400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім: «Таза, мінсіз асыл сөз»

Мектеп: Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 5

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.1.1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.

5.1.2.1. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің жанрын, сюжеттік дамуын сипаттау, шығарма мазмұнын түсіну;

Көпшілігі: шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау,шығармадағы көтерілген мәселені анықтау;

Кейбір оқушылар: шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау, әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

Бағалау критерийі

  • Әдеби шығарманың жанрын анықтайды;

  • жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттайды;

  • шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият(3-құндылық)

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Хан, арыстан, тақырып, идея, әдебиет, ертегі, эпос.

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Тазша бала, алтын құйрықты құлын, жеті басты дәу, жалмауыз кемпір.

Талқылауға арналған сұрақтар: Ертегі дегеніміз не? Неліктен «Керқұла атты Кендебай» ертегісі қиял-ғажайып ертегілер түріне жатады? Қиял-ғажайып ертегілеріне тән ерекшеліктерді атаңдар.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, музыка

Алдыңғы білім

Ертегілер

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы




І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: «Жүректен жүрекке» арқылы оқушылар бір-бірінің көздеріне қарап тұрып, жылы сөздерін айтады.

Топқа бөлу. Ертегінің түрлері арқылы топқа бөлу. Ортаға тасталған суреттер бойынша оқушылар үш топқа бөлінеді

І топ. Қиял-ғажайып ертегілері

ІІ топ. Шыншыл ертегілер

ІІІ топ. Хайуанаттар туралы ертегілер

І. Қызығушылықты ояту.

«Бір минут..»әдісі арқылы сұраймын. Бір оқушы ертегі туралы, оның түрлері туралы айтады. Бір сөзді қайталағанына, кідіріске немесе жіберген қателігіне байланысты тоқтатып, тізгінді келесі оқушы әрі қарай жалғастырады. Бұл 1 минут ішінде болады.

(оқушылар жауабы тыңдалады).

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.


Оқушылар назарын сабаққа аудару. Оқушылар өздері білетін адамгершілік туралы мақал-мәтелдерді айтады.


ҚБ











ҚБ





5-сынып

Қазақ әдебиеті оқулығы





Сабақтың ортасы












































ІІ. Мағынаны тану. Оқушылар әдебиет теориясы бойынша теориялық білім алады.

- Сюжет дегеніміз не?

- Фабула дегеніміз не?

- Тақырып дегеніміз не?

- Идея дегеніміз не

1.Ертегінің мазмұнымен таныса отырып әдеби шығарманың фабуласы мен сюжетін дамыта сипаттаңыз.

2. Ертегінің тақырыбы мен идеясын анықтаңыз.

3. Кейіпкерді шынайы өмірмен байланыстыра бағалаңыз.

Оқушылар ПАЗЛ әдісі арқылы ертегі мазмұнымен танысады.

Тапсырма. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы берілген тапсырма бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі;бұл бүкіл топтық талқылауға ұсынылады.

1-топ. Оқиғаның басталуы, байланысуы

2-топ. Оқиғаның шиеленісуі

3-топ. Оқиғаның шарықтау шегі мен шешімі

Дескриптор:

  • ертегі мазмұнымен таныса отырып әдеби шығарманың фабуласы мен сюжетін дамыта сипаттайды.

  • Оқиғаны композициялық құрылымына талдайды;

  • Ертегінің тақырыбы мен идеясын анықтайды.

ҚБ

Тапсырма. Ертегі мазмұны бойынша «Қатені тап» ойынын ойнаңдар. Ойын шарты: Үш топқа өз қалауларың бойынша бөлініңдер. Әр топ өз тапсырмасын алады.

1-топ: Ертегінің кез келген үзіндісін сурет арқылы беру. Суретте міндетті түрде бір-екі қате болуы керек.

2-топ: Ертегіден бір үзіндіні шашыраңқы сөздер ретінде жазу. Сөздерде бір-екі қате болуы керек.

3-топ: Ертегі мазмұны бойынша бірнеше сұрақтар құрастыру. Сұрақтарда бір-екі қате болуы керек.

Тапсырмалар жазылып болған соң, топтар тапсырмаларымен аламсады. Олар бір-бірінің қателерін тауып, түзетулері керек. Түзету лерді арнайы параққа жазуға болады.

Дескриптор:

  • Ертегінің кез келген үзіндісін сурет арқылы береді;

  • Ертегіден бір үзіндіні шашыраңқы сөздер ретінде жазады;

  • Ертегі мазмұны бойынша бірнеше сұрақтар құрастырады;

  • бір-бірінің қателерін тауып, түзетеді.

ҚБ

Оқушылар әдебиет теориясы бойынша теориялық білім алады.



1.Ертегінің мазмұнымен таныса отырып әдеби шығарманың фабуласы мен сюжетін дамыта сипаттаңыз.

2. Ертегінің тақырыбы мен идеясын анықтаңыз.

3. Кейіпкерді шынайы өмірмен байланыстыра бағалаңыз.



«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы берілген тапсырма бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі;бұл бүкіл топтық талқылауға ұсынылады.


Ертегі мазмұны бойынша «Қатені тап» ойынын ойнайды.

Ертегінің кез келген үзіндісін сурет арқылы береді;

•Ертегіден бір үзіндіні шашыраңқы сөздер ретінде жазады;

•Ертегі мазмұны бойынша бірнеше сұрақтар құрастырады;

•бір-бірінің қателерін тауып, түзетеді.












ҚБ
























ҚБ














ҚБ




Әдебиет теориясы







5-сынып қазақ әдебиеті


Сабақтың соңы


2 минут

Рефлексия.


Бүгінгі тақырып бойынша қандай ой түйдім?


Үй жұмысы

Кендебайдың еліне жасаған қамқорлығын, өміріндегі маңызды оқиғаларының тізбегін құрыңдар.


Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын?

Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау






Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма?

Барлық оқушылар ОМ жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме?

Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге?








Жалпы бағалау

Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:


2:


Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:


2:


Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
327
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі