Баяндама
Кері байланыс беру әдістері және олардың оқушылардың оқу нәтижесіне әсері
Тақырыптың өзектілігі: Оқушылардың оқу мотивациясын арттырып, танымдық белсенділігін күшейту арқылы олардың оқу нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік беру.
Жұмыстың мақсаты: Сабақтарда тиімді кері байланысты ұйымдастыру техникаларын қолдануға үйрету.
Жұмыстың міндеті: Оқушылардың оқу нәтижелерін жақсарту үшін тиімді кері байланыс беру әдістерін анықтау, оларды тәжірибеде қолдану жолдарын қарастыру және олардың оқу мотивациясына, танымдық белсенділігіне әсерін талдау.
-
Кіріспе бөлім
Кері байланыс – оқыту үдерісінің ажырамас бөлігі. Ол оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін анықтап, оқу нәтижесін жақсартуға ықпал етеді. Тиімді кері байланыс оқушының өзін-өзі бағалау қабілетін дамытып, білім алуға деген ынтасын арттырады. Бұл баяндамада кері байланыс беру әдістері мен олардың оқушылардың оқу нәтижесіне әсері талданады.
Жалпы, кері байланыс дегеніміз не? Кері байланыс (ағылш. feedback) – адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы. Көп жағдайда кері байланысты мұғалімдер сабақтың, соңында жазбаша түрде сабақтын өтуі, оқушының көңіл күйі және оқушылардын ойын білу үшін ғана алатының анықталған. Алайда кері байланыс дегеніміз не? оның маңызы не екенін көбіне біле бермейміз және оған аса мән бере бермейді.
Кері байланыс мақсатқа жетелейтін нақты әрекет, ситуация, талас тудыратын сұрақтар мен мәселелер бойынша түсінік алу және түсінік беру үрдісі. Тиімді кері байланысты ұйымдастыру сапалы оқытудың негізі болып табылады.
Оқу үрдісінің барысы туралы түсінік қалыптастырудың бірден бір құралы, оқу міндеттері мен мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, мұғалімді оқушының жетістіктері мен қиындықтары туралы хабардар етеді.
Өздерініз білетіндей сабақтың соңында немесе жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң мұғалім балаларға төмендегідей сұрақтарды қоятын. Мысалы балалар бүгінгі тақырыпты түсіндіңдер ма?, кім түсінбеді ?, кімнің сұрақтары бар? деп сұрайды. Бұл әрине ауызша кері байланысқа жатады. Алайда осындай кері байланыс тиімді болды ма? Осындай сұрақтарға оқушылар не деп жауап беруші еді әрине тез кету, үзіліске немесе үйге қайту үшін оқушылар түсіндік, сұрақ жоқ тағы да сол сияқты сұрақтармен шығуға асығатын.
Ал кері байланыс не мақсатпен алды, одан әрі қарай не істеу керек, ондағы сұрақтар мен оқушылардын сұрақтарынан кері байланыс болды ма деп айтуға болама?деген сұрақтар туындап жатады. Демек кері байланыс тиімді болу үшін оқушылардан тек сабақ ұнадыма? Не түсіндіңдер? Не қиын болды? Т.с.с сұрақтар қойып, оған ауызша не жазбаша жауап алудан ғана тұрмайды.
-
Негізгі бөлім
Кері байланыс арқылы оқушыларыңыз сабақты ұғу барысында мақсатқа жете алды ма жоқпа, тақырыпты түсініп тәжірибеде қолдана алды ма? Түсінбеген жағдайда не себепті түсінбеді неден қиналды. Түсіну үшін не істеу керек, оқушының сабақта көңіл күйі қандай болды, міне осындай сұрақтарға мұғалім оқушылардың берген жауаптары арқылы өзінің әрекеттерін бағалап рефлексия жасап, қай жерде нені дұрыс жасамады, таңдаған қолданған әдістердің тиімділігін ойланып келесі сабақта жоспарлағанда орын алған кемшіліктерді болдырмауға тырысады. Ал оқушы тиімді кері байланыс арқылы өзіндік және өзара бағалау жасауға, өзін өзі реттеуге білім алуға жауапкершілікті өз мойнына алуға дағдыланады.
Енді кері байланыс не мақсатпен алынады, өкінішке орай кейбір мұғалімдер кері байланыс жүргізгенге аса көңіл бөлмей жатады оған түрлі факторларда әсер етеді. Мысалы уақыттың тапшылығы, кері байланыстың маңызын жете түсінбеуі, кері байланыстың мақсатын білмеуі т.с.с. Осы мәселе төңірегінде, жалпы, кері байланыс қандай мақсатта жүргізіледі, ол не үшін қажет екен. Енді осы сұрақтарға тоқталып кетейік.
1.Кері байланыс ол үдерісті басқару-үдеріс субьектілерінің көшбасшылық дағдыларын дамыту, үдерісті табысты басқаруға жағдай жасау.
2. Дер кезінде түзетулер жасау, қателерді кемшіліктерді жою.
3.Мақсатқа жетуді қамтамасыз ету. Тек қана мұғалімнің мақсатқа жетуі емес оқушылардын мақсатқа жетуін қамтамасыз ету
4. Үдеріс субьектілерін дұрыс шешім қабылдауға бағыттау
5. Оқушылардың өзіндік бағалауын қалыптастыру
6.Оқушының әлеуметтенуін қамтамасыз ету
7. Рефлексия жасауға ықпал ету, көмектесу
8.Оқушыларды табысқа ұмтылу сезімдерін туындату.
Міне осындай кері байланысты қолдануда мақсатқа жетуге жүзеге асады.
Сонымен кері байланыстын мақсаты: Мұғалімнің ақпараттың мазмұнын оны ұсыну тәсілдерін, оқушылардың әрекеттерін түзету және сабақта психологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған. Кері байланыс бұл мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесуін нәтижесін талдау рефлексия жасау және бақылаудын ұғымы.
Кері байланыс арқылы оқушы, мұғалім не алады. Қандай дағды білік білімдерін қалыптасады:
· Оқушы өзінің оқудағы кемшіліктерін түсінуге көмектестін мәліметтер мен алға жылжуға нақты нұсқаулар алады;
· Мұғалім оқытудағы жіберілген олқылықтар және өзінің әрекетіне, қызметіне (жаңа әдіс-тәсілдер, оқыту техникалары, сабақта уақытты тиімді пайдалану т.б.) өзгерістер енгізу көмектесетін мәліметтер алады.
· Оқушыларға жиі және маңызды кері байланыс ұсынылған жағдайда оқыту тиімді болады дей аламыз.
Кері байланыстың түрлері, формалары мен әдістері
Мектеп мұғалімдер арасында жиі қолданылатын кері байланыс ауызша немесе жазбаша түрде жүргізіледі. Одан басқа кері байланыс түрлері жағымды және жағымсыз түрде жүргізілетін әдістері болады.
Кері байланыс формалары мен әдістері өте көп: мысалы ауызша талдау, талқылау; жазбаша сауалнамалар алу, графикалық суреттер, смайликтер, оқушының бойында, ішкі дүниесінде болып жатқан өзгерістерді ролдік ойындар арқылы сезінуі (жаңа білім алу, өзін-өзі тануы, көңіл-күй, белсенділік немесе селкостық таныту деңгейін анықтау үшін түрлі тренингтер ұйымдастырамыз. Сондықтан жалпы кері байланыстын түрін формасын таңдау мұғалімнің өз құзырында әрине.
Кері байланыс техникалары. КБ техникалары өте көп сонын ішінде ұсынып отырған мыналар:
· Жазбаша тұсінік беру
· Бақылау
· Сұрақ-жауап /Блиц-сұрақ/
· Жаппай /фронтальді/ сұрау
· Сұрақтар
· Кері байланыс күнделігі
· Өзін-өзі бақылау дәптері т.б.
· Бір минут эссе
· Мини –тест
· Екі жұлдыз бір тілек
· Қалыптастырушы тест т.б.
Осы техникаларының ішіндегі арнайы тоқталып кететін болсам, сабақта қолдануға өте тиімді «Кері байланыс күнделігі» жүргізіп отырған оқушылар үшінде мұғалім үшін де өте тиімді.
Сабақтың соңында мұғалім оқушылардан төмендегі екі сұраққа жауап берулерін ұсынады:
1. Мен сабақтың тақырыбын ________ түсіндім, оны ________орындай аламын.
2. Мен ________________түсінбедім, Маған ен қиыны________________ болды. Деп бала өзінің күнделігіне жазады.
Тағы да бір техника «Бестік» техникасы . «Бестік» кері байланыс техникасын айта кетуге болады. Бұл техниканы төменгі сыныптарға қолдануға болады. Өйткені балалар өз қолдарының саусақтарын қағазға түсіріп, әр саусақтың- өзінің орны /позициясы/ бар, солар бойынша өз ойларың айтады:
· Бас бармақ-мен үшін тақырып /сабақта маңызды және қызық болды
· Сұқ саусақ- маған қиын болды.
· Ортаншы саусақ- маған жеткілікті болмады.
· Төртінші саусақ- менің көңіл күйім
· Бесінші саусақ – менің ұсынысым
Кері байланысты жасағанда мына жайттарды есте ұстаған жөн: кері байланысты жұмысымызды жақсартудың ең тиімді нысаны ретінде сабырлылық таныту, кері байланыстың субъективті болатынын ескеру,кері байланыс жасалған істі бағалау емес, не жасалу керектігін көрсету. Сонымен бірге кері байланыс оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді.
Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты – еске түсіру, өзінің сабақ барысындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын ала біледі. Сонымен қатар, кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
-
Қорытынды
Кері байланыс – оқыту үдерісіндегі маңызды құрал. Оның дұрыс ұйымдастырылуы оқушылардың білім сапасын жақсартып, олардың оқу нәтижесіне оң әсерін тигізеді. Мұғалім кері байланысты әр оқушының ерекшелігіне сай қолданса, оқушының жеке даму траекториясы анықталып, оқуға деген қызығушылығы артады.
Тиімді кері байланыс беру оқушылардың оқу процесіндегі жетістіктерін арттырудың маңызды құралы болып табылады. Ол оқушылардың қателіктерін түсініп, оларды түзетуге мүмкіндік береді, оқу мотивациясын күшейтеді және белсенділік пен өз бетінше білім алуды қалыптастырады. Заманауи білім беру жүйесінде кері байланыстың әртүрлі әдістерін қолдану арқылы оқушылардың оқу нәтижелерін жақсартуға және олардың тұлғалық дамуына ықпал етуге болады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз