Материалдар / Кемел қаламгер

Кемел қаламгер

Материал туралы қысқаша түсінік
Кемел қаламгер
Авторы:
12 Тамыз 2023
327
3 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






Т. Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Құдиярова Қарақыз Өтебайқызы





Кемел - қаламгер


Кемел Тоқаев – қазақ әдебиетіне шытырман оқиғалы детектив жанрын алғаш алып келген қарымды қаламгер.Ол – ел қорғау жолында шыбын жанын шүберекке түйген ержүрек майдангер еді. Ол – қазақ детективінің дарабозы. Кеңес кезінде кітаптары ең көп оқылып, әдебиетте аты алтын әріппен жазылған қаламы қарымды жазушы, ақтаңгер журналист. Ол – ұлтына қорған болар Президентті тәрбиелеген парасатты тұлға. Иә, Кемел Тоқаевтің кемеңгерлігі, көркем мінезі ұрпақтан-ұрпаққа өнеге болары сөзсіз, жастарға үлгі өнеге ете отырып тәрбиелеу болып табылады.

Бүгінде жиі айтатынымыздай, тарихты тобыр емес, тұлға жасайды. Сондықтан бүгінгі ұрпақты тұлға арқылы тәрбиелеу — бұл тәрбиенің ең жоғары сатысының бірі деп қарау керек.

Кемел Тоқаев  1923 жылы 2 қазанда Алматы облысының Қаратал ауданында туған. Кемел Тоқаев балалық шағында тағдырдың тоқпағы мен соқпағын көп көрді. Қабырғасы қатпаған қаршадай шағында ата-анадан ерте айырылып, ағасы Қасыммен бірге балалар үйінде тәрбиеленді. Алапат аштықтан кейін сұрапыл соғыс келіп жалындаған жастық шағында майданға аттана барды.  Жастайынан тағдырдың ащы дәмін татқан Кемел Тоқаев Фрунзе жаяу әскер училищесінде шамалы уақыт шыңдалады. Оны бітірген соң Сталинград майданына жіберілген. Қан майданда қайсарлығымен, қайраттылығымен көзге түсіп, 226-атқыштар дивизиясының бөлімше командирі болады. Оқ пен оттың ортасында жүріп, 3 айдан кейін жарақат алып, әскери госпитальға түседі. Күрескер Кемел қояр да қоймай сұранып майдан шебіне қайта оралады.  Бұл жолы Украйна және Белорус майданының құрамына кірген 7-гвардиялық танк полкінде елді жаудан азат етеді. Соғыстың соңына дейін Отан алдындағы борышын адал өткерген Кемел Тоқаев, елге оралған соң  Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Әдебиетіміздің алып классиктерінен білім алады. 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде жауапты қызмет атқарды.

Кемел Тоқаев адамдық пен адалдықтың, мамандықтың туын жоғары ұстап, абырой биігінен көрінді. ҚР Жоғары кеңесі ведомстволарының бас редакторы, Қазақстан жазушылар Одағының әдеби кеңесшісі, Ұлы Отан соғысының 1-ші және 2-дәрежелі ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, КСРО Ішкі Істер министрлігінің Құрмет грамоталарымен және арнаулы төсбелгісімен марапатталған. Басты марапат  халық танытқан құрмет еді.

Детектив жанрындағы жазушы ретінде елге есімі танылады. Парасат биігінен көрінген қаламгердің әрбір шығармасы қазақ әдебиетіндегі қайталанбас туынды.

Оның қуатты қаламынан «Жұлдызды жорық» «Қыс қарлығашы», «Болашақ туралы ойлар», «Түнде атылған оқ», «Сарғабанда болған оқиға», «Солдат соғысқа кетті», «Тасқын» деген секілді шоқтығы биік бірнеше повесть, роман туған. Оның кітаптары дүкен сөрелерінде шаң басып тұрған емес. Оқырман іздеп жүріп оқитын. Шығармаларына тұл жетімдіктің қасіретін тартқан кездері арқау болды. Солдат соғысқа кетті» деген романын  өмірінің айнасы деуге болады.  Өмірбаяндық емес, көркем шығарманың деңгейінде жазылған. Сондықтан ол жерде бас кейіпкер Кемел Тоқаевтің бала кезінде кешкен қиындықтары жазылған еді.

Кемел Тоқаев шығармаларының ерекшелігі деректілігінде. Өзі қатысып куә болған соғыс кезіндегі партизандар ерлігі, чекистер мен ішкі істер қызметкерлерінің қауіпті де қызықты тағдырлары, қылмысты істі ашудағы милиционерлердің алғырлығы мен ұтқырлығы — жазушы көтерген негізгі тақырыптар.

Әдетте Кемел Тоқаев қаһармандарының адамгершілігі биік, табиғатынан зиялы, мінездері тұрақты, халқына адал, кең жүректі жандар. Мысалы, «Сарғабанда болған оқиға» повесінде полковник М. Дайыров, милиция бөлімінің бастығы майор Ә. Ділдәбеков, капитан Т. Майлыбаев, т.б құқық қорғаушы милиция басшыларының адалдық пен әділдікті жақтауын, батылдығы мен тапқырлығын жан-жақты ашқан. Кемел Тоқаев шығармаларының басты ерекшелігі – жаңа типтегі адамды, оның озық адамгершілігін, жан жарқылын, парасатын, идеялық байлығын бар шындығымен көрсете білуінде. Оқырмандарына өміршең кейіпкерді, өшпес қаһарман, жағымды бейнелерді шынайы көрсетті.

Кемел Тоқаев — қазақ детективінің негізін қалаушы. Жазушының «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Сарғабанда болған оқиға» сияқты шығармалары оны бұл жанрды биік көркемдік деңгейге жеткізген дара автор ретінде танытты.

Қазақ әдебиетінің тарихында бұрын-соңды болмаған детектив жанрының негізін қалап, оны жоғары дәрежеде оқырмандарының сезім пернелеріне жеткізе білген жазушының таланты өз заманында-ақ еліміздің кеңістігінен асып, әлем жұртшылығын да мойындатқаны шындық.

Сонымен қатар Кемел Тоқаевтың басты кейіпкерлерінің бірі — Қасым Қайсенов. Жазушының «Арнаулы тапсырма» деп аталатын шығармасы әйгілі партизан, Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық қаһарманы Қасым Қайсенов туралы.

«Маған үйір боп, табандылық танытып, мен туралы қазақша, орысша кітап жазған Кемел Тоқаевтың еңбегін жоғары бағалаймын, —  деген Қасым Қайсенов баспасөзге берген сұхбатында». Осы кітапты жазу үшін Кемел Тоқаев Қасым Қайсеновпен бірге Украинаға барып,  оның партизан достарымен кездескен екен.

Жазушы еңбектерінің ең басты құндылығы – өмірдің өзекті мәселелерін негізгі сюжеттік желіге арқау етуі, сол арқылы адамды тануы, оның қоғаммен ара-қатынасын шебер суреттеуі. Сюжет құрау мен тілдік көркемдік ерекше кейіпкер диалогының көп қатпарлығы, ішкі монолог байлығы, өзіндік көркемдік жинақтау, батыл, тың, тосын қаламгерлік ізденістер арқылы кемелдене түскен.

Қай шығармасын оқысаңызда қиялдан тумаған өмірдің өзінен алынған нағыз кейіпкерлер, парасатты адамдар. Қаламгер шығармаларының көркемдік ерекшелігі, композициялық құрылымы терең.

Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының атасы» атанған Кемел Тоқаев – шоқтығы биік туындыларымен оқырмандарын баурап алған хас талант, дарын иесі. «Кемел Тоқаев – қазақ жазушыларының ішіндегі оқырманы ең көп қаламгерлерлердің бірі болды. Өзі таңдап алып, негізін қалаған детективтік жанрда алдына жан салған жоқ.

Ал «Әке туралы толғаныс» кітабында жазушы өзінің балалық шағы, қилы замандар мен күрделі кезеңдерді, ағасы Қасым екеуінің бір күнде ата-анасынан, кейін қарындасынан айырылған ауыр трагедияны бастан өткергені туралы жазады.

Сөз түйініне келсек, Кемел Тоқаев қазақ әдебиетіндегі шытырман оқиғалы, детектив жанрының негізін қалап, өмірінің соңғы күндеріне дейін осы салада адал қызмет етті. Қазақ прозасындағы қайталанбас кейіпкерлері біздің бүгінгі ұлттық тәуелсіздігімізді баянды етіп, Қазақстанның гүлденіп, өркендеуіне ықпал етер жас буынға тағылым, тәрбие берер асыл көркем мұра болып қашанда қала бермек! Ол туған халқының мақсат-мұраты үшін, ертеңгі нұрлы болашағы үшін адал еңбек етті. Уақыттың талап-тілегін азаматтықпен адал атқарды. Ел мүддесін, Отан мүддесін майданда қарумен, бейбіт күнде қаламмен қорғады. Өзінің 63 жылдық ғұмырында адамгершілік атты ұлы құндылыққа дақ түсірмей, өз Отанының шын патриоты бола білді.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Токаев К. Шығармалары: (Роман және повестер) Т52- Алматы: Ана тілі баспасы ЖШС, 2017

2.Токаев К. Өнегелі өмір/ред басқ. Ғ.М. Мұтанов/ Құраст Д. Смайыл.- Алматы: Қазақ университеті,2018 Ш. 156-401 б.,сур.

  1. Қасым-Жомарт Тоқаев. «Әке туралы толғаныс».



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