Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Кеплер заңдары

Материал туралы қысқаша түсінік
аспан денелерінің қозғалыс заңдары туралы сабақ жоспары физика пәні мұғаліміне керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе қаласы

8 орта мектеп







9 класс

«§45.Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары»

тақырыбына жасалған сабақ жоспары







физика және математика пәндерінің мұғалімі:

Айтпағанбетова Гүлдана Бақтығұлқызы













2017-2018 оқу жылы













16.02.18.

9- класс

Пәні: физика

Сабақ тақырыбы: §45.Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары.

«Менің ойларым аспаннан алынған»

И. Кеплер

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың таным қабілеттерін арттыра отырып, тақырыптың мазмұнын ашып түсіндіру.

  2. Дамытушылық: оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оқушылардын қалыптан тыс ойлауына жағдай жасау, әлем сырына үңілуге баулу, алған білімдерін пәнаралық  байланыста меңгерту.

  3. Тәрбиелік: Қажырлы еңбек түбі зейнет екенін ұғындыра отырып,ерікті түрде білім алуға ықпал ету, жауапкершілікке, ойын тұжырымдай білуге, дәйекті баяндай білуге баулу, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: презентация, компьютер, интербелсенді тақта,

Stellarium- қосымша; ЖАЖК

Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ типі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: сызу, тарих, математика.

Әдіс- тәсілдері: топтық жұмыс, жұптық жұмыс, сұрақ-жауап, Блум таксономиясы.



Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгелдеу, үш қатарды үш топқа бөлу. Сабақ мақсатымен таныстыру.

  2. Білу кезеңі: Үй тапсырмасын тексеру: §44 және Николай Коперник, Иоганн Кеплер, Исаак Ньютонның күн жүйесін зерттеуге қосқан үлестері туралы мәлімет әкелу.

Stellarium- қосымшасынан және ЖАЖК-нан 17.02.15 күні сағат 10.05-те көрінетін жұлдыздарды бақылау, анықтау.

§44 –үй тапсырмасы бойынша қойылатын сұрақтар:

1) Нақты және орташа күн тәуліктерінің бір-бірінен айырмашылығы

неде?

2) Қазақстан жері арқылы қанша және қандай сағаттық белдеулер өтеді?

3) Өліаралық және жұлдыздық ай астрономиялық жолмен қалай

анықталады?

4) Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт аралығында қандай

айырмашылық бар?

5) Тропиктік жыл ұзақтығы қалай анықталады? Оның ұзақтығы қандай?

  1. Түсіну кезеңі: Жаңа сабақты меңгерту.

Үш топқа мәтінді бөліп беру.

  1. ші топ- И. Кеплердің бірінші заңы;

  2. ші топ – И. Кеплердің екінші заңы;

  3. ші топ – И. Кеплердің үшінші заңы.

  1. Қолдану: үш топ берілген мәтіндерінен постер құрып, қорғап шығады.

  2. Талдау: Николай Коперник, Иоганн Кеплер, Исаак Ньютон еңбектерін зерделеу, айырмашылығын, артықшылығын табу, талдау.



VI . Жинақтау: алған білімдерін бекіту, есептер шығару.

Иоганн Кеплер (1571-1630) заңдары:

1. Кеплердің бірінші заңы планета орбитасының пішінін анықтайды:

барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады.

Элипстің симметрия центрі О, үлкен АА1 = 2 a және кіші ВВ1 = 2 b екі

симметрия осі бар, мұндағы а үлкен жарты ось, b – кіші жарты ось деп аталады.

Оның фокусы центрден OF1 = OF2 = C = a2 – b2 қашықтықта орналасқан.

Эллипстің негізгі қасиеті: эллипстің кез келген нүктесінің фокустардан

қашықтықтарының қосындысы үлкен ось ұзындығына тең болатын тұрақты шама: MF1 + MF1 = 2 a .

e = c/a қатынасы эллипстің эксцентрисиенті деп аталады.

Астрономияда Жердің күннен орташа қашықтығы Күн жүйесінде қолданылатын қашықтық өлшеу бірлігі ретінде қабылданған. Ол астрономиялық бірлік (а.б.) деп аталады: 1 а.б. = 149 600 000 км.

2. Кеплердің екінші заңы аудандар заңы планета қозғалыстарының

бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус-векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады.


3. Кеплердің үшінші заңы - планеталардың орбиталық периодтары мен

олардан Күнге дейінгі қашықтық арасындағы байланысты анықтайды: кез келген екі планетаның Күнді айналу периодтары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жартыосьтерінің кубтарының қатынасына тең болады. =


Талдау:


Николай Коперник

Иоганн Кеплер

Исаак Ньютон

Зерттеулері




Тұжырымдады




Ғылымдағы маңызы





  1. Тақырыпты бекіту

1.астрономиялық бірлік( 1.а.б.) нешеге тең?

2. Планетаның орбита бойымен ең шапшаң және ең баяу қозғалатын нүктелерін атаңдар.

3.Планета афелийден перигелийге орын ауыстырғанда жылдамдығы қалай өзгереді?

  1. Есеп. Тақтаға орындап көрсету.

Қайсыбір ғаламшардың қарсытұруы 2 жыл сайын қайталанады. Оның орбитасының үлкен жарты осі неге тең?Жауап: Т=2жыл. Кеплердің 3-ші

заңымен табамыз а =1.59а.е.



2-есеп.

Екі ғаламшардың айналу периодтарының квадраттарының қатынасы 8-ге тең. Үлкен жартыосьтерінің қатынастары неге тең? Жауабы: а12=2

  • 3- есеп.

Марс орбитасының үлкен жарты осі 1,5 а.б. Оның Күнді айналу периодын есептеңдер:


Берілгені:


Формула

Шешуі:

a1=1.5 а.б.

a2=1 а.б.

T2 = 1 жыл

= . = =

= 1,5 1,9 жыл

т/к: T1 - ?






VII. Қорытындылау:

1) қозғалыстың қандай заңдарымен таныстық?

2) Кеплер өзінің заңдарын ашу үшін, қандай шарттарды орындады?

3) Перигей, афогей деген не?

4) Жер өзінің қозғалысында қай уақытта ең үлкен кинетикалық энергияға, қай кезде ең кіші мәнге ие болады?

5) Эксцентриситетті қалай есептейміз?

6) Ньютонның формуласының маңызы?

VIII. Бағалау: Оқушыларды бағалап, журналға, күнделікке баға қою.

Үйге тапсырма: §45- оқу. №35 жаттығу-2 есеп.

Тапсырма




Білу (Үй жұмысы)




Түсіну (Жаңа сабақ )




Қолдану




Талдау




Жинақтау


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
1842
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12