жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Келді міне Жаңа жыл"
Келді міне жаңа жыл
Жүргізуші: Балалар, сендерге ертегінің есігі ашылып тұр. Барлығымыз сиқырлы орманға барамыз. Ол жерде мейірімді ертегілер кейіпкерлері тұрады. Осы кезде залға қолында ойыншықтары бар қоян кіреді.
Қоян: Трампа-па, трампа-па
Жаңа жыл келді баршаға,
Шыршаны безендірейін,
Ойыншықтарды төгейін,
Трампа-па, трампа-па.
Қоян шыршаны безендіріп тұрғанда Қасқыр жүгіріп келеді.
Қасқыр : ООО Қоян, сен не істеп жүрсін !
Қоян .: Қасеке, мен шыршаны безендіріп жүрмін . Жаңа жыл келе жатқан жоқ па?
Қасқыр : ААА солай ма ! Жаңа жылды білмеймін менің қарным ашты ! Мен сені жесем қалай қарайсын! А?
Осы кезде Ит жылы келеді.
Ит: сендер неге дауласып жатырсындар? Жаңа жыл емес па , кәне бәріміз бірге дос болып Жаңа жылды қарсы алайық!
Қоян : Ия Ит дұрыс айтасын Қасқыр ғо қашан көрсен тамақты ойлап жатады.
Ит : Сендер оданша маған айтындаршы қазір қандай жыл келе жатыр? Мен шатасып қалдым .
Қасқыр : Қазір қой жылы келе жатқан жоқ па ?
Қоян : Жоооқ сен қателесесін тағы да тамақты ойлап жатырсын ба ? Қазір Доңыз жылы келе жатыр! Солай емес па, балалар?
Осы кезде Күлдірген кіреді .
Күлдірген : Саламатсындар ма, достарым! Қасқыр, Қоян сендер неғып жиналып қалғансындар ?
Қоян : Біз Жаңа жылды қарсы алуға келдік.
Күлдірген : Ааа Жаңа жыл қайда ааа, балалар.
Деп балаларды күлдіріп жүреді.
Жүргізуші: Әй күлдірген тоқташы біз Жаңа жылды ортаға шақырмаймыз ба, Жаңа жыл ортаға шақыру үшін менің ойымша сендерге бір нәрсе жетпей тұрған сияқты. Ааааа таптым, сендердің шыршаларын да жанбаған, Аяз аталарын да жоқ, Ақшақарларын да жоқ.
Жүргізуші : Кәне балалар бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Балалар Аяз ата мен Ақшақарды шақырады.
Аяз ата мен Ақшақар әуенмен кіреді.
Аяз Ата кел бізге,
Аяз ата мен Ақшақар кіреді.
Аяз Ата:
Армысыздар балаларым, Есенбісің қыздарым. Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем әндерің!
Ақшақар: Армысыңдар бөбектерім, сендерді келдік сағынып, құтты болсын, жаңа жыл! Шырша шамы неге жанбай тұр?
Аяз ата: Балалар, қане шырша шамын жағайық. Шырша шамын жағады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме Аяз ата, Ақшақар! Біз сіздерді біраз уақыт күтіп қалдық. Аяз ата Ақшақар біздің мерекеміздің сіздерсіз сәні жоқ екен. Біздің балаларымыз өте өнерлі. Сіздерге арналған тақпақтары, әндері билері бар.
Күлдірген : Аяз ата сіз білесіз бе биыл Доңыз жылы емес па?
Аяз ата : Ия балалар жаңа жылды ортаға шақырмай Жаңа жылды тойлағанымыз ұят болар, сондықтан Жаңа жылды ортаға шақырайық.
Осы кезде Доңыз жылы кіреді.
Ит : Саламатсын ба Доңыз. Мен осы балармен бірге бір жыл бойы бірге болдым. Енді жолымды саған беремін. Қызығымды да шыжығымды да бір жыл бойы бірге өткіздім.
Доңыз : Саламатсын ба, Ит, саламатсындар ма балалар. Енді мен сендермен бірге бір жыл бойы боламын.
Жүргізуші: Ия, балалар. Енді біз Итжылын шығарып салып Доңызды төрге отырғызайық.
Ал енді Аяз ата бізідің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.
Балалар Аяз ата мен Ақшақарға «Балабақша » әнін айтып берейікші.
Хор : «Балабақша» әні
Жүргізуші: Тақпақтар айтуға ортаға балаларды шақырамын
Айзере : Қандай әсем шартарап
Шаттық күйге бөлеп тұр
Кәмпиттерін арқалап
Аяз ата келіп тұр.
Ғазиз: Жамылған ақ мамық, ұлпа қар
Нұрланар кең байтақ Отаным
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар
Сыйлығы көп, Аяз атаның.
Інжу : Аяз ата аппақ
Жаттаймыз тақпақ
Маған кәмпит көп берсең
Айтамын тақпақ.
Алиасқар : Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған.
Жүргізуші: Жүзімізде күлкі ойнап,
Естіледі әніміз.
Жаңа жылды қарсы алып,
Би билейміз бәріміз. «Джентльмен» биін тамашалаңыздар.
Би : «Джентльмен» (Ерасыл, Нурис,Алижан, Даниял , Ғазиз, Алиасқар)
Күлдірген : Аяз ата, балалардың тағы қандай тақпақтары бар екен тамашалайық.
Кіші топтың балалары.
Роза: Сақалы мен мұртына
Күміс моншақ тағылып
Аяз ата келеді,
Балаларды сағынып.
Абдурахман : Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны.
Айару : Жаңадан тақпақ
Аламыз жаттап
Жаңа жыл келді
Жаңа жыл аппақ
Жанали : Аяз ата қандайсын
Тоқсандағы шалдайсын
Өтірік сақал жапсырып
Балаларды алдайсын.
Жүргізуші : Аяз ата, сіз білесіз бе бізде кішкентай ғана ақшақарлар бар. Ал ендеше «Ақшақар» биін тамашалайық.
Би: «Ақшақар»
Жүгізуші : балалар кәне тақпақтарымызды айтайық.
Ерқанат: Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты .
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты .
Дания : Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Аппақ Аяз атамыз.
Нұрислам : Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады.
Жылтырап жатады.
Айдана : Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні
Гүлденеді бақшалар
Жауса жаусын Ақшақар!
Күлдірген : Қоян, сен Жұлдыз деген сөзді қалай түсінесін?
Қоян : Жұлдыз деген – атақты адамдарды жұлдыз деп атайды.
Күлдірген : Ия дұрыс тағы да аспандағы жұлдыздар да болады емес па ? Олай болса біздің балабақшаның жұлдыздарын ортаға шақырайық.
Би : «Жұлдыздар» (Інжу , Жансая, Асылмаржан, Үміт)
Кіші топ тақпақтар.
Дарина : Алақай, алақай
Қыс келді қараңдар
Далада аппақ қар
Аққала жасаңдар
Нұрберген : Аяз ата келіп тұр
Бізге сәлем беріп тұр
Бір қолында шоколад
Бір қолында мармелад.
Арман : Бір топ бала далада
Соқты қардан аққала
Мұрны сәбіз үп –үшкір.
Көзі көмір қап –қара.
Айкүміс : Әдемібіз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз.
Ақтөре : Қандай суық қыс деген
Қалтырайды құс деген
Құлақшынды кимесең
Құлағынды тістеген.
Жүргізуші : Аяз ата, біздің кіші топтың балалары да билей алады. Олардың сізге көрсететін биі бар.
Аяз ата : Кәне ондай болса бәріміз тамашалайық.
Би : «Гномдар»биі
Жасұлан : Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күтем елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.
Самир : Той , мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.
Жансая : Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен
Жүргізуші : Аяз ата сіз білесіз бе біздің балабақшада да Аяз ата мен Ақшақарлар бар.
Қазір олар сізге өз өнерлерін көрсетеді.
Би: «Аяз ата мен Ақшақар»
Үміт : Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
До болайық шаттанып
Ерасыл: Киіндік ұл мен қыз
Ақ болып, жан болып
Танымай тұрсын деп досымыз таң болып.
Алижан : Ақ қырау малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Асылмаржан : Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем аяз атамыз.
Хор : «Шырша жыры», «Шыршаға бардық»
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін Жаңа жыл!
Құрметті, Аяз ата балаларға әкелген сыйлығыңыз бар шығар балаларға таратып шығыңыз.
Құрметті қонақтар, осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сау болыңыздар!


шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген