"Кешіре білуді үйренейік" Өзін-өзі тану. 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Кешіре білуді үйренейік" Өзін-өзі тану. 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: Кешіре білуді үйренеміз

Құндылық: дұрыс әрекет.

Қасиеттер: мейірімділік, ризашылық, кішіпейілділік

Мұғалiм: Кудайбергенова А.К.

Cыныбы 2 Оқушылар саны: 23

Сабақ мақсаты: кешіре білу турлы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті: -кешіріді болу, кешіре білу, кешірім сұрай білуді дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

  • мейірімділік, ризашылық, кішіпейілділік қасиеттерін дамыту;

  • мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөз

дер,әуен,)

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,сабақтың ережесін еске түсіру

Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

- Әңгімеде бірін-бірі кешіруге бірінші болып кім қадам жасады?

- Диманың қандай әрекеті Гришаға сабақ болды?

- Әңгіме неге «Өткел» деп аталған?

- Өздерің осылай татуласуға бірінші болып қадам жасаған кездерің болды ма? Оны қалай жасадыңдар? Әңгімелеп беріңдер.

Сабақ барысын талқылау:

3.Дәйексөз."Кешіре білген адам-күшті адам"  нақыл сөз

Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазады.



4.Әңгiмелеу : « Мақтаншақ жолбарыс» ертегісі.

Ертеде бір жолбарыс болыпты.Ол әрқашан: «Мен күштімін,ештеңеден қорықпаймын»,-деп мақтанады екен.Ол бір күні кетіп бара жатып,гүлге қонып сайрап отырғанбұлбұлдй көреді.

-Кет қазір,менің бағымнан!-дейді жолбарыс хқаһарланып.

-Біраз сайрасам қайтеді?-депті бұлбұл жалып.Жолбарыс:

-Мен саған сайрағанды көрсетемін!-деп ұмтыла бергенде,бұлбұл пыр етіп ұша жөнеліпті.Сол мезетте жолбарыстың қолына гүлдің тікені кіріп кетеді.Жанын қоярға жер таба алмай,көзінің жасын көл қылып жылап отырады.

Оны көрген қарға:

-Жолбарыс аға,неге қапаланып отырсың?-деп сұрайды.

-Қолыма тікен кіріп кетті.Суыра алмадым.Қарға жаны ашып жолбарысты досына апарады.

Оқушылар жолбарыстың іс-әрекетінің дұрыс болған-болмағаның осы жерде өз ойларымен түсіндірп кетеді.

1.Жолбарыс пен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтамыз?

2.Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

3.Сендерде де осындай жағдай болды ма? Болса кім қандай әрекет жасады?

Сергіту сәті

Кешірімді боламыз, (Өзін көрсетеді.)

Жұлдыздай боп жанамыз. (Қолын жоғары көтереді.)
Кішіпейіл боламыз, (Өзін көрсетеді.)

Құстай қанат қағамыз. (Қолдарын жайып,)



5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-тапсырма: кешіре білудің жолын жасаңдар. Дәптерге жазыңдар.

  1. Қателікті мойындау.

  2. Татуласуға бірінші болып қадам жасау.

  3. Кішіпейіл болу.

  4. Өзара түсінісу

  5. Өкпе ренішті ұмыта білу.

2-тапсырма:тиісті сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдерді аяқтаңдар.

  • Адам кешірімшіл болып, кешіре білуге үйренгенде, оның жаны ... .

  • Айналаңа мейірімді болып, өзара түсінісу, ол- ... .

  • Ренжу деген- ... .

Берілген жағдаяттарды сахналап, шешімін табыңдар.

Ғазиз асығып келе жатып, дәлізде мұғалімді қағып кетті.

Арсен мен Мәулен сынып бөлмесінің кабырғасына сурет салып ойнады.

Арсен болса, қашып кетті.

Дәулет сабаққа кешігіп қалды.

Алпамыс байқамай Құралайды соғып кетті.

Кімнен қалай кешірім сұрауға болады? 



6.Топпен ән айту. «Күн күледі» әнін бірге айтады

Күн күледі 
Сөзін жазған Қ. Толыбаев Әнін жазған И. Нүсіпбаев

Қызғалдақтар қырда тұнып,

Жайқалады ырғатылып.

Анамыздай мейірлі Күн

Аймалайды шыңда тұрып.

Жалбыр шашы - гүл жібегі,

Жайнаң қағып Күн күледі.

Кешке дейін бізбен бірге,

Күлім қағып бір жүреді. 
Қайырмысы: Ала таңнан оянамыз,

Күнмен бірге қуанып.

Біз ауылға ораламыз,

Құшақ-құшақ гүл алып.

Алау оты шоқтай жайнап,

Бетімізден өбеді.

Шапқылайды алақайлап,

Бізді жақсы көреді. 



7.Үй тапсырмасы.21 сабақ «Жаман жолдас» тақырыбында берілген мысал әңгімені оқып келу



8.Соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерінді күні бойы өз бойымызға қалдырып,жанымызға сақтаймыз







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
4470
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі