Алматы
облысы
Еңбекшіқазақ
ауданы
Шелек
ауылы
«Келешек» бөбекжай
балабақшасының
тәрбиешісі Туржупарова
Балболар
Білім беру
саласы:
Таным
Бөлімі:
Қарапайым
математикалық ұғымдарды
қалыптастыру
Тақырыбы:
Кеңістікте бағдарлау.
Мақсаты: Арнайы құрылған
кеңістік жағдайларында бағдарлауға және қойылған шарт бойынша өз
орнын анықтауға үйрету; В.Воскобович технологиясы «Сиқырлы
сегіздік» арқылы баланың саусақ қимылдарын дамыту арқылы сандар
туралы білімдерін шыңдау. Балалардың кеңістік туралы түсініктерін
дамыту, солға, оңға, астында, үстінде, маңында және Ф.Фребель
технологиясы «Пішіндер және таяқшалар» қағаз бетінде бағдарлауды,
сөздерді пайдалануға үйрету.
Қос тілді құрам: оң жақта –
справа, сол жақта – слева, жоғарыда – вверху, төменде – внизу,
жанында – рядом, алдында – спереди, артында –
сзади.
Дидактикалық
көрнекіліктер: В.Воскобович технологиясының
«Сиқырлы сегіздік» элементі (әр балаға), Ф.Фребель сыйы №7, №8 –
«Пішіндер және таяқшалар», ақ қағаз, қалам. Бағалауға смайликтер,
кері байланыс «Кір жаю» әдісіне –
қысқыштар.
|
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиеші
іс-әрекеті:
|
Баланың
іс-әрекеті
|
|
Мотивациялық-қозғаушылық
кезеңі
|
Балаларды шаттық шеңберге
шақырып, көңіл –күйлерін көтеру.
Шақырамын
сендерді,
Жолдастарым кел
бері.
Толтырайық
шаттыққа,
Дөңгеленген
шеңберді.
Жарайсыңдар балалар, қане,
бәріміз орындарымызға отырамыз.
|
Шеңберге жиналып, шаттық
шеңберін орындайды.
|
|
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
кезеңі
|
-
Аптаның қай
күні?
-
Балалар сендер нешеге дейін
санай аласыңдар? Қане санайықшы.
-
Қане, Воскобович
технологиясының Дидактикалық ойын: «Сиқырлы сегіздік» бойынша
сандарды жазамыз, мына суреттердегі заттарды санап, санын сиқырлы
сегіздікте белгілеп көрсетеміз? Балалар сол санды белгілеп,
«Сиқырлы сегіздік»-те орындаңдар.
Саусақ жаттығуы:
«Кірпі»
Момақанмын алайда.
Тікенім
көп абайла,
Кіріп
кетсе қолыңа,
Өкпелеме
жарайма!
-
Балалар сендер оң жақ, сол
жақтарыңды ажырата білесіңдер ме?
-
Балалар, яғни біз бүгін
кеңістікте бағдарлауды үйренеміз.
№1
тапсырма.
Суреттер
бойынша жұмыс заттардың бір-біріне қатысты орналасқан орнын
анықтаңдар.
-
Сайқымазақ доптың қай жағында
орналасқан? (т.с.с. суреттер бойынша
сұрақтар).
-
№2тапсырма.
Келесі
тапсырма, Фербель таяқшаларынан шаршы, дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш
құрастырамыз.
Сергіту сәті: Орнымыздан
тұрайық,
Алақанды
ұрайық
Оңға
қарай бұрылып
Солға
қарай бұрылып
Бір
отырып, бір тұрып
Бой
сергітіп алайық.
-
№3
тапсырма. Келесі тапсырма, геометриялық
пішіндерді қағаз бетінде бағдарлау.
-
Яғни, ақ қағаз бетіне Фербель
таяқшаларынан шаршы құраймыз.
-
Енді, Фербель пішіндерін
шаршының ішінде кеңістікті бағдарлап
орналастырамыз.
-
Мынау қандай
пішін?
-
Балалар, шеңберді шаршының сол
жақ жоғарғы бұрышына
орналастырамыз.
|
-
Балалар санайды.
10 ға дейін тура және кері
санайды.
-
1 трактор
бар.
-
Балалар сол санды белгілеп,
«Сиқырлы сегіздік»-те орындап
көрсетеді.
-
Үш саусақтарын түйістіріп,
кірпінің жүрісін салады.
-
Екі қолының саусақтарын
айқастырып, кірпінің тікенектері
жасайды
-
Оң жақ, сол жақты
көрсетеді.
|
|
Рефлексивті-түзетушілік
кезең
|
Балалар сендерге бүгінгі оқу
қызметіміз сендерге ұнады ма?
Кері байланыс: «Кір жаю»
әдісі. Тақтада орнатылған жіпке пішіндерді атап қысқышпен іледі.
Біз қандай сөздермен таныстық?
Тапсырма орындау барысында
балалардың жинаған смайликтерін санап,
мадақтау.
|
Пішіндерді атап жіпке
қысқышпен іледі.
Өз ойларын
айтады.
Оңға, солға, жоғарыда, төменде
сөздерімен таныстық.
|
Күтілетін
нәтиже:
Жүйелейді:
кеңістікті бағдарлау мағынасын
білді.
Қолданады:
заттарды
санап «Сиқырлы сегіздік»-те сандарды дұрыс
орындады.
Түсінеді:
заттың
түсі, орналасуы, саны туралы
түсінеді.
