жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл!» (II кіші «Қарлығаш» тобының жаңа жылдық ертеңгілігі
№7 «Еркетай» бөбекжай-балабақшасы
«Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл!»
(II кіші «Қарлығаш» тобының жаңа жылдық ертеңгілігі)
Орындаған:Дүйсенбина.Б
2018-2019 оқу жылы
Музыка залы әдемі безендірілген.Балалар кіріп әдемі музыкаға билейді.
Сырттан сөз сөйленеді.
Жүр: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын
Көргендер де,көрмеген де арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
«Ботақан» тобының жаңа жылдық ертеңгілігін бастайық.
(Музыка әуенімен Ит пен Әтеш шығады)
Ит: Саламатсыздар ма балалар, далада қар жауып тұр,өлкемізге жаңа жыл мерекесі келді.
Әтеш: Менің ең жақсы көретін мерекем жаңа жыл.
Ит: Ал енді біз сендермен танысайық. Мен келер жыл ит боламын,мен сіздермен бір жыл бойы бірге боламын.Ал қасымдағы досым кетер жыл Әтеш болады.
Әтеш: Ойын,күлкі,би билеп,
Жаңа жылым келіп қалды
Аяз ата сыйлықтарын
Бізге алыстан алып келе жатыр
Ит: Балалар, Аяз ата бізге не акеледі?
Балалар: Сыйлықтар
Ит: Дұрыс айтасындар
Әтеш:Ал,мен аяз атаның қандай сыйлықтар әкелетінің ұмытып қалдым.
Балалар Мүмкін есіме түсіруге көмектесерсіндер ме маған.
Бізбен бір ойын ойнайсындар ма?.
Ойын: «Қапшықта не бар?»
Дұрысын айтсам қолмен шапалақтайсындар,ал дұрыс айтпасам аяқпен топылдатасындар.
Аяз атаның қапшығында палас болама? (Аяқпен топылдатады)
Мүмкін орындық?
Қапшықта шоколадпа! (қолмен шапалақтайды)
Карамельки, мармеладки!
Мүмкін гүл болады? (Аяқпен топылдатады.)
Машиналарма? ()
Мандарин мен апельсин! (Қолмен шапалақтайды)
Сандықшама? (Дети топают ножками.)
Ойыншықтарма! (Дети хлопают в ладоши.)
Көрпе мен көпшікпе? (Дети топают ножками.)
Қапшықта ақшақар болама! (Дети топают ножками.)
Мүмкін доктар айболит!(Дети топают ножками.)
Ит: Ойын ұнады ма.Біздің ортамызға тездетіп Аяз ата мен Ақшақар келсеғой я балалар.
Әтеш: Ит досым олай болса балалар мен бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
(Барлығы бірге санап Аяз ата мен Ақшақарды шақырады.Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар келеді қолында сыйқырлы таяғы мен тесіліп қалған қапшығы бар )
Аяз ата: Амаңсын ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым
Қандай әсем жүздерің
Қандай мөлдір көздерін.
Саламатсыздар ма қонақтар,балалар жаңа жыл мерекесі құтты болсын.
Ақшақар:Қандай әсем безендірілген зал,қандай әсем шырша,балалар әдемі болып кеткенсіндер.Барлықтарыңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.
Ит: Саламатсыз ба Аяз ата Ақшақар.Біз балалармен сіздерді асыға күттік,
(Аяз атаның қапшығына қарайды)
Ой, Аяз ата сіздің қапшығыңыз неге тесіліп қалған.
Аяз ата: Не болды менің қапшығыма,бәрі дұрыс,онда балаларға арналған сыйлықтар бар.
(Қапшыққа қарайды да таңғалып)
Ақшақар қызым дұрыстап қарашы не болған менің қапшығыма?
(Ақшақар қапшықты көтеріп қарайды,онда үлкен тисікті көрсетеді)
Ақшақар: Ата қапшық тисіліп қалған,ішінде балалардың сыйлықтары да жоқ,енді нестейміз балалар сыйлықсыз кетеме?
Аяз ата: Қалайша тисіліп қалған,жоқ балалар сыйлықсыз кетпейді,жүр екеуміз барып сыйлықтарды қарап келейек.Балалар,сендер көңіл-күйлерін түспесін сыйлықты міндетті түрде тауып әкелеміз.
(Аяз ата мен Ақшақар асыға залдан шығып кетеді,Аяз ата сыйқырлы таяғын ұмытып кетеді)
Әтеш: Қарашы ит досым Аяз ата таяғын ұмытып кетіпті,қуып жетіп апарып берейік.
Ит: Я қуып жетіп таяғын берейек,балалар,сендер әрі қарай мерекені тойлай беріндер біз қазір келеміз.
Жүр: Ит пен Әтеш келгенше ән айтайық.
Ән
(Музыка әуенімен Қасқыр мен Мыстан кемпір келеді)
Қасқыр:Ой, ішімай күліп күліп шегім қатты
Мыстан:Маған да қызық болды,Сен Аяз шалдын қапшығын тесіп тастауды күшті ойлап таптын,аяз шалдын барлық сыйлықтары орманда шашылып қалды.Енді омпа қардын арасынан қалай табады екен.
(Екеуі күледі. Әтеш пен Ит келеді)
Әтеш: Ах, сендер екенсіндер ғой қапшықты тескен.
(Сыйқырлы таяқты шыршаның жаңына қойып қояды)
Мыстан:Я біз қапшықты тескен,біз көңілімізді көтеріп жүрміз. Мен мыстан ажелерінмін.
Әтеш: Сендер балалардың жаңа жылдық мерекесін құртып жатсындар..
Мыстан: Ой,уайымдамандар сендер, Аяз аталарын сыйлықтарын қардын астынан іздеп тауып әкеледі ғой.
Қасқыр: Біз жаман емеспіз,жақсымыз тек көңіл көтеріп мерекені тойлағанды, күлгенді жақсы көреміз.
(Сыйқырлы таяқты көреді де Әтеш пен Итке қарап)
Мыстан:Естідіндерме Аяз аталарын сендерді шақырып жатыр,сыйлықтарын көтере алмай келе жатыр екен.
Әтеш:Мен ештене естімедім.
Қасқыр: Я айқалап жатыр,барындар жүгіріндер.Біз балалармен ойын ойнай берейек.
(Әтеш пен ит шығып кетеді. Мыстан таяқты алып)
Мыстан: Қасқыр мынаны қара, сыйқырлы таяқ.
Қасқыр:Шынымен де сыйқырлы таяқ,бұл сыйқырлы барлық тілектерді орындайды. Бізде сыйқырлап көрейек.
Мыстан: Қане балалардан сұрайық нені сыйқырлайық.
Мен таптым ойын ойнағым келеді балалармен.
(Сыйқырлы музыка қосылады)
(Ойын ойналады)
Ойын: «Қар қағу»
Шарты: 3-4 бала шығады,пакетті қолдарына ұстайды,қасқыр қарды лақтырады,қарды пакетпен қағып алу керек.
(Әтеш пен Ит келеді)
Ит: Сендер неге бізді алдайсындар?Біз Аяз атаны таба алмадық.
Әтеш: Сендер неге Аяз атаның сыйқырлы таяғын алдындар,қайтарындар бізге.
Мыстан мен қасқыр: Жоқ біз қайтармаймыз.Біз сыйқырлаймыз. Былай істейек мына Әтеш пен Ит шаршатып жіберді.Итті әтеш сияқты,ал әтешті ит сияқты дауыс шығаратын қылып сыйқырлайық.
(Сыйқырлы музыка қосылып әтеш итше, ит әтешше дауыс шығарады)
Ит: Тоқтатындар, сендер көңіл көтергенді жақсы көреді екенсіндер,ал бізбен жарысуға қалай қарайсындар.
Әтеш: Көрейік кім көңілді екенің. Ұтылып қалсандар таяқшаны қайтарасындар, Бізге балалар көмектеседі,көмектесесіндер ме,балалар.
Мыстан: Ал мен билегім келіп тұр?
Қасқыр: Ата-аналармен бірге билейік.
Ойын ойналады. Ата-аналармен мыстан билейді.
3-4 ата–ананы шығарып қол мен,аяқ,бас,бел,барлық денесімен билету.
Ит: Ойын ойналды, көңілдерін-көтерілген шығар,енді таяқты қайтарындар.
Мыстан: Жоқ қайтармаймыз.Балалар тағы бірнесе айтсын.
Жүр: Балалар тақпақ айтып береді.
Тақпақтар: Меруерт,Тоты,Асылхан,Нұржас,Асем,Қайсар,Айя
Меруерт:
Жаңа жылды қарсалдық
Мініп алып кемеге
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де
Тоты:
Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып
Жолын қойдық жарық қып
Шыршаларға шам іліп
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле,төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын
Асылхан:
Жаңа жыл,жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жаңында
Билеп барлық бала жүр
Тамаша,тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Нұржас:
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Кел балалар,келіндер
Тамашаны көріндер
Асем:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да,мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына
Аяз келді қахарлы
Айналаны қар жапты
Ақ тон киеп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
Қайсар:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Жыл маскарад басталды
Аяз оны басқарды
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Айя:
Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысын
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау,қарлы шын
Көрдіңбе аяз атаны
Аппақ екен сақалы
Аппақ екен мұрты да
Аппақ екен шапаны
Мыстан: Ой ішімай, күлдірдіндер мені не мынау күлкінішті тақпақ,дымда түсінбедім.
(Мыстан күліп жатқанда Әтеш таяқты ұрлап алып қояды)
Әтеш:Сиқырлы таяқшам Мыстан мен қасқырды сиқырла,қатырып таста.
(Таяқпен мыстан мен қасқырды қатырып тастайды)
Жүр: Жақсы болды қатырып тастағандарын,біздің аққала ұлдарымыз билегісі
келіп тұр.
Би: Аққала
Ит: Жарайсын Әтеш олай болса Аяз ата мен Ақшақар келсін деп айтайық таяққа.
(Әтеш таяқты 3рет ұрады,сиқырлы музыка қосылды )
Жүр: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық
(Балалар Дауыстап шақырады.Аяз атаның қапшығы толып тұрады)
(Аяз ата мен Ақшақар кіреді, екеуі балалар мен қонақтармен амандасады)
Аяз ата: Ой,балалар,біздер Ақшақар екеуміз сыйлықтарды орманда,омпа қарлармен жүріп көп іздедік,таба алмадық.
Ақшақар:Ия,балалар,Аяз атамыз өзінің сыйқырлы таяғын сендер де қалдырмады ма?
Әтеш:Аяз ата мынау сіздін сиқырлы таяғыңыз,мана келгенде ұмытып кеткенсіздер.
Ит: Ата таяғыңызды мына мыстан мен қасқыр алып қойып,бізді алдады балаларды таяқпен сиқырлап мерекені құртып жүрді.
Әтеш: Ия,ал біз балалармен бірге олардың шарттарын орындап,көңілдерін көтеріп әуре болдық,бізде оларды алдап таяқты өзімізге қайтарып оларды сиқырлап қатырып тастадық.
(Сиқырлы таяқты аяз атаға қайтарады,)
Аяз ата: Ой, Әтеш,Ит рахмет сендерге, мына мыстан мен қасқырдан балаларды қорғағандарына,менің таяғымды қайтарғандарына.
Ит: Аяз ата енді балалар сыйлықсыз қайтама?
Аяз ата: Жоқ мен балаларды сыйлықсыз жібермеймін,беремін сыйлықтарын.Алдымен балалармен мерекені жақсылап тойлап,өнерлерін көріп,тамашалап алайық,содан кейін міндетті түрде мына сыйқырлы таяғыммен сыйлықтарын беремін.
Ақшақар:Ия ата,балалармен бірге билейек,ән айтайық,ойын ойнайық.
Шыршамызды жағайық.
Жүр: Я шыршаны жағайық. 1,2,3,шырша шамын жағайық.
Әтеш: Ия Аяз ата Ақшақар мен балаларды,барлық адамдарды бір жыл бойы қорғадым,қуаныштарына ортақ болдым,менің жылым жақсы жыл болды,көптеген жетістіктерге жеттіндер,елімізде үлкен шара экспо болды.Ит досым енді сен мына балалармен,бірге бір жыл бойы боласын,саған табыстаймын,жақсы жыл болсын.
Ит: Рахмет,саған достым,ия балаларды қорғаймын,қуаныш,шаттық,бақыт сыйлаймын.
(Әтеш шығып кетеді)
Мыстан:Бізді кешіріндерші,енді жамандық жасамаймыз,мерекелерінді құртпаймыз,уәде береміз.жібітіндерші бізді.
Қасқыр: Ия,жіберіндерші,менде жақсы боламын.
Аяз ата: Қалай балалар,жібереміз бе,кешіреміз бе мыстан мен қасқырды.
(Аяз ата таяғымен сйқырлап босатады)
Мыстан: Ойбай,қашайық тездетіп қайтадан қатырмай тұрғанда.
(Мыстан мен қасқыр рахмет айтып шығып кетеді)
Жүр: Құтылдық ау мына мыстан мен қасқырдан,Аяз ата,Ақшақар енді балалармен бірге шыршаны айнала ән шырқайық.
(Шыршаны айнала ән айтылады)
Ақшақар: Мен балалармен ойын ойнағым келіп тұр.
(Ойын ойналады)
Жүр: Аяз ата,Ақшақар сіздерге арнап балалар тақпақ айтып берсін.
Тақпақтар: Омар,Ұлан,Амира,Санжар,Айсұлтан,Ернар,Сәнім,Айқын,Інжу,Даяна
Омар:
Жылдын әнің бастайын
Аяз ата кеп қалды
Майысады жас қайын
Көтере алмай көп қарды
Ұлан:
Жаңа жыл жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жаңында
Жадырап бар бала жүр.
Амира:
Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып
Жолын қойдық жарық қып
Шыршаларға шам іліп
Санжар:
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам мол болсын
Төрле төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын
Жапалақтап ақшақар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап
Айсұлтан:
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Ернар:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той маскарад басталды
Аяз оны басқарды
Сәнім:
Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жаңымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз
Жаңа жыл мен жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Әкемізді,анамызды
Қонақтардың бәрін де.
Айқын:
Біздің байтақ далада
Асқар тауда қалада
Биыл ғажап іс болды
Танғажайып қыс болды.
Інжу:
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа жыл
Ата,әже,әке шеше
Құтты болсын жаңа жыл.
Даяна:
Жылдын әнін бастайын
Аяз ата кеп қалды
Майысады жас қайын
Көтере алмай көп қарды.
Аяз ата:Жарайсындар.
Жүр: Ақшақар сізге арнап қыздарымыз би билейді.
Би: Ақшақарлар.
Аяз ата: Ой,балалар,жарайсындар ұнады маған әндерін,билерін.Енді балалар сыйлықтарынды табыстайтын уақыт келді.Мен қазір сыйқырлы таяғымды ұрып,сыйқырлы апаратымен қонырау шалайын,сыйқырлы қорапшамды алдыртайын.
(Таяғын ұрғанда сыйқырлы музыка ойналып, телефон апараты пайда болады,)
-Сыйқырлы апаратым маған сыйқырлы қорапшамды жіберші.
(Сыйқырлы әуенмен қорапша жүріп келеді.Қорапшаға балалар алма кезек қар лақтырып сыйлықтарын алады).
-Балалар,мынау менің сыйқырлы қорапшам,осыған алма кезек қар лақтырсандар сыйлықтарынды аласындар.
Аяз ата: Ой, балалар сыйлықтарынды бердік біз енді кетейік,басқа да жаңа жылдық шыршаларға барайық.
Жүр: Жаңа жыл,ит жылы әр отбасыға береке,ырыс,қуаныш ала келсін.Балаларымыз қуанта берсін,биіктерден көрінсін.Құтты болсын.Сау аламатта болыңыздар.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген