2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / "келді міне жаңа жыл"ортаңғы топ балаларына арналған ертеңгілік сценарийі

"келді міне жаңа жыл"ортаңғы топ балаларына арналған ертеңгілік сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл мерекесі жайлы балаларға түсінік беру.Балаларға қуаныш пен шаттық сыйлау.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Келді міне ,Жаңа жыл»ертеңгілік сценарийі

Ортаңғы топ

Балалар музыка әуенімен залға кіреді. Шырша айналып тұрады.

Жүргізуші: Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді!

1бала:

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

2бала:

Оралды өлкеме

Жаңа жыл армысың!

Оранды ақ көрпе

Асқар тау қарлы шың.

3бала:

Тоғай да, баулар да

Ақ күміс жамылды

Дала да, таулар да

Өзіңді сағынды.

4 бала:

Тауда туып тауда өскен

Шырша келді ортаға

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз


Ән «Жасыл шырша жанында»

Балалар жайлап орындықтарға отырады.

Осы кезде жылап қоян шығады

Жүргізуші: Қоян , саған не болды? Неге жылап тұрсың?

Қоян:

Қалай жыламаймын

Менің үйім ағаштан болды

Түлкінің үйі мұздан болды

Күн шығып еді оның үйі еріп кетті де

Менің үйіме кіріп алды

Ы-ы-ы-ы-ы (жылайды)

Жүргізуші:

Жылама, қоян, біз саған көмектесеміз.

Петрушкалар, петрушкалар, ортаға келіңдер,

Қоянға көмек беріңдер!

Петрушка:Қуана, қуана келеміз

Қоянға көмек береміз.


Би «Петрушкалар»

Петрушкалар түлкі отырған үйдің жанына келіп сылдырмақты сылдырлатады

Түлкі:

Қазір жүгіріп шығамын,

Қазір секіріп шығамын .

Жан –жаққа бәріңді ұшырамын!

Петрушкалар қашады


Жүргізуші: Петрушкалар көмектесе алмады ,мүмкін бізге әтештер көмектесетін шығар.

Әтештер,әтештер

Ортаға келіңдер

Қоянға көмек беріңдер!

Әтештер:

Жылап тұрған қоянды

Қорғамасақ болмайды

Кіп-кішкентай әтештер

Қояндарды қорғайды


Би «Әтештер»

Әтештер үйдің қасына барып айқайлайды

Түлкі:

Қазір жүгіріп шығамын,

Қазір секіріп шығамын.

Жан-жаққа бәріңді ұшырамын!

Жүргізуші:Қандай қу түлкі. Ешкімнен қорықпайды. Балалар, мүмкін бізге Аяз ата көмектесетін шығар.Аяз атаны шақырайық

Балалар: Аяз ата келіңіз! Аяз ата келіңіз!

Аяз ата: Келе жатырмын (есіктің артынан айқайлайды)

Сәлеметсіңдер ме бөбектерім, қызықтарым

Сәлеметсіңдер ме ерке, момын ,бұзықтарым

Балалар: Сәлеметсіз бе, Аяз ата!

Аяз ата:Не болып жатыр?

Жүргізуші: Аяз ата қоянға көмектесіңізші, түлкі қоянды үйінен қуып шықты

Біз қоянға көмектесе алмадық

Аяз ата:Әрине, көмектесемін!

Боранды мен жіберемін, аязыммен оны үсіремін!

(боранды жібереді)УФ-уф-у-у-у-у-у-у-у...

Түлкі:Аяз ата,Аяз ата, мұрнымды сен үсірдің, өзімді тоңдырдың

Аясаңдаршы мен, қолымды жылытыңдаршы

Аяз ата:Не деп тұрсың? Сен қоянды неге аямадың? Неге оның үйін тартып алдың?

Түлкі: Кешіріңдерші мені, енді ондай жасамаймын.

Аяз ата: Балалар, кешіреміз бе?

Балалар: Иә, кешіреміз

Аяз ата: Ал, қоян, өзіңнің үйіңе бар, ешкімнен қорықпа!

Қоян: -Рахмет!

Аяз ата: -Балалар шырша неге жанбай тұр

Жүргізуші: Қане ,шеңбер құрып тұрайық,.шыршаның шырағын жағайық.

Қуант бізді, таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!

Шырша жан!!!Шырша жан!!!Шырша жан!!!

(шырша жанады,балалар қол шапалақтайды)


Ойын «Шырша»

Балалар үрлегенде шырша өшіп қалады Қол шапалақтаған кезде шырша жанады ( 3-рет қайталау)


Ән «Аяз Ата»


Ойын «Үскіртемін»

Аяз Ата:

Бәрекелкді, бөбектерім

Көңілді сендермен

Бірақ сәл шаршадым

Демалып, тақпақтарыңды тыңдайын


Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.


Ақ таяғын таянып

Таңмен бірге оянып

Аяз ата келіп тұр

Ақ көрпеге оранып.


Шыршаға бардық

Әсем ән салдық

Аяз атадан

Сыйлықтар алдық.


Қуантып елді

Жаңа жыл келді

Өсетін болдым

Бір жасқа енді.


Аяз ата келді

Тамашаны көрді

Риза болып қуанып

Бізге сыйлық берді.


Бізбен бірге ойнайды

Жаңа жылды тойлайды

Барлық бала бақытты

Болса екен деп ойлайды


Сақалы аппақ күмістей

Тістері апақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз атаны


Жаңа жыл да келеді

Көп қуаныш береді

Шашу етіп біздерге

Ақ күмісін төгеді


Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағынып

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып


Ән: «Қыс келді»

Жүргізуші:

Ақшақарлар, келіңдер,

Билеп бізге беріңдер!

Жарқырасын айнала-

Ақ күмістей айнала.


Би «Ұлпа қарлар»

Ұлпақарлар бір жерге отырады. Аяз ата үрлейді. Ұшып басқа жерге отырады. Аяз ата тағы үрлейді ұлпақ қарлар шыршаның түбіне жиналады.

Аяз ата: Мына жерде көп қарлар үйіліп қалыпты ғой!Келіңдер, қар атысып ойнайық


Ойын «Қар атысу»

(Балалар қармен ойнайды. Ойыннан кейін қарларды жинайды)

Аяз ата: Жиналған қарымыз жәй қар емес, сиқырлы қар. Қараңдаршы ,

қандай үлкен. Қарды әрі-бері домалатып,балаларды қызықтырады

Ішін ашып, таңырқап қарайды. Ішінен сыйлықтарды шығарып, балаларға таратады.

Балалар: Рахмет,Аяз ата!

Аяз Ата:Ал енді мен жолға шығайын. Басқа да балалардың өнерін тамашалайын. Ал балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер.Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!






19 Қараша 2024
418
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі