Материалдар / Кештің тақырыбы: «Өзегім от пен жалын, өртті демім...»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кештің тақырыбы: «Өзегім от пен жалын, өртті демім...»

Материал туралы қысқаша түсінік
Кештің тақырыбы: «Өзегім от пен жалын, өртті демім...» Кештің Шығыс Қазақстандық ақын Әлібек Қалиұлы Қаңтарбайдың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2021
387
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өскемен қаласы

«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі»КММ

Ақын, жазушы, журналист Әлібек Қаңтарбаевпен кездесу

Мерзімі: 14. 03 .2019 ж

Сценарий жазып, дайындаған: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қ.Б.Шуленова

Әдеби-сазды кеш

Кештің тақырыбы: «Өзегім от пен жалын, өртті демім...»

Кештің Шығыс Қазақстандық ақын Әлібек Қалиұлы Қаңтарбайдың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Өткізілетін орны: АКТ залы
Көрнекілік құралдар: видеобейне, ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлер, техникалық құрал - жабдықтар, аудио аппаратура.
Шақырылған қонақтар: Жергілікті ақын Әлібек Қаңтарбай, ақсақалдар алқасы, ақын Серік Құсанбаев, медценат, кәсіпкер Сқақов Ержан Оқаұлы, оқушылар, лицей әкімшілігі, ата-аналар мен мұғалімдер.
І. Әлібек Қаңтарбай туралы слайд 
1- жүргізуші :

Бостандықтың  осы  ғой  сәні–  бағы,

Шуақ  нұр  күлкі  үніне  қанығады.

Бүгінгі кеш өтетін сәтті болсын,

Аман  болсын  қазақтың  шаңырағы!

 2- жүргізуші: Таңдай  қағып  сүйсінбес  өнерге  кім,

Әнсіз, жырсыз  көңілде  сөнер  де  күн.

Ақынменен  кездесу  кешімізге

Қош  келіпсіз, құрметті  көрерменім!

Құрметті  қонақтар! Бүгін  бізде   республикаға  белгілі  ақын – жазушы Әлібек Қалиұлы  қонақта.

1- жүргізуші :- Қайырлы күн, құрметті көрермен қауым! - Армысыз, аса қадірменді,Әлібек аға!
2- жүргізуші: -«Ақынын ұлықтаған ел бақытты» демекші,қазақтың маңдайына біткен ақын ұлдарының бірі, журналист, жазушы Әлібек Қалиұлының шығармашылығына арналған «Өзегім от пен жалын, өртті демім...» атты әдеби-сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 
1 -жүргізуші:
Бүгінгі өтіп жатқан іс - шарамыздың мақсаты – оқушыларымызды жерлес ақынымыздың шығармашылығымен таныстырып , еліміздің ертеңі жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу.
2- жүргізуші:
Әлібек Қалиұлы бүгін бізге арнайы уақытын бөліп келіп отыр. Олай болса, аға өзіңізді , зор құрметпен сахна төріне шақырамыз. Төрлетіңіз! (Ақын қошеметпен сахнаға шығады)
(жүргізушілердің сөздерімен қатар слайдтар көрсетіледі)
1- жүргізуші:
Өз өміріне қаламды серік еткен сыршыл ақын Әлібек Қалиұлы 1947 жылдың 23 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Шыңғыстай орта мектебін, 1970 жылы Семей Мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1970-1996 жылдар аралығында Катонқарағай ауданы мектептерінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор болып қызмет істеген. Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде бөлім редакторы қызметін атқарған. Бүгінгі таңда Жазушылар Одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалына жетекшілік етіп келеді.
2- жүргізуші:Әлібек Қалиұлы «Ағажай, Алтайдай жер қайда?», «Қыран ғұмыр» атты поэтикалық, «Сол бір кез есімде», «Армандастар» атты прозалық, «Алаш азаматы» сияқты көптеген проза-поэтикалық еңбектердің авторы. Сонымен қатар Әлібек Қалиұлы Қазақстан Республикасының Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы, 2007 ж. Шығыс Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасы сыйлығының лауреаты атанған. 2009 жылы мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін «Тіл жанашыры - 2009» төс белгісімен марапатталған.

  1. Жүргізуші: Ендеше өздеріңізге деген құрметпен тойымыздың алғашқы ән шашуы ретінде әнші ұлдарыңыз Батырқанов Темірланды «--------------------» әсем әнімен қабыл алыңыздар.

Ән айтылады

1- жүргізуші: Әлібек ағамыздың шығармашылығымен етене таныс, оны өзіне үлгі ететін іні-бауырлары да аз емес. Бүгінгі кешімізге қазақтың айтыс өнерінің туын көкке желбіретіп жүрген айтыскер ақын, Әлібек ағамыздың өнердегі інісі Серік Құсанбаев ағамыз өзінің жыр шашуымен арнайы келіп отыр. Ендеше зор қошеметпен ортаға Серік ағамызды шақырайық.

