Материалдар / кеңес балалардың денсаулығын нығайту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

кеңес балалардың денсаулығын нығайту

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кездегі елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға даярлау. Қай кезеңде болмасын білім мен тәрбие егіз ұғым екендігін ескерсек, отбасынан бастау алған бала тәрбиесі мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан-жақты жетілдірудің жолдарын айқындап, бала денсаулығын сақтаудың жолдарын қарастыру заман талабынан туындап отырған жағдайлардың бірі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2020
635
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке дейінгі балалардың

денсаулығын нығайту 


  Қазіргі кездегі елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға даярлау. Қай кезеңде болмасын білім мен тәрбие егіз ұғым екендігін ескерсек, отбасынан бастау алған бала тәрбиесі мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан-жақты жетілдірудің жолдарын айқындап, бала денсаулығын сақтаудың жолдарын қарастыру заман талабынан туындап отырған жағдайлардың бірі.

 Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тәрбиенің тәжіриебиесі мол болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, әлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты меңзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізігі міндеттердің бірі болып саналады. Баланың салауатты өмір салтын құру баланың тек психологиялық жеке-дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы қолдап отыру қажет.

Қазақстандағы салауатты өмір салтын дамытудың бастамасы мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды.[1]

 Осыған орай жұмыстың обьектісі – мектепке дейінгі жаста баланың денсаулығын қорғау болып саналады.

Жұмыстың мақсаты - мектепке дейінгі ұйымда баланың денсаулығын сақтаудың, салауатты өмір салтын ұйымдастыру мен бала денсаулығын шыңдаудың мүмкіндіктерін қарастыру болып табылады.

Міндеттер:
- мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын қолдану мүмкіндіктерін анықтау; 
- денсаулық сақтау технологиясына сипаттама бере отырып, мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын пайдалану әдістемесін ұсыну;
- білім берудің жаңа технологияларын қолдану (денсаулық сақтау, ақпараттық) ғылыми -әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, оларды іске асыру механизмдерін жетілдіру;
- балалардың денсаулығын сақтау мақсатында инновациялық бағыттағы материалдық-техникалық база қалыптастыру.

Күтілетін нәтижесі:

Мектепке дейінгі мекемедегі балалардың дені сау, психологиялық және интелектуалдық тұрғыда жан-жақты қалыптасқан, бастауышқа дайын болған мекеме түлегін дайындап шығару. 

Тәрбиешінің   балалармен жұмыс жүргізуіндегі денсаулық сақтау технологиялары.

Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуда мектепке дейінгі мекемеде денсаулықсақтау технологияларының түрлері:

Балабақшада оқу-тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жүргізу, баланың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық және педагогикалық қызметкерлердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Осындай мәселені шешу барысында біздің анықтағанымыз, баланың  денсаулығын нығайтуда және аурудың алдын-алуда тек қана баланың қимыл белсенділіктерін көтеру өте аз, сонымен қатар шынықтыру шараларын жүйелі өткізу керек. Ол үшін педагог дәстүрлі жұмыстарға дәстүрден тыс жұмыс түрлерінің жүйесін тудыруы жөн.

Мысалы, жалаң аяқ жүру табан мен буындарды бекіту әдісі болып табылғандықтан барлық жаттығуларды жалаң аяқ ұйымдастырған өте ұтымды болады.

Ертеңгілік жаттығуда әртүрлі формаларды қолдану:

  • Тыныс алу жаттығулары

  • Жалпақтабандылықтың алдын-алу жаттығулары

  • Сымбатты түзету жаттығулары

  • Созылу(стретчинг) жаттығалары

  • Йога жаттығулары

  • Көзге арналған жаттығулар

Таңертеңгі жаттығудан кейін тыныс алу немесе тұзды жолмен жүру өте тиімді. Сонымен қатар дене тәрбие сабақтарында дәстүрден тыс құрал-жабдықтарды қолданған жөн.

            Баланың дені сау, салмақты, дене дамуы мықты, тәбеті жақсы, ұйқысы толыққанды болып өсуі үшін күн тәртібін қатаң сақтау қажет. Бұл балаға балалық шақтан бастап ағзасын кез-келген ауруға қарсы тұруына маңызды.

Себебі ағзада барлық өмірлік әрекеттер белгілі бір тәртіппен жүріп отырады. Жүрек ырғақты жұмыс жасайды,  жиырылуы-босауы, тыныс алу, дем алумен -дем шығару кезектеседі, асқазандағы аста белгілі уақытта қортылып отырады.[2]

Жалпы табиғатта барлық жағдайлар белгілі реттілікпен жүреді: жыл мезгілдерінің, күн мен түн ауысуы...

Міне, сондықтан мектепке дейінгі мекемелерде күн тәртібі сақталуға қатаң көңіл бөлінген. Шынықтыру-сауықтырудыңда тәртібі болған жағдайда ғана баланың ағзасына тиімді болады.

Мектепке дейінгі ұйымындағы денсаулық сақтау педагогикалық технологиялары

Мектепке дейінгі кезең – бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезеңі екенін білеміз. Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке жүйелері мен дене мүшелерінің, жүйкелік-психикалық дамуы қалыптаса түскен кезі. 

            Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау іс-шаралары  кешенді де жүйелі  жүргізілуі қажет. Сонда ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере алатын болады. [3]

Денсаулық сақтау технологияларының кешенді жүргізудің басты мақсаты

Мектепке дейінгі балалардың қимыл-әрекеттерін жетілдіріп, оның ағзасын суыққа төзімді болуға жаттықтыру.

Дені сау баланы өсіруде бірнеше бағыттар алынды.

Балалар ауруларын төмендетуге мүмкіндіктер жасау  үшін педагогтардың кәсіби-шеберліктерін өрлету және де ата-аналармен ынтымақтаса отырып, шынықтыруды кешенді ұйымдастыру

Бұл іс-шаралар барлық білім салаларымен байланыстырып, әрекеттестіріп жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады.

Шынықтырудың негізгі  міндеттері

Баланың тұлғалық ерекшелігін ескере күш-қайраттарын қалыптастыру және денсаулығын шынықтыруды жүзеге асыру. Бұл міндеттерге, тек шынықтыру шараларынын кешенді түрде өткізгенде ғана нәтижеге қол жеткізді, яғни балабақшадағы баланың болған бір күні - оның ағзасына пайдалы дәрумендерді енгізіп асмәзірін  түрлендіріп, оны балаға жеткізу, қарапайым шынықтыру мен қатар арнайы жоспарланған шараларды,  қимыл-әрекеті үйлесімді ұйымдастырылады.

Баламен  шынықтыру  шараларын ұйымдастыру алдында бірнеше ережелерді сақтау керек:

Дені сау баламен шынықтыруды жүйелі жүргізу, оның теріс эмоциясын (үрей, жылау, мазасыздық) тудырмайтын және біртіндеп үдетіп, ұзартылып, медбике мен педагогтың қатаң қадағалауында болуы қажет.

 

Оқу тәрбие үрдісін бала денсаулығына жүктеме болмайтындай, керісінше оны нығайтуға көмектесетіндей етіп ұйымдастыру керек. Балабақшаның жұмыс ерекшелігін ескере отырып, бала денсаулығын нығайту мәселелері, мектепалды балалардың физикалық дамуы – мектепке дейінгі мекеменің жұмысының негізгі бағыты болып табылады.[4]












Педагогикалық денсаулық сақтау технологияларын қолдану

Түрі

Күн тәртібіндегі өткізетін  уақыты

Өткізу әдістерінің ерекшелігі


  1. Денсаулықтарын сақтау және ынталандыру

Стретчинг

(созылу)

Тамақтан соң 30 минуттан  кейін желдетілген топта немесе спорт  пен музыка залында ортаңғы топтан бастап, аптасына екі рет 25-30 мин

Сымбаттары бұзылған және жалпақтабандылықтын алдын-алуға ұсынылады. Бұлшық еттерге жүктеменің үлесі тең болуы керек.

Ырғақты - қозғалыс

Тамақтан соң 30 минуттан  кейін желдетілген топта немесе спорт  пен музыка залында ортаңғы топтан бастап, аптасына екі рет 25-30 мин.

Жүктеменің көлемі  және өлшемі баланың жас ерекшелігіне қарай болу. Көркем құндылыққа назар аудару

Динамикалық үзіліс

Сабақта балалардың шаршауларына қарай, 2-5 мин.

Шаршаудың алдын-алу үшін барлық балаларға ұсынылады. Сабақтың ерекшелігіне қарай көзге. Тыныс алуға және басқада жаттығуларды қосуға болады.

Қимылды және спорттық ойындар

Серуенде, топта сабақтың бөлігі ретінде, барлық топтарды күнде

Ойындар баланың жас шамалық ерекшелігіне және маусымдыққа, уақытына сәйкес іріктелінеді. МДМ-де спорттық ойындарының элементтері ғана қолданылады.

Релаксация

Барлық топта кез-келген ыңғайлы бөлмеде. Педагог технологияның қарқындығын мақсатпен балалардың  жағдайына байланысты анықтайды.

Табиғат үнінін, классикалық баяу әуенді (Чайковский, Рахманинов) қолдануға болады.

Саусақ жаттығулары

Күнде барлық топтарда жеке-дара немесе жарты топпен

Күнде кез-келген ыңғайлы уақытта Барлық балаларға, әсіресе сөз мүкістігі бар  балаларға ұсынылады

Көзге арналға

Көзге түскен жүктеменің қарқынына қарай күнде 3-5 мин

Педагогтың көрсетуі, көрнекілікті қолдану ұсынылады.

Тыныс алу жаттығулары

Дене тәрбие және сауықтыру жұмыстарының әртүрлі формасында

Процедураның алдында балаларға мұрын гигиенасы жөніндегі міндеттер нұсқауын беру, бөлмені желдетіп алуОбеспечить проветривание

Сергітетін жаттығулар

Күнде түскі ұйқыдан, 5-10 мин.

Өткізу түрі әртүрлі: керуетте жатып, молынан жуыну, қабырғалы жолмен жүру, ауасы әртүрлі деңгейдегі бөлмеде жеңіл жүгіру

Дене тәрибе сабағы

Спорт немесе музыка залында  аптасына екі  рет

Сәбилер тобында – топ бөлмесінде, 10-15 мин.  Ортаңғы -15-20, Ересек 20-25, Дайындық тобында -25-30 минут

МДМ-нің жұмыс істейтін бағдарламасына сәйкес желдетілген бөлмеде өткізіледі.

Мәселелі ойындар (тренингтар)

Күннің екінші жартысында немесе кез-келген бос уақытта педагогтың алдына қойған міндеттіне қарай ұйымдастырылады.

Сабақ педагогтың баланың ойын әрекетіне оған білтіртпей қосылуы арқылы өтеді

Тіл қатынас ойындары

Ересек тобынан бастап аптасына 1-2 рет, 30 минуттан өткізіледі.

Сабақ  белгілі тірек-ызба бойынша және бірнеше бөлімдерден құрылады. Олар әңгімелесу, сызба-нұсқалар, әртүрлі деңгейдегі ойындар, сурет салу, жапсыру, т.б.

Нүктелі  массаж

Ересек тобынан бастап кез-келген ыңғайлы уақытта және күзгі және көктемгі індеттердің алдында өткізіледі.

Тұмау ауруымен жиі ауыратын балалармен қатаң түрде арнайы әдістер арқылы өткізіледі. Көрнекілік құрал қолданылады.

Арттера-пия

Ортаңғы топтан бастап сеанс бойынша 10-12 сабақ, 30-35 минут өткізіледі.

Сабақ жарты топ бойынша 10-13 адаммен  өткізіледі. Диогностикалық құрал және сабақтың хаттамасы болуы керек.

Әуен әсері

Айына 1-2 рет сабақтан тыс уақыта сауықтыру-шынықтыру жұмысы ретінде өткізіледі

Басқа технологияларға көмекші ретінде: шиленісті шешуге, эмоцияның жоғары кездерінде қолданылады

Ертегі терапиясы

Айына 1-2 рет

Дамыту және психологиялық жұмыстар үшін қолданылады. Ертегіне ересек немесе топтасып айтуға болады.

Түстердің әсері

Алға қойылған міндеттерге қарай айына 1-2 рет

МДМ-нің безендірілген түстеріне ерекше назар бөлу керек. Бөлменің ішкі көріністерінің түстерін дұрыс таңдау – баланың шиленісін шешуіне және эмоциялық икемделуіне жақсы

Мінез-құлқын түзету

Ересек тобынан бастап сеанс ретінде 10-12 сабақ 25-30

Сабақ арнайы әдіс-түсілдер арқылы аз топты 6-8 баламен Ойын түрінде әртүрлі мәселелі балалармен жүргізіледі.

 

 

















Мектепке дейінгі ұйымындағы шынықтыру-сауықтырудың негізгі міндеттері

  • Баланың денсаулығын нығайту және сақтау

  • Баланың дене тәрбиесінің сапалық дамуын, тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, оның өміріне қажет қимыл ептілігін қалыптастыру

  • Баланың қиыл белсенділік талабын жүзеге асыруға жағдайлар тудыру

  • Салауатты өмір салтының талаптарына сай тәрбиелеу

  • Психологиялық және физиологиялық  саулықпен қамту

 

Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуді қамтамасыз етудегі  бағыттар.

  • Баланың физиологиялық даму және балалардың ауруларының төмендету үшін жағдайлар жасау

  • Балабақшадағы педагогтардың шеберліктерін және іскерлік біліктіліктерін жоғарлату

  • Медициналық қызметкелермен байланысты шынықтыру-сауықтыру міндеттерін кешенді шешу

  • Балабақша және жанұя жағдайларында бірігіп дені сау баланы тәрбиелеу

Балалардың дене тәрбиесінің толыққанды дамуына, қимылдау талаптарын жүзеге асыру үшін балабақшада арнайы жағдайлар туғызу.

     Топтарда шынықтыруға арналған бұрыштар, спорт залда дене тәрбие сабағына арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және балабақша алаңында спорт алаң болу. Осының барлығы баланың дене тәрбиесіне деген қызығушылықтарын жоғарлатады, сабақтың  тиімділігін арттырады,  балалардың барлық негізгі қимыл түрлерін жасауға мүмкіндік береді.

Құрметті  әріптестер, тәрбиешілер мен педагогтар Қазақстанның болашақ ұрпақтарының денсаулығын нығайту мен сақтау сіздердің аяулы алақандарыңызда.



















Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы

МКҚК «Раушан» бөбекжай балабақшасы













КЕҢЕС

Тақырыбы: Мектепке дейінгі балалардың денсаулығын нығайту



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!