Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

ҰМЖ тарауы:

Мектебі: Крылов атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тугамбаева Айнур Бейсембаевна

Сынып: 7

Қатысқандар -

Қатыспағандар -

Сабақтың тақырыбы

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс


Зерттеу сұрағы

Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес неліктен жалпы ұлттық сипатқа ие болды?

Оқу мақсаттары

7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау

7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың себеп-салдарын айқындайды.

Оқушылардың басым бөлігі: Ұлт-азаттық күрестің неліктен жалпы ұлттық сипатқа ие болғанын дәлелдейді;

Кейбір оқушылар: Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрестегі Кенесары Қасымұлының рөлін бағалайды

Ойлау деңгейі

Талдау, жинақтау, бағалау

Бағалау критерийі

Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің себеп-салдарын айқындайды және Кенесарының ұлт-азаттық күрестегі рөліне баға береді

Тілдік мақсаттар

Дуан, жасауыл, манап, митридат


Тарихи концепт

Өзгеріс пен сабақтастық

Құндылықтарға баулу

Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана.«Мәңгілік ел» идеясы Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы бағытталған ұлттың азаттығы үшін болған көтерілістер тарихын талдау барысында жүзеге асады

Пәнаралық байланыс

Кенесары Қасымұлы көтерілісінің қамтыған аумағын картадан көрсетеді

Алдыңғы білім

Исатай мен Махамбеттің ұлт-азаттық күрестегі рөлін бағалайды

Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер


Ресурстар

Басы

5 минут

Амандасу және сыныпта психологиялық ахуал тудыру

«Мозайка» әдісі арқылы сыныпты үш топқа бөлу

  1. «Исатай» тобы

  2. «Махамбет» тобы

  3. «Кенесары» тобы






Сабақтың ортасы 27 мин





























































«Бірнеше дұрыс жауапты таңдау»

тапсырмасы бойынша үй жұмысын сұрау.

Көтерілістің жеңілу себебі:

А.Қозғалысты ұйымдастырған старшын,билердің бір тобы Жәңгір ханнан, Қарауылқожадан өш алуды мақсат етті

В.Исатай мен Махамбет барлық көтерілісшілердің басын қоса алмады

С.Көтерілісшілер мен жазалаушы отрядтар күші тең болмады


Дескриптор:

-Оқушы көтерілістің жеңіліс тапқанын біледі

-Жеңіліс факторларын ажыратады

-Осы кезеңнің оқиғаларын ажыратады


Кері байланыс:

Плюс Минус Қызықты

Тапсырманың Ұнамады Деректер,әдістер қызық

мазмұны түсініксіз



Жаңа сабақ:

Т Кестесі:

Көтерілістің себебі

Тарихи маңызы



Дескриптор:

  • Көтерілістің себебіне кемінде екі дәлел келтіреді

  • Көтерілістің маңыздылығына кемінде екі дәйек келтіреді.


-Патша үкіметінің Жаңа Елек өзені бойында әскери шеп тұрғыза бастауы және қазақтарды өз жерінен ығыстыруы жайлы әңгімелейді

-Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің бүкіл Қазақстанды қамтуы,негізгі қозғаушы күштің шаруалар екенін айтады.Олардың мақсаты отарлық езгіні,феодалдық топтардың қысымын көтеріліс арқылы шешуге тырысқанын баяндайды.Қоқандықтар тепкісіндегі қазақтарды азат етіп, Қазақ хандығын құру екенін айтады

-Жазалаушы отрядтар мен шаруалардың күшінің тепе-тең еместігін көрсетеді.


Кері байланыс:

«Бес саусақ»

Бас бармақ:Бүгін мен не үйрендім?

Балан үйрек:Мен бүгін қалай жұмыс жасадым?

Ортан терек:Бүгін мен қандай біліммен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек:Сабақ маған ұнады ма?Неліктен?

Кішкене бөбек:Менің сабақтағы көңіл-күйім


«Пікір алмасу» (SHOWDOWN)

1 топ:К.Қасымұлы көтерілісінің басты себебі не?

Көтерілістің басты қозғаушы күшіне сипаттама

2 топ:Кенесарының Қоқан, Бұхар хандықтарымен байланысы қандай болды?

Кенесары хандығының құрылымымен XYI-XYII ғғ.Қазақ хандығын салыстыр

3 топ:Көтерілісшілердің Қоқан және қырғыз манаптарымен соғысына баға бер

Көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы

Дескриптор:

- Мақсатын анықтайды

- Сипатына баға береді

- Қозғаушы күшін анықтайды

-Нәтижесін дәлелдейді, тарихи баға береді


Әрбір топ тақырыпқа қатысты 2 сұрақ дайындайды.Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып,келесі топпен стикер ауыстырады.Топ басшысы стикердегі сұрақтарды оқиды,топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды.Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және жауапты талқылап салыстырады.




«Жылдарға шолу» тапсырмасы

1837

Қараша айында Е.Қасымұлы Петропавл қаласынан шыққан керуенді қорғайтын Ақтау бекінісінің казактарына шабуыл жасады

1838

Мамыр айында Ақмола бекінісіне шабуыл жасап,бекініс өртенді

1841

Тамыз айында Кенесары қолы Ташкентке аттанды

1842

Сотников бастаған Батыс Сібір жазалау отряды Ақсақал төбе маңында 1000 түйе,3000 жылқы,10000 қойды әкетіп,100 адамды өлтірді

1843

Маусымда патша Николай Войсковой старшина Лебедев басқарған жазалау отряды көтерілісті жаншуға келісім берді

1844

Жыл аяғында Орынбор шекаралық комиссиясының өкілі би Жаманшин Орынбор губернаторы Обручевтің хатын Кенесарыға табыс етті

1845





Дескриптор:

1837 ж оқиғаны анықтайды

1838 ж оқиғаны анықтайды

1841 ж оқиғаны анықтайды

1842 ж оқиғаны анықтайды

1843 ж оқиғаны анықтайды

1844 ж оқиғаны анықтайды

1845 ж оқиғаны анықтайды



Кері байланыс:

Объект 1

Плакат, маркер, суреттер, кескін карта








































Сабақтың соңы




Кері байланыс

Схема 2




















Саралау - Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?



Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

«Дереккөздер».Оқушылар кітаптан тыс материалдармен танысады.Кенесары ханның Генерал-губернаторға жазған хаттарынан мәліметтер көрсетеді.Ақын жазушылардың шығармаларынан үзінді келтіреді.

«Қарқын» тәсілінде жылдам жауап берген оқушыға Кенесарының тарихи портретін жасауды тапсырамын.Портрет құруда мына сұрақтарды оқушыларға қоямын.

  • Тұлғаның өмір сүріп отырған дәуіріне сипаттама;

  • Тұлғаның өмір сүрген ортасы;

  • Қоғамда алатын орны, іс–әрекеті, тұлға ретіндегі қызметі.

  • Адами қасиеті, ерекшеліктері;

  • Тұлғаға тарихи баға беріп қорытындылау;

Тұлға туралы оқушы пікірі, көзқарасы









«Диалог және қолдау көрсету»

Сабақта белсене қатыспай қалған оқушыларға Кенесары заманының атақты батырларын айтып беруді тапсырамын.Оқушылар мәтіннен оқыған Саурық, Сұраншы,Тойшыбек батырларға сипаттама береді.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

1.Топтық, жұптық, жеке жұмыстар арқылы оқушыларға өзара талдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2.Барлық оқушыларға «Бірнеше дұрыс жауапты таңдау әдісі арқылы», Т кестесі», «Жылдарға шолу» бойынша тапсырмаларды орындап, есте сақтау қабілетін дамытады.

Әр тапсырмадан кейін дискриптор құрылған және қалыптастырушы бағалау арқылы қорытып отырамын. «Плюс,минус,қызықты», «Ет тартқыш», «Бес саусақ» әдістері арқылы бағалаймын.

Сабақ барысында оқушылардың жас ерекшелігі ескеріледі және денсаулық ережесі, техника қауіпсіздігі сақталады.

Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.10.2020
595
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12