жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
кел жаңа жыл,жаңа жыл!
«Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!»
Жүргізуші:
:
Барлық
жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты
боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен
келді той деп жаңа жыл,
Құтты
болсын жаңа бақыт достарым.
Құрметті
ата аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар!
Сіздерді келіп жеткен жаңа 2018 жыл
мерекелеріңізбен шын жүректен
құттықтаймыз. Өтіп бара жатқан жыл
еліміздің жылнамасының тағы да бір
жарқын парағы болып қалды және тәуелсіз
Қазақстанның даму жолының көптеген
күткен перспективасын ашты. 2017 жылы
Президент «Болашаққа бағдар: қоғамдық
сананы жаңғыру» бағдарламалық мақаласының
орындалуы әрбір азаматтық ұстанымымзға,
рухани – адамгершілік қасиеттерімізге
міндеттер қойды. Осындай керемет
жаңажылдық мейрамда сіздерге мол табыс,
ашық аспан, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз.
Отбасыларыңызға жайлылылқ пен тыныштық
болсын.
2.
Жүргізуші:
Аппақ
бүгін қыр, далам,
Ақ дастарқан
жапқандай
Халық біткен қарбалап
Қонақ
күтіп жатқандай
Көңілде көп қуаныш
Әр
көңілде-жақсылық
Кетер жылға мың
алғыс
Әкелген көп жақсылық- деп
сіздердің алдарыңызға, мектепалды
даярлық сыныбы мен 1- 4 сыныптар арасындағы
дайындаған «Кел,
Жаңа жыл, Жаңа жыл »
атты ертеңгілігіміздің «Жаңа
жыл ғажайыптарын»
ортаға
шақырайық.
1.
Жүргізуші:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп, сағынған!
Жаңа
күнде ән қылып,
Тек
жүрмеңіз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.
Балалар, біздің шыршамыздың шамдары жағылмаған екен. Ендеше, қане, бәріміз бірге үріп шыршаның шамдарын жағайық балалар!
Бір, екі, үш!(үш шапалақ)
Шырша жарқырай түс!
(Бірнеше рет қайталайды, шыршаның шамдары жанады)
(Ду қол шапалақ!!!!)
2.Жүрг: Балалар қарандаршы шыршаның шамдары жарқырай түсті, қандай әдемі!» Қане шыршамызға арнап ән айтайық. Барлығымыз дөңгеленіп шырша айналып шырша әнін орындайық.
Хор: «Шырша әні»
1.
Жүргізуші:
Балалар
ортамызға бізбен бір жыл бірге болған
тауық жылын барлығымыз айқайлап
шақырайық. Ескі жыл қайдасың?
-
Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып
Хош келдіңіз ескі жыл тауық жылы
делік.
Бәрі: Хош келдің ескі
жыл.
Тауық :
Мен ескі жылмын
Мен ескі нұрмын
Нұрымды да септім
Жырымды да төктім
Бір жыл бойы сендермен
Бірге болдым ойнадым
Міне енді достарым
Кезек келді келесі жыл итке де
Міне енді кезек келді сендермен қоштасар.
2.Жүрг: - Ескі жыл сен жаңа жылымыз келгенше бізбен бірге болыңыз. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік.
Би
билейік бұралып,
Қыздар тұр
сұранып.
Мен де тұрмын құр
қалып,
Шаттанайық қуанып-деп
тауық жылымыздың құрметіне мектепалдыдаярлық
сыныбының орындауында үнді биі.
Қарсы алыңыздар.
1. Жүргізуші: Кел балалар келіңдер!
Тақпақ айтып беріңдер
Ертегімді көріңдер
Ертегі айтып беріңдер
Ортада бастауыш сыныптардың «Арыстан мен түлкі » ертегісінен үзінді тамашалаңыздар!
Жүрг: Бүгін біз көңілдіміз,
Жаңа жылды қарсы алып,
Мерекеге келгендерге
Жаңа
әндер тыңдатып- деп ортаға даярлық
сыныбының оқушысы
Отархан Ақбөпенің «Жасыл шырша» әнін
қабыл алыңыздар.
\
2.
Жүргізуші:
Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу,
неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға
барлығы келіпті. Ал
балалар жаңа жылда әндер, билер, ертегілер
орындалып жатыр, ал сыйлықты кім берер
екен?
Аяз
ата мен Ақшақар.
Қане барлығымыз Аяз ата, Ақша қар кел
деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды
естіп тез келер.
(Барлығы: Аяз ата,
Ақша қар! Иә,
олар сонау талай –талай асулардан асып
келгенше біздің айқалаған дауысымызды
естімейді. Кәне дауысымызды қатты
шығарып, Аяз ата мен Ақшақар кел деп
ортаға шақырайық!
Балалар: Аяз ата ауууууу! Ақшақар аууууу!
(Бірнеше рет қайталайды)
(Аяз ата, ақша қар келеді)
Аяз ата Ақшақар талай –талай асулардан асып шаршап келген боларсыздар, қош келдіңіздер, өздеріңіздің шынайы тілектеріңіз болса, айтыңыз?
Аяз
атаның сөзі:
1.
Жүргізуші:
Сыңғырлашы
сырнайым,
Жаңа жылды жырлайын.
Шашбаулы
қыз сырғалы,
Ақша қарды тыңдайық.
Ақша
қардың тілегін тыңдайық:
2.
Жүргізуші:
Мына
тауық жылы өте берекелі, мерекелі,
молшылық жыл болды. Біздің 2017 тауық
жылына ешқандай өкпе - ренішіміз жоқ-
деп тауық жылына сөз берейік.
Тауық
: Мен
2017 тауық жылмын
Сіздерге молшылық, бақыт әкелдім.
Мына
келер жылға тілегім,
Жасампаз
заман бұл заман
Бүгіннен ертең
ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың
Хош
сау болыңдар балалар! (Ескі жыл тауық
кетеді)
2
Жүргізуші: Жаңа
жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ
сыйлайтындай жаңа бақыт.
Ит жылы
кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен
жалғасын жаңа уақыт.
Жаңа жылда
жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса
достық бірлік туыстық.
Құттықтайық
жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр
минуты тым ыстық.- деп жаңа ит жылын
бар дауысымызбен жаңа ит жылын
шақырайық.
1.
Жүрг:
Ит
жылы:
Алысқа да үремін ав-ав-ав
Жақынға да үремін ав-ав-ав
Иеме хабар беремін
Адамның бабын табамын
Пайдасы мол итпін мен
Осы жылға адал жыл боламын
Ырыс
– құт береке алып келемін деп сөз
беремін.
Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар.
2.
Жүргізуші: Аяз
ата, ақша қар: жаңа жылымыздың құрметіне
2-сыныптың квартет тобының орындауында « » ән, қабыл алыңыздар.
(ән айтылып болған соң сырттан Аяз атаның көмекшлері кіріп келеді,
Олар:
Фея, Арыстан, түлкі және қоян)
Түлкі: Аяз
ата өзіңізді әрең таптық қой!
Аяз
ата :
Әй жүгірмектер сендер неғылдеп жүрсіңдер?
Қайтыңдар. Қалай жеттіңдер бұл
жерге.
Арыстан
:
Біз сіздің кәрі бұғыңызды жегіп, сонымен
келдік.
Фея:
Сіз бізді қалай қайтармақ болсаңызда,
біз қайталамаймыз. Кәрі бұғы шаршап
әлсіреп қалды. Оған демалуға уақыт
керек.
Аяз
ата: Тоқтаңдар!
Сендер бұларың үшін жауап
бересіңдер.
Қоян: Сіз
жыл сайын жастардың өнерін көремін деп
кетіп қаласыз да, біздің өнерімізді
байқамайсыз. Бүгін ақыры сәті түсіп тұр
екен, біз де осы балаларға өнерімізді
көрсетейік.
(Бәрі жамырай иә,
өнерлерін көрсетсін деп шулай кетеді)
1.
Жүргізуші:
Аяз ата! Біз үшін бұл күтпеген жағдай,
әрі тосын сый болды ғой. Оларға несіне
ренжисіз. Оданда бұлардың бізге дайындап
келген өнерлері бар шығар, соны
тамашалайық, солай ғой балалар!
Оқушылар :
Иә
Аяз ата: Жақсы. Ендеше
өнерлеріңді көрсетіңдер.
(Аяз
атаның көмекшілері өз өнерлерін
көрсетеді.)
Аяз ата: Ой бәрекелді!
Осынау ерекше кешті бірінші рет көрдім.
Ақша қар, біз шынымен де өзіміздің өнерлі
жандарға мән бермей жүр екенбіз ғой.
2.
Жүргізуші: Рахмет
сендерге. Сендердің өнерлеріңді
тамашаладық. Алыстан ат терлетіп
келіпсіңдер, сендерде біздің оқушыларымыздың
өнерлерін тамашалаңдар.
Келді
жылым бақытым,
Кемелденді
уақытым.
Сәлем саған аяз ата, жаңа
жыл,
Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа
жыр деп ортаға даярлық сыныбының оқушысы
Жашарби
Жасминнің орындауында «Шырша
жыры» әні қарсы алыңыздар.
1. Жүргізуші: Жаңа жылды қарсы алдық
Мініп алып күймеге
Біз де бүгін ән салдық
Араластық биге де - деп ортаға
4- сынып оқушысы Исырайыл Дильназ бен Айбанудың «Қуыршақтар» биін тамашалаңыздар.
Ән: 2 -сынып оқушысы Қошығұл Айарудың әнін қабыл алыңыздар.
Флешмоб барлық сыныптар арасында
2. Жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа нұр.
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр - деп біздің кішкентай ғана бүлдіршіндеріміз даярлық сыныбының орындауында «Өзбек халықының» биі, қабыл алыңыздар!
Рахмет өркендерің өссін!
1. Жүргізуші: Ал балалар ән тыңдадыңдар би биледіңдер, енді ойланып та көрейік. Жұмбақтар жасырылады табыңдар:
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды. (Қырау)
Тікен, тікен тік пісте,
Қысы жазы бір түсте. (Шырша)
Жүрг: Рахмет балалар, ендеше ортаға 3-сынып оқушыларының әнін тыңдайық.
2. Жүргізуші: Әсем кештің ажары
Әсем бисіз кіре ме?
Кіп-кішкетай бишілер
Мың бұрала билейді – ортаға 1 сыныптың дайындаған
«Көңіліңді көтер биін» тамашалаңыздар.
2. Жүргізуші: Жаңа жылды қарсы алып,
Шыршамызды айналып
Би билейік, ән салып.Баршамызға жар салып – деп 3-сынып оқушысы --------------------------- әнін тыңдайық.
Ойын:
Сендерге мына салфеткалардан снежинка
қию керек, кім бірінші әдемі және тез
жасаса сол жеңімпаз. Ойыншыларымызды
ортаға шақырамыз, 2 минут уақыт беріледі.
Тез және әдемі снежинка жасаған ойыншыға
сыйлық беріледі.
Ән
: 4
- сынып оқушылары Елубай Нұрым мен
Әкімқұл Нұрасылдың «Мен мақтаншақпын»
әнін қабыл алыңыздар.
1- жүргізуші: Иә ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін. Жаңа ит жылына ақ батаңызды берсеңіз.
(бата береді)
2-жүргізуші:
- Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған
секілдісіздер. Әрине, әлі барар жер,
басар тауларыңыз көп болғандықтан,
сіздерді көп бөгемейік.
Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз
ата мен Ақшақарды шығарып салайық. Сау
болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!
Аяз
ата, келесі кездескенше аман болыңыз.
Біз сізді асыға күтеміз.
1
Жүргізуші:
Құрметті достар! Қадірлі ұстаздар,
қонақтар!
Жаңа жыл барлық
отбасыларымызға бақыт пен шаттық
әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын.
Әрдайым қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған
тоқшылықта болайық құрметті ағайын, т
ағы да Жаңа жыл құтты болсын! Келесі жылы кездескенше сау – саламатта болыңыздар!
Тақпақтар:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп. Айбану
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын
Төрле төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
Жылдың әнін бастайын,
Аяз-Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың
Көтере алмай көп қарды. Шағала
Жүргізуші: Балалар, өтіп бара жатқан жыл қандай жыл болды?
(Жылан жылы деп хормен жауап береді)
Жүргізуші: Келе жатқан жыл қандай жыл?
(жылқы жылы деп хормен айтады)
Жылқы: Алысқа шауып барамын
Адамның бабаын табамын
Пайдасы мол жылқымын
Жыл басы мен боламын
Әсем десе әсеммін
Сылаң қағып өсемін
Кең далада көсіліп
Ал жылқы жылында біз тақпақтар, өлеңдер айтқанда сыйлықты кім береді? (Аязата мен Ақшақар). Иә, олар сонау талай –талай асулардан асып келгенше біздің айқалаған дауысымызды естімейді. Кәне дауысымызды қатты шығарып, Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық!
Балалар: Аяз ата ауууууу! Ақшақар аууууу!
(Бірнеше рет қайталайды)
(Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар кіреді)
Ән: « Бұлқынды жүрек бұлқынды»
Аяз ата: Естіп жатырмын, естіп жатырмын,
Келе жатырмын, келе жатырмын
Жаңа жылдарыңмен,
Жаңа жылдарыңмен!
Балаларым, балғыным,
Өмір гүлім, шалғыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің ден – саулығың.
Амансың ба, ұлдармын,
Аппақ ару қыздарым?
Мен сендерге әкелген,
Құтты болсын жылдарың!!!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Аяз ата, Ақшақар.
Ақшақар: Өздерің де аман-есенсіңдер ме, менің балғын достарым. Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би билеңдер, таңдайларыңды тақылдап тақпақ айтып беріңдер. Аяз атаның дорбасында бәріңе жететін сыйлық бар. Менің сіңілілерім де осында екен кәнекей маған жақындап шырша айнала билеңдер.
Көрініс: «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі
Жүргізуші: Орман алаңның ортасында ұйықтап жатқан қоян. Қоян есінеп, ұйқыдан жаңа оянғандай жан –жағына қарап, біреулерді іздейді. Ешкімді көрместен өзімен - өзі билей жөнеледі. Бидің әуенін естіп, орманның түрлі жануарлары жиналады. Олар қоянға қосылып билеп кетеді. Бидің аяғында жануарлар сағаттың ұрған дыбысын тыңдап тұрып қалады. «Бұл не?» иә, бұл келе жатқан Жаңа жыл, біз осы үшін шақырылған екенбіз ғой.
Хор. Жылды қарап тұрайық
Ойын-сауық құрайық
Ең бұрын көрген батырды
Жыл басы деп ұғайық
Жүргізуші: Хайуанаттар бір-бірден ортаға шығып өздерін мақтай бастайды
Түйе. Түйе,түйе,түйемін
Жануарман киелі
Кім таласар бойыма
Жыл асына иемін
Жан-жағыма қараймын
Ай мен күнді санаймын
Мен өзімді даланың
Кербезіне балаймын Таңнұр
Жылқы: Алысқа шауып барамын
Адамның бабаын табамын
Пайдасы мол жылқымын
Жыл басы мен боламын
Әсем десе әсеммін
Сылаң қағып өсемін
Кең далада көсіліп
Самал желмен есемін Байроз
Сиыр. Мө-мө деп мөңіредім
Мошылық төңірегім
Жыл басы боламын деп
Ертерек келіп едім
Көгалда тұрағым
Дайын тұр тұрағым
Сүтіммен, етіммен
Адамға ұнадым Ерасыл
Қой: Бә-бә-бә мен қоймын
Көк шөпке тойдым
Жыл басы болуға
Кетіп тұр ойым Нұрым
Ит: Абалап үремін
Үй қорып жүремін
Адамның көмекші
Досының бірі едім
Ит болған соң үремін
Сергек өмір сүремін
Жеті қазынаның бірімін
Адамды қорып жүремін. Диас
Тауық: Қо-қо-қо –қо- қоқ
Күн әлі неге жоқ
Жұмыртқамды жегейсің
Барша бала тоқ
Құрт-құмырысқа жемтігім
Жоқ ешбір кемтігім
Бәріңде бос мақтанып
Шаршамаңдар ентігіп Тауық
Ұлу: Ұлу деген мықтымын
Жарқын-жарқын шықты үнім
Ойым озар өзімнан
Ақыл ой бар сөзімде Ұлбосын
Барыс: Ыр-ырр мен барыспын, барыспын
Бәріңе таныспын, таныспын
Айналама мықтымын, мықтымын
Сенімсізбен алыстым,алыстым Шағала
Жүргізуші: Бір мезетте ортаға Маймыл (Дильназ) секіріп шығып, бәрін мазақтай бастайды. Ол жыланға келіп тиіседі. Жайбарақат жатқан
Жылан (Нұрасыл) маймылды шағып алғысы келеді. Маймыл сәл кідіріп, қайтадан мазақтауға көшеді. Басқа жануарлар екеуінің таластарын бақылап тұрады. Ақылды жылан соңында маймылмен татуласып , екеуі билей жөнеледі.
Доңыз бен Қоян: Түйе мойнын созады,
«Мен» болам деп жар салып.
Тышқан одан озады,
Жылды алғаш қарсы алып
Күннің шығуын күте-күте хайуанаттар шаршап ұйықтай бастайды.Сол кезде тышқан қулық іздеп, түйенің өркешіне шығып күнді бірінші болып көріп айқай салады:
Тышқан: Алақай,алақай күн шықты
Алақай, алақай күн шықты
Алақай,алақай
Күн көрдім алақай
Қулығыммен ,ақылмен
Бәрін жеңдім алақай
Осылай, күнді бірінші болып тышқан көріп жыл басы болады, түйе өзінің бойына сеніп жылдан құр қалған екен. Күнді тышқаннан кейін сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін. Тауық, ит, доңыз көрген екен. Жан-жануарлар достық пен сыйластықтықты, ақылдықты, тапқырлықты мойындап, ән айтып би билеп жаңа жыл - Жылқы жылын қарсы алған кекен.
Құттықтау сөз. 2-сынып оқушылары. Қамай Жансая
Исырайыл Ақжүніс
Ән: « Зырлайды шанамыз» Жолдасбек Аружан
Би: « Ақшақар биі» ( Таңнұр мен Нұрасыл)
Ән: « Шырша жыры»
Би: « Оппа кандапство» ( мектепалды даярлық тобымен, 1-сынып оқушылары)
«Ойын»
Ән: « Бұлқынды жүрек бұлқынды» (Таңнұр, Нұрасыл, Нұрым)
Құтықтау сөз. 3-сынып оқушысы
Ән « »
Би «Испан биі»
Ән « »
Ойын:
4-сынып оқушыларының өнерлерін тамашалайық
Би: «Маша мен аю» ертегісінен би
Ертегі: «Жануарлар ертегісі»
Ән: « »
Айтыс: (3сынып оқушысынан 1оқушы -4 сынып оқушысынан 1 оқушы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген