400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кесіп өту ойыны,4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 70


Мектеп

«Семияр орта мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні

Оспанов Куаныш Каирович

Сынып

4

Күні

26.02.2025

Қатысушылар саны:

4

Қатыспағандар саны:

-

Бөлім

6-бөлім Бірлескен және шытырман тапсырмалар арқылы оқыту

Сабақтың тақырыбы

Шытырман және бірлескен тапсырмалар арқылы оқыту («кесіп өту» ойыны)

Оқу мақсаттары

4.1.4.1. Дене жаттығуларын шебер орындау үшін әлеуетті анықтап, қозғалыстың күшті және әлсіз жақтарын салыстыру

Сабақ мақсаттары

Қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындауды жақсарту үшін өзінің және өзгелердің біліктіліктерін бағалау

Бағалау критерийі

Ойын кезіндегі қимыл қозғалысты орындайды. Қимыл қозғалыстың сапасын анықтайды

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.


Жуков М.Н. Қозғалыс ойындары: Пед. ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. - М.: «Академия» баспа орталығы, 2000. - 160 б.

Жалаушалар, ысқырық

Сабақтың

ортасы

30 минут

(К, Д) «Жалаушалардың артынан жүгіру».

Сынып командаларға бөлінеді, әрбір командада капитан сайланады. Команда сөре сызықтарының артына - бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Командалар арасындағы арақашықтық - 20-30 м. алаңның ортасында, 2-3 м жолақпен шектелетін екі сызықтың арасында, шахмат тәртібінде жалаушалар қойылады. Белгі бойынша ойыншылар жалаушаларға жүгіріп келеді де, оларды барынша көбірек жинауға тырысады. Белгіленген уақыттан соң команда бойынша балалар сапқа қайта оралады. Капитандар ойыншылар алып келген жалаушаларды жинап, санайды. Әрбір жалауша үшін бір ұпай есептеледі. Көбірек ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Мұғалім қауіпсіздік техникасына назар аударуы тиіс.

Мұғалім ойын ережесін түсіндіреді: 1. Жүгірген кезде жерде жатқан жалаушалардың кез келген санын жинауға рұқсат беріледі. 2. Бір-бірінен жалаушаларды тартып алуға тыйым салынады. 3. Жалаушалар үшін орынды шектейтін сызықтарды басуға болмайды. 4. Командалардың капитандары барлығымен бірдей дәрежеде ойнайды. Мұғалім қимыл әрекеттерін жақсарту үшін оқушылардың ептіліктерін анықтауға назар аударады.

«Жалаушалармен жүгіру» ойынын орындаңыз. Екіге бөлініп, басшы тағайындаңыз. Топ арасындағы арақашықтық 20-30 метр. Топта екіге бөлініп, сызықтан 2-3 м жерде жалаушаларды шахмат түрінде орналастырыңыз. Дабыл бойынша жалаушаны бір-бірлеп алыңыз. Мәре сызығына жетіңіз,

жалаушаларды санаңыз (топ басшысы сайды).

Дескриптор

- тез, шапшаң, ширақ қимылдайды;

- мәре сызығына жетеді.

Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
173
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі