«Керқұла атты Кендебай» ертегісі. Кендебай – елінің тұрмысын жақсартқан ұл

Тақырып бойынша 28 материал табылды

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі. Кендебай – елінің тұрмысын жақсартқан ұл

Материал туралы қысқаша түсінік
«Керқұла атты Кендебай» ертегісі. Кендебай – елінің тұрмысын жақсартқан ұл
Материалдың қысқаша нұсқасы

40 орта мектеп (білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім:

І бөлім:Таза, мінсіз асыл сөз

Педагогтің аты-жөні:

Утегулова Айала Нусипбаевна

Күні:

3.09.23

Сынып: 5 қазақ әдебиеті

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны.

Сабақтың тақырыбы:

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі. Кендебай – елінің тұрмысын жақсартқан ұл

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

5.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау; 5.2.2.1 эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау;

Сабақтың мақсаты.

Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.

Сабақтың барысы:

Сабақ уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың басы

5минут

Амандасу, жағымды ахуал қалыптастыру; Оқушыларды түгендеу.

4-сыныпта өткенді еске түсіру. «Мина» әдісі арқылы өткен жылғы тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Мұғалім білім алушыларды сабақтың алгоритмімен таныстырады. Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырады. Пәнаралық байланыс пен құндылық туралы айтады.

-Сәлемдеседі.

-0қу құралдарын дайындайды.

«Мина» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.

Тапсырма құрылымына байланысты сабақтың мақсатын мұғаліммен бірге анықтайды. Мақсатпен, бағалау критерийімен танысады.

Оқушылардың көңіл-күйін және сабаққа дайындығына ынталандыру сөздері: «Жарайсың, керемет», т.б.; Әр оқушыны сөз маржандарымен марапаттау. ҚБ 1-10 балл.

Күн.кз

Смарт-фон




2.Жаңа сабақты түсіндіру




5минут








Миға шабуыл

1.Ертегі деген не?

2.Ол туралы не білесіңдер?

3.Ертегінің өзіндік белгілері қандай?

4. «Керқұла атты Кендебай» ертегісін естіп пе едіңдер?


Мұғалім мақсат бойынша қосымша түсінік қалыптастырады.

Шығарманың пішіні – әдеби қаһармандардың өзара

қарым-қатынасына, өміріне, тағдыр тартысына негізделген

сюжеті, көркем шығарманың тілі.

Шығарманың түрі – бұл шығарманың жанрына қарай

анықталуы.

Шығармадағы тартыс (латынша – қақтығыс, айқас, кейде – алауыздық, талас) – өмірдегі қайшылықтардың шығармада берілуі.

Шығарманың сюжеті (французша – зат) – шығарма- да баяндалатын оқиғалар тізбегі.

Шығарманың фабуласы – шығармадағы тұтас оқиғалар мазмұнын қысқаша баяндау.

Шығарманың композициясы – бұл шығарманың құрылысы. Шығарма сюжетіндегі композицияның өрбу кезеңдері – шығармада баяндалатын оқиғалар тізбегінің рет-ретімен орналасу ерекшелігі.


«Түртіп алу» әдісі

Қажетті мәліметті дәптерге жазып алу ұсынылады.


Білім алушылардың жаңа сабақты меңгергенін тексеру мақсатында

«Зырылдауық сұрақтар» әдісін пайдалана отырып, «Керқұла аттй Кендебай» ертегісі бойынша түсініктерін қалыптастыру мақсатында сұрақ қойып, жауап алады.

Өз ойларымен бөліседі. Білім алушылар жаңа сабақты түсінеді.

Дәптерді ашып, күн ретін, тақырыпты жазады.


Қажетті мәліметті дәптерге жазып алады. Білім алушылар

ертегі мазмұнымен танысады

«Зырылдауық сұрақтар» әдісі арқылы сұраққа жауап береді.

Бағалау критерийі: Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттайды.Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтайды.

Оқулық 10-22-беттер







Сабақтың ортасы



10минут

Мұғалім тапсырманы бастамас бұрын бағалау критерийімен, тапсырманы орындау тәртібімен таныстырады.

1-тапсырма. Жеке жұмыс.Ертегінің сюжеттік желісі бойынша қарапайым жоспар құрыңдар.

1.________________________________

2. _______________________________

3. _______________________________

4. _______________________________

5. _______________________________

6. ______________________________

7. _______________________________

2-тапсырма.Жұппен жұмыс.