Арнау айтылады.


1- жүргізуші: Әлібек Қалиұлының туындыларының басты тақырыбы Отанды сүюге, өз ұлтын құрметтеуге, тәрбиеге, өзара сыйластыққа үндейді. Сыршыл ақынның сырлы туындылары кім-кімді де бей- жай қалдырмасы анық. Ендеше бір сәт ақын ағамыздың шығармаларына кезек берсек.

(Мағжан, Аружан шығады )

2- жүргізуші: Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген дана сөз бар. Ел ішіне сыйлы осындай азаматтардың бірі меценат, кәсіпкер, қашанда өзінің жомарттығымен ел ішіне танымал нағыз қазақтың азаматы деген атқа ие Сқақов Ержан Оқаұлы деген азамат бар. Ұлтына жанашыр бола білетін азаматтарды бірден тани білетін Әлібек ағамыз Ержандай інісіне арнап «Алтайдың ақиығы» деген поэма жазған екен. Ендеше сұлу сөздің қадірі мен қасиетін ұғына білетін көзі қарақты көрерменге Әлібек Қалиұлының осы поэмасынан үзінді ұсынсақ деп отырмыз.

Өлеңдер оқылады.

1- жүргізуші: Әлібек Қалиұлы проза жанрына да елеулі үлес қосты. Осы жанрдағы «Армандастар» шығармасы әйгілі Желтоқсан құрбандарына араналған. Ортаға лицейіміздің 9-сынып оқушыларын осы туындыдан үзінді оқуға шақырсақ.

(Темірлан, Айғаным, Әдемі, АҚИҚАТ)

2- жүргізуші: Кезекті тағы да бір әуелеген әсем әнге берсек. Алдарыңызда лицейіміздің жезтаңдай әншісі «---------------------------» әнімен.

Ән айтылады
1-жургізуші:Әлібек ағамыздың өлеңдерін тыңдай отырып, жасынан өлеңді серік еткен ақын ағаның шығармашылығынан біршама ой түйдік. Ендеше келесі кезекті көрермендерімізге берейік. Осында отырған көрермендердің ақынға деген бірнеше сұраулары бар,соны тыңдайық.


Оқушылардың сұрақтары:


1. Неше жасыңыздан өлеңді серік еттіңіз?

2. Балаларыңыздың ішінде сіздің жолыңызды қуған балаңыз бар ма?

3. «Алтайдың ақиығы» деген поэмаңыздан үзінді тыңдадық. Осы поэмаңыздың жазылу тарихы туралы айтып берсеңіз? Неліктен Алтайдың ақиығы деп аталды?

4.Әлі сиясы кеппеген жаңа өлеңіңіз қашан жазылды? Сол өлеңіңізді оқып берсеңіз.

5.Біздің киелі қарашаңырақ Оралхан ағамыздың атымен аталады. Сіздің Оралхан Бөкеймен бір мектепте оқығандығыңыздан хабардармыз Сіз білетін Оралхан қандай еді? Оралхан аға туралы айтып берсеңіз?

5. «Ағажай Алтайдай ел қайда?» деп жырлағаныңызды білеміз. Сіз үшін Алтайдың орны қандай? Жалпы туған өлкеңіз туралы ыстық лебізіңізді тыңдағымыз келеді.

6. Жазушы Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүние» деген өкінішін бәріміз білеміз, Сіздің «әттеген -ай, осыны істей алмай жүргенім ай» дейтін өкінішіңіз бар ма?

7. Проза және поэзия жанрына да қалам тартып жүрген әрі ақын, әрі жазушысыз. Әдебиетке қосқам үлесім –дайындаған шәкірттерім деп айтатын шәкірттеріңіз бар ма?


1- жүргізуші: Құрметті Әлібек аға, біз үшін уақыт тауып, әңгімелесіп, сұрақтарымызға жауап бергеніңізге мың алғыс! Жүз жасаңыз аға! Құттықтау сөз кезегі лицейіміздің директоры, білім беру ісінің үздігі, Құрмет орденінің иегері Түменбаев Таңатқан Қалибекұлына береміз.

2 жүргізуші: Бүгінгі кеш жанымызды жырдың бал шырынымен сусындатқан өте бір керемет кеш болды. Кешіміздің соңында баршаңызға алғыс айта отырып, Қарасөздің сәйгүлігі Оралхан Бөкейдің 70 жылдық және лицейіміздің 20жылдық мерейтойына арнап шығарылған «Өр Алтайдың қыраны» әнімен қорытындылацға рұқсат етіңіздер. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.























































ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ОРАЛХАН БӨКЕЙ АТЫНДАҒЫ № 44 ЛИЦЕЙІ» КММ






Ақын, жазушы, журналист Әлібек Қаңтарбаевпен кездесу

Әдеби-сазды кеш

Кештің тақырыбы: «Өзегім от пен жалын, өртті демім...»















2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!