жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Кел, Жаңа Жыл!" мерекелік ертеңгілік
«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік.
Кәмпит: (ортаға билеп шығады)
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Жаңа-жыл келді о, міне,
Далама, қалама, жеріме.
Шаттыққа бөлеп әр үйді,
Шыға ғой менің төріме.
Кәмпит: Балалар, мен Аяз-атаның сендерге әкеле
жатқан сыйлықтар салынған қабынан түсіп қалдым. Ал аяз –ата
сендерге әлі келген жоқ па?
Кәмпит: Балалар, жылда жаңа жыл мерекесінде қонаққа кімдер келеді?
Балалар: Аяз-ата, Ақшақар.
Кәмпит: Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше алдымен жаңа-жыл мерекесіне келетін Ақшақарды бәріміз шақырайық.
Балалар: Ақшақар (3 рет қайталап айтады).
Кәмпит: Амансың ба, Ақшақар!
Ақшақар: Шыршаларың керемет қой, өзі сондай әдемі екен, бірақ шамдары сөніп тұр ғой. Кәне, бәріміз шыршаға үрлейік. Қатттырақ.
Кәмпит: Аяз-Атасыз біз ештеңе істей алмаймыз, кәне, телефон соғып аяз атаны шақырайық, атамыз кәрі, мүмкін ұмытып кеткен шығар.
-
- Алло, Алло, Ата! Бүгін Жаңа Жыл, Жаңа жылда балалар шыршаның қасында сізді тосып жүр, неге кешігіп жатырсыз? Ұмытып кеттіңіз бе?
Аяз-Ата: Ойбай, кәрілік қой, ұмытып кетіппін, қазір жетемін.
Кәмпит: -Балалар, Аяз-Ата келгенше, біз бір өлең айтайық.
«Жаңа Жыл» әні.
1.Жаңа Жыл, Жаңа Жыл!
Жаңа жылда , жаңа жыр,
Жасыл шырша жанында,
Жадырап бар бала жүр. 2 рет.
2. Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса,
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса. 2 рет.
3. Көрікті, бөрікті.
Аяз ата келіпті,
Беріп жатыр таратып,
Алма, алмұрт, өрікті. 2 рет.
4. Қала нұр, дала нұр.
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Шырша жаны көңілді,
Билеп барлық бала жүр. 2 рет.
Кәмпит: -Балалар, Аяз –Ата өзі қандай?
Балалар: Аппақ сақалы, мұрты бар, қызыл шапаны бар, ақ таяқпен жүреді.
Кәмпит: Өте дұрыс, балалар, олай болса барлығымыз қатты дауыстап Аяз-Атаны шақырайық. Бір, екі, үш: Аяз-Ата (3 рет қайталайды).
Кәмпит: Аяз-Ата, армысыз, жылдағыдай бармысыз!
Аяз-Ата: шырша неге жанбай тұр. Кәне, шамдарын жағайық.
Қоян кіріп келеді. Жылайды.
Ақшақар: Қоян, сен неге көңілсізсің? Не болып қалды, біз саған көмектесеміз.
Қоян: Орман ішінде өзіме үй салып, тұрып жатқанмын. Қу түлкі қонаққа келіп, мені үйімнен қуып шықты. Мен далада қалдым.
Кәмпит: Не деген сұм түлкі, қоян, жылама, біз түлкіні қуып шығып, үйіңді алып береміз.
-
Қазір бізбен бірге шырша айналып ән айтайық. Сосын көрерміз түлкіні.
«Маленькая елочка» хоровод.
Қоян: Мен түлкіден қорқамын. Оның тістері қандай, көздері қандай! Мінезі жаман!
Кәмпит: Сен қорықпа, біз сенің бауырларыңды көмекке шақырайық. Олар шырша тікендерімен би билейді, оны түлкі естіп, қорқып, қашып кетуі мүмкін.
-
Кәне, шыршалар, шығыңдар!
Биді бастаңдар, түлкі қорқып қашсын.
«Шырша» биі.
Түлкі: Мен ешкімнен қорықпаймын.
Кәмпит: Аяз-Ата, мына, түлкіге не істеуге болады?
Аяз-Ата: Қазір мен тағы да Ақшақар балаларды көмекке шақырамын, түлкі олардан қорқып қашып кетер.
Кәмпит: Ал, Аққалалар, келіңдер, көмектесіңдер.
«Аққала» биі.
Түлкі: Мен үйден шықпаймын,
Мен ешкімнен қорықпаймын.
Аяз-Ата: Қазір мен саған көрсетейін!
Кәне, борандар соғыңдар!
Шыршалар төмен бүгілсін,
Ормандағы бар нәрсе,
Ақ қарменен жабылсын!
Қазір мен қар жауғызып, түлкіні үсітемін.
Ақшақарлар» биі.
Аяз-Ата түлкі үйіне үрлейді, қармен бірге.
Түлкі: Ойбай, Аяз-Ата, тұмсығымды үсіттің ғой, аясаншы мені. Енді не болдым?
Аяз-Ата: Ал сен қоянды аядың ба, қу түлкі? Балалар, түлкіні кешірейік пе?
Балалар: Ия, бір жолға кешірейік.
Аяз-Ата: Олай болса, қоян, бар сен өз үйіңе барып, тұра бер.
Қоян: рахмет.
Аяз-Ата: Балалар, мен сендердің дауыстарыңды сағындым, кәне, маған дайындаған тақпақтарыңды айтып беріңдерші.
Ақшақар: Аяз-Ата, балаларға сыйлықтар әкелдің бе?
Аяз-Ата: Әрине, мен бір қап сыйлық әкелдім.
Тақпақтар: Аяз-ата сыйлықтар таратады.
Тілеймін мен бар әлемге, Айнара
Дос көп болсын Жаңа жыл.
Ата-әже, әке-шеше.
Құтты болсын Жаңа Жыл!
Жаңа жылым мол болсын, Нұрсая
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле, Жаңа жыл.
Бізге құтты жыл болсын.
Ой, Мороз, Красный нос, София
Песню запеваем
И тебя в хоровод
К детям приглашаем.
Наша елка велика,
Наша елка высока.
Выше папы, выше мамы -
Достает до потолка.
Безендіріп шыршаны, Нұрасыл
Жыл қуантты баршаны.
Той маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Көрдің бе Аяз атаны Алдияр
Аппақ екен сақалы,
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны.
Здравствуй, Дедушка Мороз! Никита
Ты, наверное, замёрз?
День бродил по городу,
отморозил бороду.
Нос клади на батарею -
я тебя сейчас согрею!
Жаңа жыл келгенде, Әдел
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде,
Билейміз, ән саламыз.
Аппақ тонға оранып, Жансултан
Базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Аяз ата келіп тұр, Нұржан
Бізге сәлем беріп тұр,
Сақалының ұзыны ай,
Кесіп алсам шіркін-ай.
Кел, балалар, тақпақты, Наргиз
Тақылдатып айтайық.
Аяз ата таң таңқалсын.
Сыйлық алып қайтайық.
Здравствуй, елочка, наш друг! Саша
Собрались мы все вокруг
Песни петь и танцевать,
Дружно Новый год встречать!
Встречаем мы, встречаем мы Радмир
Сегодня новый год,
Под ёлкой начинаем мы
Весёлый хоровод.
Ақ қырауға малынған, Манаура
Ақшақардай сақалы.
Көптен күтіп сағынған.
Көрдік Аяз атаны.
Жаңа жылды тойлайық, Ерасыл
Ойнап асыр салайық.
Атамыздың сиқырлы
Қолғабымен ойнайық.
Дети водят хоровод Ерасыл
Хлопают в ладони
Здравствуй, Здравствуй!
Новый год! ты такой хороший!
Тамаша, тамаша, Амирлан
Қандай қызық тамаша.
Аяз Ата ортада,
Қуанады балаша.
Аяз-Ата, Ақшақар: Ал, балалар, біз қайтайық. Біз басқа балалар да күтіп отыр.
Жаңа жыл құтты болсын,
Жаңа жыл мол табыс әкелсін.
Денсаулықтарын мықты болсын,
Сау болыңдар, балалар!
Кәмпит: Ал, құрметті қонақтар! «Кел, Жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Біздің осындай өнерлі, сүйкімді, ақылды, тәп-тәтті бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау-саламат болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген