|
Сабақтың басы
5 мин
|
Ой
қозғау «Суреттер
сөйлейді» әдісі арқылы мәтіннің сюжетін
айтады.
«Пазл» әдісі арқылы топқа
бөлу.
Оқушыларға тақырыпқа қатысты
суреттерден қиындылар беріледі. Сәйкес суреттерді біріктіру арқылы
топқа бөлінеді. Топ
атаулары: «Керқұла ат», «Кендебай»,
«Хан», «Қойшы бала».
Оқу мақсаты және бағалау
критерийлері хабарланады. (слайдтан
көрсетіледі)
|
images/search?from=tabbar&text=керқұла
|
|
Сабақтың ортасы
30
мин
|
1-тапсырма
Топтық
тапсырма «Ассоциация»
әдісі
Кендебай қандай
кейіпкер
Керқұла атқа
сипаттама
Қойшы баланы
сипатта
Хан қандай
кейіпер
ҚБ: «жарайсың, тамаша» мұғалім
мадақтамасы.
Саралау: «Диалог және қолдау
көрсету»
2 –
тапсырма.
Жұптық
тапсырма.
«Ойлан, жұптас, бөліс»
әдісі
Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде,
Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанқап деген бір кедей
болыпты. Қазанқап құс атып күн көреді екен, әйелі ау тоқып, жамау
жамайды екен, осылай өз күндерін өздері көріп, жүре беріпті.
Күндерде бір күн Қазанқаптың әйелі жүкті болыпты, ай-күні жақындап,
күн өткен сайын әйелдің аяғы ауырлай беріпті. Тоғыз ай, тоғыз күн
болғанда, әйел толғатып, босаныпты. Торсық шеке, аппақ ұл тауыпты.
Ата-анасы қуанып, төбелері көкке жетіпті, баласына Кендебай деп ат
қойыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде
күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты. Сондай
күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті,
шыңырау құдыққа құлаған атандарды жалғыз тартып шығара беріпті. Аң
аулап, әкесіне жәрдемдесіпті, бара-бара құлан алыпты, құралайдың
көзінен тигізген мерген болыпты, арқар мен киікті құлан мен маралды
мая-мая үйіп тастапты. Қарасудың бойындағы қара үйлі кедейлер қарқ
болыпты да қалыпты. Күндерде бір күн Кендебай аң аулап жүрсе,
Қаратаудың ойында, терең құздың бойында арыстандай көкжал бөрі бір
буаз биені жаңа ғана жарып, жегелі жатыр екен. Кендебай жүгіріп
барып, көкжалды құйрығынан ұстап алып, бұлғап-бұлғап лақтырып кеп
жіберіпті. Қасқыр арс етіп, аузын қисаңдатып, өліпті де қалыпты.
Кендебай қасқырдың терісін сойып алып, биенің қасына келсе, бие
жанталасып, өлгелі жатыр екен. Кендебай алмас қанжарымен биенің
қарнын жарып жіберіп, құлынын суырып алыпты. Арыстай еркек құлын
екен. Кендебай құлынды үйіне алып қайтыпты, оны құланның сүтімен
асырапты. Құлын сағат сайын емес, минут сайын өсіпті. Алты айдың
ішінде алты кез ат болып шығыпты. Аттың түсі керқұла болыпты.
Кендебай Керқұланы үйретіп мініп, түн қатып жүріп, аң аулапты.
Керқұла қуса жетіп, қашса құтылатын, аузымен құс тістеген ерен
жүйрік болыпты. Кендебай Керқұланы құстай ұшырып, алты қырдың ар
жағынан қаша жөнелген құланды көзді ашып-жұмғанша қуып жетіп,
құйрығынан ұстайтын болыпты.
Кендебай осылай
аң аулап, ел аралап жүре
беріпті.
-
Ертегіден кейіпкерлер
портретін білдіретін сөз тіркестерін
жинақта.
-
Кейіпкер образына қатысты маңызды әрекеттерді
анықта.
Дескриптор:
Саралау.
ҚБ: «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы топтар бір-бірін
бағалайды.
3-тапсырма.

«Маңыздылық
аймағы» әдісі.
-
Анықтаған маңызды әрекеттерді
маңыздылық аймағына орналастыр.
-
Неліктен мұны ең маңызды әрекет деп
ойлайсың?
Дескриптор:
-
Маңызды әрекеттерді талдайды.
-
Маңыздылығына қарай
орналастырады.
-
Ең
маңызды әрекет деп таңдау себебін дәлелді
түсіндіреді.
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі.
Саралау.
|
http://argymaq.kz/archives/1765
|