|
Мектеп |
|
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|
Күні: |
|
|
Сыныбы: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
«Кенен Әзірбаевқа 140 жыл» |
|
Сабақтың мақсаты: |
Дүлдүл ақын К.Әзірбаевтың өмірі, шығармаларымен танысып, үлгі-өнеге алу,ақын жолын жалғастыру. |
|
Міндеті |
Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алу. |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 7 мин. |
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Психологиялық тренинг жүргізеді |
Мақсаты: Оқушылардың қиындық туындаған жағдайда кімге сенәм артып, көмек сұрайтынын анықтау. |
|
||
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
Құрметті оқушылар! Биылғы жылы дүлдүл ақын, әнші, сазгер, күйші Кенен Әзірбаевтың туғанына 132 жыл толып отыр. Жыл бойы Әзірбаев тойы республикамыздың түкпір-түкпірінде аталып келеді.. Кенен тойы өзінің туған ауылында 70, 80, 90, 100, 110,120, 125, 140 жылдық мерейтойлары кең ауқымда үзіліссіз аталып келе жатыр. Ақын мерейтойына орай Тараз қаласында республикалық ақындар айтысы, «Шырқа,даусым!» атты дәстүрлі республикалық байқау өтіп тұрады. Қазақтың қара домбырасын қолына ұстаған Кенекең саналы ғұмырын сөз маржанын теруге,әуезді ән мен жыр шығаруға арнаған жан. Қазақ әндерінің алтын қорына енген Кенекеңнің 150-ден астам әндері,17 дастаны, бірнеше күйлері,мыңға тарта өлеңдері, бүгінде ұлт мақтанышы,халық қазынасы.
|
Оқушы К.Әзірбаев 1884 жылы қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданы, Мәтібұлақ ауылында дүниеге келген. Анасы Ұлдардан 7 жасында айрылып, қарт Әзірбай кішкентай Кененін құшақтап қала берді. Әкесі Құлшабай Әймен деген бай ағайындарының қойын, баласы қозысын жайып күндерін көреді. Осы жылдардан бастап Кененнің ақындық өнерге ынтасы ауады.Қамыстан сырнай, ағаштан домбыра жасап өлең айтып жүреді. 2.Биікке беталыс оқушы Әзірбай ақын туысы Сарбастан Кененді ақындыққа баулуды өтінген. Мұның үстіне Кененді көп тәрбиелеген осы елдегі орысша оқыған Еркебай болған. Ол өзі домбырашы, ат үстінде түрлі өнер көрсететін еті тірі жігіт еді. Еркебай той-жиынға Кененді ертіп барады.Бір күні Еркебай: - «Домбыраға тиыштық бермедің ғой, мә, мынаны тартып жүр» деп қолдан шапқан кішкене ақ домбыраны Кененге ұстатады. Қойшы бала домбыралы болып үйіне қуанып қайтады. Содан былай қарай Кененнің қолынан домбыра түспейді. Кішкентай ғана ақ домбыра бүгінде Кененнің музей-үйінде тұр. |
слайд |
||
|
Сабақтың ортасы 31мин. |
1.Бала Кененнің жас жүрегін жарып шыққан тұңғыш әні?
Қай ақынмен дос болды?
Қандай одаққа мүше болды? |
Бала Кененнің жас жүрегін жарып шыққан тұңғыш әні «Бозторғай» ең әуелі қойшыларға тараған,бұл ән қойшы-қолаңдардың мұңы еді. Кенен 16-ға толғанда Бибол байдың тойына барып, Шәлипа деген қызбен айтысып,сықаққа толы «Көкшолақ» әнін дүниеге әкеледі. Әнші бала атанған Кененді Еркебай қырғыздың манабы Шабданның асына ертіп барады. Осы аста Жамбылмен танысып, екеуі дос болады.Бұл 1902жыл еді. Жамбыл Кененді өте жақсы көрген. -1921жылы К.Әзірбаев Қордай революциялық комитетінің председателі болып тағайындалады. Көзі тірісінде ақынның шығармашылық еңбегі үкімет тарапынан жоғары бағаланды. К.Әзірбаев 7 дүркін Қазақ КСР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Екі рет «Құрмет белгісі» орденімен, 1967 жылы «Еңбек Қызыл Ту» ордені, 1974 жылы 90 жасқа толуына байланысты Кененге «Ленин» ордені табыс етілді. К.Әзірбаев-Қазақ КСРінің Халық ақыны, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Жазушылар одағының, КСРО Композиторлар одағының мүшесі. Өнер адамдары ішінде екі бірдей одаққа мүше болған ақын тек Кенен ғана.
|
|
|
|
|
|
Ақынның шығармаларының тақырыптары қандай болды? |
К.Әзірбаев шығармаларының тақырыбы өте кең.Туған жерге, сұлу табиғатқа, өз отбасына, өз отбасы мүшелеріне, достарына, ұстаздарына, еңбек, Түрксіб темір жолына, бейбітшілік, соғыс, адамның жақсы-жаман қасиеттеріне, т.б.көптеген тақырыптарға өлеңдер жазды. |
|
|
|
|
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. |
Қорытынды: Ұлылар ұлағаты өркениеттің өр тауларына жетелейді. асыл К.Әзірбаев бабаның таза, мөлдір, кәусар бұлағынан нәрлене білейік, рухани әлдене білейік деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
|
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. |
|
|
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кенен Әзірбаевқа 140 жыл. ҚМЖ

шағым қалдыра аласыз