Киіз үй туралы не білеміз.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Киіз үй туралы не білеміз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ой өрісін дамыту,киіз үй туралы білім беру.Киіз үйдің қалай жиналып қалай құрылуы туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Б ілім беру саласы: Таным

Тақырыбы: Киіз үй туралы не білеміз.

Мақсаты:Балаларға киіз үйдің жасалуы, қолданылуы туралы толық мағлұмат беру; Баланың жүрегін ұлттық сана – сезімге ұялату, танымдық қабілетін және ұлттық өнер жайлы білімін кеңейту; Балаларды халқымыздың салт – дәстүрін білуге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі:Жаңа тақырыппен таныстыру.Балалардың назарын тәрбиешіге аудару.
Киіз үй -  халқымыздың атамзаманнан бергі ең жақын серігі, асыл белгісі болып саналады. Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға шыдамды. Төбесі күмбез тәрізді болып келгендіктен жаңбыр өтпейді, жинап тігуге оңай. Киіз үйдің негізгі қаңқасын (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық) сүйегі деп атайды.

Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, жазда салқын болады. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әр түрлі болып келеді. Киіз үйді құрайтын негізгі қаңқасын киіз үйдің сүйегі деп атайды. Оларға кереге, уық, шаңырақ, есік немесе сықырлауық жатады. Сүйектері көлеңкеде кептірілген талдан, жіңішке қайыңнан

немесе теректен жасалады. Киіз үй жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Оны тек шебер-үйші жасайды

С ергіту сәті:

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені қарайық

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық.

Киіз үйді тігу оңай емес. Алдымен керегені(биіктігі екі метрдей) жайып, әр бөлігін бір-бірімен жалғастырып, бекітеді. Керегенің әр бөлігін «қанат» деп атайды. Қанат саны үй көлеміне қарай көбейе береді. Киіз үй төрт, алты, сегіз, он екі қанатты болады. Хан ордасы отыз қанатқа дейін жеткен.Керегені құрып болған соң шаңырақты көтереді. Қазақ халқы шаңырақты кие тұтады.

Шаңырақ – отан, әулет мағынасында да қолданылады. Оны «қара шаңырақ» деп атайды. Ұл бала әке шаңырағының иесі. мұрагері болып саналады. Киіз үйдің басқа сүйектері ескірсе, оларды жаңартуға болады, ал шаңырақты жаңартпайды. Әдетте, шаңырақты үй иесі, ер адам көтереді. Үлкен киіз үйлердің шаңырағын ат үстінде тұрып бақанмен көтерген. Бақан - бір ұшы екі аша етіп жасалған ұзын сырық. Шаңырақты көтерген кезде оның жан-жағынан уықтарды шаншыған. Уықтың шаңырақты ұстайтын жағы үшкір, кереге басына байланатын жағы жалпақтау болып келеді, жалпақ жағын тесіп бау өткізеді, оны «уық бау» деп атайды. Осы бау арқылы уық пен керегенің басын біріктіріп байлайды. Шаншылып біткен уықтың сыртынан айналдыра басқұрмен шалмалап таңады. Шаңырақтан кейінгі ерекше қастерленетін бөлшегі - босаға. Ол табалдырық пен маңдайшадан тұрады. Оның екі жақтау  ағашын «таяныш» дейді. Оған сықырлауық орнатылады.

Сықырлауық – киіз үйдің өте әшекейленіп жасалатын сәнді есігі. Бұл ортасынан ашылып-жабылатын жарма есіктерге ұқсас. Ол екі таянышқа ілмек арқылы ұстасады, ашып-жапқанда сықырлап тұрады, сондықтан оны сықырлауық деп атайды. Осыдан кейін үйдің сыртынан киіз жабады. Киіздің төрт түрі бар. Олар: туырлық, үзік, түндік, киіз есік. Алдымен туырлықты керегеге керіп, ұзын баулары арқылы уыққа бекемдеп байлайды. Сонан соң бақанның көмегімен үзік пен түндікті жабады. Үзік шаңырақ шеңберінен кереге басына дейінгі аралықты қамтиды. Атауына сай олар үзік-үзік киізден құралады.

Түндік – шаңырақты жауып тұратын төрт бұрышты шағын киіз, Түндік арнаулы бау арқылы оңай ашылып-жабылады. Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады. Ол шиыршықтап түріп қоюға ыңғайлы.

Киіз үйдің іші екіге бөлінеді. Олар; төр жақ (төрдің оң жағы, сол жағы), есік жақ (оң босаға, сол босаға). Қазақ халқы киіз үйдің ішін әсемдеп безендірген. Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады. Ол киіз үйге сәндік-жиһаздық сипат береді. Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмағымен басып тұру.

Әдетте, үйдің оң жағына ағаш төсек орнатып, оның тұсына түскиіз ұстап, шымылдық кұрады. Төрге жүкаяқ, оның үстіне әбдіре (сандық) қояды. Әбдіреге көрпе-жастық, тағы басқа жүктерді жинайды. Үйдің сол жағына тамақ салатын кебеже, қазан-аяқ салатын аяққап, ыдыс-аякқ (саба, торсық, ожау, кесе, тостақ және т.б.) қойылады да, осы араны шым шимен қоршап жабады. Бұл «ас-су бұрышы» деп есептелінеді. Ал үйдің ортасына тамақ асатын ошақ (таған) немесе темір пеш орнатып қояды.

Сәндік үшін жасалған желбау, бас құрбаулар мен түскиіздер үй ажарын ашып. айрықша рең береді.Киіз үйді осылай әр отбасы өз қалауларынша безендіріп жабдықтаған. Жабдықталған үйдің сәнді, әдемі болуы үй иелеріне байланысты.

Рефлексті коррекциялау

Киіз үй туралы мәлімет беру.

Қорытынды. Суреттерді балалардың көмегімен талқылап бағалау.

Білуі керек: Киіз үй туралы.


Ержанова Сайран Николаевна

Тәрбиеші

3 «Ертөстік» бала бақшасы МКҚК.

Көкшетау қаласы.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
918
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі