Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл мерекесі туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Балалардың көңіл күйлерін көтеру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Бұлан «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені

















Тақырыбы:



«Бақытты балалық шақ»

(ойын-сауық)













Дайындаған: Адилгереева Г. М.

Дилмуханова Г. Е.



2021 оқу жылы







«Бекітемін»

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Н. Б. Кажгереев




Тақырыбы: «Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл»

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй тудыру. Шыршаның сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз атаның, ақшақардың карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді бірлескен ойындар ойнату. Достық қарым-қатынас орнату.



Зал іші «Жаңа жыл» мерекесіне сай әсем безендірілген. Ортада безендірілген шырша тұр.

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін.

Құтты болсын,

Жаңа жылың тағы да.

Қол соғып қарсы алайық,

Шақырайық ортаға

Ертеңгілік басталсын,

«Балбөбек», «Айгөлек», «даярлық» тобында

(Балалар кіріп, шыршаны айналып тұрады)

Жүргізуші: Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөз мектеп директоры М. Ж. Байниязоваға беріледі.


(Музыка қосылып, Сиқыршы шыр айналып кіреді).

Сиқыршы: Келді міне Жаңа жыл

Азаймасын ән мен жыр.

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын Жаңа жыл!

Құттықтаймын сіздерді

Тезірек мұнда жиналыңдар.

Басталады Жаңа жылдық кешіміз

Маска да бар, би де бар асығыңдар

Жаңа жылдың қонақтарын қарсы алыңдар

(Қол соғып киінген ата-аналар кіреді).


Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп-әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып алыппыз. Бірақ .... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен сендердің әдемі сөздеріңмен шыршаның шамын жағайық.




Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат

Шамдарыңды жарқырат.

(Шырша шамы жанады).


Жүргізуші: Міне керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.

Ән: «Шырша жыры»


Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Айтыңдаршы Жаңа жылда бізге қонаққа кім келеді. (Балалардың жауабы)


  • Қанекей, ендеше бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Бәрі: - Аяз ата, Ақшақар Ау-у-у! 3 рет.


Аю: Саламатсыңдар ма, балалар! Жаңа жылдарыңмен! Мен қысқы ұйқыда болатынмын. Қатты айқай шу, тасыр-тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір-ақ сөз «Жаңа жыл келіп қалды, Жаңа жыл» дейді. Машаны іздеп, осында болар деп келдім.

Жүргізуші: Балалар бұл кім?

  • Аю

Жүргізуші: -Иә «Маша мен аю» мултьфилмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес...

  • Иә


( Осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)


Маша: -Керемет... (деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады)

Аю: -Әрең таптым –ау сені, қасқыр жеп қойған шығар деп едім (деп барып құшақтайды).


Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар, ән айтып, би билеңіздер (екеуі қуанып, балалардың жанына келеді).

Би: «Маша мен Аю»

Жүргізуші: Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік.... (ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады).

Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә бұл мен күлдіргішпін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қараңғы. Ал мұнда, сондай тамаша екен! Менде сендермен Жаңа жылды қарсы алайыншы. (Шыршаға қарап)

Жүргізуші: Ендеше балалар Аю мен Машаны, Күлдіргішті ортаға алып шыршаны айнала би билейік.

Шырша дейміз елканы,

Балалар билеп қоршады.

Түрлі-түсті ойыншық,

Шыршада көз тартады.




-Ой балалар шыршада Аяз ата мен Ақшақар жетіспейді ғой.


Жүргізуші: Ендеше балалар Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Қоңырау үні сыңғырла,

Аяз ата, Ақшақар.

Тез келіңдер ортаға

Біз сендерді сағындық

Аяз ата, Ақшақар- 3 рет

(Әуенмен Аяз ата мен Ақшақар келеді).


Аяз ата: Құтты болсын балалар,

Жаңа келген жылдарың.

Алаңдамай өсіңдер,

Еркелеп қыз, ұлдарым.

Өткен жылы келіп ем,

Бәріңді де көріп ем.

Жыл өткізіп келем деп,

Уәдемді беріп ем.

Ойларың мен бойларың да,

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал мен кіммін айтыңдаршы,

Мені тани алдыңдар ма?

-Аяз ата


Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіндірер маңайды,

Ақшақармын арайлы.

Жалт-жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын,

Қалай тыныш жатпақпын.

Менсіз қыстың сәні жоқ,

Әнмін, жырмын, тақпақпын.


Жаңа жыл: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба?Мен сіздерге сондай асықтым, Кешігем деп қатты қорықтым. Менің ең жақсы қасиетім – шапшаңдығым.


Жүргізуші: Балалар Аяз атамыз бен Ақшақарды, Жаңа жылымызды ортаға алып, шыршамызды айналайық.

Би: «Кішкентай гномдар» ( шағын орталық «Айгөлек» тобы).


  • Ендеше Аяз ата «Айгөлек» тобының бүлдіршіндерінің тақпақтарын тыңдайық.






Ескі жыл: Бір жыл бойы сендермен

Бірге жүрдім ойнадым.

Енді міне балалар,

Кезек келді қоштасар

Жүргізуші: Шынымен де, балалар біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз.

Бәрі: Қош, қош, ескі жыл!


Жүргізуші:

Би: «Жаңа жылдық Флешмоб»

«Балбөбек» тобының бүлдіршіндерінің тақпақтырын тыңдайық.


Шыршаны айнала ән айту.


Жүргізуші:

Би: «Флешмоб»

Мектеп алды даярлық тобының тақпақтарына құлақ түрелік.


Аяз ата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.


Балаларға сыйлыққа демеушілік жасаған Кужасов Адилбек Амантаевич, Сұлтанов Ержігіт Оңғарұлына және де,

Аяз ата дорбасына Мусин Амангелді Масгутович,

Алпамышов Кенжебек Каримуллаұлы, Сарсенбаева Динара Алмазқызына мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз.


Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарыңда ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.

Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын!

Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді).

Балалар: Сау болыңыздар!


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!



























Сиқыршы: Жаңа жыл келді

Азаймасын ән мен жыр.

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын Жаңа жыл!

Құттықтаймын сіздерді

Тезірек мұнда жииналыңдар.

Басталады Жаңа жылдық кешіміз

Маска да бар, би де бар асығыңдар

Жаңа жылдың қонақтарын қарсы алыңдар

(Қол соғып киінген ата-аналар кіреді).


Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп-әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қалыппыз. Бірақ .... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық.





Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат

Шамдарыңды жарқырат.

(Шырша шамы жанады).





Аю: Саламатсыңдар ма, балалар! Жаңа жылдарыңмен! Мен қысқы ұйқыда болатынмын. Қатты айқай шу, тасыр-тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір-ақ сөз «Жаңа жыл келіп қалды, Жаңа жыл» дейді. Машаны іздеп, осында болар деп келдім.

Аю: -Әрең таптым –ау сені, қасқыр жеп қойған шығар деп едім (деп барып құшақтайды).





Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә бұл мен күлдіргішпін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қараңғы. Ал мұнда, сондай тамаша екен! Менде сендермен Жаңа жылды қарсы алайыншы. (Шыршаға қарап)

Шырша дейміз елканы,

Балалар билеп қоршады.

Түрлі-түсті ойыншық,

Шыршада көз тартады.

-Ой балалар шыршада Аяз ата мен Ақшақар жетіспейді ғой.








Бәрі: Қоңырау үні сыңғырла,

Аяз ата, Ақшақар.

Тез келіңдер ортаға

Біз сендерді сағындық





Аяз ата: Құтты болсын балалар,

Жаңа келген жылдарың.

Алаңдамай өсіңдер,

Еркелеп қыз, ұлдарым.

Өткен жылы келіп ем,

Бәріңді де көріп ем.

Жыл өткізіп келем деп,

Уәдемді беріп ем.

Ойларың мен бойларың да,

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал мен кіммін айтыңдаршы,

Мені тани алдыңдар ма?



Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарыңда ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.

Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын!

Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді).



















Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіндірер маңайды,

Ақшақармын арайлы.

Жалт-жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын,

Қалай тыныш жатпақпын.

Менсіз қыстың сәні жоқ,

Әнмін, жырмын, тақпақпын.










Ескі жыл: Бір жыл бойы сендермен

Бірге жүрдім ойнадым.

Енді міне балалар,

Кезек келді қоштасар









































Жалпы білім беретін Бұлан орта

мектеп-балабақша кешенінің

«Балбөбек» тобының

тәрбиеленушілеріне

16 желтоқсанға орай

«Тәуелсіз Қазақстан» атты

мерекелік ертеңгілік

өткендігі туралы



Анықтама


15 желтоқсан күні- «Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік ертеңгілік болып өтті.

Балалар ҚР рәміздері туралы, Астана қаласы, елбасымыз Н. Ә. Назарбаев туралы толық мағлұмат алды. Өздерінің мерекеге арнайы жаттаған тақпақтарын, өлеңдерін ортаға салды. Ұл балалар «сарбаздар» биін биледі.

Ертеңгілік өз дәрежесінде өтіп, балалардың көңіл-күйлері көтеріліп, қуанып қалды.








Тәрбиешілер: Ихсанова О.Т.

Адилгереева Г. М.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2021
246
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12