Киіз үй жасау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Киіз үй жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
киіз үйдің шығу тарихымен, жасалу әдістерімен таныстыру. Киіз үй сүйектерінің жасалу технологиясын меңгерту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Киіз үй және оның жасалу технологиясы.

Сабақтың тақырыбы:   Киіз үй және оның жасалу технологиясы.

Сабақтың мақсаты: а)Білімділік: киіз үйдің шығу тарихымен, жасалу әдістерімен таныстыру. Киіз үй сүйектерінің жасалу технологиясын меңгерту.

ә) Дамытушылық: баланың жүрегіне ұлттық сана-сезімді ұялату, танымдық күшін және білімін кеңейту.

 б) Тәрбиелік: Еңбек сабағы арқылы өз ұлтымыздың ғасырлар бойы жинақталған құнды тәжірибелері мен қолөнерін оқушы бойына сіңіру. Ұлттық қолөнерді қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, сөзжұмбақ шешу, тарихи деректер.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, әр түрлі суреттер.

Құралдар: жұмыс дәптері, сызба құралдары.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру.  « Жасырын сұрақтар».

Жаңа сабақ: Орта Азияны қоныстанған мал өсірушілердің негізгі баспанасы – киіз үй болған. Көшпелі қазақ өміріндегі жорықтар мен мал шаруашылығы үшін, тез тігіліп, тез жиналатын киіз үйдің маңызы зор болды. Киіз үйдің сүйектерін дайындайтын шеберлерді – үйшілер деп атады. Осы үйшілерге ағаш өңдеуде қолданатын құралдарға тоқталатын болсақ,  тез  -  үйшінің ең басты негізгі құралы болып табылады. Оны ауыр, қатты ағаштан жасап, жерге мықтап орнатқан үш аяқты бақа ауыз немесе ортасын кертіп ойған жуан арқалық ағаш.Уық, кереге т.б.ағаштарды морлағаннан кейін түзейтін не бүгетін ағаш құрал. Мор дегеніміз – ұзыннан қазылған шұңқыр, жерге қойдың қиын тұтатып, үстіне дымқыл көң, қи үйіп, бықсытып  жаққан оты бар ыстық қоламта. ысқаурын  –тезге салатын ағашты қатты қысып, басып тұрып, түзейтін не бүгетін ағаш құрал. Үскі – ағашты тесетін іші қуыс біз. Жоңғы – ағаш жонатын құрал. Байтесе – шаңырақ ағашын беттеп шауып, белгілі қалыпқа келтіретін құрал. Сарнауық – Киіз үй сүйегіне (уық пен кереге) сыздық салатын, әр жерінде тісі бар құрал.Пышқы –араның ағаш кесетін кішірек түрі. Ара – ағаш кесу үшін қолданатын құрал. Балта – өткір жүзді ағаш шабатын құрал. Қобы – ағаштың бетін оюлап, өрнек салуға арналған аспап.  Ырғақ – кірпіштен не тастан қалап,не жуан ағаштан кертіп жасаған қалыпты айтады. Иілген ағашты салып қатыруға арналған құрал. Шеберлеріміз осы құралдар көмегімен киіз үй сүйегін дайындаған.

                                                                                                                                                                                                                           Кереге, уық, шаңырақ, сықырлауықты – киіз үй сүйегі деп атайды.  Киіз үйдің сүйектері көбінесе өзен жағасында өсетін талдардан алынады. Киіз үй сүйегіне жарайтын ағашты, көбінесе үйшілердің өздері ерте көктемнен бастап әзірлеп, кемінде 5-6 ай, кейде тіпті бір жыл бойы көлеңкеде кептіреді.  Қабығы аршылмай бабымен кептірілген үй ағаштарын морға салып, сықауырынмен қысып түзетеді немесе керекті қалыпқа келтіріп иеді. Иілген ағаштарды арнаулы үлгідегі ырғаққа салып қатырады. Ырғақтан шығарылған ағаштарды жоңғымен қабығын аршып,жонып, қырнауышпен қырнайды.Уықтың бүгілі мен керегенің бас жағына сай-сай етіп сызық салады. Бұдан кейін кереге желісіне көк өткізілетін жерге белгі салып, үскімен тесіп, қайыспен көктейді. 

Киіз үйдің қаңқалары – шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық. Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күнбез тәріздес, ол уықтардың ұшын біріктіріп ұстап тұрады. Шаңырақ бірнеше бөліктерден тұрады.Тоғын, күлдіреуіш, беріктік, шаңырақтың көзі. Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» деп атайды. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» деп, қысқалауын «балашық», ең кішісін «сағанақ» деп атайды. Уық – кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі, уықтың ұзындығына байланысты. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» деп атайды. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау тағады.Уықтың иілген иіні, шаңырақ пен иін арасы уықтың қары, ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы деп атайды. Үйдің ағаш есігі сықырлауық д.а. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Ол – маңдайша, 2 босаға, табалдырық, сықырлауық және 2 жақтау сияқты бөліктерден тұрады.

Киіз үйді тігу. Ең алдымен қолайлы жер таңдап алып, сонан соң кереге жайып, оның сағанақтарын таңғыштармен біріктіре таңады. Есігін шығысқа қарата орнатады.  Күлдіреуіштің ортасындағы тор көзден бақан тіреп, шаңырақты көтеріп уықтарын шаншып, уықбаумен керегеге байланады. Осыдан кейін туырлық, үзік, түндік және киіз есіктерді жабады.

Киіз үйдің уығының технологиялық картасымен таныстыру. Слайд.

Бекіту:            Жұмбақтар шешу.

Қаз қанатын жаяды,                        Ай құшақ, ай құшақ

Үйрек мойнын созады,                   Жиып алсаң бір құшақ.

Төбесіне аққу қонады.                             (кереге)

        (Киіз үй).

    Сөзжұмбақтар шешу.   Киіз үйдің негізгі қаңқасы .

 Үйге тапсырма:         Киіз үй макетін жасау.

 Киіз үйдің ішкі және сыртқы жабдықтарына реферат жазу.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
28.12.2017
1665
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі