Материалдар / "Кел жаңа жыл" сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Кел жаңа жыл" сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
тәлімгерге көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2019
393
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Кел жаңа жыл!» - мерекелік кешінің сценарийі.

( Хабарлаусыз ортаға гномдар шығып, жаңа жыл биін билейді)

(6 «Б» сынып оқушылары биді орындайды)

( Музыканың сүйемелдеуімен ортаға мерекелік кештің тілшілері мен репартерлері шығады) .(Осы жерде медиа орталығы үйірмесінің тілшілерін көреміз).

Тілші: Сәлем, сәлем достар! Бүгінгі жаңа жылдық мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.Достар, көңіл күйлеріңіз қалай? Естілмейді қалай?

(Мына жерде залдағы балалардың көңіл – күйлерін көтеріп жібереміз)

Оқушылар: Жаксы!

Тілші: Керемет , жарайсындар!Достар бүгін біз сіздермен тікелей эфирдеміз, және бүгінгі кештің тілшісі мен Мадина Сейфуллина! Достар, білесіздер ме, дәл бүгін сіздерді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тікелей эфир арқылы өз тілегін білдірмекші! Ендеше, назарымыз экранда болсын!

(Экранда Елбасының жаңа жылдық құттықтауы көрсетіледі.)

Тілші: Ендеше келесі сөз кезегін, бүгінгі кештің жүргізушілеріне береміз!

( Фанфар ойнап жүргізушілер ортаға шығады)

Жүргізуші Дамира: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Біз сіздерді Жаңа 2019 доңыз жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз. Жаңа жыл қуаныш әкелсін!

Жүргізуші Олжас: Сиқыр мен ғажайыпқа толы жаңа жылдық кешімізге қош келдіңіздер! Дамира сен білесің бе , бүгінгі кешіміз өте керемет, ғажайыпқа толы болмақшы!

Жүргізуші Дамира: Иә, Олжас.Себебі бүгінгі жаңа жылдық мерекелік кешіне Еліміздің түкпір – түкпірінен келген достарымыз өздерінің өнерлерін бізге таныстырмақшы екен!

Жүргізуші Олжас: Дамира, не деген керемет десеңші.Сонда бүгінгі кешіміз қызықты болады екен ғой. Ендеше достар, жаңа жылдық кешімізді сәнге бөлейтін қандай кейіпкерлер арамызда жоқ!

Оқушылар: Аяз ата, Ақшақар!

(жаңа жыл әнімен Аяз ата мен Ақшақар ортаға келеді)

Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар!

Сәлеметсіздер ме қадірлі қонақтар!

Жаңа жылдарың құтты болсын.

Денсаулықтарың мықты болсын.

Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын

Егеменді еліміз көркейе берсін

Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңдер!

Оқушылар: Сәлеметсіздер ме, Аяз ата, Ақшақар! 

Аяз ата: Балалар, осы Жаңа жылымыз қайда? Неге шақырмаймыз? 


Ақшақар: Барлығымыз қосылып Жаңа жылды ортаға шақырайық. 

Барлығы: Жаңа жыл! 3 - рет. Музыка ойнайды. Гномдармен жаңа жыл әнімен билеп шығады.

 
Жүргізуші Дамира: Асыға күткен Жаңа жыл!

Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл!

Жаңа заман, жаңа ойлар Кел,

Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Аяз ата: Амансың ба, Жаңа жыл! Балалар биылғы келген жыл – Доңыз жылы. 

Ал, Жаңа жыл!

Келген қадамың құтты болсын!

Сән әкелген жыл бақыт жылы болсын!

Береке, бірлік, татулық, ырыс жылы болсын!

Халықтар достығы нығая берсін!

Елбасымыз салған сара жолмен үнемі алға дами берейік!
Доңыз: (Бақдәулет)
Ит жылы жақсылыққа бағыттаған

Ит пен жаңа жыл

Жаңа жылда барлығыңыз Жаңа үміт таба біл!

Доңыз жылының мерекесін Мерекеге жалғаймын,

Елде, жерде, табиғатта, Бейбіт жолды қолдаймын.

Арым - ұят, жаным - халық Қызметім де соларға.

Ит: (Әлібек)

Келеді жылдар, келеді айлар ауысып,

Ит жылы мен доңыз жылы да ауысып,

Береке бірлік бейбітшіліктің төрінде,

Тұрайық әр кез татулықпенен қауышып.


Ақша қар: - Аяз ата, Ескі жылды шығарып салайық.

Аяз ата: - Дұрыс айтасың, Ақша қар! Ал, Ескі жыл сен құтты жыл болдың. біз ризамыз саған, Ескі жыл! Ал, сау бол, Ескі жыл!

Доңыз Бақдәулет: Ал, Ескі жыл, аман бол

Ізбасарың мен болам

Аман болсын деп тіле

Елім, жерім, кең далам.

ИТ: Біздің елде өткен жылы

Ит жылы тыныштық

Ал ұмтылдық біз есейдік

Жақсылыққа тырыстық

Ескі жылым жылан жылы

Қош аман бол көргенше.

Дамира - жүргізуші: Ал, достар бізге реніш жоқ шығар. Құрметпен ит жылын шығарып салайық. Барлығы: Сау бол, Ескі жыл! 3 - рет.

Барлығы: Сау бол, Ескі жыл! 3 - рет

Жүргізуші Олжас:

Бүгін сізге жырдан алға тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың,

Көргендер де, көрмегенде арманда

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл

Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Ән: Жаңа жыл. Сейфуллина Мадинаның орындауында.

Жүргізуші Дамира: Аяз ата, ақшақар! Бүгінгі мерекелік кешіміздің қонақтарына кезек берейік, қонақтарымыз арнайы сіздерге өз өнерлерін дайындап келген екен. Ендеше достар, ең бірінші болып ортаға 5 «А» сыныбынан құралған. Англя елінен келген қонақтарымызды тамаша өнерлерімен қарсы алайық!

1Англия.

2.5 «Б» сыныбынан құралған Кавказ елінен келген қонақтарымызды қарсы алайық! Ду қошеметтеріңіз достар!

3.5 «В» сыныбынан қөұралған Үндістан елінен келген қонақтарымызды қарсы алайық.

4. 6 «А» сыныбынан құралған Испания елінен келген қонақтарымызды сіздердің ду қол қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз.

5. 6 «В» сыныбынан құралған Америка елінен келген қонақтарымызды ортаға шақырамыз:!

6. 6 «Ә» сыныбынан құралған Өзбекстан елінен келген қонақтарымызды ортаға шақырамыз!

Жүргізуші Дамира: Ендеше құрметті достар , қазір ортаға біздің жүрегіміз, отанымыз 5 «Ә» сыныбынан құралған Қазақстан елін ортаға шақырайық!

Жүргізуші Олжас: Аяз ата, ақшақар! Сіздерге бүгінг кешіміз ұнап жатырма?

Аяз ата: Иә, әрине шырақтарым!
Дамира - жүргізуші: Армысың, аманбысың жаңа жылым

Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!

Доңыз жылы келгенде сый ғып тартып

Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

Ендеше балалар барлығымыз қолымыздан ұстап, шырша әнін айтып,шыршамызды айналайық!

(Осы кезде оқушылар аяз ата мен ақшақардың қолынан ұстап шыршаны айналады)

Олжас - жүргізуші: Балалар, дәл қазір бізде не орындалмады?

Балалар: Шырша шамы жағылмады.

Олжас – жүргізуші: Достар, аяз ата мен ақшақарға барлығымыз бірге көмектесейік! Ендеше мынандай сиқырлы сөздерді айтып қайталап көрейік.

Аяз ата: Жарқырасын маң, шырша оты жан!

(Барлық оқушылар осы сөзді аяз ата мен ақшақардан қайталап айтады 3 рет қайталап айтады, үшінші рет айтқанда шырша оты жанады.)


Ақшақар: Достар, жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа табыстар әкелсін!



(Кел Жаңа жыл музыкасымен шыршаны айналып билейді)



Аяз ата: Ал, балалар, біз Ақшақар екеуіміз тамаша дем алдық, ойнадық, би биледік. Біздің баратын жерлеріміз көп. Сендер сияқты талай бүлдіршіндер тағатсыздана тосып отыр. Ал, балалар біз Ақша қар екеуіміз аттанайық. Сау болыңыздар балалар!
Ақшақар: Сау болыңдар, балалар! Келесі жаңа жылда кездескенше.

Барлығы: Сау болыңыздар, Аяз ата, Ақшақар!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!