана қойған жоқ, Шоқанмен өте жақын достасты.

Әділетсіздік үстем еткен дәуірде, қазақтарды бұратана деген ұлттық кемсітушілік заманында, орыстың алдыңғы қатарлы адамдарының Ш.Уәлихановпен жақындасуы, достасуы сол кездің өзінде – ақ халықтар арасында туысқандық бірлікті көрсететінін әңгімелей кеттім. Мысал ретінде Шоқанның Достаевскийге жазған хатын оқып бердім.

«Аса құрметті Федор Михайлович сәті түсіп, сізге осы хатты жазып отырмын. Сіз кеткеннен кейін мен сіздің қалада бір-ақ түнеп, ертеңіне жолға шықтым. Сол күні кеште мен керемет көңілсіз болдым. Өзіңді жанымдай жақсы көріп, бір-бірімен қатты қадірлесіп кеткен адамдармен айырлысу тіпті ауыр болады екен».

Әңгімені одан әрмен талдай отырып төмендегі сұрақтарды қоямын.

  • Бала Шоқан өзге ұлттың қандай адамымен достасты?

  • Сотников.

  • Бала Шоқанға Сотниковтың қандай қасиеттері ұнады?

  • Сотников ауылға келген күні балалармен әңгімелесіп, үйір бола бастады, оқып жүрген сабақтарын сұрады. Әсіресе Шоқанға оның жылтыр қағазға жердің, таудың суреттерін сызып, неше түрлі шимай салуы ұнады.

Сұрақтарға жауап ала отырып, Сотниковтың халық талантын бағалаған жерін әңгімеден тауып оқыттым.

Қарапайым орыс ұлы Сотников қазақ балаларынан жиренбеді, керісінше оған жақындай түскендігін, ақырында осынау халықтың талантына қайран қалып, оларды оқыту қажеттігін айтқандығын түсіндірдім.

Әдебиетте адамдар арасындағы достық көркем шығармаларда сәл ғана деталь арқылы ашылады. Мұғалім міндеті – соны анықтай отырып, шәкірттерге тапсырма беру.

М.Әуезов шығармасындағы «Бүркітші» әңгімесі. Бекбол мен Александр достығының көрініс беретін жері осының дәлелі. Бірін – бірі білетін екі қазақ көріскен сәтте құшақтаса бермейді, өзара достасқан, туысқан жандар ғана осылай істейді. Жаңа ғана қауіп-қатерден құтылған Бекбол Александрды көрісімен-ақ құшақтай амандасады. Ал Александр болса жауды қоршап алып, қолға түсіру сәтінде Бекболдың амандығына барынша мән береді, ең алдымен ойлағаны Бекбол еді. Бәрі әншейін қамқорсу емес, «Бекболдың талай жылғы досы, талай қыста маңда қатар жүріп, бірге сынасқан, сеніскен досы – Александр».

Бұл екеуі ұлт өкілін жақындатқан, туысқан еткен тап жауларына қарсы күрес. Таптық күрес достарды алшақтатпайды, жақындата түседі.

«Бір атаның балалары». Ол жетпіске келген Ахмет қарт. Ахмет үшін тәрбиелеген балалардың түр-түсі, тілі, ұлты бәрібір.

Ұлы Отан соғысы халықтар арасындағы шынайы достықтың куәсі болды. Майдан окоптарында орыс, украин, белорус, қазақтар бір ыдыспен тамақ ішсе, Белоруссия мен Украина ормандарында қатігез жауға қосқол қарсы тұрды, ал тылда жанқиярлық пен ерліктің тамаша үлгісін көрсете білді. А.Матросовтың ерлігін – Сұлтан Баймағанбетов, Гастеллоның қаһармандығын – Нүркен Әбдіров.

Ә.Шәріпов «Партизан қызы».

Сұрақтар:

  • Андрей, Тарас, Жазылбек арасындағы достық қандай оқиғалардан көрінді?

  • Олар барлауға бірге аттанып жүрді, немістермен ұрыста бірін-бірі қорғай білді.

  • Алғаш Жамалға кездескенде Андрей «біздің семьяға тағы бір жауынгер қосылды» деп қуанды.

  • Тағы кімдердің арасындағы достықты атай алар едіңдер?

  • Рябушкин қарт пен Жамал, Жамал мен Тамара. Әкелік мейірімін төгіп, паналата білді, жаудан жасырды. Бейтаныс жанның бұлай істеуі – адамның адамға деген ізгілігі, мейірбандығы. Ал бұл қасиеттер бастауы достықта жатыр. Достық Отанға шексіз сүйіспеншіліктен туындаған. Рябушкин жау қолында уақытша қалып қансыраған, жараланған туған жерін сүйеді, сондықтан да ол немістер бұл аймақты басып алып, қан жоса етсе де, олардан қорқа алмады, туған жерін тастап кете алмады.

  • Балалар, қарттың Жамалға кездесіп алғаш тіл қатқан жерін текстен кім тауып оқып береді?

  • Қызым, сен неғып жүрген адамсың?

  • Жамалға қызым деп өзімсіне әкелік көңілмен тіл қатқан қарттың бұларға жаны ашып, аяғандықтан көңілі де босап кетеді.

Одан әрі қазақ қызы Жамал мен беларус қызы Тамараның арасындағы жақынжықты талдай отырып, бұл біздің Отанымыздағы қоғамға тән құбылыс екендігін ашып көрсете білу.

Сабақты қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, қорытынды бөлімінде оқушылардың назарын елдегі молдава, татар, тәжік еңбек еткендігін, ұрпақ өсіріп отырғандығын әңгімеледім.

Әдебиет сабағында оқушыларға интернационалдық тәрбие берудің жолдары өте көп, міне, мен соның бір ғана түріне – кейіпкерлер арқылы достықты көрсету тәсіліне тоқталдым.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
358
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі