Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
кел танысайық
Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
07 Қаңтар 2019
1472
2 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Коммуникация, Əлеумет Бөлімі: Драма Тақырыбы: «Кел, танысайық!»Мақсаты: қарым-қатынас əдебінің қарапайым нормаларын меңгерту, сөз байлығын, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, өзіне деген сенімділікті, басқалардың пікірін тыңдай білу, сөздегі дыбыстарды анық, дұрыс айту, диалогпен сөйлесе білу дағдыларын қалыптастыру, достық қарым-қатынасқа тəрбиелеу. Алдын ала жұмыс: қағаздан (басқа материалдан) жасалған жұлдызшалар, жүрекшелер, смайликтер. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ Айару, Бауырсақ (қуыршақ), қағаздан жасалған жұлдызшалар, жүрекшелер, смайликтер, əліппе-дəптер. Сөздік жұмыс: есім, танысу. Билингвальді компонент: есім – имя, танысу – знакомиться, сəлемдесу – здороваться.Жоспар кестесі:
Күтілетін нәтиже:Білу керек: өз есімдерін атайды, танысуды диалогті түрде ойнайды;Игеру керек: танысу арқылы өздеріне достар таба білетінін;Меңгеру керек: сəлемдесу түрлерін ойнағанда, кейіпкердің бейнесін беруде, олардың мінез-құлқын келтіруде түрлі дауыс күшін қолданады.
Жакупова Айдана Муратовна Павлодар облысы Екібастұз қаласы «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Екібастұз жалпы орта білім беретін мектеп»Мектеп алды даярлық сыныбының мұғалімі
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Бала әрекеті |
Мотивациалы- ынталандыру кезеңі | Педагог балаларды шаттық шеңберіне шақырып, Айару атты қуыршақпен таныстырады. Айару: Сəлеметсіңдер ме, балалар! Сəлеметсіңдер ме, достар! Менің атым – Айару. Танысып, тіл табыссақ, Қуанышымыз көп болар! Мен театр əлемінен келдім. Ол əлемде қуыршақтарға жан бітіп, сөйлеп, əн айтады, билейді, қозғала алады. Сендерді театр əлеміне менімен бірге саяхат жасауға шақырамын. Педагог: – Балалар, Айарумен танысып, театр əлеміне саяхатқа шыққыларың келе ме? Ойын-жаттығу: «Таныс болайық». – Кəне, балалар, барлығымыз бірге есімімізді Айаруға сыбырлап айтайықшы. Екі- үш... Айару: Ой, естімедім... Педагог: Ендеше, қаттырақ дауыстап айтайық, екі-үш... Айару: Түк түсінбедім. Педагог: Енді не істесек екен? Иə, барлығымыз бір уақытта сөйлесек, естілмей қалады екенбіз. Сондықтан бір- бірден, кезекпен сөйлеу керек. Балалардың қолына қуыршақ Айаруды беру арқылы əрбір баладан өзінің атын айтып, үйде ата-анасы қалай еркелетіп айтатынын сұрайды. Педагог қиналған балаларға көмектеседі. Айару: - Балалар, сендердің есімдерің қандай керемет! Ата- аналарың сендерге жақсы есімдер таңдапты. | Балалар шеңберге тұрып, театр əлемінен келген Айарумен танысады. Қызығушылық танытады. Балалар шеңберде тұрып, өз аттарын бірге сыбырлап айтады. Өз аттарын бəрі бірге айғайлап айтады. Балалар кезекпен өздерінің атын айтып, танысады. Менің атым Нұрислам. Мені анам «боташым» деп атайды. Мен ақылды Ақылбекпін. Мен Айсұлумын, əкем мені «айдай сұлу қызым» дейді. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік | – Балалар, бізге не үшін есім береді, атымызбен атайды? Айару сендерге қызықты тапсырмалар дайындаған екен. Сол тапсырмаларды бірге орындаймыз. – Балалар, «Сəлем сөздің анасы» демекші, бейтаныс адаммен танысу үшін алдымен сəлемдесіп алу керек. Қалай сəлемдесеміз? Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. «Сəлемдесу» ойыны. Өз жұбыңмен бірге бала мен баланың сəлемдесуін, үлкен адам мен үлкен адамның, бала мен үлкендердің танысуын ойнап көрсет. Билингвальді компонент: есім – имя танысу – знакомиться сəлемдесу – здороваться Айару өзінің достарымен ертегілер əлемінен келгенін, балалармен танысқысы келетінін айтады. Əліппе-дəптермен жұмыс. 2-тапсырма. Айару Бауырсақты көрсетеді. - Бұл қай ертегі? - Бауырсақ өзін қандай аңдарға таныстырып еді? - Ертегі кейіпкерінің өзін қалай таныстырып, қалай өлең айтқанын еске түсірейік. Менің атым – Бауырсақ, Қаймаққа иленгем, Майға пісірілгем, Терезе алдында суығам. Танысу үшін т.б. Сенің атың (есімің) кім? Танысайық т.б. Балалар екі-екіден бөлініп, бала мен баланың сəлемдесуін, үлкен адам мен үлкен адамның сəлемдесуін, бала мен үлкен адамның сəлемдесуін рөлге бөлініп ойнап көрсетеді. Сөздерді қайталайды. Қуыршақты тыңдайды, қызығушылық білдіреді.«Бауырсақ» ертегісі. Ертегі кейіпкерлерін атайды: қасқыр, аю, түлкі. Ұстатпай кеттім Атама, Ұстатпай кеттім Əжеме... Ертегі кейіпкерлерінің диалогін досыңмен бірге орындап бер. Ойын-жаттығу: «Достасу». Балаларға шапалақ соғылады, оны санап үлгеріп, сонша баладан дос табу керектігін түсіндіреді. Балалар шашырап тұрады. Педагог екі рет шапалақ ұрғанда екі-екіден жұптасып тұру керек. Үш рет шапалақ ұрса, үш бала қол ұстасып, топ құру керек. Төрт рет шапалақ ұрса, төрт бала қол ұстасып, топ құру керек. Ойын 2-3 рет қайталанады. Айару балаларға риза болып, мадақтап, əкелген сыйлығын, қағаздан жасалған əдемі жұлдызша, жүрекше, смайликтерді таратады. | Бір-бірімізді тану үшін Сөйлесу үшін Бір затты сұрау үшін Танысу үшін т.б. Сенің атың (есімің) кім? Танысайық т.б. Балалар екі-екіден бөлініп, бала мен баланың сəлемдесуін, үлкен адам мен үлкен адамның сəлемдесуін, бала мен үлкен адамның сəлемдесуін рөлге бөлініп ойнап көрсетеді. Сөздерді қайталайды. Қуыршақты тыңдайды, қызығушылық білдіреді. «Бауырсақ» ертегісі. Ертегі кейіпкерлерін атайды: қасқыр, аю, түлкі. Ертегіден көріністер көрсетеді. Балалар шашырап тұрады. Шапалақ санын санап, екіден, үштен, төрттен топ құрып, достасады. Балалар риза болып, рақмет айтып, сыйлықтарды алады. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Танысу арқылы өздеріне көп достар таба білетінін, бір- бірін жақсы білетіндерін айту. Балаларды мадақтау. | Балалар өзінің жəне жолдастарының жетістіктеріне қуанады. Сəтті шыққан қойылымдарын айтып, талдайды. |
Жакупова Айдана Муратовна Павлодар облысы Екібастұз қаласы «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Екібастұз жалпы орта білім беретін мектеп»Мектеп алды даярлық сыныбының мұғалімі
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)