Материалдар / Кестеден тыс көбейту және бөлу.Бекіту.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кестеден тыс көбейту және бөлу.Бекіту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2019
3926
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Математика

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

3А бөлім - Кестеден тыс көбейту және бөлу

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Кестеден тыс көбейту және бөлу.Бекіту.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.7 кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді орындау.

3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

3.2.2.2көбейту мен бөлуге берілген х:8=9; 51:х=17; 23∙х=46 түріндегі қарапайым теңдеулерді, құрылымы күрделі

х ∙ (25:5)=60; (24 3):х=6;х: (17 2)=2; k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Санның квадраты мен кубын түсіну, рационалды есептеу үшін көбейту қасиетін пайдалану, қалдықпен бөлуді білу, кестеде тыскөбейту мен бөлуді ауызша орындау, қосындыны бөлу ережесін қолдану және бір таңбалыі санға айналдыруды б біледі.

Бірқатар оқушылар:

100 сан шегіндегі санды көбейтуді және бөлуді ауызша орындау кезінде санға қосындыны көбейту, көбейту мен бөлу амалдарын қамтитын ең қарапайым көбейтуді, түрдің күрделі құрылымы теңдеуін шешу, көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде беру және қолдануды үйренеді

Кейбір оқушылар:

Өз бетіменкөбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолданады.

Бағалау критерийлері

екі (үш) бірдей көбейткіштер көбейтіндісін санның квадратымен (кубымен алмастыру);

рационалды есептеу үшін көбейту қасиеттерін пайдалану;

бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді шығару;

қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу ережесін қолдану және, қосындыны санға көбейту ауызша орындаған кезде және 100 шегіндегі санды бөлген кезде қосындыны санға көбейту

Тілдік мақсаттар

Тілдік оқу мақсаты

-Бірдей көбейткіштердіңкөбейтіңдісі басқаша жазуға бола ма?

-Осы өрнектің қысқаша жазбасы бар ма, қалай ойлайсыз?

Көбейту қасиеттері не үшін ойлап табылды?

Неліктен екенін айта аласыз ба…?

.....екі бірдей көбейткіштердіңкөбейтіңдісін квадрат деп атаған?

( үш бірдей көбейткіштердіңкөбейтіңдісін куб деп атаған?)

.....көбейтудің үлестірімділік қасиетін білу керек пе?

(көбейтудің терімділік қасиеті?)

.....көбейту қасиетін білу керек пе?

...... қалдық бөлгіштен аз болу керек пе?

Қалай екенін айта аласыз ба…?

.... қалдықпен бөлуді бір мәнді сан етіп орындау ма?

.... 17•5 (96:6, 75:15, 84:4) мәнін ауызша көбейту (бөлу)

Пәндік лексика және терминология

• сан деңгейі;

санның квадраты;

санның кубы;

көбейтудің терімділік қасиеті;

көбейтудің үлестірімділік қасиеті.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Музыка, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Ондық құрамына негізделіп үш таңбалы сандарды қосуды және алуды ауызша орындау, үш таңбалысандарды қосу және алу алгоритмін, нөлге аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмдерін қолдану

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Мен күлгенді ұнатамын» ойын жаттығуы

Педагог балаларға:тұңжыраған жәнекөңілсіз,жабырқаған және ойланған көңілді және күлкілі;қайрымды және қуанышты,т.б.кейіпке еніп,бір бірімен рольге кіріп,адамдардың бейнесін келтіруге ұсынады.балалар айнаға қарап, әдемі ақкөңіл кейіпте күлімдейді.педагог осы «Мен күлгенді ұнатамын » жаттығуын күніне бірнеші рет қайталап көңіл күйді күлкімен көтеруге бола- тынын түсіндіреді. «Күлкі-көңіл күйдің сиқырлы кілті.Адам күлгенде өз көңіл күйін,өз денсаулығын жақсартады және айналасындағы адамдардың көңіл күйімен денсаулығына жақсы әсер береді.»

А сық арқылы бөлу

Сыныптағы бала санына қарай 3 түрлі асық шашылады, әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Белсендіру.

Сабақтың бұл кезеңінде «Иә-жоқ» деген тексерумен математикалық диктант жүргізуге болады.

29 бен 3-тің көбейтіндісі 87-ге тең.

5 санын 19 есе арттырғанда 85 шықты.

17 мен 5-тің қосындысын 4 есе арттырғанда 98 шықты.

56-ның 7-ден бір бөлігін 12 есе арттырды. 96 шықты.

Бірінші көбейткіш 25-тің 5-тен бір бөлігіне тең, екінші көбейткіш 11-ге тең. Онда олардың көбейтіндісі 55-ке тең.

12 мен 8-дің көбейтіндісі 100-ден кем.

570 пен 370-тің айырмасын 4 есе арттырғанда, 900 саны шықты.

Бөлінгіш 720-ға тең, бөлгіш 20 мен 11 айырмасына тең. Бөліндінің мәні 9-ға тең.

Бірінші көбейткіш 37 мен 4 қосындысына тең. Екінші көбейткіш 2-ге тең. Онда көбейтінді 82-ге тең.

«Артық сөзді тап».

ҚОСУ

АЙЫРМА

КӨБЕЙТУ

АЗАЙТҚЫШ

БӨЛУ

БӨЛІНДІНІҢ МӘНІ

АЙЫРМА

БӨЛІНГІШ

БӨЛГІШ

ҚОСЫЛҒЫШ

АЗАЙТҚЫШ

ҚОСЫНДЫ

БӨЛГІШ

БӨЛІНГІШ

ҚОСЫНДЫ

КӨБЕЙТКІШ

АЛЫМЫ

БӨЛІМІ


Оқулықтан №2 а, ә тапсырмаларды орындау ұсынылады. Бұл пункттердің әрқайсысында амалдардың қасиеттерінің біреуін қолдануға мысалдар іріктелген. Сондықтан шешуіне түсінік беру негізге қандай қасиет алвынғанын анықтауға мүмкіндік береді. Түсінік берумен қатар мұғалім тақтаға қасиеттердің әріптік жазбаларын іледі.










Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

Өздік жұмыс.

Оқулықтағы №2 тапсырма

Балаларға өз жұмысын үлгі бойынша тексеру ұсынылады.

Қиындықтарды түзету.

Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді.

Кімде қиындық туындады?

Қай жерден қате жібердіңіз?

Жіберілген қатенің себебін анықтаңыз?

Егер өздік жұмыста ешқандай туындамаған болса, өз мақсатыңызды нақтылаңыз.

(Қосымша тапсырма орандау).

Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаты қанда?

(Қателерді түзеу).

Қателерді түзеу алгоритмін қолданамыз.

Әркім өз оқу міндетін айтып береді.

Дескриптор:

Есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін пайдалана отырып, қосу және азайту амалдарын орындау біліктері, безендіру, түсініктеме беру, дәлелдеу, оқу тапсырмаларын шешуде болжамдар айтып, оларды тексеру қажеттілігін түсіну үшін математикалық көрнекілік құралдарын (суреттер, сызбалар, схемалар, т.б.) түсіну және пайдалану білігі дамиды.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.




Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.




Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Өткенмен жұмыс.

Мұғалім баланың даму деңгейіне байланысты жеке тапсырмалар береді.

Өздік жұмыс.

Мұғалім бағалау критерийлері бар дәптерден тапсырма орындайды. Дәптердегі алдыңғы өткен тәсілдерден қарапайым теңдеулерді шешіп, тексеру ұсынылады.

х:5=19 750:х=5 23×х=69

Мен:

  • Көбейту мен бөлуге қарапайым теңдеуді шешуді;

  • Кестеден тыс ауызша көбейту мен бөлуді орындауды;

  • Тексеру жүргізуді білемін.

Сабақ бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум кубигі.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«СМС» кері байланыс.














Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
















Сабақтан алған әсерлерін хабарлама арқылы ұстазға оқып береді, немесе қалдырады.


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!