Кілем тоқу өнері

Тақырып бойынша 28 материал табылды

Кілем тоқу өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға кілме тоқу өнерін насихаттау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Макулбекова Айжан Абдурахмановна

Түркістан облысы, Сауран ауданы

Абай атындағы ЖББМ КММ

Технология пән мұғалімі


Қазақ халқының дәстүрлі кілем тоқу өнері


Кілем тоқу – қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің бір түрі. Кілемдер үйді сәндеу , жылыту, сондай-ақ салтанатты жиындарда төсеу мақсатында қолданылған. Кілем тоқу ертеден келе жатқан өнер және бұл іспен көбіне әйелдер айналысқан. Кілемдер ою-өрнек, түс, тоқу техникасына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Кілем тоқудың негізгі түрлері.

  1. Түкті кілемдер:

Арнайы техникамен түк қалдырып тоқылады (мысалы: түйе, қой жүні пайдаланылады). Жұмсақ әрі жылы болады.

  1. Түксіз (текемет тәрізді) кілемдер

Тоқылуы жеңілдеу, түгі болмайды. Ою-өрнек тікелей жіптердің өрілуімен пайда болады. Алаша осы топқа жатады.

  1. Алаша

Кілемнің жеңіл, жолақты түрі. Көп түсті жіптермен өрнектеліп тоқылады. Көбінесе күнделікті тұрмыста қолданылады.

Қазақ кілемдеріндегі ою-өрнектер жай ғана сән үшін емес, символдық мағынасы бар белгілер болып табылады. Әр ою- халықтың дүниетанымы, табиғатқа, тұрмысқа , өмірге деген көзқарасының көрінісі. Негізгі қазақ ою-өрнектері және олардың мағынасы: Қошқар мүйіз, түйе табан, сыңар мүйіз, түйе мойын, құс қанаты, арқар мүйіз т.б. Табиғатпен тығыз байланысатын оюлар. Әрқайсысы аң-құстардың ерекшелігін білдіреді, еркіндік, ептілік, батырлық.

Жұлдызша, күн бейнесі, айша , гүл өрнектері, тұмарша сұлулық тазалық, ана махаббаты мен қорғау мақсатында салынады.

Оюлардың орналасуы мен түрлері: Түстерде мағына береді.

Қызыл – өмір, от , қуат

Көк – аспан, рух

Жасыл – көктем, тіршілік

Сары – күн, байлық

Ақ - тазалық, адалдық

Қара - жер, тұрақтылық

Кілемдегі ою-өрнектер үйлесімі мен реттілігі отбасының татулығы мен тыныштығын бейнелейді.

Осы көптеген ою-өрнектердің ішінен «Тұмарша» ою-өрнегінен тоқтала кетейік.

Тұмарша – қазақтың дәстүрлі қолөнеріндегі ерекше ою түрі, көбінесе кілем, текемет, сырмақ сияқты бұйымдардың жиектерінде пайдаланады. Бұл оюдың негізгі пішіні үшбұрышты болып келеді, әрі оның құрылымы мен орналасуы белгілі бір мақсатты көздейді.

Тұмарша оюның мағынасы: Тұмарша оюы – үшбұрышты пішіндерден тұратын өрнек, ол тіл-көзден, жамандықтан қорғау үшін жасалған. Қазақ халықының түсінігінде тұмарша оюы адамды немесе үйді жаман көзден, ауру-сырқаудан сақтайды деп сенген. Сондықтан бұл оюды текемет, сырмақ, түскиіз, кілем сияқты бұйымдардың жиектерінде немесе ортасында орналастыру дәстүрі қалыптасқан.

Тұмарша оюының көркемдік ерекшеліктері. Тұмарша оюы көбінесе қара, көк, қызыл, қоңыр сияқты түстермен бейнеленеді. Бұл түстердің әрқайсысының өз мағынасы бар: Қызыл түс – өмір, от, Көк түс – аспан, рух, Қара түс - жер, тұрақтылық, Қоңыр түс – жер, табиғат. Оюдың үшбұрышты пішін де маңызды. Үшбұрыш –тұрақтылық пен тепе-теңдіктің символы, ол тұмарша оюының қорғаушы қасиетін күшейтеді.

Қорыта айтсақ Тұмарша оюы – қазақ қолөнеріндегі маңызды элементтердің бірі. Оның тек көркемдік мәні ғана емес, терең философиялық және қорғаушы мағынасы да бар. Бұл оюдың қолданылуы қазақ халқының рухани дүниетанымын. Табиғатпен үйлесімділігін және өмірге деген оң көзқарасын көрсетеді.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.00.2025
67
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі