400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кеңес:«Балалардың сөйлеу тілін дамыту барысында логоырғақ қимылдарының маңызы»

Материал туралы қысқаша түсінік
логопед мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы




ККМ «Сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар

балаларға арналған «Алма» балабақшасы»

логопеді Балмагамбетова Гульшат Камаловна




«Балалардың сөйлеу тілін дамыту барысында логоырғақ қимылдарының маңызы»

Баланың үш жасында тілдік мүмкіндіктері мейлінше кеңейеді,сондықтан оларға үлкендермен ғана емес,өз қатарластарымен де сөйлесуді үйрену қажет.Тілінің дамуымен бірге,баланың барлық психикалық процестері (ес,зейін,ой) жас ерекшелігіне сай нәтижелі дамиды. Осындай ойындардың көмегімен саусақ ұштарының сезімталдығы күшейеді және нығаяды,яғни, баланың ойлауы да дамиды. 3-4 жасар бала мақсатты және саналы түрде сөйлей бастайды.Сөйлеу тілі арқылы олар өз мәселелерін шешеді,ерік-тілектерін білдіреді. Бұл жаста балалар дыбыстардың таңбасы-әріптерге қызығады,магнитті алфавиттермен,әріптерді бастырумен және т.б әрекеттер барысында қуана ойнайды.

Сонымен қатар,ойша сөздегі әріптерді қосып айтуды үйренеді.Балалар бастырылған әріптермен жазылған сөздерді табуды өте жақсы көреді.Мұндай жаттығулар біртіндеп,баланы саналы жазуға және оқуға байқатпай еріксіз дайындайды. Ойын жаттығуы зейінін тұрақтандыруға,сөзбен әріптің үлгісін қабылдауға және де қолдарын жазуға дайындауға көмектеседі.

Біздің балабақшамыз сөйлеу тілі бұзылған балалар үшін арнаулы (коррекциялық) балабақша болып табылғандықтан,біз әсіресе, ұсақ қол және жалпы моторикасын дамытуға көңіл бөлеміз.

Сондықтан,біздің педагогтар инновациялық әдістерді іздеуге,табуға және қолдануға тырысады,соның ішінде логоырғақ жаттығуларын қолданамыз.Біздің балабақшада балалар мен педагогтардың белсенді қатысуымен логоырғақ жаттығулары күннің екінші жартысында және логопед сабақтарында өткізіліп тұрады .

Аталған дамыту жаттығулары педагогтар,баланың жеке сөйлеу тілінің дамуына әсер етеді деп,белгілейді.Балалар көпшіл бола түседі, ұсақ моторикасы,тілдік,әлеуметтік дағдылары дамиды.

Біздің мектепке дейінгі ұйым базасында «логоырғақ сөйлеуді дамытудағы үйлесімділік»тақырыбында, олардың педагогикалық ой өрісін және кәсіби құзіреттілігін жетілдіретін педагогтардың біліктілігін арттыру курсының тыңдаушыларына арналған облыстық семинарларда да өткізіліп жүр.Логоырғақ жаттығулар жүйесі бойынша әдістемелік материалдар мен дидактикалық ойындар жинақталуда.

Қорытындылайтын болсақ,баламен логоырғақ бойынша жұмыс жүргізілетін болса,ол балада жаңа дағылары мен іскерліктері пайда болатынын атап айтып кетер едім.Бұдан басқа,балада біртіндеп сезім,тәуелділіктен арылу және өзіне деген сенім пайда болады. Мамандар логоырғақ баланың театрға деген махаббатын,жаңа ақпарат көлемін алуға деген қызығушылығын оны меңгеруге деген дайындығын дамытады деп есептейді.Оған әлі өзі дайын емес нәрсені жасауға қажеті жоқ.

Ұрпағы білімді болса,халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Артымыздан өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа мәнді де мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі.
Баланың даму мүмкіндігіне қарай, жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы және ой - өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасынан-ақ басталатыны сөзсіз.
Қай кезеңде болмасын мектепке дейінгі ұйымдарда, баланың сөйлеуін дамыту үшңн қолданылатын әдістер ешқашанда орнын жоғалтқан емес. Баланың табиғатынан білуге құмарлығы, туғаннан өсіп-жетілуге ұмтылысы басымдырақ болады. Сондықтан да, қарқындап дамып бара жатқан заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық сана, ұлттық тәрбиені сақтай отырып, бала тәрбиесіне енгізіп, тынбай ізденіп, жиі жаңартып,рухани жаңғырып отыруы заңдылық деп білемін.































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
564
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі