400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Кешегі Қожа мен бүгінгі Қожаны салыстыру" пікіралмасу сабағы, 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материалдың мектеп мұғалімдері үшін үлкен көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Кешегі Қожа мен бүгінгі Қожаны салыстыру»

(пікіралмасу сабағы)

Сынып: 6В

Ұйымдастырған: Қалибекова Г.К.

Мұғалім:

«Зейін» жобасы аясында өткізіліп жатқан «Оқу сауаттылығы» апталығында бүгін сіздермен «Кешегі Қожа мен бүгінгі Қожаны салыстыру» атты пікіралмасу сабағын бастаймыз.

(Экранда видео көрсетіледі)

Мұғалім:

1963 жылы Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым - Қожа» фильмі экранға шығады. Содан бері 58 жыл өтті. Бұл фильм әлі де барлығымыздың сүйікті фильмдеріміздің бірі. Осы фильмге ұқсатып, бүгінгі заманның Қожасын көрсету мақсатында 2008 жылы «Менің де атым Қожа» фильмін жарыққа шығарды. Осы екі фильмдегі басты екі кейіпкер Қожаны салыстыру, фильмнің ерекшелігіне тоқталу – біздің негізгі мақсатымыз. Ендеше бүгінгі пікіралмасуда режиссерлер, оқырмандар, көрермендер болып бөлініп, фильмдердегі Қожа жайында ойларымызды ортаға салайық. Сөзді оқырмандарға берейік, себебі фильм Бердібек Соқпақбаевтың повесі желісімен түсірілді.

(Оқырмандар өз ойларымен, ізденген ақпараттарымен бөліседі)

Мұғалім:

Повесть жайлы ақпараттарыңызға рахмет.Келесі сөздірежиссерлерге берейік.

(Режиссерлер өз ойларымен, ізденген ақпараттарымен бөліседі)

Мұғалім:

Абдолла Қарсақбаевтың фильмі әлемдік кинофестивальде жоғары бағаланған екен. Демек, қанша жыл өтсе де, «Менің атым – Қожа » фильмі бүгінгі күні де біздің сүйікті киноларымыздың бірі. Ендеше көрермендерге қояр сұрағым бар:

  1. Екі фильмдегі Қожалардың бір-бірімен ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар ма?

  2. Жаңа фильмдегі есте қалған ерекше тұстары, бөлімдері бар ма? Бар болса, қандай?

(Көрермендер жауап береді)

Мұғалім:

Балалар, бүгінгі отырысымызды қорытындылайтын болсақ, Қожа қанша жерде бұзық, тентек болса да, түбінде адам болатын бала... Тіпті «Менің атым - Қожа» фильміндегі актер бала Нұрлан Сегізбаев шын өмірде де дәл Қожа секілді тентек болған екен.Сондай ерекшелігіне бола, А.Қарсақбаев Нұрлан Сегізбаевты таңдап алған екен. Бірақ, өмірдегі тентек бала Нұрлан өсе келе, ғылым жолына түсіп, философия ғылымының кандидаты атанған. Расымен, түбінде өмірден өз орнын тауып, үлкен ғалым болды. Ендеше, мен сендерден ойларыңды білгім келіп отыр, осы сыныпта сендердің араларыңда Қожа бар ма? Болса, неліктен оны Қожаға теңейсіңдер?

(Сыныптан 2 бала өз жауаптарын айтады)

Мұғалім:

Осымен бүгінгі пікіралмасу сабағы аяқталды. Өз ойларыңмен, жаңа ақпараттармен бөліскендерің үшін рақмет!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
534
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі