400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Киелі жерлердің қазақ руханиятындағы орны

Материал туралы қысқаша түсінік
Киелі жерлердің қазақ руханиятындағы орны мақаласы елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жазылған Бұл мақала барлық оқырмандарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

balletacademy.kz/

Киелі жерлердің қазақ руханиятындағы орны

Қазақ ұлттық хореография академиясы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Байбосынова Лаура Ескалиевна


Қазақ ұғымында кие дегеніміз тылсым күшпен байланысты қасиетті ұғым. Кие дегенді қазақ барлық жанды-жансыз жаратылысқа теліп айтады. Мысалы, жан-жануарда да (аққу, бөрі т.б. ), жерде де (Түркістан, Тараз т.б.), тіпті адамда да (Бекет ата, Ахмет Ясауи, Айша бибі, Үкаша ата т.б.) киелілік болады деп есептейді. Сондай бір ерекше, өзінің адами қалпын сақтап, тақуалығымен, халыққа жасаған қайырымен адамзат киелілікке жетеді деп есептеген. Сондай-ақ қазақта «жерден жердің қайыры бар» деген мақал бар. Бұл да кейбір жерлердің айрықша қасиетке ие екендігін білдіретін түсінік.

Қазақ қандай жерлерді киелі деп есептеген? Осы сұраққа жауап беру арқылы біраз дүниені айтып өтелік. Ең бірінші, атамекенді киелі деп есептеген. Оны «кіндік қаны тамған жер» деп жоғары бағалаған. Кіндік дегеніміздің өзі құрсақтағы баланың анасымен байланыстағы негізгі орталығы. Осыған орай адамның да туған жерімен байланысын кіндікпен ашықтайды. Ана мен баланың қарым-қатынасы ең әуелден қалай басталса, адам мен оның туған жерін де сондай маңызды қатынаста қарастырады. Туған жерді «ана» бейнесінде қабылдау қазақ ұлттық ойлау ерекшелігінде ежелден қалыптасқан түсінік.

Екінші, қазақтың ерекше кие тұтатын жерлері қасиетті адамдардың (пайғамбарлардың, бабтардың, әулиелердің) мәңгілік тыныс тапқан мекендері. Қазақта осыған қатысты сөз бар: «Мәдинада – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – пір Бекет». Яғни осындай қасиеті айрықша, елге рухани басшы болып тарихта аты қалған тұлғалардың қабірін зиярат орындарына айналдырып, қасиет тұтып, қастерлеген. Сондай киелі жерлерге зиярат етіп арнайы бару, басында тілек тілеу, құрбан шалу халқымыздың ажырамас дәстүрінің біріне айналған. Бұл дәстүрдің ізі біздің ауыз әдебиетімізде де сайрап жатыр. Әсіресе, батырлар жырында әулиелі орындарды кие тұту дәстүрі айқын бейнеленген. Батырлар жырындағы перзентсіз ата-ана перзентсіздіктің зарын тартқан соң үнемі әулие-әнбиелердің басына түнеп, тілек тілеу үшін ұзақ сапарға шығады. Мысалға, Алпамыс батыр, Ақжонасыл Ер Кеңес, Шора батыр т.с.с қаһармандық жырларда перзентсіз ата-ана ұзақ уақыт, қабірлері қазір де бар, тарихта белгілі Орта Азия мен Қазақстандағы әулиелі жерлерді зиярат етеді. Сондай ұзақ сапардан кейін ғана ата-ананың тілегі қабыл болып, дүниеге айрықша қасиетке ие, батыр, ел қорғайтын перзент дүниеге келеді. Мұның барлығын халық сол әулие-әнбиелердің қолдауымен болған іс етіп көрсетеді.

Жоғарыда айтылған «жерден жердің қайыры бар» деген мақалға тереңірек мән беретін болсақ халқымыз адамның ниеті, тілегі, ойға алған арман-мақсаты сондай киелі жерлерде тілеумен, киелі жерлерді зияраттауымен іске асады деп санаған. Халық туындыларында айтылатын бұл әулие-әнбиелердің тарихта болғаны рас.

Сондай-ақ халқымыз әрбір түліктің өзінің де пірі бар деп есептеген. Мысалы жылқының пірін Қамбар ата, қойдың пірі Шопан ата, сиырдың пірі Зеңгі баба, ешкінің пірі Шекшек ата деген сияқты. Ұзақ жылдар бойында осы түсінікті қазақтардағы шаманизмнің қалдығы деп есептеп келдік. Бірақ соңғы жылдардағы қазақ руханиятын зерттеген ғалымдардың еңбегіне үңіліп, зер салып қарар болсақ, бұлардың барлығы ислам дінін көркейтуге үлес қосқан қасиетті тұлғалар екендігі анықталып отыр. Олардың да қабірлері зиярат орындарына айналған. Мысалы Зеңгі бабаның қабірі қазіргі Ташкент қаласының маңында болса, Шопан атаның қабірі Маңғыстау түбегінде. Сол сияқты Ойсыл қара деген пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафамен (с.ғ.с) замандас Уайс әл-Қарам екендігі белгілі болды. Міне осы қасиетті тұлғалардың жерленген орны да кездейсоқ емес. Әулиелер жайындағы аңыздарда олардың жерленетін жерін айрықша бір оқиғалармен байланыстырады. Мысалы Қожа Ахмет Ясауидің мәйітін түйеге артып, түйенің өзі барып шөккен жерге жерлеген. Сол сияқты бұл әңгіме өзге де ислам ғұламаларына қатысты көптеп айтылады. Демек қасиетті тұлғалар қасиетті жерде жату керек деген ұғым әуелден халқымыздың санасынан берік орын алған.

Мұндай жерлерді кие тұтып әспеттеудің тағылымдық, тәрбиелік мәні өте зор. Бұл бір жағынан жас ұрпаққа тарихи сана қалыптастыратын болса, екіншіден адамдарды гуманизмге, ізгілікке ұмтылдыру сияқты мәні бар. Киелі жерлердердің қазақ руханиятынан алатын орны айрықша. Ол өткенді қадірлеумен және жас ұрпақты отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеумен тікелей астасып жатқан дәстүр деп сеніммен айта аламыз.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
298
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі