Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Кенесары Қасыұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
1837 жылы Кенесары Қасымұлының басшылығымен Ресей империясына қарсы ірі ұлт азаттық қозғалыс басталды. Көтеріліске қатысушылардың дені жергілікті халық, сонымен бірге олардың арасында орыс, башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түркімен халықтарының өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары басшылық қызметтерді атқарды. Осылайша, Кенесарының жеке хатшысы бұрынғы орыс солдаты, Наурызбай сұлтанның адъютанты – орыс Николай Губин, татар Әлім Ягудин әскери кеңестің мүшесі, өзбек Сайдақ-қожа Оспанов ханның дипломатиялық қызметін басқарды. Олардың барлығы Кенесары әскеріне өздерінің мол тәжірибелерімен бөлісіп, соғысты ұйымдастырудың маңызды элементін көрсетті [
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Кенесары Қасымұлы

Кенесары Қасымұлы (1837-1847) – көрнекті мемлекет қайраткері, жалпы
қазақ ханы (1841-1847 жж.). Ақсүйек, Жошы ханның ұрпағы. Ресей
империясына қарсы ұлт-азаттық күрестің жетекшілік етіп, Қоқан хандығына
қарсы соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақ халқы мен ресейлік әскери
тұлғалар арасында үлкен беделге ие болды.
Өмірбаяны
1837 жылы Кенесары Қасымұлының басшылығымен Ресей империясына
қарсы ірі ұлт азаттық қозғалыс басталды. Көтеріліске қатысушылардың дені
жергілікті халық, сонымен бірге олардың арасында орыс, башқұрт, өзбек,
қарақалпақ, түркімен халықтарының өкілдері де болд ы. Олардың
кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары
басшылық қызметтерді атқарды. Осылайша, Кенесарының жеке хатшысы
бұрынғы орыс солдаты, Наурызбай сұлтанның адъютанты – орыс Николай
Губин, татар Әлім Ягудин әскери кеңестің мүшесі, өзбек Сайдақ-қожа
Оспанов ханның дипломатиялық қызметін басқарды. Олардың барлығы
Кенесары әскеріне өздерінің мол тәжірибелерімен бөлісіп, соғысты
ұйымдастырудың маңызды элементін көрсетті [1].
1836 жылдың көктемінде Ташкентте Кенесарының жақын туыстары Саржан,
Есенгелді және Әлжан сұлтандарды жауыздықпен өлтірілгеннен кейін,
Кенесары сұлтан белсенді іс-әрекетке көшті. Бұл туралы 1836 жылдың 4-
желтоқсандағы Ақмола уездік бұйрығының мазмұнын Омбы облыстық
басшысына жеткізді: «Ресей жәнеТашкент саудагерлері өткен күзде
Петропавловск қаласында керуендерімен өтіп жүргенде, көктемде
Ташкенттің бұрынғы билеушісінің бұйрығынан кейін, Ташкент қаласында
сатқын сұлтан Саржан Қасымовты, оның ағасы Есенгелдіні және 1835 ж.
Қарекеңгір пикетіне шабуылымен, бірнеше казактарды өлтіруімен белгілі
болған үлкен ұлы Әлжанды өлім арқылы жазаланғандықтары туралы
бірауыздан пікір білдірді» [2]. Содан кейін Қасым сұлтан өз ұлдарын
өлтіргені үшін Ташкент билеушісіне кек қайтарып, оның 40 елшісін өлтіреді.
Бұл туралы 1836 жылғы 23 желтоқсандағы Ақмола уездік мүшесі Қосыбай
Бабықов бидің Омбы облыстық басшысының атына жасаған құпия
хабарламасынан көруге болады: «Сонымен, кеш батқанда барлық
келіссөздерді ертеңгі күнге қалдырып, қонақтар үшін арнайы киіз
үйлер тігілді және лайықты ас берілді. Ташкенттіктер сұлтан Қасым
Абылаевтың жылы қабылдауын көріп, өздері үшін жағымсыз ештеңе
күтпегендіктен, қараңғы түскенде терең ұйқыға кетті. Абылаевпен алдын
ала жасақталған және ташкенттіктерден алыс емес үй -жайда
жасырынған 400 қаруланған қырғыз түннің бір уағында белгі берілген
мезетте қонақтарына тұтқиылдан шабуыл жасап, 3 адамнан басқасын,
оның ішінде Исмамбеттен басқасынан барлығын өлтірген» [3].
Кенесары Қасымұлы 1802 жылы Көкшетау тауларының баурайында Қасым
сұлтанның отбасында дүниеге келген. Абылай ханның немересі. Көтеріліс
басшысы жастайынан аттың құлағында ойнайтын, мергендікті үйреніп,


Page 2

тамаша аңшы ретінде де танылған, әділдікті жақтаушы, қажымас қайрат пен
ерлік, батылдық, көрнекті ұйымдастырушылық, қолбасшылық талантымен
ерекшеленді. ХІХ ғасырдың ортасындағы ресейлік зерттеушілердің бірі Л.
Мейер Кенесарыны «нағыз батыр» деп ерекше атап көрсеткен. Ол
дінге аса құлай берілмегендігімен ерекшеленген. [4].
Сұлтан өзінің даңқты атасы Абылайдың ісін жалғастырушы ретінде тарих
сахнасынан орын алды. Көтеріліс басшысы туралы жаңа заманның атақты
зерттеушісі Н. Коншин да оң сипаттама берген: «Біз тек Кенесарының
бейнесінен ғана барлық қазақтардың саяси бірлігі туралы қазақтың
армандаған нағыз ұлттық батырын көре аламыз. Ол тайпаларға, тіпті
ордаларға бөлген емес. Ол өте батыл, орасан күшке ие және өте шебер
саясаткер болды» [5].
Еңбегі
Көтеріліс барлық үш жүзді қамтыды. XIX ғасырдың 20-30-шы жылдары
отарлық билік пен жергілікті халықтың қарым-қатынасы шиеленісе түскені
белгілі. Кіші және Орта жүздерде хандық биліктің жойылуы сұлтандар,
билер мен батырлар тарапынан наразылық тудырды. Жаңа әскери
бекіністерді салу үшін қазақ халқынан жерді жаппай тартып алу басталды.
Егер бұрын қыр халқы Ресей империясына салық төлемесе, енді бірыңғай
ясак, жеке отбасына салынатын салық және міндетті жол салығы енгізілді.
Патша отрядтары «әскери іздеу» деген сылтаумен қазақ ауылдарына қайта-
қайта шабуыл жасады. Олар көшпенділер үшін зор қасірет пен көптеген
апаттар әкелді. Әрине, патшалықтың мұндай әрекеттері ел арасында
наразылық тудырды. Сондықтан көтерілістің басты мақсаты, патшалықтың
тартып алған жерлерін қазақтарға қайтару, сыртқы округтарды және
енгізілген салықтарды жою. Көтерілістің басты қозғаушы күші қарапайым
шаруалар, сондай-ақ старшиналар, билер, батырлар, сұлтандар болды. Олар:
Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Басығара, Аңғал, Жанайдар,
Жеке, Жәуке, Сұраншы, Байсейіт, Жоламан, Байтабын, Бұқарбай және т.б.
Көтерілісті Баянауыл сыртқы округінен Тайжан мен Сейтен
Азнабаевтар сияқты ірі мал иелері, сұлтанның жақын қолдаушылары
ретінде көтерілісшілерге белсене көмектесті.




Жетісу облысы,Сарқан ауданы,Шатырбай орта мектебі КММ
Тарих пәнінің мұғалімі Г.Омарова


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
24.12.2024
231
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12