Жұптарыңмен жоспарларыңмен таныстырыңдар. Жоспар негізінде ертегінің сюжеттік дамуын әңгімелеңдер.



Білім алушылар 1-тапсырмада әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттайды. Ертегінің сюжеттік желісі бойынша қарапайым жоспар құрады.


2-тапсырмада

жұппен жұмыс жасайды. Жоспарларымен таныстырады. Жоспар негізінде ертегінің сюжеттік дамуын әңгімелеп береді.


Дескриптор:

ертегінің сюжеттік желісін сақтайды;

1

ертегінің мазмұны бойынша сөз тіркестерімен жоспар құрады;

1

жұптарымен жоспарларымен таныстырады;

1

жоспар негізінде ертегінің сюжеттік дамуын әңгімелейді;

1


Жалпы балл-4

Оқулық


10-22-беттер


Топтама


15минут

Мұғалім тапсырманы бастамас бұрын бағалау критерийімен, тапсырманы орындау тәртібімен таныстырады.

3-тапсырма

Шығармадан баяндаушының көзқарасын, пікірін білдіретін үзінділерді белгілеңдер. Осы үзіндіден баяндаушының көзқарасын «қос жазба» күнделігі арқылы түсіндіріңдер.

Мұғалімге нұсқау:

- екі кестенің сол жағына жырдан үзінділер жазылады, оң жағына түсіндірме жазылады.

- үзінді жырдан алынған тармақ немесе шумақтар, ал түсіндірмеде неге осы ойды таңдады, ол несімен маңызды екенін түсіндіреді.


4-тапсырма. Берілген үзінді негізінде автор бейнесіне талдау жасаңдар.

... Артық туған Қобыланның

Ісі келді жөніне,

Келмеді дұшпан шеніне,

Қалмақтан алған көп олжа,

Әділдікпен батырың

Жиып алып көп халқын,

Бөліп берді еліне,

Пақыр, кедей, кеміне.

Кедейі байға теңеліп,

Риза болды бәрі де

Қобыланды сынды еріне…

Білім алушылар 3-тапсырмада эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтайды.Екі кестенің сол жағына жырдан үзінділер жазады, оң жағына түсіндірме жазады. Үзінді жырдан алынған тармақ немесе шумақтар, ал түсіндірмеде неге осы ойды таңдады, ол несімен маңызды екенін түсіндіреді.


4-тапсырмада берілген үзінді негізінде автор бейнесіне талдау жасайды.

Дескриптор:

эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтайды;

1

жырдан баяндаушының көзқарасын, пікірін білдіретін үзінділерді анықтайды;

1

баяндаушының көзқарасына өз пікірін білдіреді;

1

берілген үзіндіні талдайды;

1

үзінді арқылы автор бейнесін анықтайды;

1

сөз тіркестері арқылы жеткізеді;

1

Жалпы балл-6

Кері байланыс

Оқулық, топтама





10-22-беттер

оқулық






Сабақтың соңы

2минут


3.Бекіту.

3минут

«Түйінді идея» әдісі Мұғалім оқу мақсатына қайта оралады.Тақырыпқа байланысты сұрақ қойып, жауап алу мақсатында сабақты бекіту


Үйге тапсырма беру

7-тапсырма .Шығарма сюжетіндегі композицияның өрбу кезеңдеріне

сәйкес әр кезең бойынша кейіпкерлер диалогін құрастырыңдар.


Әр білім алушыға жеке-жеке тоқталып бағалайды, кері байланыс береді.Келесі сабақта неге назар аудару керек екендігін ескертеді.

Рефлексия. «Білім баспалдағы» әдісі.

1-қадам: Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттай алдым.Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтадым.

2-қадам: Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтауда қиындық туындады.

3-қадам: Сұрағым бар

Мақсат бойынша орындалған тапсырманы түйіндеу үшін оқушылар сұрақтарға жауап береді.


Үйге тапсырма алады.


Білім алушылар бүгінгі сабақ бойынша нені білді,нені білгісі келетіні туралы өзіндік пікірлерін рефлексия парақшасына толтырады

Әр білім алушыны жеке бағалау, неше балл алғандарын айту.


1-10 балл Күнделік кз баға қойылады






22-бет оқулық




Тексерген:





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.10.2025
38
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі