жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Кешіре білуді үйренеміз
Өзін – өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: №46 Мерзiмі: 28.01.19ж.
Тақырып: Кешіре білуді үйренеміз.
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Мейірімділік, ризашылық, кішіпейілділік
Мұғалiм: Бегалықызы Баян
Cыныбы: 2 «А» Оқушылар саны: 13
Сабақ мақсаты: Оқушыларға кешіре білу туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: Кешірімді болу, кешіре білу, кешірім сұрай білуді дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру; Дамытушылық: Мейірімділік, ризашылық, кішіпейілділік қасиеттерін дамыту; Тәрбиелік: Мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу. |
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер) Кітап, дәптер, үнтаспа, ақ қағаздар, нақыл сөздер, |
Сабақ барысы:
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау. Оқушыларды 2 топқа бөлу. 1 – топтың аты: Мейірім, 2 – топтың аты: Кішіпейіл «Қай істің болмасын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан сң күш, одан соң тәртіп керек». Олай болса бес «Т» ережесін еске түсіреміз: тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық. Оқушыларға барлық ойымыз, сөзіміз, ісімізді осы ережеге бағындыруға шақырамын. Жалпыадамзаттық 5 құнылықты еске түсіру: ақиқат, дұрыс әрекет, сүйіспеншілік, ішкі тыныштық, қиянат жасамау. Егер біз ақиқат сөз айтатын болсақ, біз әрқшан дұрыс әрекет жасаймыз, дұрыс әрекет жасаған адамның бойында сүйіспеншілік қасиеті болады, бойында сүйіспеншілік қасиеті бар адамның жаны тыныш болады, ал ішкі жан дүниесі тыныш адам ешкімге ешқашан қинат жасамайды.
Нұрға бөлену: Ыңғайланып отырамыз, денемізді түзу ұстаймыз. Аяқ-қолымызды айқастырмаймыз. Қолымызды тіземізге немесе үстелге қоюға болады. Көзімізді жұмамыз. Елестетіп көреміз: Күн нұры біздің төбемізден өтіп, кеудемізге қарай бойлап барады. Кеудеміздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл біздің әр ойымызды, әр сезімімізді, эмоциямыз бен тілек-қалауымызды шайып, жүрегіміздің қауызын ашады. Нұр сәулесі біздің бойымызға ақырын тарай бастағанын елестетеміз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарымызға түсіреміз. Біздің қолдарымыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарымызға тарады. Аяқтарымыз нұр сәулесін шашуда. Олар бізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр біздің аузымызға, тілімізге тарады. Тіліміз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарымызға бағыттаймыз, құлақтарымыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Біздің басымыз түгелдей нұрға бөленіп, басымызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, біздің денемізден шығып, жан-жағымызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдерімізге, достарымызға, таныстарымызға бағыттаймыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаймыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаймыз. Ойша айтамыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрамыз... Енді осы Нұрды жүрегімізге орналастырамыз. Нұрға толы бүкіл әлем біздің жүрегімізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаймыз. Жаймен көзімізді ашуға болады. Рахмет. (3 минут) Қандай әсер алдық? Не сезіндік?
«Шіріген картоп» өсиет әңгімесін оқып келу. Сұрақтар:
Әңгімелеп беріңдер |
Ескертулер: Оқушылар ережелерді еске түсіріп, айтады. Құндылықтарды жатқа айтады. Оқушылар көздерін жұмып отырады, мұқият тыңдайды. Оқушылар үй тапсырмасын сұрақтарға жауап беру арқылы айтады. |
«Кешіре білген адам – күшті адам» деген нақыл сөз бүгінгі сабағымызға дәйексөз болады. Дәйексөзді алдымен мұғалім өзі дауыстап оқиды. Сосын балаларға дауыстап оқуды ұсынады. Келесі кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыздар қайталап айтады. Оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды. Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң, мұғалім балалардың жауаптарына сүйсіне отырып, өзі қорытынды жасайды.
Дәйексөздің мағынасын кім қалай түсінді?
|
Балалар дәйексөзді дауыстап, хормен і рет қайталап айтады. Өз ойларын ортаға салады. |
"Әңгімелесейік" айдарындағы мәтін-мазмұнының рухани-адамгершілік тереңдігін ашатын сұрақтар мен ұйымдастыра отырып, оқушылардың сабақтың құндылығы мен қасиеттерді дамытуға жағдай туғызады. Мәлімет оқулықта берілген.
«Шіріген картоп» өсиет әңгімесі Баяғы заманда бір кісінің балалары әркез бір – біріне өкпелеп, ренжіп жүреді екен. Ол өкпе, реніштерінің кесірінен араларында түсінікпеушілік туып, отбасынан береке бірлік кетеді. Олардың бұл әрекетіне алаңдаған әке бір күні балаларын шақырып, былай дейді:
Балалары әкесінің жұмбаққа ұқсас тілегін түсінбесе де, айтқанын орындайды. Балалардың бірінде бірнеше картоп болса, енді бірі қаптың біраз бөлігін толтырады. Осылайша балалар картоп салынған дорбаны күн сайын жатса да, тұрса да арқалап жүреді. Алайда күн артынан күн өткен сайын картоп салынған дорбаны арқалап жүру ыңғайсыз болғанымен қоймай, дорбадағы картоп шіріп, жағымсыз иіс шығара бастайды. Айналадағы адамдар да оларға біртүрлі қарайтын болды. Балаларға сасыған, ауыр жүкті арқалап жүру азап болады. Олар өзара ақылдасып, әкесіне келеді:
Әкесі:
Сол күннен бастап қарияның балалары айнала қоршаған ортаға, бір – біріне деген өкпе – реніштің зиянын ұғынып, әркез кешірімді болып, кешірімділіктің күшін түсініп, тату – тәтті ғұмыр кешіпті деседі.
Қатысушылар: Автор, әкесі және оның 3 балалары. Мұғалімнің сыйы «Аңыз айту» «Шегенің іздері» бейнежазба Бейнежазбадан не түсіндік? Балалар өз ойымен бөліседі |
Балалар әңгімені мұқият оқып шығады. Көрініске белсене қатысады. Бейнежазбаны мұқият қарап, өз оларымен бөліседі. |
1 – топ: «Орынды сөйлейтін адам, кешірім сұрауға мәжбүр болмайды». 2 – топ: «Өз қателігіңді мойындауға батылың жеткенде ғана, оған кешіріммен қарауға болады». (2 минут) 2 – тапсырма: екі топқа екі түрлі сурет қиындылары беріледі. Сол сурет қиындыларын құрастырып, әңгімелеп көрсетеді. 1 – топқа реніш, ренжіту туралы сурет берілсе, 2 – топқа кешірім, кешірім сұрау туралы сурет беріледі. (2 минут)
Ойын: «Өрмекші торы» әдісі бойынша. 1 оқушы ортаға шығады. Қолына түрлі – түсті жіп ұсынамын. Ол жіпті қолына бірнеше рет орайды да, келесі оқушыны таңдайды. Орамды біреуге бергеннен соң «Алихан сен жақсы боласын, бірақ...», осылай жалғаса береді. Соңғы орамды алған бала оны кешірім сұрау арқылы кері бағытта жинай бастайды, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту, кешірім сұрау. Өрмекті жию.
Дәптермен жұмыс Дәптердегі тапсырмаларды орындау.
3-тапсырма: Кешіре білудің жолын жасаңдар. Дәптерге жазыңдар. Мысалы: қателікті мойындау, татуласуға бірінші қадам жасау, кішіпейіл болу, өзара түсінісу, өкпе-ренішті ұмыта білу. (3 минут) |
Топпен жұмыс жасайды 5 – 6 оқушы қатысады. Жұмыс дәптеріне жазады. |
"Қатемді кешіріңдер" Туған жерім киелі ең бесігім Туған елім ырысы көл көсірім Періште емес Алланың пендесімін Адамның жерлесімін Қателіктерім үшін Сұраймын мен кешірім Қатемді кешіріңдер Тербеткен бесігімді ел Ертеңге сабақ болар Ескіріп осы күндер Өкпені өшіріңдер Ооо ооо оооо Аааааааа ааааа аааа ааааа Сөз беремін ме енді өзгеремін Отаным жоқ өзіңнен өзге менің Төз дегенің еліңнен оз дегенің Сол менің көздегенім Кешірім сұрағаным Өз арым өз беделім |
Әнді бірге шырқаймыз |
«Өткел» атты өсиет әңгімесін оқып келу.(64 – 66 беттер) |
Үй тапсырмасын жазып алады. |
Балалар тілектерін, сабақтың түсінген, түсінбеген тұстарын стикерге жазып, қорапшаға қалдырады.
Балалар, енді бір сәт тынышталайық. Денелерімізді түзу ұстап, басымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаймыз. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып сақтаңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер, жақсы ойлар айттыңдар, сол үшін сендерге рақмет айтамын!
|
|

