Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кел Жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл!


1-жүргізуші: ____________

2-жүргізуші :____________
1 – жүргізуші:
– Армысыздар шабытты шәкірттер, Ұлағатты ұстаздар!
2 – жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1 – жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2– жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
1– жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
2 – жүргізуші:  Жарайды, мен келістім.
Ендеше бастасақ, бастайық.

1-жүргізуші :Шырша маңына жақындау үшін, сынып жетекшілеріңізге сұрақтар қоямыз.

  1. 5а Кәмшат Жасулановна сіздің сүйіп тыңдайтын әніңіз қай ән? Сол әннен бір шумақ орындап беріңізші және сыныбыңыздың шырша жанына келуге көмек беріңізші!
    Жауап:——————————————————————————————

  2. Сағыныш Мағауияқызы сіздің ұнататын сыйлығыңыз қайсы?
    Жауап :—————————————————————————————

  3. 6а Жаңа жылға байланысты 1 шумақ өлең айтыңыз

  4. 6б Аяулы Нұрғалиқызы сыныбыңыздан екі-үш қыз алып билеп беріңіз

2 жүргізуші: – Мына қапта не бар екен балалар? Аяз атаның сыйлығы болар!? Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып та

тұрмын.Ашшы сен ______
1 – жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1.. 2.. 3 дегенде  қаптың   аузын бірге ашайық.
2 – жүргізуші:  Жарайды, мен келістім. Ендеше бастасақ, бастайық.
Мыстан кемпір: Жаңа жыл құтты болсын! Сіздермен көңілді мереке кешін өткізуге келдім. Қалай қарайсыңдар!
Мыстан кемпір: Кешті көңілді өткізу өз қолымызда ғой. Солай ғой достар!
1 – жүргізуші: – Жә, жә  қандай қызықтарыңыз бар!

Мыстан кемпір: Мен сіздерге жұмбақ жасырамын! Шешесіңдер ме, балалар!

/ балалар жауап береді/

Жұмбақ:

Қатал емес, мейірімді.

Қатты емес, әділетті.

Қыстай қатты суық емес,

Тілегі ыстық, тәп – тәтті.

(Мектеп директоры)

1-жүргізуші: 5 б сыныбының өнерін тамашалайық

2 – жүргізуші:  Дұрыс айтасыздар! Құрметті жамағат “Жақсы сөз – жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы  Авленов Абай Таласовичқа беріледі.

1-жүргізуші: Достар, сіздердің көңілдеріңді жақсы тілек бір көтерсе, біздің әнімізбен тағы да бір көңілденіп алайық. Ендеше сыныптың аруларының өнерлерін тамашалайық. Кезек әсем әнде.

Ән: 

Орындайтындар: 6 Б

2- жүргізуші:

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,

Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым!

2 жүргізуші:- __________ біз осы бір нәрсені ұмытып кеттік қой!

1- жүргізуші: –  Нені ұмыттық!

2- жүргізуші :-Осы біздің көне жылмен қоштасып, жаңа жылмен достасатынымызды ұмыттып кеткен сияқтымыз.

1– жүргізуші: –  Ия, ия, мен де оларды таппай тұрмын? Олай болса, көне жылды шақырайық.

/ ортаға көне жыл келеді/

2-жүргізуші: 5 «а» өнерін тамашалаңыздар

1-жүргізуші: – Балалар біздің шыршаның Аяз атасы келді!

2-жүргізуші:  -Бірақ оны Ескі жыл менің шартымды орындасаңдар жіберемін деп жатыр.Орындайсыздар ма?

–          Ия, ия!!!

  1. Жүргізуші: Ескі жыл біздің мерекеге қош келдіңіз. Ақ тілегіңізбен бірге , өз шартыңызды айтып берсеңіз. Балалар Аяз ата мен Ақша қарды сағынып қалды!

Менің шартым. Әр сыныптан топтық би көрсетулері керек. Ал оны билеу мына қағаздағы жазылған би түрлерін таңдаудан басталады.

(1 лезгинка, 2 қара жорға, 3 орыс биі)

/ Ортаға 3 оқушы шығады да, таңдап алынған қағазда жазылған биге билейді/

Ескі жыл:– Ал балалар, сіздер өте талапты, өнерлі екенсіздер.Енді менімен бірге Аяз атаны шақырып алайық!!!

-Аяз ата,...... Аяз ата,.............. Аяз ата…...............

Аяз ата: – Сәлем балалар!!!

–          Мен сіздерге осы мерекенің белгісі Жаңа жылды ала келдім. Қарсы аласыздар ма!

–          Ия,Ия…

Жаңа Жыл,............Жаңа Жыл,........Жаңа Жыл.......

/ Ортаға жаңа жыл келеді/

–          Ендеше маған өнерлеріңді көрсетесіздер!!! Келісесіздер ме!!!

–          Ия, ия…

2-жүргізуші: 6 а сынып оқушыларының биін тамашалныздар.

1-жүргізуші:

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл

Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!…

Де келе 5а сынып оқушыларын шақырамыз _________________________________


2-жүргізуші:  Жаңа Жылда құтты қонақтарымызға да ойын ойнатайық. Аяз ата мен Ақшақарымыз бар. Жаңа жыл мен Мыстан әжеміз де бар.

1-жүргізуші: ______Ойын_________________________________________

2-жүргізуші: Осындай көніл күймен 6 а сынып оқушыларының орындауында ән


1-жүргізуші:

Жаңа жыл: Туғызар айды бүгін

Әр күнім айбынды күн

Күлімдеп нұр шығады

Әкеліп бейбіт күнді

Ешбір жан болмас мұңды

2-жүргізуші: Доңыз жылында қандай тілектер тілейсің?

1-жүргізуші: Мен бе? Менің тілегім айта берсем көп қой. Бірақ соның маңыздыларын айтар болсам, келесіде Аяз Ата мен Ақшақарды қарсы алайық! Ұстаздарымызға шығармашылық шәкірттеріне жетістіктер тілеймін! Ата-анамыздың аман болуын тілеймін! Тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуын тілеймін!

2-жүргізуші: мен де бір тілек айтып жіберейінші. Ит жылы тек күлкіден айырмасын!

1-жүргізуші: Аааа, күлкі демекші тағы да биге кезек берейік. 6 б сынып оқушыларының ұлдарының биін

Аяз Ата: Жарайсыңдар балаларым! Жаңа жылды араларыңа қосып, көңілім шаттанып  қалды.Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар.

/ Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салу/

Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!

(қолдарын бұлғап шығып кетеді)

 2- жүргіуші:Аяз ата сізге көп-көп рахмат. Біз сізді келесі жылы тағы да күтеміз.Қош сау болыңыз!!

Балалар: – Ендеше, достар бір-бірімізге жасаған сыйлықтарымызды табыс етейік.

/Әрі қарай кеш би мен жалғасып, 2-3 бимен кеш аяқталады/

 

2жүргізуші:-Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар Жаңа жылда Сіздерге бақыт, табыс, оқуда алғырлық, тапқырлық ,еңбекте табыстар тілей отырып Жаңа жылды күтіп алу кеші осымен аяқталады.Келесі кездескенше хош аман сау болыныздар!






































Тақырыбы:

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!





Сыныбы: 5-6

Сынып жетекшісі: Тұрлыбекова А.Н




201
8 жыл



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.01.2019
444
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12