Материалдар / кіл ісмерде, кім шебер?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

кіл ісмерде, кім шебер?

Материал туралы қысқаша түсінік
сайыс сабақ қыз балалар арасында өткіледі. Сайыс 5 кезеңнен тұрады. 1. таңыстыру 2.үй тапсырмасы 3. асхана әлемі 4. кім тапқыр сұрақ жауап 5.практикалық жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2023
229
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіл ісмерде, кім шебер

Қайырлы күн қымбатты ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі заман талабына сай адам сегіз қырлы бір сырлы болуы керек.

«Кіл ісмерде , кім шебер» атты жас шеберлер сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі кештің де мақсаты - азда болса білім қорларын жетілдіріп, білмегенін білуге, білгенін өзгеге жеткізе білу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Мына ғасыр білімдінің ғасыры,
Сараланар адамзаттың асылы.
Қазақстан өркениет ел болса,
Заңды елімнің қуаныштан тасуы.
Мына заман білімдінің заманы,
Шәкірттердің таудай биік талабы.
Білімдіні анықтайтын сайыста,
Сайыскерлердің сәтті болсын қадамы


Бүгінгі кештің әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.


Ал, ендеше рұқсат болса «
Кіл ісмерде, кім шебер» атты жас шеберлер сайысын біз бастайық деп сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін. Сайысқа 7 «А,Ә,Б» сыныптын қыз баллары қатысады.

Сайы 5 кезеңнен тұрады.

  1. «Жұмбақ қыздар»- әр жұп өздерін таныстырып өтеді

  2. «Өнерлі қыздар» - тоқу өнерін көрсету, тоқылған заттар, өз қолдарынан шыққан бұйымдар (үй тапсырмасы)

  3. «Ақылды қыздар» сұрақ - жауап айдары. Топтағы бірінші қыз салт - дәстүр бойынша, екінші қыз көркем еңбек сабағы бойынша сұраққа жауап береді.

  4. «Аспазшы қыздар» үйден жасап әкелген тағамдарымен таныстырып, ұсынады.

  5. Ою өрнек жасау

Өнер қуып сайыскерлер өтсе дейміз
Бір басына өнерлеріне жетсе дейміз
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
(Әр топ өздерінің таныстыруларын орындайды)
Ендеше, бірінші «Жұмбақ қыздар» кезеңін бастасақ. Бірінші бастайтын

7 «А» сыныбын қарсы алайық.

7 Ә

7 Б

Таныстыру бойынша әділ қазы алқаларынан бағасын біліп алайық

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Кілемге біреулер өрнек салыпты.
Терме ұстап, енді бірі ши тоқыса,
Оюдан түйін түйіп тамсаныпты, - де
й келе, кезекті «Өнерлі қыздар» кезеңіне берейік. Сайыскерлер өз қолдарынан жасаған бұйымдарын таныстырады.

Әділ қазы бағаларын береді

«Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Инемен құдық қазғандай
Білімнің шыңына шығады, - дей отырып, кезекті «Ақылды қыздар» сайысы
Бұл шартта ортаға сандыққа салынған сұрақтар әкелінеді. Әр топқа арналған 2 сұрақ бар және бір сұраққа 5 ұпай егер екеуіне де дұрыс жауап берсе 10 ұпай беріледі. Жауап беруге 2 минут уақыт беріледі. Айта кеткендей, топтағы бірінші қыз салт - дәстүр бойынша, екінші қыз көркем еңбек сабағы бойынша сұраққа жауап береді

Сұрақтар

1) Жеті қазынаны атап беріңіз?
- Ер жігіт, Сұлу әйел, Ақыл - білім, Жүйрік ат, Қыран бүркіт, Берен мылтық, Жүйрік тазы;
2) Жеті атаны атап беріңіз?
- Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене;
3) Бес қару деген не?
- Садақ, Қылыш, Найза сүңгі, Айбалта, Шоқпар;

1.Ең алғашқы тігін машинасын ойлап тапқан кім? (Леонарда да Винчи)

2.Оюды үлкен неше топқа бөлеміз? (4 топқа. Жануарлық, ғарыштық, өсімдік тектес, геометриялық)

3.Іс тіккенде саусақтың ұшына киілетін затты қалай атайды? (Оймақ)

Әділ қазы бағаларын береді

«Аспазшы қыздар»
Шаңырақтың жайылады дастарқаны,
Дастарқанның бір сәні бар – он тағамы.
Тәтті тағам әр адамды сүйсіндірер,
Аспаздыққа берейік бір бағаны. Дей келе арулар өз ас дәмдерін ұсынады

Әділ қазы бағаларын береді

5.Алдарынызға берілген қағазға әдемілеп ою ойып бересіздер.

Сіздер, біздің шебер, іскер және қиыннан қиыстырар тапқыр оқушылар өнерін тамашаладыңыздар. Өнер - құдірет, күш, адамның жан серігі, рухани байлығы. Кез келген озып шықпайды, талапты, өнерлі оқушы жарқырап біріншілікке шығады. Талант пен өнер атаулының көтерілер шыңы - дарындылық. Осындай сайысқа жиі қатысып, талаптарыңыз талмай, дарындылық қасиетіңіз арта берсін. Олай болса, алған білімдерімізді күнделікті өмірде қажеттерімізге жарата білсек, еңбектеріміздің еш кетпегені. Осыменен сайысымыз аяқталды. Сайысқа әділ баға берген әділқазыларымызға, қатысушыларымызға және көрермендерімізге үлкен рахмет



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!